Артросиндесмология



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата14.09.2022
өлшемі404,61 Kb.
#39114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Еңбектер, fonticuli, — бұл көп мөлшердегі аралық заты мен сирек орналасқан коллаген 
талшықтары бар дәнекер тінді құрылым. Еңбектер туу кезінде бас сүйектерінің жылжуына жағдай 
жасайды және туылғаннан кейін сүйектердің қарқынды өсуіне әсер етеді. Мөлшері ең үлкен 
болатыны — алдыңғы еңбек (30^25 мм). Ол бір жастың соңына қарай жабылады. Артқы еңбектің 
мөлшері — 10x10 мм және туылғаннан кейінгі екінші айдың соңында жабылады. Жұп сына тәрізді 
және емізік тәрізді еңбектердің мөлшері бұлардан да кішкентай болады. Олар туылғанға дейін 
немесе туылғаннан кейінгі екі аптада бітісіп кетеді. Еңбектер бас сүйектерінің өсуінен және 
олардың арасында жіктерде болатын дәнекер тінінің түзілуінен бітіседі. 
Жіктерsuturae, — бұл көп мөлшердегі коллаген талшықтары бар, бас сүйектерінің арасында 
орналасатын дәнекер тінінің жұқа қабаты. Пішіні бойынша жіктер тісті, қабыршақты және тегіс 
болып келеді. Жіктер бас сүйектерінің өсу аймағы болып табылады және қозғалыс кезінде 
амортизатор қызметін атқарып, миды, көру ағзасын, есту және тепе-теңдік ағзасын 
зақымданулардан қорғайды. 
Қағулар, gomphosis, — тістердің жақ сүйектердегі ұяшықтар- мен тығыз дәнекер тіні, яғни 
периодонт арқылы байланысуы. Бұл байланыс өте тығыз болғанымен де, тістерге жүктеме түскен 
кезде амортизаторлық қасиеті де бар. Периодонттың қалыңдығы — 0,14—0,28 мм. Ол ұяшықтың 
қабырғасынан тістің түбіріне қарай ұзына бойына перпендикуляр орналасқан коллаген және 
эластикалық талшықтардан тұрады. Талшықтардың арасында құрамында көп мөлшердегі 
тамырлары мен жүйке талшықтары бар борпылдақ дәнекер тіні жатады. Жақ сүйектерді бір-біріне 
қатты қысқан кезде антагонист тістің қысымынан периодонт қатты жаншылып, тіс ұяшыққа 0,2 
мм-ге дейін батып кетеді. Жас ұлғайған сайын эластикалық талшықтар азайып, жүктеме кезінде 
периодонт зақымдалады да, қандануы мен жүйкеленуі бұзылып, тістер босап және түсіп қалады. 
Шеміршекті қосылыстар — синхондроздар. Бұл қосылыстар гиалинді немесе фиброзды 
шеміршектен тұрацы. Бұл ше- міршектерді бір-бірімен салыстыратын болсақ, гиалинді ше- міршек 
серпімді, бірақ мықтылығы төмендеу болып келеді. Гиа- линді шеміршек арқылы түтікті 
сүйектердің метафиздері мен эпифиздері және жамбас сүйектің жеке бөліктері қосылысады. 
Фиброзды шеміршек негізінен коллагенді талшықтардан тұрады, сондықтан мықтырақ, бірақ 
серпімділігі төмендеу болады. Мұндай шеміршекпен омыртқалардың денелері байланысады. 
Шеміршекті қосылыстардың мықты болуының тары бір себебі, бір сүйектің сүйек қабы үзілместен 
екінші сүйекке ауысады. Шеміршек тұсында ол шеміршек қабына айналады да, ол шеміршекпен 
тығыз бітісіп, байламдармен бекітіледі 
Синхондроздар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін, яғни белгілі бір жасқа дейін болып
кейін сүйек тініне ауысады. Қалыпты физиологиялық жағдайда уақытша метаэпифиздік 
шеміршектер, жалпақ сүйектердің жеке бөліктерін қосатын шеміршектер, шүйде сүйектің негізі 
мен сына тәрізді сүйектің денесі арасындағы шеміршек болады. Бұл қосылыстар негізінен 
гиалинді шеміршектен тұрады. Тұрақты шеміршектерге жататындар — омыртқа аралық дисктерді 


түзетін шеміршектер; бас сүйек негізіндегі сүйектердің арасын косатын шеміршектер (сына 
тәрізді-тасты және сына тәрізді-шүйде) және қабырғалардың алдыңғы шеміршекті бөліктері. Бұл 
қосылыстар негізінен фиброзды шеміршектен қүралған. 
Синхондроздардың басты қызметі — сүйекке қатты жүктеме түскен кезде соққылар мен 
кернелулерді жұмсартып (амортизация), сүйектердің мықты байланысуын қамтамасыз ету. 
Шеміршекті қосылыстардың сонымен қатар өте қозғалғыш қасиеті бар. Қозғалыс көлемі 
шеміршек қабатының қалыңдығына байланысты: ол қалыңырақ болса, қозғалыс көлемі де үлкен 
болады. 
Сүйек тіні арқылы қосылысты — синостоздар деп атайды. Бұл үздіксіз қосылыстардың 
ішіндегі ең мықтысы болып табылады, бірақ серпімділігі мен амортизаторлық қасиеті мүлдем 
жойылған. Қалыпты жағдайда синостоздануға уақытша синхондроздар үшырайды. Кейбір 
ауруларда (Бехтереев ауруы, остеохондроздар және т.б.) сүйектену тек синхондроздарда ғана емес, 
барлық синдесмоздарда да жүруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет