Артросиндесмология



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата14.09.2022
өлшемі404,61 Kb.
#39114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дән тәрізді сүйектер, ossa sesamoidea — бұл буын қапшығы- мен және буынды қоршап 
жатқан бұлшықеттердің сіңірлерімен тығыз байланысқан ендірме сүйектер. Оның бір беті 
гиалинді шеміршекпен жабылған және сол бетімен буын қуысына қарап тұрады. Ендірме сүйектер 
буын қуысын кішірейтіп, буындағы қозғалыс көлемін үлкейтеді. Олар сонымен қатар буынға әсер 
ететін бұлшықет сіңірлері үшін шығыршық болып табылады. Ең үлкен дән тәрізді сүйек — тізе 
тобығы. 
ұ
сақ дән тәрізді сүйектер қол басы, аяқ басы, бунақ аралық, бас бармақтың білезік-алақан 
буынында және т.б. буындарда кездеседі. 
Синовиалдық қаптар
bursae synoviales, — бұл синовиалдық жарғақпен астарланған 
кішкене қуыстар, көбінесе буын қуы- сымен байланысады. Олардың көлемі — 0,5—5 см. 
Олар көп мөлшерде қол-аяқ буындарында кездеседі. Оның ішінде сино- виалдық 
сұйықтық жиналып, жақын жатқан сіңірлерді майлайды. 
Буындардың жіктелуін қарастыруға кіріспес бұрын айналу бі- ліктері мен буындардағы 
қозғалыс түрлерін анықтап алу керек. 
Буындардағы қозғалыс үш айналу білігінде жүзеге асыры- лады: 
фронталды (фронталды жазықтыққа сәйкес білік, денені алдыңғы және артқы беттерге 
бөледі); сагитталды (сагитталды жазықтыққа сәйкес білік, денені оң және сол жақ жартыға 
бөледі); вертикалды немесе өзінің меншікті білігі. 
Қолдың вертикалды білігі тоқпан жіліктің басының орта- сымен, тоқпан жілік 
айдаршығының басымен, кәрі жілік және шынтақ жіліктің бастары арқылы өтеді. Қолда 
— мықын сүйектің алдыңғы жоғарғы қылқанын, тізе тобығының ішкі жиегін және үлкен 
бақайды қосатын сызық арқылы өтеді. 
Қосылысатын сүйектердің біреуінің буындық беті басы болса, ол шар, эллипс, ер-тоқым, 
цилиндр немесе шығыршық тәрізді болады. Осы беттерге буындық шұңқырлар да сәйкес келеді. 
Айта кету керек, буындық беттер бірнеше сүйектердің қосылып, белгілі бір пішін беруінен де 
пайда болады, мысалы, білезіктің проксималды қатарындағы сүйектерден түзілген буындық бет. 
Буындардағы қозғалыстар буындық беттің геометриялық пішініне байланысты. Мысалы, 
цилиндр мен шығыршық тек бір білікте қозғалады; эллипс, сопақша, ер-тоқым — екі білікте; шар 
немесе жалпақ беттер — үш білікте. 
Осы біліктерде мүмкін болатын қозғалыс түрлері 5 және 6-кестеде көрсетілген. 
Мысалы, фронталды білікте екі түрлі қозғалыс болады — бүгу және жазу (flexio, extensio); 
сагитталды білікте де екі түрлі қозғалыс болады — әкелу және әкету (abductio, adductio); 
бір біліктен екінші білікке ауысқан кезде тағы бір қозғалыс түрі — дөңгелек немесе конус 
тәрізді (circumductio); вертикалды білік бойынша — бір қозғалыс — айналу (rotatio), бірақ 
оның бірнеше түрі болады: ішке айналдыру, сыртқа айналдыру немесе супинация мен 
пронация. 
Сонымен, буындарда барлығы 6 түрлі қозғалыс болады. Қосымша қозғалыстар
мысалы сырғу, серіппе тәрізді (қысылып немесе созылған кезде буындық беттердің 
алыстауы мен жақындауы) және бұралу. Мұндай қозғалыстар жеке буындарға емес, 
үйлесімді буындардың тобына тән, мысалы, омыртқа аралық буындар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет