Қасқабасов С. Таңдамалы


Аңыз бен әпсана – өзара жақын, бірақ бір-бірінен оқшау-



Pdf көрінісі
бет29/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Аңыз бен әпсана – өзара жақын, бірақ бір-бірінен оқшау-
лығы бар екі жанр. Олардың бір­бірінен айырмашылығы 
көр 
кемдіктің дәрежесінен білінеді, яғни шығармада қиял 
(вымысел) мен кереметтік (чудесное) қаншалықты көркемдік 
роль атқарады, міне, бұл – аңыз бен әпсананың әрқайсысын 
ерекшелендіріп тұратын басты белгі, бірінші шарт. Бұл екі 
жанрдың айырмашылығы олардың атқаратын функциясынан 
да көрінеді. Басқаша айтқанда, аңыз бен әпсана шығармалары 
қандай мақсатта айтылады, міне, бұл да – жанрды ерекше­
лендіретін белгі. Аңыздың мақсаты – бір фактіні, тарихи 
оқиғаны хабарлап, ол туралы тындаушыға мәлімет беру. Демек, 
аңыздың қызметі (функциясы) – танымдық, мағлұматтық. 
Ал, әпсананың мақсаты – баяғыда болған немесе болды деген 
бір оқиғаны, іс­әрекетті немесе жағдайды көркемдей баяндау 
арқылы тыңдаушыға ғибрат беру. Мұнда бас кейіпкерлер 
дәріптеле суреттеледі, олар көркем бейне деңгейінде көрінеді.
Аңыз бен әпсана прозалық фольклордың көркемдік даму 
жолындағы екі кезең десе де болады. Себебі бұл екеуінің де түп 
негізінде көп жағдайда өмірде болған бір оқиға жатады, бірақ 
аңыз осы оқиға дәуіріне жақынырақ болады, сол себепті ол аса 
көркемделмей, мағлұматтық мақсатта ғана айтылады. Бірте­
бірте, оқиға болған дәуірден алыстаған сайын аңызда қоспа 
көбейіп, неше түрлі қосымша детальдар пайда болып, алғашқы 
мәліметтік әңгіме көркемделе түседі де, болған оқиғаның өзі де 
көмескі тартады.
Сөйтіп, аңыз әуел бастағы сипатын жоғалтып, әпсанаға не­
месе хикаятқа ауысады. Әрине, бұдан барлық аңыз әпсанаға 
немесе хикаятқа өстіп айналады екен, ал әпсана мен хикаят 
тек осылай ғана пайда болады екен деген пікір тумауы керек. 
Бұл – тек бір ғана жолы.


[
151
]
Әпсана басқа да жолмен пайда бола береді. Мұндай жағ­
дайда ол тарихи оқиғаға негізделе бермейді, оның сюжеті ой­
дан шығарылған, я болмаса басқа бір шығармадан алынған 
болып келеді. Әсіресе, жер­су, мекен тарихын баяндайтын 
әпсаналардың сюжеті көп жағдайда сол тектес аңыздар сю­
жетіне ұқсатылып, ойдан шығарылады. Мысал ретінде «Тоқ­
панның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», 
«Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты шығармаларды 
атауға болады 
170
.
Мұндай шығармаларда әпсаналық, яғни ертегіге жақын 
сипат басым болады. Әңгіме бір заманда болыпты деген оқи­
ғадан гөрі сондай болса екен деген мақсатта құрылған сюжетті 
баяндайды, сондықтан мұндай әпсанада ойдан шығарылған, 
бірақ фантастикалық түрге жетпеген қиял пайдаланылады. 
Онда аспанды шарлатып, жерді айналдыратын, я болмаса әп­
сәтте шаһар тұрғызып, елді таң қалдыратын керемет бол май­
ды. Басқаша айтқанда, керемет (чудесное) ғажайыпты (фан­
тастикалық) сипатта емес.
Сонымен, әпсана деп кейде ертеде болған немесе ойдан шы­
ғарылған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын шығармалар ды 
айтамыз. Тақырыптық және сюжеттік мазмұнына қарай қа зақ 
әпсаналары шартты түрде тарихи­мекендік және утопиялық 
болып келеді.
Тарихи­мекендік әпсаналарда белгілі бір мекеннің, жер­
су 
дың тарихы баяндалады, тарихта болған адамдардың бір 
ерен ісі жайында әңгімеленеді. Рас, әпсанада айтылатын 
мекеннің тарихы, даңқты қайраткердің іс­әрекеті өмірде дәл 
солай болмауы мүмкін, бірақ сол мекен мен адамның тарихта 
болғандығы күмән туғызбайды. Міне, сол себепті ол тарихи­
мекендік деп аталады. Сондай бір­екі әпсанаға тоқтала кетейік.
«Тоқпанның балалары» деп аталатын әпсанада бір кездерде 
Ырғыз өлкесінде болған Табынқазған, Тумалы деген көлдердің 
тарихы айтылады. Баяғыда Тумалы көлінің жағасына Тоқпан 
деген адам көшіп келеді.
Оның үш ұлы тату болып, бәрі тыныш өмір кешеді. Үлкен 
ұлы арық қазып, Табынқазған көлінен су шығарады, егін 
егеді... Қалған екі ұлы – Баламбек пен Құлсары мал бағып, үй 


[
152
]
күтеді. Алайда, әкесі Тоқпан өлгеннен кейін үш ұлы бұзылып, 
бірінің әйеліне бірі ғашық бөлып, берекелері кетеді.
Соның салдарынан үшеуі айдалада қаңғып өледі, ал олардың 
үйі, дүние­мүлкі түгел өртеніп, бүкіл аймақты өрт шалады. 
Сөйтіп, бір кезде көк майса боп, жайқалып тұрған шалғын, ну 
орман, бәрі өртенеді, мал бытырап бет­бетімен кетеді. Тумалы 
көлі иесіз қалады 
171
.
Бұл әпсанада тарихи факті жоқ, шындығы: Ырғыз, Та­
бынқазған, Тумалы көл деген жер­су аттары ғана. Көлдің 
тарихы қиял арқылы баяндалады, сол себепті мұнда кереметтік 
элементтері бар: Құдайдың арамза ағайындыларға күнәсі үшін 
қаза жіберуі, жынның сұлу қыз бейнесінде үш жігітті ынтық­
тырып, арбап­алдауы. Сонымен бірге әңгіменің бүкіл мазмұны, 
рухы мағлұматтықтан гөрі ғибраттық мақсат көздеген.
Әрине, мұнда әпсананы жариялаушының да рөлі болуы ке­
рек. Тіпті соны ескергеннің өзінде де бұл әңгімеде көркемдік 
сипат басым екені айқын сезіледі. Әпсанада сондай­ақ мораль­
дық, имандылық (нравственность) мән де бар. Бұл әпсанадан 
тағы бір байқайтынымыз – бұл жанр шығармаларының қай­
ғылы да аяқтала беретіндігі.
Осындай әпсаналардың қатарына Қорқыт туралы әң 
гі­
мелерді енгізуге болады. Қорқыт жайындағы шығармаларды 
біз аңыз жанрын қарастырғанда біршама сөз қылдық. Ал, 
ендігі зерттейтініміз ол туралы әпсаналар. Рас, Қорқытқа 
байланысты әпсана көп емес. Сондықтан оның сюжеттік құ­
рамы да шағын, түптеп келгенде, қолда бар әпсананың бәрі 
бір ғана сюжетке құрылған: түсінде өлесің деп естіген Қорқыт 
ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Ақыры, 
Сыр өзенінің ортасына жайылған кілемде отырған Қорқыт 
жыланның шағуынан қайтыс болады 
172
.
Қорқыт есіміне байланысты әпсаналар жайында жалпы 
фольклортануда көп жазылған 
173
, сондықтан біз бұл жерде ол 
образдың тарихқа қатысын, эпостағы көрінісін талдап жат­
паймыз. Біздің мақсат басқа: жоғарыда баяндалған сюжеттің 
түпкі мәнісін ашу.
Адамның ажалдан құтылудың, яғни өлмеудің амалын 
іздеуі туралы сюжет өте ерте заманда пайда болған. Осыдан 
4500 жыл бұрын хатқа түскен, әлемдегі ең көне деп санала­


[
153
]
тын «Гильгамеш» эпосында бұл сюжет эпикалық түрде 
фило 
софиялық рухпен жырланған: ең жақын досы Энкиду 
өлгеннен кейін Гильгамеш өлмеудің амалын іздеп, әуелі теңіз 
ортасында түратын құдайлардың ана­иесі Сидуриге, одан соң 
қалың ор манда мекен ететін кемеші Уршанабиге, ең соңында 
өлім теңі 
зінен өтіп, өзеннің арғы жағындағы Утнапиштиге 
келеді. Утнапишти оны ұйқымен сынайды, бірақ Гильгамеш 
бұл сы 
нақтан өте алмайды. Содан кейін Утнапишти оған 
теңіздің ас тында адамды мәңгіге жасартатын гүл бар екенін, 
соны иеленген кісі өлмейтінін айтады. Гильгамеш аяғына тас 
байлап, су астына түсіп, гүлді алып шығады.
Бірақ қайтып келе жатып, суға шомылып жүргенде гүлді 
жылан ініне алып кетеді (гүлді алып келе жатқанда жыланның 
қабығы сыпырылып қалады).
Сөйтіп, Гильгамеш өлімнің құрығына ілінеді 
174
.
Мәңгі жасау үшін ажалдан қашып, неше түрлі әрекет іс­
тейтін адам туралы сюжет көптеген елдің фольклорында 
бар
175
. Қорқыт туралы әпсанада көне шумер­аккад эпосындағы 
ертегілік мотив жоқ. Егер Гильгамеш өлімнен құтылу жолын 
керемет жәрдемшінің көмегі арқылы таппақ болса, Қорқыт 
өзі табуға тырысады. Дүниені түгел шарлаған ол еліне қайтып 
келіп, «желмаясын сойып, оның терісімен қобызының сыртын 
қаптайды. Құрғақ жерде тұрса бір күні ажал жетіп келер деген 
қауіппен бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның 
суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті. Қорқыт дү­
ние кезгендегі арманын да, өлімнен қашқан қайғысын да, өзі 
көрген жақсылық­жамандық жайларын да қобызында ойнаған 
ғажап сұлу күйлерімен жеткізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін 
бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйып тыңдайды...
Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, 
қобызын күйлеп, өлім мені қанша қуса да, мен оны бұл жерге 
келтірмеспін деп қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың 
күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да жақын келе 
алмапты» 
176
.
Демек, Қорқыт ажалдан қүтылудың амалын өзі тапқан. 
Ол амалы – қобыздың күйі. Олай болса, қазақ әпсанасының 
кейіпкері Гильгамешке қарағанда әлдеқайда жігерлі, белсенді. 
Ол өз күшіне гана сенеді, бөгде ешкімнен, ешбір әулиеден, 


[
154
]
тәңірден көмек күтпейді. Өз еңбегі мен өнерінің құдіреті 
арқа сында ажалды жеңеді. Оның өлімі әлсіздіктің, я болмаса 
ажалға, тағдырға мойынсұнғандықтың белгісі емес. Оның 
өлімі – кездейсоқ жағдайдың нәтижесі. «Қорқыт, – делінеді 
әпсанада, – күндіз­түні ұйқы көрмей, қобыз тартып өліммен 
алысыпты. Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт 
қалжырап, қалғып кетеді. Қорқыттың ізіне түсіп аңдыған 
ажал сол кезде жылан күйінде жорғалап кілемге келіп шақ­
қанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі» 
177
. Ендеше Қорқыт бұл 
айқаста жеңілген жоқ. Керісінше, ол – ажалдан күшті тұлға. 
Міне, бұдан біз Қорқыттың өлімнен қашуы туралы әпсананың 
идеялық мазмұны оптимистік екенін көреміз. Әңгіменің 
басында «Қайда барсам да, алдымнан көр шығады!» ­ деп сары 
уайымга түскен Қорқыт бір мезет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет