байланыстырып тұратын ұзын (омыртқа бағанасының артқы және алдыңғы бойлық байламдары,
қылқан үстілік байлам) және көршілес сүйектерді байланыстыратын қысқа (қылқан аралық,
көлденең
аралық байламдар, қол-аяқ байламдарының көпшілігі) байламдар деп бөлінеді.
Буын қапшығына қатысты буын ішілік және буын сыртылық байламдарды ажыратады.
Соңғысын өз кезегінде қапшықтан тыс және қапшықтық деп бөледі. Байламдар сүйек
қосылыстарының жеке бір түрі ретінде қызмет атқара алады: ұстап тұру және бекіту қызметі
(сегізкөз-төмпе, сегіз- көз-қылқан,
қылқан аралық, көлденең аралық байламдар және т.б.);
жұмсақ қаңқа қызметі, яғни бұлшықеттердің басталатын және бекінетін жері бола алады (қол-
аяқ, омыртқа ба- ғанасы байламдарының көпшілігі және т.б.); пішін түзу қызметі, яғни
сүйектермен бірге күмбездер жә- не тамырлар мен жүйкелер өтетін тесіктер түзеді (жауы- рынның
жоғарғы көлденең байламы, жамбас байламдары және т.б.).
Жарғақтар,
membranae, — бұл дәнекер тіні арқылы түзілетін қосылыстар, байламдардан
айырмашылығы — сүйектер ара- сындағы көлемді аумақты алып жататын сүйек
аралық жарғақ
түрінде болады. Жарғақ құрамындағы дәнекер тін талшықтары коллагенді болады, олар
қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей бағытта орналасады. Олардың қызметі көп жағдайда байлам-
дармен ұқсас болады. Олар сонымен қатар сүйектерді бір-біріне қатысты ұстап тұрады (қабырға
аралық жарғақтар, білек пен сирақтағы сүйек аралық жарғақтар), бұлшықеттердің бас-
талатын жерлері болып табылады (жоғарыда айтылған жарғақтар) және тамырлар мен жүйкелер
өтетін тесіктер түзеді (жапқыш жарғақ).
Достарыңызбен бөлісу: