Кейіпкердің ғайыптан тууы. Ғылымда мұны «партено
генезис» немесе «чудесное зачатие», кейде «непорочное зача
тие» деп атайды. Бұл мотив жер жүзі халықтарының ауызекі
шығармаларында бар. Көне дәуір туындысы қарапайым миф
терде, аңыздарда, әңгімеертегіде, көркем түрде дамыған ер
тектерде, батырлық және ғашықтық жырларда кездеседі.
Алғашқы қауымдық нанымсенімдерде, тіпті дүниежүзіне
жайылған ірі діндерде де ғайыптан туу мотиві кеңінен пай
даланылады
2
.
Ғайыптан туу мотивін арнайы зерттеген академик А.Н. Ве
селовский оның мынадай түрлерін көрсетеді:
а) дымнан, судан туу (Даная, Кельт эпосының қаһарманы
Конхобар, парсы мен аннам аңыздарында);
ә) жемістен туу: манчжурия мен фин жұтының фольк
лорында;
б) күн сәулесінен туу: татар мен қазақ ауыз әдебиетінде;
в) жұпар иістен туу: Шам аңызында;
г) шаштан, түкіріктен, бояудан, жұмыртқадан, тұқымнан,
жүректен, күлден, желден, суға шомылғаннан, көзден, т.б.
туу
3
.
Адамның ғайыптан (яғни некесіз) туу мүмкіндігіне ал
ғашқы қауымда, дәлірек айтқанда матриархат дәуірінде өмір
сүрген кісілер толық сенген
4
. Оған ғалымдар әр түрлі себеп
айтады. Бірі сол дәуірде кең жайылған тотемистік наныммен
байланыстырады. Атақты тарихшыэтнограф М.О. Кос вен ол
туралы былай деп жазады:
«Тотемизм – это убеждение в существовании связи че ловека
с какимлибо животным (это – преимущественно), растением,
иногда неодушевленным предметом, либо даже явлением
природы»
5
.
Ғайыптан туу мүмкіндігіне сенушілік болғанын А.Н. Ве
селовский де құптайды. «Общее, развивающееся в пору мат
риархата, верование в партеногенезис приурочива ется позднее
[
115
]
к рождению героя: он рожден сверхъестествен
ным путем,
сравнение с отцом принизило бы его»
6
, – деп жазады ол.
Ал В.Я. Пропп ғайыптан туу мүмкіндігіне сенушілік тоте
мизммен байланысты емес, ол алғашқы матриархаттық қауым
да өмір сүрген елдердің надандығынан туғандығын ай тады:
«Обилие материала не оставляет никакого сомне ния в том, что
в возможность зачатия без участия мужчин некогда широко
верили, а частично верят коегде и сейчас. Ряд соображений
и материалов приводит к заключению, что человек не всегда
понимал роль мужчины при зачатии. Создательницей рода
считалась только женщина...
Все эти соображения приводят к мысли, что подобное нез
нание – исторический факт...
Но в дальнейшем подлинные причины рождения, ко неч
но, скоро становятся известными. Но, хотя эти причины и
известны, вера в возможность внеполового зачатия про должает
сосуществовать со знанием настоящих причин рож дения»
7
.
Демек ерте заманда, матриархат дәуірінде тотемизмді ұс
танған қауым адамның ғайыптан туу мүмкіндігіне сен
ген.
Оны тотеммен байланыстырған. Бұл сенушілік алғашқы
мифтер мен аңыздарда, ертектерде кейіпкердің ғайыптан ту
ғандығы туралы мотивті туғызған. Сөйтіп, бұл мотив бүкіл
әлем халықтарының ауыз әдебиетінде, діни аңыздары мен
шежірелерінде орын алған. Соның көпшілігін салыстытыра
зерттеген В.Я. Пропп ғайыптан (некесіз) туудың мына
дай
түрлерін анықтайды:
1) жемістен туу; 2) дұғадан туу; 3) ішкен судан құрсақ
көтеру; 4) кісінің қайталанып тууы
8
, 5) пештен (ошақтан) туу;
6) марқұм болған кісінің етін жегеннен туу; 7) балықтан немесе
ағаштан жасап алу
9
.
В.Я. Пропптың, тағы басқа зерттеушілердің дәлелдеріне
қарағанда, Африка, Америка және Австралия рутайпа лары
ның мифтік қаһармандары дүниеге осы жолдардың бірімен
келген.
Ғайыптан туудың кейбір көріністері қазақ аңыздары мен
ертектерінде де кездеседі.
Бір бай жолда келе жатып бір қурап қалған басты тауып
алды. Оны өртеп, күлін шүберекке байлап, сандыққа салып
[
116
]
қояды. Сандықтың ішін ақтарған қызы күлді тауып алады
да тілімен дәмін татады. Содан ол қыз жүкті болып, ұл
табады. Кейін ол ұл ақылгөй болып шығады
10
. Шыңғыс хан
туралы аңыздар да оны анасы күннің шашуынан көтерген деп
баяндайды
11
.
Сондайақ «Ер Төстік», «Әлібек батыр», «Итыгиль» ертек
терінде кейіпкердің анасы бір тағамды жегеннен кейін құрсақ
көтереді
12
.
Қазақ фольклорында кейіпкердің керемет жағдайда тууы
ның (яғни ғайыптан туудың дамып, өзгерген) басқа түрлері де
бар. Олар жайында сөз кейінірек болады.
Кейіпкердің ғайыптан тууы тек көне заман шығармала
рын да ғана емес, соңдайақ өзінің қоғамдық дамуына фео
да
лизм дәуірінде өмір сүрген халықтар фольклорында кең
жайылған. Мысалы, армян эпосы «Давид Сасунскийде» Санасар
мен Бағдасарды анасы киелі суда шомылған соң көтерген. Ал
кельт эпосында анасы керемет суды ішкеннен кейін Конхобар
мен Куллинді көтерген. Фин сағасында Вяйнеменді анасы жел
ден көтерген
13
.
Патриархалдық феодализм дәуірінде бұрынғы ғайыптан туу
мотиві сол аталық (отцовство) тек жайындағы түсінікке қайшы
келе бастайды. Мәселен, патшаны немесе ел қадірлейтін
батырды әкесіз (некесіз) туды деу оның тегіне, сүйегіне өшпес
дақ түсіру деген сөз. Мұны біз Шыңғыс хан туралы қазақ аңыз
ертегісінен анық көруімізге болады.
Шыңғыстың анасы күннің шуағынан, жарықтан екіқабат
болады. Әйелдің әкешешесі, ағайындары қызымыз жүкті боп
қалды, күйеусіз бала тапты, масқара болдық деп, әйелді жас
баласымен қуғынға салады. Кейін таласта Шыңғыс күннің
сәулесіне өзінің садағын іледі де, күннен туғанын дәлелдеп,
хан болады
14
.
Бұл жағдай феодализм дәуіріндегі көптеген халықтардың
фольклорына тән. Яғни феодализм кезінде бұрынғы аңыздар,
ертектер мен жырлардағы ежелгі некесіз, ғайыптан туу мотиві
ерекше жағдайда туу болып өзгереді. Яғни патшаны, батырды
айрықша қылып көрсету үшін оны ерекше жағдайда туған етіп
жырлайды.
Сонымен, біздің көзіміз жеткен нәрсе: өте ерте заман да,
аналық рудың кезінде тотемизмге байланысты пайда болған
[
117
]
адамның ғайыптан (некесіз) туу мүмкіндігіне сенушілік бар
лық елдің фольклорында «партеногенезис» мотивін туғызған.
Бұл мотив әр жұртта өз бетімен туып, заман ағымына сәйкес
өзгеріп отырған. Яғни әр дәуірде әрбір ел фольклорлық сүйікті
кейіпкерді мадақтау (идеализация) үшін пайдаланып отырған.
Сондықтан да бұл мотивтің түрлері көптеген халықтардың
қарапайым мифінен бастап, көркем жырларында кездеседі.
Осы орайда В.Я. Пропптың мына пікірі өте дұрыс екенін
айту керек. Ол былай деп жазады: «...Мож но заметить, что
на наиболее примитивных ступенях чело веческой культуры
«чудесное» рождение приписывается всем без исключения.
Такое положение мы застаем у австралий дев. В дальнейшем
чудесным образом рождаются уже только племенные ге
рои
и полубоги: похитители огня, леген
дарные великие охот
ники и т.д. Такое положение мы имеем у более развитых
племен, например, Северной Америки и частично Африки
и океанийских островов. Здесь чудесно – рожденное дитя в
ми фах есть спаситель (Heilbringer). Он приносит людям
огонь, первые семена и т.д., он учреждает общественный
строй и тотемные обычаи. Эти мифы имеют сакральное
значение. С воз никновением монархии и богов такое рождение
становится прерогативой царей и богов, а обыкновенные
смерт ные ро ждают ся обыкновенным обра зом. Известно, что
египетские цари почитали себя потомка ми бога солнца Ра
15
.
От египетских царей не отстают ни индийские цари и царьки,
ни китайские императоры... Из этих чудесно или непорочно
зачатых и рожденных богов не составляет исключения и
Христос. Движение это идет по социальной лестнице снизу
вверх. Там, в верхах, это рождение долгое время – признанное
явление. Но и в социальных низах, вплоть до XIX века, не
прекращается стремление достигнуть рождения ребенка, хотя
бы внеполовым путем, но здесь это будет называться суеверием,
колдов ством и т.д.»
16
.
Бұл жерде В.Я. Пропп баланың әйелден некесіз (күйеусіз,
еркексіз) туу мүмкіндігіне сенушіліктің тарихи жолына шолу
жасап, оның өзгеру процесін көрсетеді. Ғайыптан (күйеусіз)
туу алғашқы кезде әдеттегі нәрсе деп есептелсе, кейін ол
керемет деп саналған. Сол себепті ғайыптан туу – тек құдай мен
[
118
]
патшаның үлесі деп танылған. Бұл, байқасақ, құлиеленуші
мемлекеттік қоғамға тән екен. Ал құлиеленушілік қоғамды
баспай өткен елдерде ғайыптан туу тек құдай мен патша емес,
сондайақ аса ұлы қайраткерлердің де үлесі болып түсінілген.
Бұл – өз алдына жеке мәселе. Біздің бұл жерде қарас
тыратынымыз: ғайыптан туу мотивінің әр дәуірге сәйкес
өзгеруі. Әрине, пәлен заманда былай болған деп дәл басып айту
мүмкін емес, әрі ондай мақсат қойып та отырғанымыз жоқ.
Біздің ойымыз – осы мотивтің әр ел фольклорындағы
көрінісін
талдау, сол арқылы оның даму жолын анықтау. Өйткені біз
талдайтын фольклорлық шығармалар – әр алуан қоғамдық,
экономикалық, мәдени сатыда болған елдің туындылары, әр
қилы қауымның мұралары.
Сонымен, адамның ғайыптан туу мүмкіндігіне сенуші
лік – матриархат дәуірінің жемісі дедік. Ол дамыған аналық
ру қоғамында фольклорлық мотив ретінде қалыптасады.
Оның алғашқы түрі: адамның анадан ешбір жыныстық
қатынассыз туатындығы, яғни таза ғайыптан тууы. Қыз
табиғат құбылысынан, күннен, судан, шөптен бала көтеріп, ол
фольклорлық шығарманың кейіпкері болады.
Біртіндеп, матриархаттың ыдырау заманында енді бала
әйелдің тотеммен жақындасуынан пайда болған деген түсінік
қалыптасады. Яғни әйел тотембабаның әсерімен, онымен
тікелей араласуының нәтижесінде немесе тотемнің етін жеп
барып жүкті болады деп ойлаған (Ол кезде әлі де болса еркектің
рөлін толық түсінбеген).
Мысалы, Австралия мен Океанияның көне тұрғындары
еуропалықтар алғаш барған кезінде матриархаттың ыдырау
сатысында тұрған. Солардың ауызекі шығармаларында әйел
дер баланы кокос жаңғағын жеп те, басқа өсімдікті жеп те, кісі
етін жеп те, тотемдік аңның етін жеп те көтере береді
17
.
Ал мәдениеті жоғары дамыған елдердің фольклорында осы
жағдай: орыс ертектерінде кейіпкерге анасы бұршақ, ал ма,
бидай дәнін жеп жүкті болады
18
. Шығыс халықтары ертек
терінде, көбінесе, әйел алма жеп барып, бала көтереді
19
.
Көптеген Еуропа, Азия халықтарының ертектерінде әйел
болашақ кейіпкерді аюдан, қасқырдан, т.б. аңдардан көте
реді. Бұл – әлгі тотембабадан бала туады деген көне мотивтің
[
119
]
қалдығы. Мұндай мотив бір топ қазақ ертектерінде де ұшы
расады: болашақ батыр әйел мен аюдан
туады
20
.
Алайда мұнда ескеретін нәрсе: бұрынғы тотембабаға бай
ланысты сенімде бала жыныстық қатынастың нәтижесі деп
саналмайтын. Ал мына ертектерде әйел мен аю – ерлізайыпты.
Демек, бұл жерде бұрынғы мотивке кейінгі дәуірдің түсінігі
әсер етіп, анахронизмдік жамау бар (анах ронизм – жалпы
фольклорға тән құбылыс). Сондықтан да аюдан туған баланы,
тіпті ол керемет болса да, қауым ұнатпайды, оған жат көзбен
қарайды. Бұл – басқа мәселе.
Әйелдің табиғат құбылыстары мен өсімдіктерден жүкті
болатынына сенушілік аналық ру ыдырап, патриархаттық
қо ғамға көше бастағанда әйелдің жүкті болуына тотембаба
әсер етеді деген сеніммен ығыстырыла бастайды. Яғни, енді
бұрыннан бар тотемдік бабаға үлкен мән беріліп, оның маңызы
арта түседі. Патриархаттық қауым мұны өзінің мүддесіне
пайдаланады (Бұл кездегі адамдар бала туудағы жыныстық
қатынастың маңызын әбден түсінген).
Ежелгі заманда рулық, тайпалық тотемді жеу – дәстүр
болған. Оны бірнеше мақсатпен жеген: а) тотемді қайта тірілту;
ә) тотемнің қасиетіне ие болу; б) неше түрлі сиқырды білу, т.т.
21
.
Ал тотембаба болып көп жағдайда күшті хайуан, сұлу аң,
ерекше жануарлар саналған. Негізінде, рутайпаның мекен
еткен жерінде болатын аңдар мен жәндіктер. Міне, осын дай
күшті де қаһарлы, ақылды да айлалы, сұлу да әсем бабамен
араласу арқылы әйел екіқабат болады деп сенген ертедегі
адамдар осыған сәйкес фольклорлық мотив те туғызған. Мотив,
көбінесе, тотембабаның етінен дәм тату, әйтпесе оны жалау, не
болмаса оны көру түрінде болып келеді.
Мұндай оқиға қазақ ертектерінде де орын алған. Кейіпкер
жыланның желкесін жалап, он сегіз мың ғаламның тілін біліп
шығады. Немесе кейіпкердің аузына жылан түкіреді де, ол
керемет білімпаз, көріпкел болады, т.т
22
. Яғни адамға тотемнің
қасиеттері көшеді деп білген ертеде.
Міне, көріп отырсыздар, алғашқы қауымның рулық за
манында туған сенімге негізделген мотивтер біздің зама
нымыз ға дейін көркем фольклорда өмір сүріп келген. Әрине,
бертінгі замандарда оның түпкі негізі ұмытылып, ол мотив тек
[
120
]
елдің сүйікті кейіпкерін не қаһарманын дәріптеу үшін көркем
құрал, тәсіл ретінде пайдаланылады. Бұл процесті көбіне
көп шежіре мен жырда байқауға болады: әдетте, болашақ
ру басының немесе патшаның, яки болмаса батырдың анасы
құрсақ кө
терген кезінде өте күшті жыртқыш аңның етіне,
бауырына, өтіне, я болмаса басқа, табылуы өте қиын бір тағамға
жерік болады. Күйеуі міндетті түрде әйелінің аңсағанын тауып
береді. Содан кейін туған бала анасы жерік болып, етін жеген
күшті аң сияқты аса қайратты, ержүрек, елден ерекше болып
туады. Міне, фольклор эстетикасы мен поэтикасының заңы
деген осы.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін қазақ халық әдебиетінен бірекі
мысал келтірейік:
Ел аузындағы шежіренің айтуы бойынша, Шапырашты
ба тырдың анасы қасқырдың бауырына жерік болыпты. Же
рігі қанғаннан кейін әйел мезгілі жетіп ұл туады. Әкесі
ұлына Шапырашты деп ат қояды. Кейін ол бала асқан батыр,
жауынгер болып өседі де, одан тараған ел Шапырашты деп
аталады. Оның ержүректігі мен қайсарлығын анасының
бөрінің бауырына жерік болғанымен байланыстырып, ел
оны «Бөрі бауырын жеген Шапырашты» деп атайтын болған.
Атақты Сүйінбайдың:
Бөрілі байрақ астында ту түсіріп,
Жау алған Шапырашты батыр бабамыз.
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі – менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым
23
, –
деуі сондықтан.
Бұл шежіреде фольклордың көркемдеу заңы толық жүзеге
асып, ескі мотив ел батырын мадақтау үшін жұмсалып отыр.
Бұл – кәдуілгі эпос дәстүрі, эпикалық масштаб.
Бұл мотив қазақ ертегісінде былай баяндалады:
Балаға зар бай мен кемпір жұртқа мазақ болған соң жер
жерді шарлап кетеді. Әдеттегідей, оларға аян беріледі. Олар
қуанып, еліне қайтады. «Бірнеше күндер, айлар еткенде,
[
121
]
кемпіршал баяғы өздерінің шыққан мекенжайларына келіп
жетеді. Елге келген соң бірнеше күндер, айлар өтеді. Күндерде
бір күн кемпір арыстанның етіне жерік болып: «Шалым! Ті
легіңіз бір перзент еді. Олай болса, мен бала кезімде ойнап
жүргенде, өзіміздің ауылдың артында бір Арал тоғай де ген бар
еді, Арал тоғай ішінде Шабақ тоғай бар еді, соның ішінде бір
арыстан бар еді, дәл соның етіне жерік болдым», – дейді
24
.
Шалы кемпірінің айтуымен барып, арыстанды өлтіріп алып
келеді. «Келе сала арыстанның етін тай қазанға асып пісіреді
де үлкен астауға турап, жерік болған кемпіріне бере бастайды.
Кемпір арыстанның етін астаудан қос қолдап ол ұртына бір,
бұл ұртына бір тықты. Үш күн, үш түн ұйықтайды»
25
.
Осындай керемет жағдайда туған бала кейін Әлібек ба тыр
атанады.
Аталмыш мотив батырлық эпоста да көрініс тапқан.
Мәселен, ол «Алпамыс батырда» былай айтылады:
Бір перзент сұрап, әулиеәнбиелерді аралаған Байбөрі бәйбі
шесіне түсінде Баба Түкті Шашты Әзіз балалы боласың деп аян
бергеннен кейін кәрі әйел бойына бала біткенін сезіп, жерік
болады. Жырда былай деп айтылады:
Бәйбіше келед алаңдап,
Жас бөрідей жалаңдап.
Жерігі қанбай сандалды...
Байға айтты: «Ер едің,
Ерім сенен тіледім,
Тойғанымша жер едім,
Тауып берсең қабыланды...»
Сол уақытта екеуі
Бір қалыңға еніпті.
Екі көзі табақтай,
Сапты аяқты қабақтай,
Бір қабылан көріпті.
Бір ағашты паналап,
Өкпенің тұсын сағалап,
Сыбаға оғын беріпті.
Тарс еткенде, шарт етіп,
Дәлдеген жерден тиіпті.
[
122
]
Ажалдың оғы тиген соң,
Тырп етпей қабылан өліпті.
Арсалақтап жүгіріп,
Асығыста сүрініп,
Кеудесіне мініпті.
Құс кездігін суырып,
Кеудесінен тіліпті.
Өкпеден алып суырып,
Жүрегін кесіп беріпті.
Отқа салып бауырын,
Ішіндегі тәуірін
Ауызға салып жұлыпты.
Шала-пұла пісіріп,
Мосыдан алып түсіріп,
Қоң етін кесіп беріпті.
Әрқайсысынан бір асап,
Бәйбіше басты жерікті
26
.
Мұндай жағдайда туған баланың қандай батыр болғаны бел
гілі.
Кейіпкердің керемет жағдайда тууының бұл түрі пат риархат
қоғамының күшейген тұсында туған болу керек. Мұнда
болашақ батырдың тууын әйелдің бұрынғы тайпалық тотеммен
жақындасуымен байланыстырмайды. Ол патриархаттық түсі
нікке қайшы, сондықтан қаһарманның кереметтігін түсін
діре алмайды. Яғни ежелгі тотемизмге байланысты негіз
ұмытылады да, қаһарманның айрықша болуы басқаша түсін
діріледі. Оның тууы керемет емес, ол ғайыптан тумайды. Оның
әкесі – адам, ал керемет болуы – анасының тотемдік қасиеттерді
бойына сіңіруінен.
Патриархалдық рудың шарықтаған тұсында бұрынғы тотем
бабаларды аталар аруағы ығыстыра бастайды. Ескі аналық ру
кезінде пайда болған образдарды жаңа образдармен ауыстыру
басталады: бұрынғы әйел рубасын еркек алмастырады, көмекші
әйелдер мен тотемдердің орнына еркектер мен аталар аруағы
келеді. Соның нәтижесінде бұрынғы фольклорға да өзгеріс
енеді. Ендігі жерде фольклордағы кейіпкерді тудыратын күнді,
суды, желді, тотемді (аң мен өсімдікті) ата аруағы ауыстырады.
[
123
]
Ол әйелге кәрі шал болып кездеседі немесе ақсақал боп түсіне
кіреді де, әйелдің керемет бала тууына әсер етеді.
Бұл мотив жер жүзі халықтарының ертектерінде де, эпос
тарында да кездеседі. Әсіресе, шығыс мұсылман елдерінің
фольк лорында көп ұшырайды. Қазақтардың да бір топ ертек
терінде бұл мотив бар: бала іздеп, шаршапшалдығып жүрген
атаанаға шал кездесіп (кейде түсіне еніп), балалы болатынын
айтады
27
.
Жалпы, аталар аруағы қазақ ертектерінде кейіпкердің
бас ты көмекшісі болып суреттеледі
28
. Аруақ пен ақсақалдың
көмегі қазақ фольклорында көбінекөп қаһарманның қиналған
кезінде болатынын көреміз. Мұндай образ бен функ ция басқа
елдердің де ауыз әдебиетінде бар. Мысалы орыстың былинасы
былай дейді:
Из того еще из города да ныне из Мурова,
Из того еще села было Карачагова
Уж жил тут и был Иван сын Тимофеевич,
Кабы было у его едино чадо, едино милое,
Как едино было родно, едино любимое,
Уж звали его Илеюшко сын Иванович.
Как лежал нынь Илейко да право тридцать лет,
У его не было под собой же резвых – де ног,
Уж держал Иван Тимофеевич нянечку-служаночку,
Обирала она едино чадо милое, единое любимое.
Тридцать лет лежал – ног не было. И пришел к нему старец,
к Илье свету Ивановичу. Попросил его квасу по пить, либо пива.
Он говорит: «Есть у отца моего пива бочки, да я трицать лет
лежу». – «А попробуй, пошевели ногами». Он шевелит – ноги
действуют. Соскочил, в погреб кинулся. Бочку пива из погреба
выкатал. Подал старцу. «Спасибо», – говорит старец, – будешь
ездить по чистым полям. Только не дерись с Волгой...
И потерялся старец»
29
.
Қасиетті ақсақал образы қазақ эпосында да бар. Қатты
қиналғанда, батыр аруақты көмекке шақырады. Сол кезде
аруақ көрінбей дем береді әйтпесе кейіпкердің түсіне ақсақал
[
124
]
еніп, аян береді. Мысалы: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
жырында ақсақалдың көмегі былай жырланады:
Баянға Қозыеке мен обал қылды,
Өлтірген Қозыекені Қодар құлды.
Қозыекеге үш күндік өмір тілеп,
Құдайға сұлу Баян бек зар қылды.
Бір адам ақ шалмалы іздеп келді,
Бек зарландың, тілегің тіле деді.
Аузы күйген бишара, жазған Баян,
Тілегін көп тілемей, аз тіледі.
Үш күндік Қозыекеге өмір берді,
Армансыз үш күн, үш түн дәурен сүрді.
Үш күні уағыдалы еткеннен соң,
Құдайдың аманатын қайтып берді
30
.
Атап айтатын бір нәрсе: ақ шалма. Бұл – мұсылман дінінің
әсері. Қазақ елі патриархалдыфеодалдық қоғам кезінде
мемлекеттік сипатта болған ислам дінін ұстанғаны белгілі.
Жалпы, қай ел, қай жер, қай мезгілде болмасын, бірқұдайлық
(монотеистік) мемлекеттік дін өзінен бұрынғы діндер мен
сенімдерді, олардың ілімі мен оқуын, шығармалары мен
образдарын жоққа шығарып, өмірден өшіруте тырысқан.
Алай да, ескі нәрсе түгелімен жоғалмаған, өзгеріп, басқа сипат
қабылдаған, кейде қатарлас өмір сүрген. Иудей, будда, хри
стиан, ислам діндерінің тарихы осыны дәлелдейді
31
.
Осыған байланысты мына нәрсеге аса көңіл аудару ке рек:
біз айтып отырған мотивтің түрлері бірінбірі ауыстырғанда,
алдыңғысы мүлде құрып кетпейді және тек соңғысы ғана
қалып қалмайды. Олар фольклорда бәрі қатар жүреді. Себебі
оларды туғызған сенімдердің қалдықтары да қатар жүреді.
Айталық, қазақ фольклорында кейіпкердің ғайыптан тууы
да, сондайақ ата аруағының немесе мұсылман әулиелерінің
жәрдемімен дүниеге келуінің бәрі аралас, қатар жүруі осыдан.
Басқа ел фольклорында да осылай.
[
125
]
Ислам діні енгеннен бастап Қазақстанда ескі шамандық пен
ислам діні қатар өмір сүреді. Бұл жағдай көп уақытқа созылғаны
белгілі
32
. Бірақ жай созылған жоқ, екі идеологиясында үнемі
күрес болып келді. Сөйтіп, бұрынғы аманизмді исламның
«қасиетті» күштері ығыстыра бастады, ал кейбір шамандық
кейіпкерлер мен әдетрәсімдер исламдық сипат алды. Соның
нәтижесінде ежелгі тотемге не ата аруағына табынумен қатар
мұсылман дінінің әулиеәнбиелерін қасиеттеп, оларға сиыну
кең етек алды. Міне, бұл процесс қазақ фольклорында да
көрініс тапты. Мысалы, көптеген аңыз, ертегі, жырларда
болашақ қаһарманның анасы бала тілеп Аллаға сиынады,
мұсылманның қасиетті орындарына зиярат етеді. Әдетте,
персентсіз атаананың түсіне сәлделі бір шал (кейде Баба Түкті
Шашты Әзіз) кіреді де, әйелдің бала көтергендігін аян етеді.
Ал кейін бала өсіп, ірі болғанда, жаңағы шал оның керемет
қамқоршысы, көмекшісі болады.
Бұдан ескі рулық тотемата мен тотемкөмекші бейнелері
нің ата аруағына ауысып, енді мұсылман дінінің кейіпкерлері
болғанын көреміз.
Сөйтіп, қаһарманның ерекше болып бойға бітіп, туылуы со
нау матриархат дәуіріндегі тотемдік діни нанымға байланысты
болса, ол енді қазақтың дәстүрлі фольклорында қаһарманды,
батырды дәріптеу (идеализация) үшін қолданылатын көркем
әдіс болып қызмет етеді.
Демек, енді кейіпкердің ерекше жағдайда тууы мотивінің
жаңа түрі пайда болады. Ол – перзентсіз атаанаға мұсылман
әулиеәнбиелерінің рақымы. Егер құлиеленушілік пекеттің
патшасы үшін күннен туу – ерекшеліктің белгісі болса, сондай
ақ ру басы мен тайпа басшылары үшін тотембабадан туу –
кереметтіктің символы болса, ал батырлар үшін ата аруағы мен
әулиеәнбиелердің желепжебеу – басқа адамдардан айрықша
екендігінің куәсі. Халықтың түсінігі осы және бұл халық ауыз
әдебиетінде көрініс тапқан.
Сөзіміз дәлелді болу үшін ертек пен эпостан мысал кел
тірейік. Міне «Әлібек батыр» ертегісі:
«Үлкен тойда не ұлы, не қызы жоқ байға: «Қу бассың», –
деп, орын бермейді. Қорланған бай мен кемпір темір ұстап,
темір етік киіп, қайыршы болып, ойлаған мақсаттарына жету
[
126
]
үшін жаяу жол тартып, жүріп кетеді. Бірнеше күн, ай, жылдар
жүдепжадап, әулиеден әулие қоймай сиынады.
Бірақ ештеңе өндіре алмай, әбден жүдепжадап, Құдайға
өкпелеп, елдеріне қайтады. Бірнеше күн жол жүріп келе
жатып, бір күні күн бата құлап жатқан, ескі жарты молаға
кездеседі. Бұған әйел: «Барайық», – дейді, байы: «Жарты
мола түгіл, бүтін моладан да түк болған жоқ!» – деп, барғысы
келмейді.
Байының сөзіне қарамастан әйел молаға барады. Бұл мо
лаға келіп жетсе, моланың көлеңкесінде ақ сәлдесі басында,
қарагер аты астында, зікір салып, бір әулие тұр екен. Әйелді
көре салып: «Өңітүсі қашып, жүдепжадап жүрген не
қылған адамсың?» – деп сұрай бастады. Әйел өзінің балаға
мұқтаждығын, көп заманнан бері Құдайдан тілегенмен ештеңе
бермегендігін айтып, Құдайға наразы болып, еліне қайтып
келе жатқандығын баян етеді. Сонда әулие тұрып: «Мен саған
екі қыз, бір ұл берейін, қолыңды жай, жылама», – дейді де,
су дырлатып батасын бере бастайды. «Ұлыңның атын Әлібек,
қыздарыңның атын Қанікей мен Тотай қой» – дейді де ғайып
болады»
33
.
Бұл мотив эпоста былайша суреттеледі: атақты хан жасы 70ке
(80ге, 90ға) келгенше бала көрмейді. Бала тілеп аулынан
шығады.
Өтті шаттан аяңдап,
Отыра алмады баяулап.
Екеуінің мінгені –
Белгілі қату көк еді.
Жануардың шабысы
Таусылмастай көп еді.
Жонас мінген Ақтанау
Ауыздықпен алысып,
Аспанға қарғып келеді,
Бөкең-бөкең желеді,
Шаңқай түсте жөнеді,
Ар жағында тар қолтық,
Одан өтіп келеді.
Бірнеше күн болғанда,
[
127
]
Күн намазшамға толғанда,
Оның арты – Құбатау,
Соған барып енеді.
Астындағы Ақтанау,
Қайраты оның таусылмай,
Әлі дөңгеленіп келеді.
Арғы жағын сұрасаң,
Амудария су еді,
Жағасы қалың ну еді,
Сол нуды келіп жағалап,
Қырық күндей жол жүрді.
Азғана емес, мол жүрді.
Аты арып, тон тозып,
Сонда жеткен секілді,
Әзірет Әлі жатқан жерлерге,
Мекендеген елдерге,
Жақын қалды моласы.
Моланың көрді қарасын.
Ақжонас та ер еді,
Астындағы тұлпардан
Түсе қалып ханыңыз,
Жолдасқа атты береді.
Етігін салып иыққа
Жаяулатып жөнеді.
Желген атқа ол батыр
Бір перзенттің зарынан
Жүгірумен ереді.
Моласының басына
Келді батыр қасына.
Табытын оның құшақтап,
Хан да болса жылады.
Көзінен жасын бұршақтап,
Ақжонас сонда сөйледі.
– Асыл туған Арыслан,
Бір перзентке зар болып,
Басыңа келіп түнедім,
Жатып перзент тіледім.
Тілегімді бере көр,
[
128
]
Көздің жасын көре көр
Тілекті егер бермесең,
Жіберме мені, алып қал,
Тар шұңқырға мені сал.
Бір кезде Ақжонастың көзі ілініп кеткен екен. Арыслан
келіп: «Ақжонас, енді тілегіңді бердім, ауылыңа қайт, үлкен
кеңеспен шығып едің, әйелің ұл туар, атын Кеңес қой!» – деп
өзі ғайып болды
34
.
Көріп отырсыздар, мұсылман дінінің әсері бұл мотивте
айқын сезіледі.
Кейіпкердің керемет жағдайда дүниеге келуінің бұл тү
рі, әсіресе, Орта Азия халықтарының фольклорында жиі
кездеседі. Бұл туралы В.М. Жирмунский былай деп жазады:
«В среднеазиатском фольклоре сказочномифологичес
кий
характер мотива чудесного рождения значительно ослаб
лен по сравнению с алтайским и в особенности монгольс ким
фольклором. Мотив этот обычно оформляется здесь в соот
ветствии с господствовавшими у мусульманских народов
Средней Азии религиозными суевериями и бытовой прак
тикой врачевания бесплодия магическими средствами. Роди
тели будущего героя совершают паломничество на могилу
по
читаемого мусульманского святого «чудотворца» – Али
Шахимардана («Алпамыш»), БабаТукласа («Шора батыр»),
Баба Омара («Сайынбатыр»), ОлавХаджи (в узбекском дастане
«Ширин и Шакар»), ночуют на его мазаре. Обычно во сне им
является старец, предвещающий исполнение их заветно
го
желания; в дальнейшем этот старец становится покрови телем,
чудесным помощником рожденного по его предсетельству
богатыря»
35
.
Ертек кейіпкерінің керемет жағдайда дүниеге келуінің бір
түрі – әкесі үйде жоқта тууы. Қазақтың көптеген ертектерінде
кейіпкер туғанда, оның әкесі үйде болмайды: ол аң аулап
жүреді немесе жорыққа аттанып кетеді, яки болмаса сапарда
болады. Әйтпесе, жаңа туған баланың дауысын естісем,
жүрегім жарылып өлермін деп, басқа жаққа кетіп қалады
36
.
Бала туғанда әкесі үйде болмау мотиві басқа халықтар
фольклорында да кездеседі. Әсіресе, Алтай мен Сібірдегі түркі
[
129
]
халықтарының батырлық ертектерінде бұл мотив өте кең
тараған. Осы жайында академик В.М. Жирмунский былай деп
жазады:
«В богатырских сказках тюркоязычных народов Сибири,
(алтайцев, шорцев, хакасов и др.) богатырь – обычно сын
бездетных старика и старухи, достигших семидесяти, вось
медесяти, иногда ста лет. Обстоятельства чудесного рождения
долгожданного наследника не всегда одинаково ясны. Участие
отца для младенца как будто не нужно: отец уезжает в
далекую, иногда долголетнюю поездку, в поход против врага,
чаще всего по собственному желанию или по совету жены – на
продолжительную охоту»
37
.
Бұл ертегілік мотивті В. Жирмунский ғайыптан туудың
өзгерген түрі деп дұрыс айтады да, алайда оның шығу тегін
портеногенезисті туғызған тотемизммен байланыстырады
38
.
Сөз жоқ бұл мотив өте көне. Көне болғанда матриархат
дәуірінде туған. Бірақ ол тотемизммен байланысты емес. Біздің
ойымызша, мұнда аналық ру заманының болмысы көрініс
тапқан. Әрине, ол өз қалпында емес, өзгерген түрде. Ежелгі
өмір елесі көркем ертегіде эстетикалық қызмет атқарып,
көркем мотив ретінде кейіпкерді дәріптеуге себін тигізіп тұр.
Ал оның түп төркіні сонау бағзы аналық ру кезінде болған
кувада салтына меңзейді. Кувада салтының жалпы фольклорда
көрініс тапқаны жайлы алғаш рет А. Веселовский жазған.
Бірақ ғалым бұл салттың шығуы жайлы анық пікір алған.
Тек оны патриархаттың жеңуімен туған болар деген болжам
айтады
39
.
Алайда совет ғалымдарының зерттеулері кувада салты
мат
риархат қауымына тән екенін дәлелдеп, оның әр түрлі
өзгерістерге ұшырағанын көрсетіп берді
40
.
Бұл салттың мәнісі мынау: әйелі босанып жатқан кезде,
екеуі төсекке жатып немесе басқа жерде әйелінің толғағын,
алысын бейнелеп, өзі босанып жатқан кейіп көрсетуі керек
немесе әйел босанғаннан кейін, күйеуі ауыр жұмыс істемеуі
керек, күннің көзіне түспеуі тиіс, жауынның астында қалмауы
керек, қатты қимылдамауы керек, т.т.
Кейін, матриархаттық қауым ыдыраған тұста кувада сәл
өзгеше күйде көрінеді: күйеуі жас босанған әйелден аулақ
9279
[
130
]
жүруі керек. Мәселен, маланезийліктер мен африкалық және
Солтүстік Американы мекендейтін тайпалар мен руларда әйелі
босанатын кезде күйеуі міндетті түрде бір жаққа кетуі керек.
Бала бір жасқа толғанша ол әйелінің үйіне келмейді. Жас
босанған әйелге жәрдем берушілер – төркіндері
41
.
Міне, қазақ ертектері мен Алтайдың батырлық ертектерін
дегі кейіпкер туғанда әкесінің үйде болмауы көне заман
сал
тының өзгерген кездегі бір түрінің көрінісі. Жоғарыда
айтылғандай, бұл – кейіпкерді дәріптеу үшін пайдаланылған
ғайыптан туу мотивінің даму барысындағы өзгеше сипат
қабылдаған түрі. Негізінде, куваданың бұл түрі матриархат
ыдырап, патриархат орныға бастаған заманда фольклорға
патриархаттың толық жеңіп, шарықтаған кезінде кірігуі
мүмкін. Бұл фольклорлық мотивтің көбінекөп батырлық ер
тегіге тән болатыны ойымызды дәлелдейді. Себебі батырлық
ертегі көркем жанр ретінде патриархаттық қауымда қалып
тасқаны аян.
Бертінірек, яғни патриархалдыфеодалдық және феода
лизм заманында бұл мотив сәл басқаша көрінеді. Енді кейіп
кербатыр дүниеге келерде міндетті түрде бір төтенше оқиға
болады: болашақ қаһарманның не әкесі, не шешесі қаза болады
я болмаса олар қуғында жүреді. Немесе ол туар кезде елді жау
шабады, т.т. Қалай болғанда да, болашақ батырдың тууы бір
ғаламат жағдаймен тұстас келеді. Бұның өзі жаңа туып жатқан
сәбидің осал еместігін, оның келешекте керемет адам болатынын
көрсетеді. Міне, тағы да баяғы ғайыптан туу мотивінің мақсаты
мен қызметі. Бірақ кейіпкер кереметпен күннен, судан,
тотемнен тумайды. Ол – адамның баласы, ал оның кереметтігі
туардағы ғаламат оқиғамен байланыстырылады. Мұны эпос
жанрынан анық байқауға болады. Эпос болғанда феодализм
дәуірінде өмір сүрген эпикалық шығармалардан көруге бо
лады. Мысал үшін қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жы
рын, ортағасырлық француз рыцарьлық эпосы «Тристан мен
Изольданы» немесе герман халықтарының «Эдда» сағасын
алуға болады.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлуда» бас кейіпкердің әкесі аң
аулап жүріп, Қарабайдың кесірінен буаз, киелі маралды атып,
[
131
]
қаза табады. Осы кезде қайтыс болған Сарыбайдың әйелі үйінде
ұл туады. Сөйтіп, Қозы туғанда, әкесі дүние салады.
Ал француз халқының «рыцарьлық роман» деп аталып
жүрген «Тристан мен Изольда» эпосында болашақ кейіпкердің
тууы трагедиялық жағдаймен байланысты. Өлең түріндегі
текст Тристан туған кезде, әкесі қаза болады
42
. Ал проза тү
ріндегісінде Тристан дүниеге келгенде, анасы дүние салады
43
.
Біз бұл жерде «рыцарьлық роман» деген терминді «эпос» деп
атауымыздың себебі орта ғасырда пайда болған «романдардың»
көбісі бұрынғы аңызэпостармен байланысты. Зерттеуші А.Д.
Михайлов былай деп жазады:
«...До «романа» уже существовала разветвленная и богатая
традиция народногероического эпоса (так называемых «жест»)...
Новый жанр – «роман» – был ближе всего к «жес там», ибо
также повествовал о воинских подвигах, при мерах небывалого
героизма и благочестия и т.д...
Между «жестом» и романом не было непреодолимой грани.
Немало памятников носят переходный, гибридный ха рактер.
Немало эпических поэм было переработано затем в произведе
ния нового жанра»
44
. Ал герман халықтарының эпосында тө
тенше жағдай сәл басқалау. Онда болашақ батыр әкесі жау
қолында олген соң, жетімдік күнін кешіп, қиыншылық жағ
дайда оседі. Мысалы, «Эдда» жырында әкесі жаудан қаза тап
қан Сигурд (Зигфрид) өзінің балалық шағын өгей әкенің үйінде
өткізеді
45
.
Төтенше жағдайдың тағы бір түрі, жоғарыда айтқанымыздай,
болашақ кейіпкердің атаанасы қуғынға ұшырауы. Осы
қуғында жүргенде ерлізайыптылар немесе ғашықтар дүниеге
болашақ батырды әкеледі. Бұл мотив көп жағдайда феодолизм
дәуіріндегі фольклорға тән. Айталық, роман халықтарының
(яғни француз бен испандықтар) «Роланд туралы жыры».
Мұнда келешекте әйгілі батыр болатын Роланд қуғында жүр
ген екі ғашықтан туады. Ғашықтардың бірі – ұлы Карлдың
қарындасы да, екіншісі – тексіз рыцарь. Ро ланд өгей әкесінің
қолында өседі.
Феодализм дәуірінде қаһарманның ғайыптан тууы тура
лы мотив басқаша сипат қабылдайтыны жайында В.М. Жир
мунский былай деп жазады:
[
132
]
«В более позднюю, феодальную эпоху мотив чудесного
рождения героя принимает новые формы: для рыцаря типа
Роланда рождение от воды или от яблока вряд ли могло рас
сматриваться как достаточно благородное происхожде
ние.
Однако исключительный характер событий, сопровож
даю
щих появление на свет эпического героя, сохраняется и в
новой героикороманической форме. Во французском ры
царс ком эпосе Тристан, Ланселот, Парсифаль рождаются при
трагических и печальных обстоятельствах, после смерти отца,
погибшего в феодальных распрях или на турнире, от мате ри
изгнанницы.
Другая «феодальная» формула необычайного рождения
ге
роя – рассказ о гибели его отца, верного слуги, неспра
ведливо оклеветанного и наказанного жестоким властите лем (в
эпических сказаниях тюркских народов – отец Кероглы, отец
Едигея). Мальчик, потерявший отца, воспитывается среди
простых людей: отсюда впоследствии его связь с народом, де
мократические симпатии, характер «доброго властителя»
46
.
Дамыған феодализм дәуірінде өмір сүрген кезде ежелгі
ғайыптан туу немесе тотембаба мен әулиеәнбиелер жәр
демімен дүниеге келу басқа сипатта да көрінеді. Бұл кезеңдегі
эпос қаһарманның туу тарихын баяндамай, оның қалай
ерекше адам болғанын әңгімелеуі мүмкін. Мысалға орыстың
Илья Муромецке байланысты былиналарын алуға бола ды.
Жалпы орыс былинасының көпшілігінде болашақ батырдың
қалай, қандай жағдайда туғаны айтылмайды. Оның есесіне
қаһарманның жастық шағы мен ерекше қасиеті жайлы толық
баяндалады. Және қаһарманның айрықша адам болып шы
ғуы – оның тууымен еш байланысы жоқ. Илья Муромецтің
орасан күш иесі болу себебін былиналар былай деп түсіндіреді:
болашақ батыр туғаннан бастап отыз жылдай мешел болады.
Бір күні тентіреп жүрген диуана шал (кейде кемпір) келіп, одан
садақа я сусын сұрайды. Бала мешел екенін айтады. Диуана:
«Сен қолаяғыңды қимылдат», – дейді. Бала қимылдатса, қол
аяғының жаны бар. Ол зыр қағып жүріп, диуанаға қалаған
сусынын әкеп береді. Шөлі қанған диуана ғайып бола ды,
ал бала бойында орасан күш бар екенін сезініп, атаанасына
[
133
]
барады. Осыдан бастап ол батырлық әрекеттер істей бастайды
47
.
Былинада бұл былай суреттеледі:
Как во том – де во городе Мурове,
У того было Ивана да Тимофеева.
У его де одно было чадо милое,
Оно хворовое было да нездоровое,
Не ходили у его да ноги резвые,
Не служили у его да руки белые,
Не говорил у его да говор-язык.
Жил Иван – состарился.
И того еще скорей переставилсе,
Осталось у его едино чадо,
Едино чадо единокое,
Звали его Илья сын Иванович.
Он сидел без рук, без ног и без очи ясныих,
Немного времени сидел он – тридцать лет,
Не служили его ноги резвые,
Не служили его руки белые.
Во тридцатом году до во последнеем
Приходила калика да перехожая
И та еще сиротинушка убогая,
И попросила она его милостыни ради
Христа небесного.
«Я не то тебе подать – готов сам принять,
Я сижу не много, не мало – тридцать лет,
Не служат мои ноги резвые,
Не служат мои руки белые».
– «Если не можешь подать, так я тебе подам».
Отломила краюху хлеба белого:
«Если ты готов принять, так я тебе подам».
И подала ему краюху божьего.
Тогда стал он с мягка места,
И заслужили тогда его ноги резвые.
И заслужили руки белые,
И увидел тогда он вольной белой свет.
Тогда уже калика утеряласе»
48
.
[
134
]
Міне, көріп отырсыздар, мұнда Илья Муромецтің мешел
діктен жазылуы бейшара кемпірдің жәрдемімен байла нысты
болып көрінеді. Кемпірдің мұндай көмекшілік қызметі бағзы
матриархат заманының ру басына меңзейді
49
. Яғни бұл – өте
көне образ, оның бұл функциясы сонау аналық кезіндегі тотем
бабаның рөлімен замандас. Кейін патриар хат тұсында әйел
ру басын еркек алмастырған шақта, бұл образдың орнына
қасиетті шал келген. Бұл барлық елдің фольклорына тән. Оны
орыс эпосанан да көруге болады. Ол тура лы әңгіме кейінірек.
Біздің бұл жерде айтарымыз – орыс жырындағы христиан
дінінің әсері. Жаңағы қайыр сұрап кел ген кемпір (бұрынғы
образ) Христос құдайды атап, қайыр сұрайды. Ал Ильяның
мешелдіктен жазылуын құдайдың құдіреті деп біледі («И по
дала ему краюху дара божьего»).
Христиан дінінің әсері Ресейде ертеден басталды. Бұл дін
Ресейдегі бұрынғы нанымдарды, олар туғызған шығармалар,
түсініктер мен образдарды аямай қуғындаған. Ал кейбір ескі
сенімдер мен образдар сақталып қалған, бірқатары хрис
тиандық сипат қабылдаған.
Міне, біз келтірген үзіндіде матриархат дәуірінің обра зы
мен феодализм заманының діни құдайының қатар кездесу се
бебі осы.
Сонымен тағы бір зандылық анықталды. Ол феодализм
дә уірінде қаһарманның ерекше жағдайда туатындығы жай
лы ежелгі мотивтің тағы бір сипат алатындығы. Ол сипат –
кейіпкердің керемет батыр болуы құдайдың құдіретінен деп
түсінушілік.
Өте көп тараған фольклорлық ғайыптан туу мотивінің ертек
пен эпостағы типологиясын зерттеуден мынадай қорытынды
шығаруға болады.
I. Батырдың, басты кейіпкердің орасандығын атап көр
сету үшін халық қиялы ежелгі аналық заманда пайда бол
ған ғайыптан туу мотивін кең түрде қолданған. Жай ғана
қолданбаған. Ол мотивті әр дәуір талабына сәйкестендіріп,
творчестволық жолмен пайдаланған. Айталық, өзінің алғаш
шыққан кезінде (яғни матриархат дәуірінде) бұл мотив бо
йынша, болашақ батыр анасынан ешбір некесіз туады. Оның
әкесі – не күннің шуағы, не жел, не өсімдік, не басқа зат.
[
135
]
II. Кейін матриархаттың заманы бітіп, өмірге патриархат
келгенде ғайыптан туу мотиві жаңа сипатта көрінеді. Болашақ
батыр енді тотемдік атадан туады. Яғни оның әкесі – тайпалық
тотем. Бұрынғы өсімдік пен табиғат құбылыстарына қарағанда,
тотем белсендірек. Ол кейіпкердің жай әкесі ғана емес, сондай
ақ оның жебеушісі.
Патриархалдық рулық қауымның дамуымен байланысты
қаһарманның ерекше бітімі, құдіреттілігі енді басқаша тү
сіндіріледі. Ол – тайпалық тотем мен аталар аруағының ға
жайып түрде желепжебеуінің нәтижесі деп білінеді.
III. Аталық ру заманының шарықтаған кезінде ежелгі
ғайыптан туу мотиві тотемдік аңның орнына жәрдемші,
жебеуші етіп аталар аруағын алады. Яғни мұнда реалдық
түсінік басымырақ. Перзентсіз кемпіршалдың түсіне ақсақал
еніп, аян беруі – болашақ батырдың шын әкесі өзінің әкесі
екенін айта отырып, ол баланың тууына ата аруағының қатысы
бар екенін көрсетеді. Сол себепті ол өмір бақи «өз баласын»
демеп, жебеп жүреді.
IV. Бертінірек, аталық ру қауымы феодализмге ауыса бас
тағанда, яғни патриархалдыфеодалдық қоғамда бұл мо тив сәл
басқа түрде көрінеді. Бұл кезеңде бұрынғы, алғашқы қауымда
туған діни нанымдар бірқұйдайлық дінге ауыса бастайды да,
ежелгі ғайыптан туу мотиві өзгеріске ұшырайды. Біріншіден,
ғайыптан туу тек құдай мен періштелердің, әулиелер мен
патшалардың үлесі деп білінеді. Бұл әсіресе, құлиеленуші
қоғамға тән. Сол себепті Иисус
Христос
Мария қыздан туған.
Екіншіден, патриархалдыфеодалдық дәуірдің шарықтау
заманында қаһарманның, ел ардақтайтын батырдың ата тегіне
ерекше мән беріледі. Енді ол бұрынғыдай судан, желден,
өсімдіктен, не жемістен, т.б. құбылыстан тумайды. Ол көптің
тілеп алған ардақтысы. Оның әкешешесі, көбінесе, ақсүйек
болып келеді.
Үшіншіден, бүкіл елді қорғайтын батыр жай адам болмауы
керек. Сол себепті ол ерекше жағдайда тууға тиіс. Ал оның
мынадай түрлері пайда болады:
а) батырдың анасы құрсақ көтергенде керемет аңның ба
уырына, өтіне, т.б. бір ерекше тағамға жерік болады;
ә) болашақ батыр туғанда бір алапат оқиға болады;
[
136
]
б) Әкесі міндетті түрде үйде болмайды да, ол не соғыста, не
аңда
қаза болады. Немесе оның атаанасы қуғында болады, т.т.;
б) бұрынғы жебеушілердің орнына діндік (мұсылмандық
немесе христиандық) әулиеәнбиелер енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |