Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет26/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
ЕРТЕГІ МЕН ЭПОСТЫҢ 
СЮЖЕТТІК ТИПОЛОГИЯСЫ
Советтік фольклортану ғылымы әр кезде де типология мә­
селелеріне көңіл бөліп келді. Бірде тарихи байланыс аспектісі 
қаралса, бірде тарихи туыстық сипаты зерттелді. Қазіргі кезде 
тарихи­салыстырмалы әдіске баса назар аударылуда. Өйткені 
жер жүзі халықтары фольклорындағы ұқсастықтың кептігі 
туыстық пен ауыс­түйіс (яғни байланыс) аясына сыймайды. 
Бұл құбылыс ауыз әдебиеті негізгі жанрларының бәріне тән. 
Соның ішінде, әсіресе, ертек пен эпосты атап айту керек.
Бұл екі жанрдың ұқсастығы әр түрлі деңгейде көрінеді: сю­
жеттік, жанрлық, көркемдік,образдық. Біздің мақаламыз бір 
ғана мәселеге, басқаша айтқанда эпос, пен ертектің сюжеттік 
ұқсастығына арналған.
Көптеген халықтардың ертегісі өзінің сюжеттік құрылы сы 
жағынан, негізінде, біркелкі. Мұндай бірыңғайлық біраз ға­
лым дардың көңілін аударған. Солардың ішінде совет ғалымы 
В.Я. Проппты ерекше атаған жөн. Ол өзінің «Мор фология сказ­
ки» (1928, 1969), «Исторические корни вол шебной сказки» 
(1946) деген бұл күнде дүниежүзіне белгілі еңбектерінде 
жал 
пы ертек композициясының біркелкілігін тарих пен 
этнография тұрғысынан зерттеп, заңдылыктарын ашып берді.
Осыны ескере отырып, біз ертегі сюжетінің құрылысын 
басқа принциппен қарастырдық. Ол принцип – ертегі кейіп­
керінің (көркемдік дәстүрге сәйкес) өмірі мен бастан кешетін 
оқиғалары. Яғни кейіпкердің өмір жолы қандай, ол не көріп, 
не біледі, қандай харекеттер істейді – міне, осыған сәйкес 
сюжеттің даму сатыларын анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет