Қасқабасов С. Таңдамалы


Ертектердің басым көпшілігі мынадай боп келеді



Pdf көрінісі
бет27/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
Ертектердің басым көпшілігі мынадай боп келеді: 
Перзентсіз хан (бай, кемпір мен шал) көп жыл бала ті-
леумен жүреді. Әр түрлі себептермен (әр түрлі себептермен 
әйелі төстік жейді, әуелде әнбиелерге сиынады, т.б.) ханым 
(бәйбіше, кемпір) екіқабат болады. Зарыға күткен бала 
туғанда, патша (бай, патша) үйде болмайды. Себебі ол ба-
ланың даусын естігенде, қуаныштан жүрегім жарылып кетер 


[
  108  
]
деп кетіп қалады; немесе жорыққа, яғни аң аулауға шығып 
кетеді. 
Бала  туып, керемет болып өседі. Ол өте күшті, ақылды 
жөне сұлу болады.  Ержеткен соң, ол әр түрлі ерлік істейді, 
көбінесе өзінің қалыңдығын іздеп шығады (күні бұрын 
айттырып қойған немесе түсінде яки естіп ғашық болған).
Ғашық жарын іздеп бара  жатып неше түрлі ғаламатқа 
ұшырасады: Жеті басты айдаһарды, жалғыз көзді дәуді, 
жалмауыз кемпірді, т.б. жеңеді. Олардың кейбіреулері оған дос 
болады.
Шаршап-шалдығып жарының еліне жетеді. Бірақ қыздың 
аулына ашық келмейді. Ол (жолда біліп алып) тазша кейпінде, 
қойшы болып келеді де болашақ қайын атасының малын 
бағады не басқа тапсырмаларын орындап жүреді. Әдетте, қыз 
да  оны сезіп жүреді. Екеуі бірін-бірі танып, қашпақ болады. 
Бірақ қыздың әкесі, аулындағы сөз айтып жүрген жігіттер 
наразы.
Жігіт олардың қойған шарттарын орындайды немесе 
соғысып, ерлікпен жеңеді де, қайын атасының тағына оты-
рып, сол елді билейді.
Арада біраз уақыт өткеннен соң жігіт әйелін ертіп өз еліне 
келеді.
Міне, ертегі кейіпкерінің өмір жолы осы. Оның мақсаты – 
отбасын құру. Бірақ кейіпкердің бұл өмір жолы ертегі поэ­
тикасына орай көркемделіп, дәріптеледі. Ал көркемдеу мен 
дәріптеу процесі бұл сюжетті небір қосымша эпизодтармен, 
қайталаулармен толықтырады да, ертегі кеңейе түседі. Соның 
нәтижесінде кейбір жағдайда кейіпкердің өмір жолындағы 
оқиғалар мен қақтығысулар, кездесулер бірнеше дүркін 
қайталанып отырады, оның жеңетін жауларының да саны өсіп 
отырады, қиыншылықтар да көбейіп отырады. Бірақ жалпы 
айтқанда жоғарыдағы кейіпкердің өмір жолын көрсететін 
сюжеттік шеңберден шықпайды. Тіпті кейде кейіпкер әйелін 
алып келе жатқанда кез болатын оқиғалар, келгеннен кейін де 
болатын оқиғалар, ешқайсысы біз түзеген сюжеттік қалыпты 
бұза алмайды. Енді осы сюжеттік қалыпты шартты схемаға 
бөлшекте – көз алдымызға ертегі кейіпкерінің мынадай өмір 


[
 
 109  
]
жолы келер еді. Яғни сюжеттің негізгі желісі (фабуласы) айқын 
көрінеді.
1. Кәрі ата­ана.
2. Кейіпкердің дүниеге келуі:
а) ғайыптан тууы;
ә) тотем­бабадан тууы;
б) баба аруағының жәрдемімен тууы;
в) мұсылман әулие­әнбилерінің, пірлердің көмегімен тууы;
г) әкесі үйде жоқта тууы;
3. Кейіпкердің қалыңдығын іздеп шығуы;
а) жолдағы оқиғалар (әр түрлі мақұлықтар жолығып, олар­
ды жеңуі және достасуы);
ә) болашақ қайын атасының жұмыскеріне (тазша, қойшы) 
жолығуы, соның кейпіне енуі.
4. Қайын атасының аулына танылмай келуі:
а) атасының аулында жұмыс істеуі;
ә) болашақ атасының әр қилы шарттары мен тапсырмаларын 
орындауы;
б) атасының тағына отыруы.
5. Еліне оралуы.
Міне, бұл қазақ ертегітері негізінде жасалған схема. Алайда 
атап айту керек: бұл схема  түптеп келгенде барлық дамыған 
көркем ертекке тән. Басқаша айтқанда, көптеген халықтар 
ертегісіне тән занды құрылым. Сөз жоқ, көрсетіп отырған 
элементтеріміз – ертегінің қаңқасы ғана. Ал ертектің жанр 
ретінде дамыған процесі бұл қаңқаға өзіндік жан бітіріп, 
қан жүгіртіп, сөлін кіргізеді. Соның нәтижесінде әрбір бө­
лек аталған элемент  көптеген қосалқы мотив, ситуация, эпи­
зодтармен толықтырылады, тіпті замана ағымына бай 
ла­
ныс ты ол қосымшалар дамып, басқа күйге түсіп, өзгеріп те 
отырады. Мұндай заңдылықты көне ертектің батырлық ертегі 
түріне  даму  үстінде анық аңғаруға болады.  Батырлық ертегі 
жаңағы схеманы бұзбай, оның жеке бөлшектерін толықтырып, 
дамытып, өзгертіп жіберген. Мысалы, кәдуілгі ертегіде жоқ, 
ал батырлық ертегіде бар мына бір­екі жайтты айтуға болады:
Бала батыр болып туып, ерекше өседі. Оның айрықша қа­
сиеті  бар.  Олар: орасан күш, алыптық, алмастық (неуяз ви­
мость).


[
  110  
]
Кейін бұл элементтер, бір жағынан, бұрынғы ертегіге еніп, 
кірігіп кетеді де, екінші жағынан, кештеу туған эпосқа да аса 
қажетті тәсіл ретінде қызмет етеді. 
Осыны ескере отырып, біз батырлық ертегі құрылымын 
шақ тап жатпадық. Біздің мақсатымыз – біріншіден, осы көр­
сетілген ертегі сюжетіндегі бөлшектер неге барлық елде бар, 
соны анықтау, екіншіден, осы бөлшектер эпоста қандай сипат 
қабылдайды, оның себебі неде – соны анықтау.
Әрине, бір еңбекте бұл мәселені жан­жақты қарап, түгел 
шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан біз кей тұстарда объек­
тімізді, оның материалын саналы түрде шектеп отырдық.
Ендігі бір ескеретін жағдай – біз типологиялық салыс­
тыруларымызды көбінесе Еуропа елдері эпосына негіздедік. 
Себебі түркі­моңғол халықтары фольклорын пайдаланған 
жұмыстар бұл еңбекте бар. Оларда типологиялық салыстыру 
тарихи­генетикалық ұқсастыққа негізделген.
Ал біздің мақсатымыз өзара еш туыстығы жоқ, әрі бір­біріне 
тікелей әсер ете алмайтын елдер фольклорындағы ұқсастықты 
анықтап, себебін ашу. Яғни мұнда тарихи­типологиялық 
(кей де тарихи­салыстырмалы) әдіс негізге алынды. Сонымен, 
біз дің зерттейтініміз – кейбір түркі халықтары мен Еуропа 
елдері фольклорындағы, яғни ертегі мен эпосындағы, ортақ 
құбылыстар.
Зерттеу барысында мынадай тәсілді ұстандық:
Ең алдымен ертек сюжетіндегі өзгермейтін бөлшектерді 
анықтап алу. Олардың барлық ел ертегісінде болу себебін ашу. 
Содан кейін бұл тұрақты элементтердің эпостағы көріністерін 
анықтау.
Сонда біз дүниежүзі фольклорында кездесетін ұқсас мотив­
тер мен сюжеттер адамзат тарихының қай кезеңде туып, қалай 
дамығанын байқауға мүмкіндік аламыз. Әрине, бұл бірден­бір 
дұрыс, еш күмәнсіз тәсіл деуге болмайды. Бірақ біздің әзірше 
ескергеніміз: XX ғасырдың басына дейін қоғамдық дамудың 
әр түрлі сатысында болып келген елдердің фольклорындағы 
ұқсастықтар мен заңдылықтардың сырын ашып көру екендігі. 
Мысалы, Алтай халқы XX ғасырдың бас кезінде патриархалды­
рулық қауымда өмір сүрді, ал қазақ халқы патриархалды­
феодалдық қоғамда болды. Өзбек елі феодалдық қатынаста 


[
 
 111  
]
жүрген болса, түрік жұрты капитализм дәуіріне жетті. Сол 
сияқты  Еуропа  елдері (әсіресе Франция, Герма ния, Испания) 
де капиталистік системада болды. Осыған қарамастан бүл ха­
лықтар фольклорында туыстық пен  әр түрлі байланыспен 
түсіндірілмейтін көптеген ұқсастық бар. Демек, ол ұқсастық­
тар – ерте заманда әр елдің өзінде туған мотивтер мен сюжеттер. 
Жаңағы  феодализм мен капита лизм қоғамында өмір сүрген 
халықтар бір кезде матриархаттық та,  патриархаттық  та ру­
ды  басынан кешірген, патриархалды­феодалдық дәуірде де 
өмір сүрген. Олай болса, сол замандарда ол халықтарда да 
сол  матриархаттық, патриархаттық, т.б. қоғамдық мотивтер 
мен сюжеттер туған. Бұл жерде аты әлемге мәшһүр академик 
А. Веселовскийдің: «Такого рода мотивы могли зарождаться 
самодеятельно в разнопле менных средах, их однородность или 
их сходство нельзя объяснить заимствованием, а однородностью 
бытовых усло вий и отложившихся в них психических про­
цессов»,
1
 – де ген сөзі өте орынды екенін айту керек.
Бұдан, әрине, эпос біткеннің бәрі ұқсас деген пікір тумауы 
керек. Ұқсас нәрселер, негізінде, көне заманда туған мотив пен 
сюжеттер. Ал конкретті  тарихи  оқиғалар, сөз жоқ, әр елдің 
өзінікі ғана. Сондықтан олар өзгеше.
Сонымен, біз енді эпостың сюжеттік схемасын қарайық. 
Ес кертетін жай: эпоста кейіпкердің толық өмір жолы баян­
далмайды, оның харакеттері әйел алумен ғана тынбайды. Үй­
лену – эпос батырының  тек  кәмелетке жеткендігінің белгісі. 
Бұл – оның азамат ретінде қалыптасуының айғағы. Оның 
ерлік өмірі енді осыдан кейін басталады. Бұдан былай ол өз 
тағдырының қожасы емес. Ол енді – халық адамы. Сондықтан 
батыр үшін өз басының немесе  әулетінің қамынан гөрі ел 
бақыты, ел өмірі маңызды. Міне, осы  тұста бейнелейтін кез­
де эпостың сюжеттік қана емес, жанрлық ерекшелігі де 
айқындалады. Басқаша айтқанда, эпостағы ертек сюжетінің 
элементтері осымен шектеледі. Бірақ жалпы ертегілік сипат 
тұрғыда олар мұнда да ұшырасады. 
Ендеше біз енді мына сұраққа жауап беруге тиіспіз. Әр елдің 
эпосын салыстыру үшін неге ертекті таңдап алдық? Оған былай 
деп жауап беруге болады. Эпос жанр болып қалыптасқанда 
бірнеше тірекке сүйенеді, яғни оның бірнеше қайнар көзі, 


[
  112  
]
төркіні бар: миф, өлең, кантилена, тарихи жыр, т.б. Соның 
бірі – ертек. Ертектің сюжеттік желісі эпостікіне жақын. Мы­
салы, эпос сюжетінің жалпы схемасы төмендегідей болып 
келеді. 
1. Перзентсіз ата­ана, олардың хал­жағдайы. 
2. Кейіпкердің керемет болып тууы:
а) тотем­бабаның баласы;
ә) аталар аруағының жәрдемі;
б) мұсылман әулие­әнбиелердің көмегі;
в) баланың төтенше жағдайда (әкесі үйде жоқта) тууы.
3. Баланың өте күшті батыр болып ерекше өсуі:
а) оның ерекше қасиеттері (алыптық, алмастық);
ә) бала батырдың күшін танытатын әрекеттері;
б) оның алғашқы ерліктері.
4. Батырдың әйел іздеп шығуы:
а) қалыңдығын алуы;
е) жолдағы оқиғалар, әр түрлі мақұлықтарды жеңіп, дос­
тасуы;
5. Ғашығын (қалыңдығын) іздеп табуы:
а) танылмай келуі;
ә) қарсыластарын жеңуі (бәйге, күрес, мергендік);
б) әйелімен елге келуі.
6. Батырдың өз елін қорғауы, ерлік жорықтары:
а) елінің талануы;
ә) шапқыншы жаумен соғысуы;
б) жауды жеңіп, атамекеніне оралуы.
7. Ұлан­асыр қуаныш, той. Тыныштық өмір. Батырдан ұл 
тууы.
8. Батырдың баласының ерліктері.
Байқап  отырсыздар, ертектің де, эпостың да сюжеттік не­
гізгі бөлшектері дәлме­дәл қайталанады. Бірақ, әрине, ол 
бөлшектер әр жанрда біршама өзгеріске ұшырайды. Себебі, 
біріншіден, ертекте әр мотивтің көне түрі сақталса, эпос оның 
дамыған типін көрсетеді. Екіншіден, эпос сюжетіне тарихи 
элементтер кірігеді.
Енді осы ұқсас элементтердің ертектегі көрінісін, олардың 
шығу тегін мүмкіндігі болғанша анықтап, олардың эпостағы 
өзгеру процесін зерттеуге көңіл бөлейік.


[
 
 113  
]
Сонымен, ертегі сюжетінің алғашқы түйіні – перзентсіз 
ата-ана болады. Дүниежүзі халықтарының көптеген ерте­
гілерінде әңгіме баласыз жүрген қарапайым кемпір мен шалды 
суреттеумен басталады. Атап айтайық, көбінесе қарапайым 
кемпір­шал. Кейде олар шаруа неме 
се қойшы, қолөнерші 
болып келеді. Қалай болғанда да, олар – қарапайым адамдар.
Ал эпоста олай емес. Мұнда перзентсіз қиналып жүрген 
бейшаралар, әдетте, патша немесе хан, яки ірі байлар болып 
келеді. Оларда байлық бар, мұрагер жоқ. Эпос бір балаға зар 
болып жүрген ата­ананың хал­жағдайына аса көңіл бөліп, оны 
әсерлендіре, көркемдей жырлайды.
Демек, эпос кейінгі дәуірде туған жанр болғандықтан пер­
зентсіз ата­ана мотивіне айырықша мән берген. Мұның түбінде 
эпикалық түсінік жатыр. Яғни психологиялық мо тивировка 
көркем тәсіл ретінде көрінеді. Өйткені келешекте аса күшті 
батыр болатын бала жай ғана бала болмау ке рек. Ол қалаулы, 
тілеулі бала болуға тиіс. Осының өзінде оның ерекшелігі кө­
рінеді. Ол кәдімгі жас, яки орта жастағы жұбайлардан ту­
майды. Ол міндетті түрде қартайып кеткен, қалыптағы әке, 
ана болу жасынан асып кеткен қария кісілерден туады.
Ендігі бір ерекшелігі – ол ертегі кейіпкеріндей қара пайым 
кісілерден тумайды. Оның ата тегі де ерекше. Ол – патшаның 
немесе ханның, тіпті болмаған күнде ірі байдың тұқымы.
Міне, мұның бәрі эпос қаһарманының айрықша адам еке­
нін көрсетеді. Оның қасиеттерін сипаттайды. Эпикалық дәстүр 
заңына сәйкес бұл жайттар – жаңадан туатын баланың неге ба­
тыр, неге елден ерекше болатынын түсіндіретін психологиялық 
тәсіл. Бұл тәсіл тыңдаушыларға кейіпкер тумай жатып, оның 
керемет болатынын білдіреді. Себебі эпос поэтикасы осыны қа­
жет етеді.
Ертек сюжетіндегі ендігі бөлшек – кейіпкердің тууы. Кейіп­
кердің дүниеге келуі бірнеше түрде баяндалады:
а) ол ғайыптан пайда болады;
ә) анасы аңсары ауған бір тағамды жейді, содан бала бітеді;
б) балаға зар ата­ананың түсіне ақ сәлделі қария немесе 
атасы кіріп, аян береді, бала содан кейін туады;
в) перзентке зар кемпір­шал әулие­әнбиеге сиынып, бейіттің 
басына түнейді. Әулие түске кіріп, аян береді, әйел құрсақ 
көтереді;
г) бала әкесі үйде жоқта туады.
8­279


[
  114  
]
Бұл – аталғандар басты­басты және кең жайылған, көп ел­
дің ертектерінде кездесетін түрлер. Бірлі­екілі басқаша баян­
далатын да жағдай болуы ықтимал. Бірақ типтік түрде кез­
десетін осылар.
Енді осы түрлердің әрқайсысына тоқтап, талдап көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет