синовиалдық жарғақ сыртқа қарай бұлтиып шығып тұрады. Осылайша синовиалдық айналулар
(синовиалдық қаптар) пайда болады, олар көбінесе сіңірлердің астында орналасады.
Синовиалдық жарғақ
буын қуысына қарап орналасқан, қанмен молынан қамтамасыз етілген,
ішінен буын сұйықтығын бөлетін синовиоциттермен астарланған. Синовиалдық жарғақ ішінен
буын қуысын түгелдей қаптап, сүйектерге және буын ішілік байламдарға ауысады. Ол тек
шеміршегі бар жерлерді ғана бос қалдырады. Синовиалдық жарғақ тегіс, жылтыр,
көптеген
өсінділер — бұрлер түзуі мүмкін. Кейде бұл бұрлер үзіліп, бөгде дене сияқты буын беттерінің
арасына түсіп кетеді де, аз уақытқа ауырсыну тудырып, қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін.
Мұндай жағдайды «буындық тышқан» деп атайды. Синовиалдық жарғақ бірден фиброзды
жарғақтың үстінде жатуы мүмкін немесе одан синовиалдық асты не
майлы қабатпен бөлініп
жатады, сондықтан фиброзды, ареолалық және майлы синовиалдық жарғақтарды ажыратады.
Синовиалдық сұйықтық құрамы және түзілу сипаты бойынша синовиалдық жарғаққа жақын
жатқан капиллярлардан алынған қан плазмасы немесе лимфадан алынатын сұйықтық —
транссудат болып табылады. Буын қуысында бұл сұйықтық түсіп қалған сино- виоцит
жасушалары мен үйкелген шеміршек детриттерімен араласады. Бүдан басқа, синовиалдық
сұйықтықтың
құрамына муцин, мукополисахаридтер және жабысқақ сипат беретін гиалурон
қышқылы кіреді. Сұйықтықтың мөлшері буынның көлеміне байланысты және 5 мм-ден 5 см-ге
дейін болады. Синовиалдық сұйықтықтың қызметі:
буындық беттерді майлайды (қозғалыс кезіндегі үйкелісті азайтады, жылжуды күшейтеді);
буындық беттерді бекітіп, бір-бірімен белгілі бір қашық-
тықта ұстап тұрады;
жүктемені азайтады;
буындық шеміршекті қоректендіреді;
зат алмасуға қатысады.
Буын куысы,
cavitas articulare, — бұл буын беттерімен
және қапшығымен шектеліп,
синовиалдық сұйықтықпен толған гер- метикалық жабық кеңістік. Зақымдалмаған буында буын
қуысын шартты түрде ғана бөліп көрсетуге болады, себебі буын беттері мен қапшығы арасында
бос жер жоқ, синовиалдық сұйықтықпен толып тұрады. Куыстың пішіні мен көлемі буын
беттерінің пішіні мен қапшығының құрылысына байланысты. Аз қозғалатын буындарда ол
кішкентай, ал көп қозғалатын буындарда — үлкен және бұлтиып, сүйектердің,
бұлшықеттердің
және сіңірлердің арасына таралуы мүмкін. Буын қуысында қысым теріс болады. Буын қапшығы
зақымдалған кезде қуысқа ауа кіріп, буын беттері ажырап кетеді.
Негізгіден басқа буындарда қосымша элементтер де болуы мүмкін, олар буынның қызметін
барынша қолайлы, тиімді етеді. Олардың негізгілері: буын ішілік байламдар,
буын ішілік
шеміршектер, буындық ернеулер, синовиалдық қатпарлар, дән тәрізді сүйектер және синовиалдық
қаптар.
Достарыңызбен бөлісу: