Күңіренген көк аспан Англия. Күз. Жаңбыр сіркіреп тұр. Жігіт үйі мәз- мейрам. Бүгін оның туған күні. Отбасымен тойлап жатыр. Бір кезде есікті біреу қаққандай болды. Туған күнді тойлаған топ аңтарылып қалды. Бұрын-соңды бұл үйге ешкім келмеген. Түн ішінде, беймаза уақытта келген кім болды екен? Бәрінің көкейінде осы сауал. Жұбайы есікті ашып қараса… егде жастағы әйел тұр. Бір көзі жоқ. Шошып кетті.
Ойбай, Нұрбол, келші. Бір қаңғыбас, адасқан әйел келіп тұр. Нан сұрап келгенге ұқсайды.Сұрағанын беріп жіберші. Қайтып бұл үйге келмесін. Жігіт бала-шағасымен есікке қарай аяңдады. Балалары да соқыр әйелді көріп, жылап жіберді. Шошып кеткен екен. Бала-шаға безек қақты. Сол баяғы байғұс соқыр ана Англияға баласын іздеп келіпті. Нұрбол оған тағы да қабағын түйді. Жақтырмады. Жалғыз көзді анаға жақындап, сыртқа алып кетті. Жеке сөйлесті.
Мама, түу мұнда не істеп жүрсің? Неге келдің? Не керек саған өзі? Әйелім мен
баламды шошыттың ғой. Артымнан іздеп келме деп ем ғой. Сен маған «енді іздеп келмеймін» деп уәде бергенсің. Неге сөзіңде тұрмайсың? Үйге кірмейсің. Балаларымды тағы шошытасың. Қазір-ақ кет. Қайда қонатыныңды өзің шеш.
Құлыным,балапаным,сонау жерден өзің деп келдім. Мен бұған өкінбеймін. Хабарласпай кеттің ғой. Еш болмаса, телефон шалсаң нетті?! Өздеріңді уайым- даумен шашым да ағарды. Күндіз күлкімнен, түнде ұйқымнан айырылдым. Сені үйленіпті деп естідім. Балаң да бар екен. Үйге кіргізші. Немеремнің бетінен бір сүйіп кетейінші тым болмаса.
Әңгіме осы жерден үзілді. Екеуі де үнсіз. Көк аспан күңіреніп, ақ жауын ана- мен бірге жылап тұрғандай. Табиғат та тентек балаға кейіс білдіріп, періштелер де қайғы жеп тұрғандай… Кейуанаға кеудесін керген баладан енді қайыр жоқ. Ана жүрегі мұны әбден сезді. Үсті-басы малмандай су. Амал жоқ, келген жолы- мен кері кетті.
Хат пен хақ.
Уақыт зымырап өтіп жатты. Нұрболдың мектеп бітіргеніне 20 жыл. Доста- ры оны ауылға шақырды. 20 жылдықты бірге тойлау үшін. Жігіт жол ұзақ деп қиналды.Тай-құлындай тебісіп өскен жолдастары кел-кел деп жанына тыныштық берер емес. Әрі ойланды, бері ойланды, ақыры ұшаққа билет алды. Сөйтіп, отбасымен туған елге аттанды. Алақандай ауылға кеп, достарымен арқа- жарқа болып, өткенін еске алды. Алайда көңілі түспесін деді ме, сыныптастары осыдан он жыл бұрын болған қайғылы оқиғаны айтпады…
Нұрболға бір нәрсе жетіспейтіндей көрінді де тұрды. Бойын мазасыздық биледі. Бар уайымы не де болса, өз үйін көру еді. Балалықты еске алсам деген оймен жалғыз жаяулатып, үйіне қарай беттеді. Ақырын аяңдап, өзі тұрған ескі үйге де жетті. Шаңырақта бөтен егде әйел әрі-бері тірлік етіп жүр.
Нұрболжан, бұл сен бе, айналайын? Үлкен жігіт болыпсың ғой, қарағым.
Бірден таныдым сені. Кіре ғой.
Бұл жерде кім тұрып жатыр өзі?Мына үй тозып кетіпті ғой.
Е-е-е-х, балам,– деп ұзақ күрсінді әлгі әйел.
Сенің хабарың жоқ екен.Анаңның қайтыс болғанына біраз уақыт өтті.
Баланың көз алдына анасымен болған соңғы кездесу елестеді. Сол сәт санасына сан ойлар келді…
Мұнда біз тұрып жатырмыз. Бибісараның саған бер деп, аманат етіп кеткен бір хаты бар еді. Мен ашпадым. Өзің оқырсың, жарығым.
Қазір. Күте тұр. Алып шығайын. Әлгі әйел төрт бұрыштап бүктелген ақ қағазды Нұрболдың қолына ұстатты.Жігіт ештеңе түсінбеді. Бір белгілісі, жүрегі дүрсіл қағып, бойын әлсіздік биледі. Оңаша оқиын деп өзімен бірге алып кетті. Ашып қараса, анасының хаты:
«Балам, ботам, айым, күнім, асылым! Қарт кеудемді бір күні ажал аларына көзім жетті. Алланың маған осындай өмір бергеніне шүкір етемін. Ешқашан өміріме өкінген емеспін. Саған айтпай келген кеудемде бір жасырын сыр бар еді.
Өзегімді өртеп барады. Ақыры өзіңе айтуға бел будым. Ендеше, тыңда, жаным, балам. Сен ол кезде нәресте едің. Әкең марқұм сені қатты жақсы көруші еді. Екеуміз күн демей, түн демей өзіңе қарайтынбыз. Сені әрқашан еркелетуші еді ол. Қайда барса да өзімен бірге алып жүретін. Бір күні сені қалаға қыдыртып қайтайық деп жолға шықтық. Ажал адамның жанын бірде ерте, бірде кеш алады екен. Жол апаты әкеңнің жанын жалмады. Тағдыр екен. Мен жесір қалдым. Сені сол кезде өмірімнің соңына дейін аялап өтем деп ант-су іштім. Жол апатынан мен де жеңіл жарақат алдым. Алайда, сенің оң жақ жанарыңа қатты зақым келіпті. Дәрігерлер көзіңді көрді. Қандай шешім айтар екен деп қатты үрейлендім. «Балаңыз басынан қатты жарақат алыпты. Оң жақ көзі көрмейді. Тезірек сау көз табыңыз. Орнына соны саламыз», – деді сол кезде дәрігерлер. Менің есім шығып, ет жүрегім дүрсілдеп кетті. Өзімді қоярға жер таппадым.
«Балам бақытты өмір сүрсін, көзі соқыр боп қалмасын, менің сау көзімді алып, салып беріңіздерші»,–деп дәрігерлерге жалындым.Міне, балам,содан бері соқырмын. Содан бері таңым–қайғы, кешім– мұң. Өзіңді осы жалғыз көзбен көп ұялтсам, кешір мені, ботам. Кешіргін».
Хатты оқыған жігіттің жүрегі алқымына келді. Көкірегін ащы өксік, өкініш биледі. Іші удай ашыды. Қолындағы ақ парақ жасқа шыланыпты. Сол сәт Нұрбол бірі анасының, бірі өзінің көзімен жылап тұрған еді… Бұл–ертегі емес. Өмірде мұндай оқиғалар көп. Болған жайттан алар сабақтар, ғибраттар бар. Себебін білмей қате қадам басатынымызды кейде байқамай қаламыз. Ата- анамыздың көңілін тірі кезінде таппасақ, қайтқан соң қайғырудан не қайыр?!