Из того еще из города да ныне из Мурова,
Из того еще села было Карачагова
Уж жил тут и был Иван сын Тимофеевич,
Кабы было у его едино чадо, едино милое,
Как едино было родно, едино любимое,
Уж звали его Илеюшко сын Иванович.
Как лежал нынь Илейко да право тридцать лет,
У его не было под собой же резвых – де ног,
Уж держал Иван Тимофеевич нянечку-служаночку,
Обирала она едино чадо милое, единое любимое.
Тридцать лет лежал – ног не было. И пришел к нему старец,
к Илье свету Ивановичу. Попросил его квасу по пить, либо пива.
Он говорит: «Есть у отца моего пива бочки, да я трицать лет
лежу». – «А попробуй, пошевели ногами». Он шевелит – ноги
действуют. Соскочил, в погреб кинулся. Бочку пива из погреба
выкатал. Подал старцу. «Спасибо», – говорит старец, – будешь
ездить по чистым полям. Только не дерись с Волгой...
И потерялся старец»
29
.
Қасиетті ақсақал образы қазақ эпосында да бар. Қатты
қиналғанда, батыр аруақты көмекке шақырады. Сол кезде
аруақ көрінбей дем береді әйтпесе кейіпкердің түсіне ақсақал
[
124
]
еніп, аян береді. Мысалы: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
жырында ақсақалдың көмегі былай жырланады:
Баянға Қозыеке мен обал қылды,
Өлтірген Қозыекені Қодар құлды.
Қозыекеге үш күндік өмір тілеп,
Құдайға сұлу Баян бек зар қылды.
Бір адам ақ шалмалы іздеп келді,
Бек зарландың, тілегің тіле деді.
Аузы күйген бишара, жазған Баян,
Тілегін көп тілемей, аз тіледі.
Үш күндік Қозыекеге өмір берді,
Армансыз үш күн, үш түн дәурен сүрді.
Үш күні уағыдалы еткеннен соң,
Құдайдың аманатын қайтып берді
30
.
Атап айтатын бір нәрсе: ақ шалма. Бұл – мұсылман дінінің
әсері. Қазақ елі патриархалдыфеодалдық қоғам кезінде
мемлекеттік сипатта болған ислам дінін ұстанғаны белгілі.
Жалпы, қай ел, қай жер, қай мезгілде болмасын, бірқұдайлық
(монотеистік) мемлекеттік дін өзінен бұрынғы діндер мен
сенімдерді, олардың ілімі мен оқуын, шығармалары мен
образдарын жоққа шығарып, өмірден өшіруте тырысқан.
Алай да, ескі нәрсе түгелімен жоғалмаған, өзгеріп, басқа сипат
қабылдаған, кейде қатарлас өмір сүрген. Иудей, будда, хри
стиан, ислам діндерінің тарихы осыны дәлелдейді
31
.
Осыған байланысты мына нәрсеге аса көңіл аудару ке рек:
біз айтып отырған мотивтің түрлері бірінбірі ауыстырғанда,
алдыңғысы мүлде құрып кетпейді және тек соңғысы ғана
қалып қалмайды. Олар фольклорда бәрі қатар жүреді. Себебі
оларды туғызған сенімдердің қалдықтары да қатар жүреді.
Айталық, қазақ фольклорында кейіпкердің ғайыптан тууы
да, сондайақ ата аруағының немесе мұсылман әулиелерінің
жәрдемімен дүниеге келуінің бәрі аралас, қатар жүруі осыдан.
Басқа ел фольклорында да осылай.
[
125
]
Ислам діні енгеннен бастап Қазақстанда ескі шамандық пен
ислам діні қатар өмір сүреді. Бұл жағдай көп уақытқа созылғаны
белгілі
32
. Бірақ жай созылған жоқ, екі идеологиясында үнемі
күрес болып келді. Сөйтіп, бұрынғы аманизмді исламның
«қасиетті» күштері ығыстыра бастады, ал кейбір шамандық
кейіпкерлер мен әдетрәсімдер исламдық сипат алды. Соның
нәтижесінде ежелгі тотемге не ата аруағына табынумен қатар
мұсылман дінінің әулиеәнбиелерін қасиеттеп, оларға сиыну
кең етек алды. Міне, бұл процесс қазақ фольклорында да
көрініс тапты. Мысалы, көптеген аңыз, ертегі, жырларда
болашақ қаһарманның анасы бала тілеп Аллаға сиынады,
мұсылманның қасиетті орындарына зиярат етеді. Әдетте,
персентсіз атаананың түсіне сәлделі бір шал (кейде Баба Түкті
Шашты Әзіз) кіреді де, әйелдің бала көтергендігін аян етеді.
Ал кейін бала өсіп, ірі болғанда, жаңағы шал оның керемет
қамқоршысы, көмекшісі болады.
Бұдан ескі рулық тотемата мен тотемкөмекші бейнелері
нің ата аруағына ауысып, енді мұсылман дінінің кейіпкерлері
болғанын көреміз.
Сөйтіп, қаһарманның ерекше болып бойға бітіп, туылуы со
нау матриархат дәуіріндегі тотемдік діни нанымға байланысты
болса, ол енді қазақтың дәстүрлі фольклорында қаһарманды,
батырды дәріптеу (идеализация) үшін қолданылатын көркем
әдіс болып қызмет етеді.
Демек, енді кейіпкердің ерекше жағдайда тууы мотивінің
жаңа түрі пайда болады. Ол – перзентсіз атаанаға мұсылман
әулиеәнбиелерінің рақымы. Егер құлиеленушілік пекеттің
патшасы үшін күннен туу – ерекшеліктің белгісі болса, сондай
ақ ру басы мен тайпа басшылары үшін тотембабадан туу –
кереметтіктің символы болса, ал батырлар үшін ата аруағы мен
әулиеәнбиелердің желепжебеу – басқа адамдардан айрықша
екендігінің куәсі. Халықтың түсінігі осы және бұл халық ауыз
әдебиетінде көрініс тапқан.
Сөзіміз дәлелді болу үшін ертек пен эпостан мысал кел
тірейік. Міне «Әлібек батыр» ертегісі:
«Үлкен тойда не ұлы, не қызы жоқ байға: «Қу бассың», –
деп, орын бермейді. Қорланған бай мен кемпір темір ұстап,
темір етік киіп, қайыршы болып, ойлаған мақсаттарына жету
[
126
]
үшін жаяу жол тартып, жүріп кетеді. Бірнеше күн, ай, жылдар
жүдепжадап, әулиеден әулие қоймай сиынады.
Бірақ ештеңе өндіре алмай, әбден жүдепжадап, Құдайға
өкпелеп, елдеріне қайтады. Бірнеше күн жол жүріп келе
жатып, бір күні күн бата құлап жатқан, ескі жарты молаға
кездеседі. Бұған әйел: «Барайық», – дейді, байы: «Жарты
мола түгіл, бүтін моладан да түк болған жоқ!» – деп, барғысы
келмейді.
Байының сөзіне қарамастан әйел молаға барады. Бұл мо
лаға келіп жетсе, моланың көлеңкесінде ақ сәлдесі басында,
қарагер аты астында, зікір салып, бір әулие тұр екен. Әйелді
көре салып: «Өңітүсі қашып, жүдепжадап жүрген не
қылған адамсың?» – деп сұрай бастады. Әйел өзінің балаға
мұқтаждығын, көп заманнан бері Құдайдан тілегенмен ештеңе
бермегендігін айтып, Құдайға наразы болып, еліне қайтып
келе жатқандығын баян етеді. Сонда әулие тұрып: «Мен саған
екі қыз, бір ұл берейін, қолыңды жай, жылама», – дейді де,
су дырлатып батасын бере бастайды. «Ұлыңның атын Әлібек,
қыздарыңның атын Қанікей мен Тотай қой» – дейді де ғайып
болады»
33
.
Бұл мотив эпоста былайша суреттеледі: атақты хан жасы 70ке
(80ге, 90ға) келгенше бала көрмейді. Бала тілеп аулынан
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |