Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет29/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Бөрілі байрақ астында ту түсіріп, 
Жау алған Шапырашты батыр бабамыз. 
Бөрі басы – ұраным, 
Бөрілі – менің байрағым. 
Бөрілі байрақ көтерсе
Қозып кетер қайдағым
23
, – 
 
деуі сондықтан.
Бұл шежіреде фольклордың көркемдеу заңы толық жүзеге 
асып, ескі мотив ел батырын мадақтау үшін жұмсалып отыр. 
Бұл – кәдуілгі эпос дәстүрі, эпикалық масштаб. 
Бұл мотив қазақ ертегісінде былай баяндалады: 
Балаға зар бай мен кемпір жұртқа мазақ болған соң жер­
жерді шарлап кетеді. Әдеттегідей, оларға аян беріледі. Олар 
қуанып, еліне қайтады. «Бірнеше күндер, айлар еткенде, 


[
 
 121  
]
кемпір­шал баяғы өздерінің шыққан мекен­жайларына келіп 
жетеді. Елге келген соң бірнеше күндер, айлар өтеді. Күндерде 
бір күн кемпір арыстанның етіне жерік болып: «Шалым! Ті­
легіңіз бір перзент еді. Олай болса, мен бала кезімде ойнап 
жүргенде, өзіміздің ауылдың артында бір Арал тоғай де ген бар 
еді, Арал тоғай ішінде Шабақ тоғай бар еді, соның ішінде бір 
арыстан бар еді, дәл соның етіне жерік болдым», – дейді
24
.
Шалы кемпірінің айтуымен барып, арыстанды өлтіріп алып 
келеді. «Келе сала арыстанның етін тай қазанға асып пісіреді 
де үлкен астауға турап, жерік болған кемпіріне бере бастайды. 
Кемпір арыстанның етін астаудан қос қолдап ол ұртына бір, 
бұл ұртына бір тықты. Үш күн, үш түн ұйықтайды»
25
.
Осындай керемет жағдайда туған бала кейін Әлібек ба тыр 
атанады.
Аталмыш мотив батырлық  эпоста да көрініс тапқан. 
Мәселен, ол «Алпамыс батырда» былай айтылады:
Бір перзент сұрап, әулие­әнбиелерді аралаған Байбөрі бәйбі­
шесіне түсінде Баба Түкті Шашты Әзіз балалы боласың деп аян 
бергеннен кейін кәрі әйел бойына бала  біткенін сезіп, жерік 
болады. Жырда былай деп айтылады:
Бәйбіше келед алаңдап,
Жас бөрідей жалаңдап.
Жерігі қанбай сандалды...
Байға айтты: «Ер едің,
Ерім сенен тіледім,
Тойғанымша жер едім,
Тауып берсең қабыланды...»
Сол уақытта екеуі
Бір қалыңға еніпті.
Екі көзі табақтай,
Сапты аяқты қабақтай,
Бір қабылан көріпті.
Бір ағашты паналап,
Өкпенің тұсын сағалап,
Сыбаға оғын беріпті.
Тарс еткенде, шарт етіп,
Дәлдеген жерден тиіпті.


[
  122  
]
Ажалдың оғы тиген соң,
Тырп етпей қабылан өліпті.
Арсалақтап жүгіріп, 
Асығыста сүрініп, 
Кеудесіне мініпті. 
Құс кездігін суырып, 
Кеудесінен тіліпті. 
Өкпеден алып суырып
Жүрегін кесіп беріпті. 
Отқа салып бауырын, 
Ішіндегі тәуірін 
Ауызға салып жұлыпты. 
Шала-пұла пісіріп, 
Мосыдан алып түсіріп, 
Қоң етін кесіп беріпті. 
Әрқайсысынан бір асап, 
Бәйбіше басты жерікті
26
.
Мұндай жағдайда туған баланың қандай батыр болғаны бел­
гілі.
Кейіпкердің керемет жағдайда тууының бұл түрі пат риархат 
қоғамының күшейген тұсында туған болу керек. Мұнда 
болашақ батырдың тууын әйелдің бұрынғы тайпалық тотеммен 
жақындасуымен байланыстырмайды. Ол патриархаттық түсі­
нікке қайшы, сондықтан қаһарманның кереметтігін түсін­
діре алмайды. Яғни ежелгі тотемизмге байланысты негіз 
ұмытылады да, қаһарманның айрықша болуы басқаша түсін­
діріледі. Оның тууы керемет емес, ол ғайыптан тумайды. Оның 
әкесі – адам, ал керемет болуы – анасының тотемдік қасиеттерді 
бойына сіңіруінен.
Патриархалдық рудың шарықтаған тұсында бұрынғы тотем­
бабаларды аталар аруағы ығыстыра бастайды. Ескі аналық ру 
кезінде пайда болған образдарды жаңа образдармен ауыстыру 
басталады: бұрынғы әйел рубасын еркек алмастырады, көмекші 
әйелдер мен тотемдердің орнына еркектер мен аталар аруағы 
келеді. Соның нәтижесінде бұрынғы фольклорға да өзгеріс 
енеді. Ендігі жерде фольклордағы кейіпкерді тудыратын күнді, 
суды, желді, тотемді (аң мен өсімдікті) ата аруағы ауыстырады. 


[
 
 123  
]
Ол әйелге кәрі шал болып кездеседі немесе ақсақал боп түсіне 
кіреді де, әйелдің керемет бала тууына әсер етеді.
Бұл  мотив жер жүзі халықтарының ертектерінде де,  эпос­
тарында  да  кездеседі. Әсіресе, шығыс мұсылман елдерінің 
фольк лорында көп ұшырайды. Қазақтардың да бір топ ертек­
терінде бұл мотив бар: бала іздеп, шаршап­шалдығып жүрген 
ата­анаға шал кездесіп (кейде түсіне еніп), балалы болатынын 
айтады
27
.
Жалпы, аталар аруағы қазақ ертектерінде кейіпкердің 
бас ты көмекшісі болып суреттеледі
28
. Аруақ пен  ақсақалдың 
көмегі қазақ фольклорында көбіне­көп қаһарманның қиналған 
кезінде  болатынын  көреміз. Мұндай образ бен функ ция басқа 
елдердің де ауыз әдебиетінде бар. Мысалы орыстың былинасы 
былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет