Қасқабасов С. Таңдамалы


сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды



Pdf көрінісі
бет5/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды
идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы. 
Ойымызға дәлел ретінде айтарымыз – бір сюжет негізінде әр 
түрлі жанрға жататын бірнеше шығарманың жасалуы. Мысал­
ға «Жүсіп пен Зылиханың» хикаятын келтіруге бола ды. Бұл 
хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі замандағы 
драмада да баяндалған. Сюжет – біреу, ал жанр – бірнеше. Әр 
жанр – өзінің композициялық және көркемдік әдісімен бұл 
сюжетті өзінше жырлаған. Айталық, көне заманда Інжілге 
(Библияға) енген сюжет жай ғана хикаят, мысал болатын. Кейін 
ол хикаялық (новеллалық) ертегіге айналды. Орта ғасырда бұл 
сюжет үлкен дастан бо лып жырланды. Осының бәрінде түпкі 
сюжет сақталған, бірақ бірде ол қарапайым ғана баяндалса
екінші жанрда сюжет көптеген қосымшалар, детальдар, 
эпизодтармен толығып, көлемді шығарма ретінде көрінеді. Ал 
енді бір жанр да (мәселен, драмада) сюжет басқа элементтер мен 
компоненттер арқылы баяндалған. Демек, әр жанр өзіне тиісті 
әдіспен белгілі сюжетті басқа шығармаға айналдырады.
Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады
20
. Алайда, осы 
бір ғана «Жүсіп – Зылиха» хикаяты жанрдың әр түрлі бо луы 


[
25
]
сюжетке байланысты емес екендігін дәлелдейді. Жанрдың 
мұндай болу себебін оның әдісінен іздеу қажет.
Әр жанрдың ерекшелігі неден көрінеді? Ол үшін бірнеше 
факторды анықтап алу шарт: біріншіден, жанр қай заманды, 
қай дәуір мен қоғамды көрсетеді, екіншіден, қандай әдіспен
тәсілмен, құралдармен бейнелейді; үшіншіден, бейнелеп 
отырған нәрсесіне қалай қарайды, оны қалай балайды; төр­
тіншіден, осы өзінің бағасын, қатысын қалай, қандай түрде 
шығарады, көрсетеді; бесіншіден, ол жанр қандай мақсатта 
қыз мет етеді, яғни жанрдың функциясы қандай?
Шығарманың белгілі бір жанр аясында болуы – жай ғана 
нәрсе емес. Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік 
болмысын айқындайды. Бір сюжет әр түрлі жан рда әр түрлі 
шығарма береді. Ол шығармалардың көркемдік сипаты, эмо­
циялық күш­қуаты жанрдың қасиеттеріне бай 
ланысты. 
Көр кем творчестводағы бұл құбылысты кезінде академик 
В.В. Виноградов дәлелді түрде ашып берген бола тын
21
. Жалпы, 
әдебиетте де, фольклорда да, өнерде де бір сюжет бірнеше жанр­
да шығарма болып жазылатыны – заңдылық. Осыған орай ойға 
оралатын тағы бір нәрсе – сюжет бұрын пайда бола ма, жоқ, 
әлде жанр бұрын туа ма деген мәселе.
Біздіңше, ең алдымен сюжет деген не, соны анықтап алу 
керек. Сюжет жайында әдебиеттану мен фольклор туралы 
ғылымда айтылған пікір әр түрлі. Біз соның бәрін тәптіштей 
айтып жатпай, осы күнгі анықтаманы және соған негіз болған 
ойды айтып өтсек те жетерлік.
Әдебиеттану ғылымында сюжет бірде кең мағынада, бір­
де нақты мәнде түсіндіріледі
22
. Кейбір еңбектерде сю жет шы­
ғар 
мадағы характерді ашудың әдісі, тәсілі деп қаралса
ендігі бір зерттеулерде сюжет шығармадағы тіл, харак 
тер, 
қимыл қосындысы ретінде пайымдалады. Ал үшінші бір топ 
еңбектерде сюжет – баяндаудың бір түрі деп түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет