Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Рахатқа толы бес күнгі, ренжіте көрме ешкімді



бет63/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Рахатқа толы бес күнгі, ренжіте көрме ешкімді.


Баяғыда Лұқпан хакімге бір патша « Дүниедегі ең асыл затты әкел деп бұйырған екен». Сонда Лұқман хакім бір малды сойдырып, тілі мен жүректі апарып беріпті. Келесі күні патша шақырып алып, «Енді дүниедегі ең жаман нәрсені әкел дегенде , тағы да тіл мен жүректі апарып берген екен». Бұған таң қалған патшаға «Жақсылық та, жамандық та тіл мен жүректің ақтығы мен қаралығына байланысты» деп жауап беріпті. Тілдеріңе абай болыңдар, Жүректеріңді таза ұстаңдар –деді.

  1. Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күці шашау шығармай жеткізеді екенде, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп –тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынның үйіне толықтай екі шелек емес ,бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Бүтін шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын ,тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялғаны сонша, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.

Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла –қымтырыла: «Сізден кешірім сұрайын деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын» депті назарын төмен салып. Таңқалған су тасушы «Неге?» деп сұрапты.
Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам.» Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз» -дейді. Сонда су тасушы: «Оған бола қайғыратын түкте жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы»,-депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған,иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы:
«Көрдің бе? Бұл сендегі кемшілікті менің байқағандым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі»,-деп сөзін жалғастырыпты.
Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын, біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдерден апарып, қожайынды таңқалдыра, дастарқанын жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағанда қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді» -деп түсіндірген екен.
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де
жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажетті үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!
Кей жағдайда өмірде ұсақ нәрселердің еленбеуі, кейін уақыт өте келе адамға опық жегізіп, сан соқтырып жатады. Асылында алғашында аса көзге ілінбейтін нәрселерге де мән беріп қарап жүрген дұрыс. Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұсынұлының ұлағатты сөзі бар: «Кішкене кілттің үлкен сарайға жол ашатыны сияқты, үлкен іске көбіне жай істерден бастау алады, кіп- кішкене ұшқыннан үп- үлкен өрт шығады. Расында, сарай қаншалықты зәулім болса да, оған кіп-кішкене кілт жол ашады емес пе?» Тұтас ормандардыалып кететін үлкен өрт те, қып-қызыл шоқтың майда ұшқындарынан пайда болмай ма? Олай болса кішкене кілтке де, ұшқынға да көңіл бөлмеуге бола ма ?


1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет