я болмаса періден, диюдан, т.б. тууының өзі
жас нәрестенің келешекте керемет адам болатындығына, оның
тіршілігі мен ісәрекеті де ғажайып болатындығына меңзейді.
Ал бұл – көркем жанрдың белгісі. Алайда, қазақ әпсанасы
кейіпкер өмірін баяндауда көркем фольклордан ауытқиды.
Мәселен, көркем ертегіде керемет болып туу қаһарманның
бүкіл өмір жолын көрсетіледі: ол сағат сайын өсіп, тез ержетеді.
Ержеткен соң қалыңдық іздеп, басқа әлемге сапар шегеді. Осы
жолда ол көптеген қиыншылықтарды басынан кешіріп, алуан
түрлі зиянкестерді жеңеді. Ақыр аяғында ол өзіне лайық жар
тауып, еліне қайтады.
Қорқыт туралы әпсанада бұлай емес: керемет болып туған
ол әйел іздеп сапар шекпейді. Керісінше, ол өлімнен қашып,
дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бұл сапарында ол ертегі
қаһарманы көрген бірдебір қиыншылықты көрмейді, ешқан
дай ерлік көрсетпейді. Міне, осы айтылғандардың өзіақ
Қорқыт жайындағы шығармалардың ертегіге айна лып үлгер
мегенін көрсетсе, Қорқыттың жасампаздық, мәдениет шілдік
әрекеттері, сондайақ бұл шығармаларда космос тура
лы
көне мифологиялық түсінік іздерінің сақталуы Қорқыт ту
ралы қазақ әпсаналарының архаикалық фольклорға жа
[
74
]
қындығын дәлелдейді. Бұл ойымызға қосымша айғақ ретінде
Қорқыт эпонимінің тарихи семантикасын келтіруге де
болады. Қорқыт сөзі мен есімі шамандық миф пен дүниетаным
аясында пайда болып, қазақ халқы ислам дініне енгеннен
кейін ислам мифологиясына кірген бұрынғы Қорқыт бақсы
(шаман) енді Қорқыт әулие болып бейнеленген. Бірақ соның
өзінде исламның діни қағидаларын, оның тағдырға, Алла
ісіне мойынсыну принциптерін бойына дарытпаған. Керісін
ше, ол «мұсылманшылық ұғымына, құдай бұйрығына, тағ
дырға қарсы шыққан...»
43
Оның бұл қылығы – шамандық
түсініктердің белгісі. Қорқыт «әулие» деп аталғанмен, оның
бейнесінде, ісәрекетінде мұсылман әулиесіне тән ештеңе
жоқ, ал ол туралы шығармаларда исламға бой ұратын, оны
уағыздайтын ешқандай діни сарын кездеспейді. Қайта бәрі
керісінше: «әулие» бола тұра Қорқыт бұрынғы шаман сияқты
ажалмен алысып, алла әміріне қарсы шығады.
Әпсана – қазақ фольклорының ертегіге жатпайтын көне
жанр
ларының бірі. Ол аңыз бен ертегінің аралығындағы
жанр, қарапайым халық прозасының көркем фольклорға ай
нала бастаған түрі. Сол себепті ол мифтің де, хикаяның да,
аңыздың да жанрлық қасиеттерін бойына сіңірген, оларды
қорытып, көркемдеген, сөйтіп ертегі жанрына жақындаған.
Демек, әпсана дегеніміз – көркемдігі біршама дамыған, қиял
мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және кейде
бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын, бірақ
мұсылмандық діни түсінікке негізделмеген ауызекі әңгіме.
Әпсаналық шығармалар әр дәуірде туып отырады. Сондықтан
олардың ішінде өте көнелері де, кейін пайда болған жаңалары
да болады. Олар әр дәуірге сәйкес өзгеріп, түрленіп отырады.
Соның салдарынан кейбір шығармаларға кейінгі заман бол
мысының оқиғалары, тарихи тұлғалары, сол қоғамның әлеу
меттік ойпікірлері енеді, сөйтіп, ол шығармаларға сонылық
сипат беріп, кейде басқа жанрдың қасиеттерін дарытады.
Сондай әпсаналардың бір алуаны – Асан Қайғыға байланысты
айтылатын әңгімелер.
Асан Қайғы туралы шығармалардың басым көпшілігі
әлеуметтікутопиялық әпсана болып келеді. Әдетте әпсананың
бұл түріне қанаушылық қоғам тұсында жүзеге асуы мүмкін
[
75
]
емес, сол қоғамды түбірімен өзгертпейінше халықтың бақытқа
жету, дәулетті өмір сүруі мүмкін емес деген сенімін көрсететін
шығармалар жатады
44
. Мұндай утопиялық мазмұндағы әң
гімелердің бір түрі бұрынғы заманда болған өте бақытты,
«қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» өмірді аңсау болып
келсе, енді бір түрі Жерұйық, немесе Жиделібайсын деген
аса құнарлы, малға да, жанға да жайлы, рахат өмір кешуге
болатын шұрайлы қоныс іздеу болып келеді.
Мұндай екі түрлі баяндалатын шығармалар көптеген
елдердің фольклорында ежелден бар. Әлеуметтік ойпікірдің
тарихын зерттеген ғалымдардың айтуынша «өткен заманда
рахат өмір болған» деген идея белгілі бір қоғамдық даму ке
зеңінде барлық халықта пайда болуымен, қоғамдық жеті
лудің алғашқы қадамдарымен тікелей бай
ланысты. Онда
қаналушы төменгі таптардың қоғамның өзгергеніне, қоғам
дағы әділетсіздікке деген алғашқы, әлі айқындала қоймаған
көзқарасы, реакциясы көрініс тапқандай. Жаңа таптық
қоғамдағы қиыншылықтар – енді ескі, бұрыннан келе жат
қан қоғамдық өмірге, өмір салтына енген жаңалықтардың сал
дарынан болды деп қабылданып, бұрынғы өмірді дәріптеуге
әкеледі
45
.
Өте ерте заманда туған бұл идеялар мен сюжеттер халық
тардың ұзақ тарихи өмірінің қиынқиын сәттерінде (айталық,
шапқыншылықтар, елдің үркіп, үдере көшкен уақытында
немесе бұқара, қарапайым халықтың қатты езгіге түскенінде,
т.т) қайта жаңғырып, өзгеріп, толысып отырған. Олар қоғам
дамуының деңгейіне, оларды туғызатын себептерге байланыс
ты әр түрлі сипатта болады. Мәселен, утопиялық идея мен
сюжет бірде өткен замандағы рахат өмір, енді бірде алыстағы
бақыт ты мекен, ал тағы бірде елді бақытсыздықтан құтқаратын
пат ша (әмір, хан) туралы әпсана түрінде баяндалады. Түптеп
келгенде, бұл үшеуі – халықтың әлеуметтік утопиясының үш
түрі, үш сатысы десе де болады. Біріншісі, яғни «қой үстінде
бозторғай жұмыртқалаған» заман туралы идея – ең бірінші
саты. Онда әлеуметтік утопияның кешіп жатқан өмірге деген
наразылықтың бастамасы, алғашқы элементтері бар. Бұл уто
пия мен наразылық өткен заманды дәріптеу, мадақтау түрінде
көрінеді. Екіншісінде, яғни құтты мекен туралы армандауда,
[
76
]
бұрынғы өмірді дәріптеу емес, өз тұсындағы болмысқа, кешіп
жатқан өмірге деген наразылық басым. Мұнда әлеуметтік уто
пия тұрақты жерден, сол қоғамнан қашып, басқа жаққа көшу
формасында айтылады. Ал үшінші сатыда халық өзі өмір сү
ріп отырған қоғамды өзгерту идеясын ұсынады. Бұл идея
фольклорда қиналған елді сордан құтқаратын пат ша туралы
әңгіме болып баяндалады.
Қазақ фольклорында халық әлеуметтік утопиясының алғаш
қы екі түрі (сатысы) байқалады. Бірақ олар ашық жіктеліп,
бөлін бейді. Соған қарамастан, орнаған қоғамға, өмірге немесе
әміршіге деген наразылық (протест) пен қарсылық (оппозиция)
қазақтардың «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман
мен құтты мекен – Жерұйықты іздеу туралы әпсаналарында
айқын сезіледі. Кезінде Шоқан Уалиханов былай деп жазған:
«Қазақтар өздерінің ноғайлармен көрші болған дәуірін ал
тын ғасыр деп есептейді. Олардың эпостары «Ноғай мен қазақ
бақытты заманында» деп басталады. Ноғайлар (үлкен но
ғайлар) XV ғасыр мен XVI ғасырдың басында Жем мен Ордан
оңтүстік шығысқа қарай («Книга Большому Чертежу» кітабын
қараңыз) қазақтармен араласа, қазіргі қазақ даласында көшіп
қонып жүрген болатын»
46
.
Осы жерде бір айтатын нәрсе – Шоқан Уәлиханов алтын
ға сырды айтқанда, XV ғасырды тегін көрсетіп отырған жоқ.
Өйткені XIV және XVI ғасырлар арасы қазақ тарихында аса
маңызды қоғамдық және этносаяси тұрғыдан алғанда өте
мән ді кезең еді. Бұл уақытта қазақтың ру, тайпалары бірігіп,
Қазақ хандығы құрылған. Бірақ бұл процесс өте ұзақ әрі қиын
болған еді.
Тарихтан белгілі: Шыңғыс ұрпақтары Дешті Қыпшақта
Жәнібек пен Керей сұлтандар өздеріне қараған рутайпаларды
XV ғасырдың 5060 жылдарында тұрақты мекендері Еділ мен
Жайықтан Оңтүстік Жетісу мен Моғолстанға көшіріп әкетіп,
сонда Қазақ хандығының негізін құрады. Он жылға созылған
осы қозғалыс қарапайым халыққа, әрине, оңай тиген жоқ.
Бұл бұрынғыдай жай ғана көшу емес еді. Бұл сұлтандарға
берген байфеодалдармен қатар, бір жағынан, тақталасынан
туған жаугершіліктен мезі болған, екінші жағынан, байлар
мен сұлтандардың езгісі мен қысымынан қашқан мыңдаған
[
77
]
адамдардың үйішімен, малымен ауа жөңкуі еді. Және бұл
бірнеше жыл бойы, алысқа, танымайтын, білмейтін жерге
азапты сапар шегуі еді. Жөңкіле көшкен елге жол бойы да
көшіп келген жерде де тауқымет аз болған жоқ. Оның үстіне
Моғолстанда болып жатқан ағайынды Есен Бұға мен Жүніс
арасындағы тартыс та босқындардың жағдайын қиындата түсті.
Мұндай саясиәлеуметтік жағдай елдің наразылығын туғызбай
қойған жоқ, халық енді бұл дағда рыстан құтылудын жолын
іздеді. Оны қиялдан, әлеуметтік утопиядан тапты. Өйткені
қиыншылықтан, қоғамдық езгіден құтылудың басқа жолын
халық білмейтін. Ал мұндай ел күйзелген мезгілде әр түрлі
қиялдың, арманның, утопиялық идеялар мен әңгімелердің
пайда болып, ел арасында тарайтыны белгілі
47
. Міне, XIV
XVI ғасырларда орын алған қоғамдық, әлеуметтік, саяси
оқиғалар, елдің басынан кешірген азабы ежелгі утопиялық
түсінік пен сюжетті жаңғыртып, оны Асан Сәбитұлының
есіміне байланыстырып, жаңаша әңгімелеп, әпсана түріне
айналдырған. Сөйтіп Асан Қайғының Жерұйықты іздегені
жайын да әпсаналар туып, ел арасына тарады
48
. Құтты қоныс
іздеу туралы утопияның Асанға телінуі тегін емес еді. Асан
Сәбитұлы Жәнібек пен Керей сұлтандардың елді атамекені – Еділ
Жайықтан көшіргеніне, қазақтар мен ноғайлардың бөлгеніне
наразы болды. Ол қазақ пен ноғай ұлысының бірлігін жақтады,
Орманбет ханның дәстүрін сақтап, елді ыдыратпауды қалады
49
.
Өзінің осы ойын ол толғауларында айқын айтады:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойыңды,
Отын тапсаң тойыңды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес кылмадың,
Ойылдан елді көшірдің...
...Еділ менен Жайықтың
[
78
]
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал, қолыңды маларсың
Алтын менен күміске,
50
–
дейді
Асан елді үдере көшірген Жәнібек сұлтанға. Мұнда бұ
рынғы атамекенді, Еділ, Жайық, Арал айналасындағы өмірді
дәріптеу, ондағы тіршілікті мұндағы күйзеліске қарсы қою
бар. «Нәлет біздің жүріске!» – деп, жұрттың бастан кешірген
бейнетіне, сұлтанның ақылдаспай халықты әуресарсаңға тү
сір геніне налу, наразылық көрінеді.
Осындай қатты қиналыс кезінде Еділ, Жайық, Жем жа
ғасында өткен өмірді аңсап, оны рахат өмір еді, мынадай жағ
дайға қалай тап болдық деген ой күйзелген елдің көкейінде
жүрген еді. Сондықтан бұл ойды жалғыз Асан ғана емес, сон
дайақ Қазтуған жырау да кейбір толғауларына өзек еткен:
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып, мың қой болған жер,
Жарлысы менен байы тең,
Жабағысы менен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
СҚайран да менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
51
–
[
79
]
деп, Қазтуған Еділ бойында, Жайық жағасында өткен өмірді
әсірелеп, оны «алтын заман», «рахат өмір» етіп бейнелейді.
Сонымен, өте қиын жағдайда пайда болған Қазақ хан
дығының көп қасірет шеккен бұқара халқы мұндағы тіршілік
пен болмысқа, қиын жағдайға налып, өздерінің бұрынғы тұр
мысын, үйреншікті тірлігін аңсап, жаңа жерге келгеніне
өкі
ніп, ежелгі атамекенін мадақтап сағынған күйде болды.
Халық тың осы халін жақсы сезініп, түсінген ақылгөй жырау
лар елдің тілеуқоры ретінде сұлтандарға халық жағдайының
мүшкіл екенін ашық айтады, сөйтіп әміршілерге жек көрінішті
болады. Бірақ соған қарамастан жыраулар халық көңілкүйін
дәл танып, оның ойын, көңіліндегі үмітін жырлайды, халық
тілегіне сәйкес бұрынғы, Еділ жағасындағы өмірді дәріптеп,
оны қазіргі жағдайға қарсы қояды.
Рас, жыраулардың толғауларында бұрынғы «алтын заман»
туралы түсінік әлі әлеуметтік сипат ала қоймаған. Бұл шы
ғармаларда әлеуметтіктен гөрі тұрмыстық, шаруашылық
мәселелер басым. Ал мұның өзі «алтын заман» туралы ой
пікірлер мен әңгімелер елдің өз өміріне деген наразылығын
өткен өмірді әсірелеп көрсету түрінде берілетін әлеуметтік
утопияның бастапқы жолы ғана
52
деген тұжырымның дұрыс
тығын дәлелдесе керек.
Дәріптелген бұрынғы өмір қиналған, күйзеліске түскен ха
лыққа шынында да «алтын заман», «рахат өмір» болып көрін
ген. Сондықтан ел сол рахат өмірді аңсаған, соған оралуды
көксеген, бірақ оны қалай жүзеге асыруға болатынын, қайтіп
сол «рахат өмірді» қайтадан туғызу керектігін білмеген. Ал
мұндай жағдайда халық өзінің қиялына сүйенетіні белгілі.
Өз қиялына ол жақсы өмірді алыстан, тұрған мекенінен басқа
жақтан іздейді, шұрайлы қоныс бар, сонда бақытты өмір сүруге
болады деп армандайды. Сөйтіп, шалғайдағы Жерұйық немесе
Жиделібайсын деген құтты қоныс туралы әр түрлі аңыздар мен
әпсаналар пайда болады. Бұл әңгімелердің Асан Сәбитұлына
теліну себебі – елге қадірлі, ақылгөй жыраудың Жәнібекпен
араздығы болу керек. Оның бұл позициясы халыққа ұнап,
әпсананы туғызушылар оны халықтың да жоғын жоқтап, мұ
ңын айтушы қаһарман етіп, ол туралы алуан түрлі аңыздар,
әңгімелер таратқан. Бұл әпсаналардың кейбіреулерінде Асан
[
80
]
ның Жәнібекке наразылығы да көрініс тапқан
53
. Мысалы,
мұнда Асан Жәнібек ханды: «Атабабалардың салтын бұзып,
қала салдың, қарадан қатын алдың, зорлықпен құладынға
аққу алдырдың», – деп сынайды. Кейбір текстерде хан кеме
жа сатып, елді басқа жаққа күштеп көшіреді, жуандық қылып,
«қарауындағы қызметшінің сұлу әйелін тартып алады», т.т.
Әпсаналарда Асан өте дәріптеле суреттеледі, тіпті, ол әулие,
алдағыны болжайтын сәуегей ретінде көрсетіледі... Хан одан
ылғи ақылкеңес сұрап отырады. Мәселен,
бір әпсанада былай
делінеді: Жәнібек хан үш рет үлкен той жасайды да үш ретінде
де Асанды шақырады. Бірақ Асан үш ретінде де бармайды. Бір
жағы қапаланып, бір жағы ойға қалған Жәнібек, төртінші рет
Асанға кісі жұмсап, мынадай сәлем айтып жібереді: «Асанға
менен үлкен сәлем де, келсін деп айт. Халық күйзеліп отыр.
Ақылдасу керек. Асансыз халық жағдайын түзету мүмкін емес
екен»
54
. Осы жолы Асан келеді де, Жәнібекке: «Мен желмаямен
елге құтты қоныс болатын жер іздеймін. Осы жерде күтіңдер
мені!»
55
– дейді. Содан ол он жеті жыл сапар шегеді.
Бұл жерде бір айта кететін нәрсе, сол – әпсананы шыға
рушылар мен айтушылар Асан бейнесін дәріптей отырып,
халықтық және халыққа жат нәрселерді, сондай қиындықты
және арманқиялды шатастырып алған, ара жігін ашпай бі
рыңғай баяндаған. Айталық, Жәнібекті «қала салдың, қа
мал тұрғыздың, кеме жасаттың, қарадан әйел алдың» деп
кінәлайтын Асан жайындағы әпсаналарда үстем тап санасының
әсері байқалады. Бұл жағдайды Мұхтар Әуезов жақсы бай
қаған. «Ал бірақ, осымен қатар, Асан Қайғы жайындағы әңгі
менің екінші бөлек саналы бір түрлері тағы бар екенін де ескеру
керек», – деп жазады ол.
«Қазақ фольклорында Асан туралы сондай бір әңгімелер
және ілесе жүреді. Ол аңыздағы Асан халық мүддесімен
қаты сатын Асан емес, хан сарайының ақылшы сыншысы, са
нашылы болған Асан... Мұндағы Асан кертартпа феодалдық
заңның санашылы болып шығады. Хан мен халық арасындағы
қайшылықты айтқанда, ол хан жағынын таптық мүддесін
жоқтап, жақтап сөйлейді...
Бұл фольклор болмысында ғажап хал емес. Үстем тап сана
сының анық халықтық аңызға қосқан қосымшасы. Халық
[
81
]
ортасына аса даңқты, абыройлы болған адам атына хан мен
билер ортасы өз үгітін, таптық санасын, мүддесін қосып
әңгімелеп, Асанның тұлғасын өз жағына бұрып айтады»
56
.
Ал енді шындық пен қиялдың араласына келетін болсақ,
бұл да жалпы фольклорға тән құбылыс. Бұл, әсіресе, әлеу
меттікутопиялық әпсанада айқынырақ. Бұған таңдануға
болмайды, өйткені фольклордың басты шарты – нақты, жүріп
жатқан тіршілікті емес, осындай болса екен деген, көңілдегі,
ойдағы шындықты, қалаулы өмірді бейнелеу, сондайақ кә
дімгі, өмірдегі адамды емес, идеалды көрсету. Идеал, И. Кант
айтқандай, болмыстағы емес, қашанда болуға тиісті деп
есептелетін құбылыс, яғни идеал – утопия, себебі ол өмір
де болуы мүмкін емес
57
. Идеалға тек қиял арқылы жетуге
болады. Мұндай жағдай, әсіресе, фольклорда кең тараған.
Соның айқын бір көрінісі – әлеуметтікутопиялық әпсаналар.
Асанның дәріптеліп, әсірелеуге түсуінің сыры осында. Ел
арасында ол туралы тек әпсана мен аңызәңгімелер ғана емес,
сонымен қатар күйлер де бар. Оларда да Асан дәріптеліп,
елдің тағдырын ойлайтын, халықтың қамын жеп қиналатын,
бақытты да ырысты жер іздеп, шарқ ұратын адам болып
суреттеледі
58
. Сонда Асан Қайғының іздеген жері – қандай
жер?! Асан мен әпсананы туғызған халықка ол қандай болып
көрінеді? Басқаша айтқанда, Асан Қайғы іздейтін құтты
мекенді әпсана қалай сипаттайды, оның ерекшелігі неде? Ол
жай шұрайлы жер ме, әлде онда тағы да басқа қасиеттер бар
ма? Я болмаса, ол бір елді мекен бе, жоқ, әлде мемлекет пе?
Онда не бар? Енді осы сұрақтарға жауап іздейік. Бір әпсанада
былай делінеді: «Асан Қайғы жеті жыл бойы жер іздеді.
Оның іздегені – ешкім мазаламайтын, ел қорқыпүрікпейтін
жер еді»
59
. Екінші әпсанада: «Асан Қайғы желмаяға мініп,
жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай
шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын
қоныс іздейді»
60
, – деп айтылады. Енді бір тексте Жерұйық
былай суреттеледі: «Дүниеде Жерұйық деген бақытты ел бар
деп естиді Асан Қайғы. Онда жер шұрайлы, су мол екен. Ел
онда жоқшылықтың, қайғының, қанаудың, жауласудың не
екенін білмейді. Онда қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды
екен»
61
.
6279
[
82
]
Көріп отырғанымыз: әпсаналарда ырысты, құтты мекен деп
шөбі шүйгін, суы мол, қанау мен кедейшілік жоқ, ел тыныш
тіршілік ететін жерді айтады. Мұнда белгілі бір қоғамның, яғни
халық өмір кешіп жатқан болмысқа қарсы қойылған немесе
қоюға болатын, идеал қоғамның сипаты жоқ. Өйткені бұл әп
саналарда әлеуметтік утопияның алғашқы сатысы көрініс
тапқан: утопияның бұл түрі бойынша, адам (халық) бақытқа
өмір сүріп отырған қоғамды өзгерту арқылы емес, сол қоғамнан
басқа жаққа қашып құтылғанда ғана жете алады. Бақытты
мекенді дәлдеп суреттемеу, ондағы қоғам, қоғамдық өмір
жайында ештеңе айтпау – қазақтың утопиялық фольклоры
үшін әдетті шарт. Мәселен, тіпті, Асан Қайғыға қатыссыз
шығармаларда бақытты жер былай сипатталады: «Таудың ар
жағында керемет бір жазира бар, онда алуан түрлі хош иісті
гүлдер, шөптер, миуалы ағаштар өседі, жердің суы әйнектей
мөлдір, күмісше жарқырап ағады. Жазира рахат өмірге керек
нәрсеге толы: хордың қызындай хас сұлулар ән салып, би
билеп, өзіне тартады, олардың сұлулығы соншалықты – тіпті,
адам қасынан кеткісі келмейді»
62
.
Міне, мұнда да нақты бір қоғамның моделі жоқ. Бақытқа
толы жер ғажайып арал болып суреттеледі. Ол аралға жеткен
кейіпкерлердің көретіні – жаңағы нәрселер. Ғажайыпқа толы
Барсакелмес аралы да кейіпкерлердің өз жерінен басқа жақта.
Демек, бұл әпсанада да бақытқа жету үшін, өз ортаңнан қашып,
құтты қоныс іздеу керек деген идея айтылады. Осындай ба
қытты арал туралы К.В. Чистов былай дейді:
«Аралға орналасқан бақытты елдің көркем бейнесі көптеген
халықтың фольклорында кездеседі. Өзінің шығу тегі жағынан
бұл бейне өлген бабаның жаны басқа бір аралға кетеді деген
түсінікпен немесе өзара байланысып тұратын екі, үш тағы да
басқа әлемдер бар деген ұғыммен байланысты болуы ықтимал.
Әрі қарай даму барысында «арал – басқа әлем» деген түсінік
кей
бір жағдайда әлеуметтікутопиялық әпсаналарға негіз
болады (Офир, Венета, Туле, Рунольд, Антлантида, т.т.)»
63
.
Осы жерде үлкен мәнісі бар бір нәрсені айта кету керек.
Ол Асан Қайғы іздейтін Жерұйықтың көне замандағы үш
әлем (көкте, жерде, жер астында) туралы шамандық ұғыммен
байланысы. Бұл түсінік бойынша, жер асты – өлілер патшалығы
[
83
]
деп саналған. Осыған сәйкес, өлген кісінің жаны (құты) сол
жаққа барып, рахат табады деп есептелген. Өлілер әлемі, бір
жағынан, зұлымдық, зиянкестік мекені, екінші жағынан,
өлген адамның жаны жай табатын жер деп қабылданған.
Сондықтан Қорқыттың жаны су сағасы – өлілер тұрағына (жер
астына) кеткен. Кейінгі замандарда ежелгі үш әлем, оның
ішінде жер асты жұмаққа айналып, оған басқа сипат берілген.
Мұсылман мифологиясында жұмақтың сипаты фольклордағы
Жерұйық немесе бақытты арал сияқты. Онда да, яғни жұмақта
да, адам рахат ғұмыр кешеді. Бірақ қоғам мен сана дамып,
болмыстың қайшылығы, өмірдің қиындығы өскен сайын, адам
баласы сол жұмақты енді жер бетінен іздей бастайды, ол рахат
өмірді өлгеннен кейін емес, тірі кезінде көргісі келеді, сөйтіп,
алуан түрлі аңыздар, әңгімелер, әпсаналар ойлап шығарады.
Егер бұрын мифте ша ман зиянкес жындармен соғысып, үш
әлемді шарласа немесе өлімнен қашып, дүниененің төрт
бұрышын кезсе, енді кейіпкер (ол көбінесе тарихи адам)
жұмақты, құтты мекенді, Жерұйықты іздеп, жиһан кезеді.
Егер мифте ша ман ажалсыз жер таба алмай жердің кіндігі –
өз отанына оралса, енді әпсананың кейіпкері де іздеген құтты
қонысын таба алмай, өз мекеніне қайтып келеді. Бірақ мифке
қарағанда, әпсанада тарихтық сипат, реалдық белгі басым.
Әпсанада қоғам болмысы, белгілі бір дәуірдің оқиғасы, санасы,
адамдары көрініс табады. Тіпті, кей жағдайда кейіпкердің
іздейтін құтты қонысы да реалды топоним болып келеді.
Айталық, Жиделібайсын.
Жиделібайсын – Өзбекстан ССРінің Сухан дария облысында.
Ол құтты қоныстың символы болып Асан Қайғы жайындағы
әпсанаға кейін, XVIII ғасырда, енген. XVIII ғасырда жоңғар
лар шапқыншылығының нәтижесінде халық қатты күйзеліске
түсіп, басқа, бақытты жер іздеу идеясы қай
та етек алып,
бұрынғы әпсана жаңадан жырланған еді. Енді бұл әпсаналарда
құтты қоныс болып, жаудан қашқан бі раз ел барып, көріп
қайтқан Жиделібайсын, ал жер іздеуші Өте ген батыр болып
әңгімеленеді. Біртебірте, бертін келе Жиделібайсын Асан
туралы әпсанаға еніп, кейбір текстерде Жерұйықтың орнында
сол аталып жүреді.
[
84
]
Ал Жерұйыққа келетін болсақ, оның жайы басқаша. Геог
рафияда ондай атау жоқ. Демек, бұл – орыстың «Беловодьесі»
сияқты көркем образ, символ. «Жерұйық» деген сөздің
этимологиясын екі түрлі түсіндіруге болады. Айталық, оны
көне түркі тіліндегі «ыдуқ суйер» («қасиетті жерсу») сөзімен
формалық та, семантикалық та жағынан байланыстыруға бо
лады. Мұндай жағдайда Жерұйық ту ралы әпсананың сюжеті
өте ерте заманда туған және көне мифпен сабақтас деп айтуға
негіз бар. Ол сюжеттің Асанға таңылуы – бертінгі дәуірдің
жемісі. Дәл осы тұста, мүмкін одан да бұрын, «Ыдұқ» сөзі
«ұйық» болып қалыптасқан да, оған қазақтың «ұйық – тау»
(«ты ныш табу»), «ұйысу» («бірігу»), «ұйытқы», «ұйып тың
дау» секілді сөздеріндегі «ұйа» («ұя») түбіріне «жер» сөзін
қосуы арқылы жасалған. Сонда «Жерұйық» деген сөз «ұя жер»
(салыстырыңыз: «қасиетті жерсу»), «атамекен», «шыққан
жер», сондайақ «елді біріктіретін, ұйытқы жер» деген мағына
беруі ғажап емес. Олай болса, қазақтар армандаған жерін
«Жерұйық» деп атап, оған өздерінің сондай болса екен деген
тілектерін сыйдырған. Осыған байланысты зерттеуші Е.В. За
вадскаяның мына бір сөзін еске алуға болады: «Ықпал ету»
утопиясы ежелден бар, – деп жаза ды ғалым. – Атау процесінде,
«есімдерді жөндеуде» атаудың түрлендіретін және өзгертетін
қасиеті бар деген сенім керініс тапқан. Елді «Аспан астындағы»,
«Ортадағы мемлекет» деп атаудың өзі оны ойлағандай ең жақсы
мемлекет етуге тиіс»
64
. Дәл осындай ұғымды «Күн астындағы
Күнікей» деген қазақтың атауынан да көруге болады. Күннің
астындағы елде тұрған соң ол қыз міндетті түрде күндей сұлу
болуы керек те, Күнікей аталуы тиіс.
Сонымен, Асан Қайғы Жерұйықты іздеп елінен шығады.
Сонда ол құтты қонысты қай жақтан және неше жыл іздейді?
Осы саяхат кезінде ол қандай оқиғаларды бастан кешіреді –
міне, осы мәселелерді қарастырып көрелік.
Әпсаналардың айтуынша, Асан Қайғы Жерұйықты ұзақ
іздейді, бірде жеті жыл, бірде он жеті жыл, тіпті, кейбір
варианттарда өмір бойы. Ол құтты қоныс таңдап Қазақ
станның барлық жерін аралайды, бірақ бірдебір жер оны қа
нағаттандырмайды. Қайда барса да, сол жерден кемшілік
тауып, ол жерде неге тұруға болмайтынын түсіндіріп отырады.
Осы Асанның жерге айтқан сындары әпсана сюжетін дамытып
[
85
]
отырады: бір жерді ұнатпаған Асан тағы да басқа жаққа жол
тартады, сөйтіп, әңгіме жалғаса береді...
Мысалы, әпсанада былайша баяндалады: «Жүрген жерінде
(Асан – С.Қ.) жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп
отырады.
Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде:
«Әттегенай, қорғанды тақырдың бетіне, шөлстанның өтіне
салған екен. Сақырлап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы
жоқ – түбі тұрақты қала бола алмас», – деген екен.
Асан Қайғы Маңғыстауға үш рет барып, үш рет қайтыпты,
Асанның екі баласы: «Маңғыстау малға жайлы қоныс бола
алар ма?» – дегенде, Асан Қайғы: «Түбінде мал баққан шаруаға
Маң ғыстаудан жақсы жер болмас», – депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы
сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семір
мес», – деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне қоныс жайлау
етіпті.
Қаратал өзенінің өлкесін көргенде: «Ей, сарқырап аққан
Қаратал, артың кең, алдың тарау!»– депті. Өйткені бұл өзен
құмға сіңіп жатады екен»
65
.
Міне, осылайша қазақ даласын түгел аралап шығып, Асан
Қайғы барлық өлкеге сын айтады. Ол неге сынайды көрген
жерін? Оның себебі, біріншіден, бұл – утопия, барлық жағынан
жақсы, ойлағандай жерді табу мүмкін емес. Асан қайда
бармады? Қазақ сахарасын қойып, ол Ауғанстанға, Қытайға,
Ресейге сапар шекті. Алайда, бар лық жерде де ол көксеген
қоныс жоқ болып шығады. Екіншіден, біз қарастырып отырған
әпсаналар көркем жанрға жатады. Сондықтан мұнда мақсатты
композиция бар, ол шығарманың идеялық және эмоциялық
мәнін ашуға бағытталған. Осы себепті Асан Қайғы көрген
жерлерінің бәрінен бір мін тауып отырады. Басқаша айтқанда,
бір жерден мін тапқан соң, Асан екінші жерді көруге аттанады.
Демек, оның сыны мен мін табуының өзі әпсана сюжетін
дамытуға қызмет етеді. Айталық, Асан іздеген Жерұйықты
қолмақол немесе біраздан кейін тауып алды делік. Мұндай
жағдайда әңгіме бірден бітіп қалар еді де, оған деген елдің
назары, ынтасы азайған болар еді. Шындығында олай емес
қой. Себебі әпсананың құрылымы өте қызғылықты: кейіпкер
[
86
]
өзінің көрген жерлерінен мін тау
ып, бір өлкеден екіншіге
жол тартып, тыңдаушысын өзіне тартып отырады. Тіпті,
әпсаналарда Асанның керек мекенді таба алмай қайтуының
өзі және әпсаналардың осылай аяқталуы көркем жанрдың
тұрғысынан алғанда өте орынды. Өйткені мұнымен, бір жа
ғы
нан, кейіпкердің «Асан Қайғы» аталу себебін ақтау,
екінші жағынан, кейіпкер іздеген бақытты мекеннің өмірде
жоқ екенін объективті түрде көрсету, ал, үшінші жағынан,
тыңдаушыға эмоциялық әсер етіп, оның көңілінде өкініш әрі
Жерұйықтың болуы мүмкін, іздесе табыладыау деген сенім
тудыру көзделген.
Демек, Асан Қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпса
налар көркем жанр шығармаларына тән қасиеттерге ие
болған, яғни олар фольклорлық циклизацияға түсіп, қара
пайымдылықтан көркемдікке ауысу процесін өткен, сөйтіп
дамыған көркем фольклор түрін қабылдаған. Бұл ойымызды
қуаттайтын нәрсенің бірі ретінде кейбір варианттарда ертегілік,
ғажайыптық жағдаяттарды, мәселен, жиһанкез Асанның
сапар шегіп жүріп, перінің қызына үйленген тарихын айтуға
болады.
Міне, енді Асан Қайғының ұзақ сапар кезінде қандай оқи
ғаларды басынан кешірді, не көрді, не білді деген мәселеге
келдік. Бір қызығы – Асанның Жерұйықты іздегені туралы
таза әпсаналарда оның жаһан кезіп жүргендегі тағдыры, көрген
оқиғалары мен ісәрекеттері жөнінде ештеңе айтылмайды.
Мұның себебі әпсаналарда әңгіме әр өлкені сипаттауға көңіл
бөліп, кейіпкердің өз тағдырына мән бермеуінде болу керек.
Мүмкін, әпсананы шығарушылар мен айтушылар үшін Асан өз
тағдырын күйттемей, елдің қамын жегені маңыздырақ болып,
оған басқа ісәрекет, қимыл бермеген болар. Қалай болғанда да,
әпсанада оқиғалар тізбегі жоқ.
Оның есесіне Асанның жер шарлаған шақта көрген, басынан
кешкен оқиғаларын эпикалық шығармалар баяндайды. Мұның
басты себебі – эпос жанрының заңы болса, екіншісі – құтты
қоныс іздеу туралы эпостың әпсаналардан кейін шығарылуы
деп ойлауға болады. Жалпы, бақытты мекен іздеу жайындағы
сюжет қазақтарда XVIIIXIX ғасырдан бастап эпикалық түрде
баяндалады. Мысалға «Өтеген батыр», «Мырзаш батырларды»
[
87
]
атаса да жеткілікті. Әрине, бұл – қазақ фольклорында эпикалық
дәстүрдің үстем болғандығының нәтижесі.
Асан Қайғының Жерұйықты іздеп жүргенде басынан
кешіретін оқиғасы мынау: «Асан алысқа барады, тауларды,
шөлді, далаларды, өзендарияларды кезіп өтіпті. Ақырында
жақсы жайлаулы жерге қонған бір ақ боз үйге кез болыпты, ақ
боз үйдің сыртында желіде биелер байлаулы екен, үйдің иесі
әйел Асанды алдынан шығып, күтіп алады. Үйде асқан бір
сұлу қыз бар екен, әйел мал сойып, Асанды құрметпен қонақ
етеді. «Мынау сенің көптен күткен жарың еді, Асанжан, екеуің
қосылып бақытты өмір сүріңдер, мынау жатқан кең дала
жайлау, еркін қоныс, мынау өрістегі қаптаған мал – бәрі де
сенікі. Енді бақытты болыңдар», – деп әйел қызы мен Асанды
қосыпты. Асан қызбен сырласқанда, қыз айтыпты: «Сенің
іздеген бақытың, бақытты жерің – міне, осы ара, міне, мен.
Тек сол бақытың қолдан ұшып кетпес үшін, бүгін түні бойы
ұйықтамай шығуың керек, – дейді. Алыс жол жүріп, шаршап
келген Асанның таңға жақын көзі ілініп кетіп, ояна келсе,
үйде бірге жатқан қызы да, кең жайлау бай қоныс та жоқ, құп
қу боп шөл дала жатыр. Сонан кейін зар жылап, сол қонысты,
сол жерді, сол қызды іздеп, тағы да жержиһан кезіп кетіпті,
бірақ таба алмаған»
66
.
Асан Қайғының басынан кешірген бұл оқиғасы – кәдімгі
көне хикая. Мұндай хикаялар аңшымергендер туралы,
олар дың айдалада жүріп, неше түрлі оқиғаларға кездесетіні
жайында әңгімелейді. Әсіресе, Еділ, Жайық, Қарамерген,
Сұрмерген хақындағы хикаяларды айтуға болады. Мәселен,
сондай хикаялардың бірі «Мамай батырда» дәл осы Асанға
байланысты айтылатын тарих қайталанады. Мамай батыр
қартайған шағында өзінің басынан өткен үш хикаяны айтып,
сол кезде арманда қалғанын сөз етеді. Міне, сол хикаяның бірі
мынау:
«Екінші арманым, – деді Мамай батыр, – осы көктырнақты
өлтіріп, әкелерімнің өшін алып, көңіл жайланып, сонымен
үйден шықпай он бесжиырма жыл жаттым. Содан кейін
бір күні ой түсіп, Құбажон деген жоным бар еді, маңайы
көк самал соғып тұрушы еді, жотасынан шығып қарағанда,
аржағында Шыңырау деген құдығым бар еді, суы көк мөлдір
[
88
]
зәмзәм суындай еді, осыларды сағынып, сейілге бір шығып,
көңіл көтеріп келейін деп, Жайдақкер деген бәйге атыма
мініп, Құбажоныма шығып, жанжаққа көз салып қарасам,
баяғы Шыңырау құдығымның басында ақ қостар тігулі тұр...
Шыңырау құдыққа қарай желе жортып келе жатырмын. Құ
дыққа тақағанда, құдық маңында ойнап жүрген көп қыздар
алдымнан шығып, келе аттың шаужайынан алып, «күйеу
келді» деп жабылып, мені аударып алып қалды. Қалған қыздар
бірі сақалымнан жұлып, бірі қойғылап, жұлмалап, «күйеу,
күйеу» деп әкеп, бір үлкен ақ қосқа кіргізіп, астыүстіме
көрпе төсеп, неше түрлі тағамды алдыма әкеп қойды. Өздері
бір
ге отырып, «күйеужан, іш» деп, барлығы қойғыштап,
есімді шығарды. Бір өңкей сұлу қыз. Мұның қайсысы менің
әйелім екені белгісіз. Әйтеуір, «күйеу» дейді. Сол кезде отыз
бестегі қалпыма түстім. Сөйтіп, күн батты, түн болды. Бір
екі қыз келіп, үйдегі қыздарға: «Күйеу үлкен үйге кіріп отқа
май құйсын, тамақ ішсін дейді», – деп келді. Солақ екен,
көп қыз қол аяғымды жерге тигізбей жұлқылап, «күйеу» деп
жұлмалап әкеп, үлкен ақ қосаққа кіргізіп, қолыма май құйған
бақыр беріп: «Отқа май құй, күйеу!» – деді. Мен бақырды
алып, күйеу ырымын жасап, отқа май құйдым. Төрге шығарып
алтын тақтың үстінде үлде мен бүлдеге бөленген ай мен күндей
бір сұлу қыздың қасына әкеп, маған да алтын орындық беріп
отырғызды. Е, менің жарым осы екен деп, сол кезде жиырма
бестегі қалпыма түстім. Бір уақытта неше түрлі тамақ әкеп
қойып, сусын құйды. Басыма ақ жастық мамық қойып,
шынтақтап отырып, сусын ішуге айналғанда, әлгі алтын
тақтағы қыз да келіп, менің қасыма шынтақтап келіп отырып,
сусын ішті. Көп қыздар «күйеу» деп, жұлқылап жатыр. Мен
жасаңғырап баяғы жас қалпыма келдім. Шайды ішіп болған
соң қасымда шынтақтап жатқан қыз құрбыларына: «Барыңдар,
жақсылап төсек салыңдар!» – деп бұйырды. Қыздар барып,
төсек салып келіп: «Тақсыр, төсек дайын» деп, патша қызға
хабарлады. Пат ша қыз: «Ал, олай болса!» деп, барлығымыз
сонда бардық. Барсақ, төсекті белден ғып салыпты. Әлгі патша
қыз: «Барыңдар!» – деп, қыздардың бәрін таратып жіберіп, өзі
менің қасымда қалды. Сонымен екеуміз оңаша қалдық. Мен
шешініп, төсекке жаттым. Қыз отырды. Сонан кейін еркектік
[
89
]
етіп көрейін деп, қызды қолынан тартып едім, маған қыз айтты:
«Жоқ, қазір болмайды, саған серт қоямын, сен таң атқанша
мына шамға қарап, ұйықтамай отырасың», – деді. Сонымен
«Жарайды», – деп, таң атқанша кірпік қақпай, қарап отырып,
бір кезде талып ұйықтап қалыппын. Таң атқанда шошып ояна
келсем, басымда атым байлаулы, мылтығым қасымда, басқа
түк жоқ, түгел көшіп кетіпті»
67
.
Бұл сюжет қазақ хикаясында дәстүрлі. Ол, көріп отыр
ғанымыздай, әпсанаға да енген. Демек, әпсана жан ры өз бойы
на көне мифтің де, хикаяның да белгілерін, сюжеттері мен бей
нелерін сіңірген.
Осы хикаялық сюжет қазақтың ертегілерінде де, жырла
рында да ұшырасады, яғни бұдан хикая аталған жанрларды
қалыптастыруға атсалысқан деген қорытынды шығаруға бо
лады. Сөзімізге дәлел ретінде Едіге туралы жырда осы типтес
хикаялық сюжеттің болашақ батырдың ерекше адам екенін
көрсету үшін, батырды дәріптеу мақсатында қолданылғанын
келтіруге болады. Бұл жағдайға кезінде А.С. Орлов, В.М. Жир
мунский тәрізді білгір ғалымдар көңіл бөлген. Мысалы,
«Едіге» жырын талдай келіп, академик А.С. Орлов жаңағы
хикаяны түгел баяндап шығады: «...Баба Түкті Шашты Әзіз
Ағон деген үлкен өзеннің жағасында алтын тарақпен шашын
тарап отырған қызды көреді. Қыз сезіп қалады да, суға сүңгіп
кетеді. Баба Түкті де қыздың соңынан суға сүңгіп, судың
астында тізіліп тұрған алпыс ақ үйді көреді. Әлгі қыз сонда
болады. Ай десе аузы, күн десе көзі бар ғажап сұлу. Баба Түкті
күнәкар болмайын деп қашуға ыңғайланады, бірақ сол кезде
қыз оған: «Егер маған үйленбесең, одан да зор күнәға бата
сың!» – дейді. Содан Баба Түкті әлгі қызға үйленеді. Келіншегі
күйеуіне үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде, аяғыма
қарамайсың, шешінген кезімде қолтығыма қарамайсың,
басымды жуғанда, төбеме қарамайсың, – дейді. Баба Түкті
сертін бұзады да, әйелі ешкі тұяқты екенін (Соломон туралы
хикаяттағы Савская ханымның аяғымен салыстырыңыз. –
С.Қ.), қолтығынан оның ішкі өкпебауырын, ал сүйегін алып
тастаған төбесінен әйелінің миын керіп қояды. Мұны сезіп
қойған әйелі күйеуіне: «Ішімде алты айлық бала бар. Туғаннан
[
90
]
кейін оны Ніл өзенінің жағасындағы Құмкент шаһарына тастап
кетем, сол жерден ауып ал!» – дейді де, аспанға ұшып кетеді»
68
.
Академик А.С. Орлов дұрыс айтады: «Мұндай әйелінің
қойған шартын күйеуі бұзғандықтан, ол әйелдің ұшып кетуі
мотиві көптеген халықтың фольклорында кездеседі»
69
.
Осы тектес мотив Асан Қайғы туралы әпсананың кейбір
вариаттарында да бар. Онда Асан перінің қызына үйленеді.
Перінің қызы: «Менің өзім айтпағанша, мені сөйлетпе!» – деп
шарт қояды. Бірақ әйелінің бір күні үш рет күлгенін көріп,
Асан оған неге күлесің деп, әйелін сөйлемеске қоймайды. Әйелі
не себепті үш рет күлгенін айтып береді де, ұшып кетеді»
70
.
Сонымен, көзіміздің жеткені Асан Қайғының Жерұйықты
іздегені жайындағы әпсаналарда оның әлемді (тіпті бүкіл
ғарышты болуы мүмкін) шарлаған ұзақ сапар кезінде басынан
кешіретін негізгі оқиға болып адамның тылсымға толы, жай
елге көрінбейтін басқа әлем өкілімен кездесуі туралы көне
заманғы хикаяны пайдаланатындығы. Әрине, ол хикая көркем
түрде баяндалады, оған ғажайыптық сипат беріледі: адам емес,
басқа бір қоғам мүшесіне, пері қызына үйленудің өзі жұмбақ
жағдайда болады, осының өзі кейіпкердің тегін адам емес
екенін дәлелдеуге тиіс. Алайда, қанша керемет болса да, ол
да «сынақтан» өте алмайды: не «ұйықтап қалады»
71
, не сертті
бұзады. Осының кесірінен әйелінен айырылып қалады. Бір
қызығы, ертегіде кейіпкер сол әйелін қайтадан тауып алады, ал
хикаяда және кейін әпсанада ол ұшып кеткен әйелінен мүлде
айырылады. Эпоста – әйелінің орнына баласын тауып алады.
Тағы да бір көңіл аударатын жайт – бертінгі дәуірлерде
туған әлеуметтікутопиялық әпсаналарда кейіпкерлердің құт
ты қоныс іздеу жолында басынан кешіретіндері де бірнеше
хикая болып келеді. Мысалға, Өтеген батыр жайындағы
әп
саналарды айтуға болады. Өтеген батыр да Асан Қайғы
сияқты, бақытты мекен іздейді, бірақ ол Асан ұқсап жалғыз
шықпайды. Оның жа
йында әрқашан өзімен бірге жүретін
жасағы болады. Әпсаналардың айтуына қарағанда, Өтегеннің
Жиделібайсынды іздеу себебі – оның Абылаймен араздасуы
және малға жайлы жердің болмауы. Ол Жиделі Байсынды көп
жылдар (16, 17, 18, 30) іздейді. Ұзаққа созылған сапарында
батыр Еділ мен Жайыққа, Ресейге, Қытайға, Бейжіңге, Мек
[
91
]
кеге барады, жол бойы алуан түрлі оқиғаларды бастан кеші
реді: айдаһармен ұшырасады, жезтырнақпен кездеседі, т.т.
Олар дың кейбіреуімен айқасып, енді біреулеріне жәрдем етеді.
Ақыр аяғы, Өтеген жасағымен Жиделібайсынға жетеді, бірақ
ол жердің шөбі жылқы малына қолайсыз екенін көріп, кері
қайтады
72
.
Мінеки, Өтеген мен жолдастарының айдаһарға, жезтыр
наққа, тағы басқа бір мақұлықтарға кездесуінің әрқайсы
сы – жеке бір хикая. Демек, қазақ әпсанасының (тіпті, эпосының
да) қалыптасуында хикая жанры өзіндік роль атқарған. Ол
мазмұны жағынан қиялды, ғажайыпты болғанмен, халық
хикаяға сенген, сондықтан оны тарихта болған адамдарға
теліген. Жамбылдың «Өтеген батыр» жырын хикая деуі тегін
емес.
Өтеген Өтеғұлұлы – тарихта болған адам. Ол 1669 жылы
туған, жас кезінен қазақтардың бас бостандығы мен жерін
қорғап, жоңғарлықтарға қарсы жүргізген ұзақ та қиын
күресіне белсене қатысқан. 74 жасында қайтыс болған. Өзінің
ұрыстарда көрсеткен ерлігімен, батылдығымен және дауларды
шешкенде жасаған әділеттігімен Өтеген ел арасында үлкен
беделге ие болған, батыр деген атақ алған. Қадірлі де атақты
би ретінде хан ордасында қаралған көптеген мәжілістерге
қатысып, күрделі мәселелерді шешуге атсалысқан. Кейбір
мәселелер бойынша, Абылай хан мен Төле бидің шешімдеріне
келіспей, наразы болған. Ақырында осы келіспеушіліктің
салдарынан 1756 жылы Абылаймен араздасып, хан ордасынан
біржола кетеді де, өзіне қараған рутайпаларын ертіп, басқа
жақтан қоныс іздейді
73
.
Міне, XVIII ғасырдағы халық басына түскен ауыр жағдай
мен Өтегеннің Абылай ханға деген наразылығы бұрынғы Асан
Қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпсананың қайта
жаңғырып, енді сол сюжетті Өтегенге телуге негіз болды.
Әрине, Өтеген батыр жайында әр түрлі аңызәңгімелер оның
Абылаймен араздасуына дейін де болғаны күмәнсіз, өйткені ол
халық арасында ержүрек батыр, әділ би, қамқор ру басы деп
әйгілі болатын. Ал енді Абылай ханмен араздасқаннан кейін
оның беделі мен атағы бұрынғыдан да арта түсті. Сөйтіп, Өтеген
батырдың бейнесі де фольклорда дәріптеледі, әсіреленеді.
[
92
]
Ол біртебірте өз ру тайпасының бостандағын қорғаушы ғана
емес, бүкіл кедейкепшіктің, кемтардың қамқоршысы болып
бейнеленеді
74
. Ал образдың бұлай өзгеруіне толық негіз бар еді.
Өтеген Өтеғұлұлы өмір сүрген тұста, яғни XVII ғасырдың
соңы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда
өте маңызды тарихи және әлеуметтік процестер, бір жағынан,
Қазақ хандығын сақтап қалу үшін күрес жүріп жатты. Ал
мұның өзі қазақ рулары мен тайпаларын біріктіріп, ханның
билігін күшейтті. Екінші жағынан, қазақ қауымы феодалдану
процесін бастан кешіп жатты. Бұл таптық жікті аша түсті де,
қанаушылықты күшейтті. Мұндай жағдай бұқара халықтың
наразылығын, тіпті, қарсылығын да туғызды. Халық күйзе
лістен құтылудың жолын іздеді. Ол басқа жаққа қоныс аудару
болып көрінді. Ел енді тауқыметке толы мекенді тастап,
бақытты жер табуды армандады. Сөйтіп, бұрынғы Асан Қай
ғының Жерұйық іздейтіні туралы әпсана жаңа жағдайда
Өтегеннің атына телінді (Өтеген болса, ол елдің және өзінің
қалаған жері – Жиделібайсынды шынымен іздеді). Бірақ Асан
туралы әпсанадан өзгешелігі – мұнда бұрынғы елдің өзі тұрған
мекенін дәріптеу жоқ. Оның себебі халық қиыншылықты өз
жерінде, атамекенінде көріп отыр. Сондықтан ел қиямет жерден
қашқан. Зерттеушілердің ойынша, елдің өз жерінен қашуы –
феодализм тұсындағы бұқара халықтың наразылығының кең
тараған формасы
75
.
Сонымен, Өтегенге байланысты айтылған әпсаналарда ел
дің жерін тастап, басқа жақтан қоныс іздеуінің себебі өзгер
ген. Өтегеннің ханмен араздасуының да себебі бас
қа. Егер
бұрынғы әпсаналарда Асан Қайғы Жәнібек ханға атамекенді
тастағаны және елді қиыншылыққа душар еткені үшін
наразы болса, мұнда Өтеген батыр Абылай хан мен оның
жақтастарының жоңғар феодалдарын жақтағандарына наразы
болады. Мәселен, Абылай Жетісуды жоңғарлықтарға беру
туралы шешім қабылдағанда, Өтеген бұған қарсы болады да, өз
тайпаларын ертіп, ба сқа жақтан жаңа қоныс іздемек ниетімен
хан маңынан көшіп кетеді
76
.
Кейбір әпсаналарда Өтеген кедейлердің мүддесін қорғап,
Абылаймен араздасады. Мысалы, «Өтегеннің Абылайды
сынауы», «Қазына не?», «Өтегеннің хандарды жек көруі»,
[
93
]
«Сұңқар шашып жейді» деген әпсаналарда Өтеген ханмен,
байбилермен кедейлерді қанап, қинап, қуғындағаны үшін
ұрысады
77
. Бұл шығармаларда Өтеген қарапайым халықты
қанауға қарсы шыққан ел қамқоршысы, өз рутайпасындағы
жарлыжақыбайларға жаны ашитын рубасы, батыр, кедей
кепшіктің сөзін сөйлейтін, еңбек адамын жақтайтын әділетті
би, басшы болып суреттеледі. Сөзіміз дәлелді болу үшін бір
ғана мысал келтірейік. «Өтегеннің нашарға жәрдемі» деген
әңгімеде былай делінеді:
«Өтеген Жаныстың қысқы жайылымында жұт болады де
генді естіп, өз руластарын малды аман алып қалу үшін өзімен
бірге қоныс аударуға шақырады. Бірақ Жаныс руының ақса
қалдары көшкісі келмейді де, Өтеген өз аулымен көшіп кетеді.
Жол жүргелі жатқанда батырдың қасына бір жас келіншек
келіп:
– Атаай, ерім өлген, бала жас, өзімнен басқа естияр адам
жоқ. Қолымда аздаған малым бар еді. Оны қайтем, ақылыңызды
айтыңызшы? – деп жалынады. Өтеген жесір әйелдің малын өз
малына қосып алады да:
– Бір малыңды шығын қылмай, көктемде айдап келіп,
қолыңа беремін, – деп әлгі келіншекке уәде береді.
Қары аз, жылы жақта қыстап, малын жұттан аман алып
шыққан Өтеген еліне қайтады.
Елге қайтып келе жатқанда жұттан қырылған Жаныс
руының бір ауылында ол біреулердің жұртқа тастап кеткен,
жылап тұрған төрт жас шамасындағы баланы көреді. Өтеген
баланы өзіне шақырып, алдына көтеріп, атқа мінгізіп алады.
Ол баланы алдынан жолыққан адамның бәріне көрсетіп:
– Мына баланы тауып алдым, танығандарың алып қа лың
дар... Әйтпесе, менің балам болады, – дейді.
Әлгі жесір әйелге оның малының бәрін көктемгі төлімен
түгел әкеліп береді. Баланы өзі асырап алады»
78
.
Бұл мысалдан біздің көретініміз – Өтеген өте қайырымды,
рахымды, мейірбанды адам, нашарларға жәрдемші, ақылшы,
жетімжесірлерге жанашыр, қамқоршы. Жалпы, әлеуметтік
утопиялық әпсаналарда Өтеген бейнесі барынша дәріптелген.
Ол тіпті әлеуметтік әділеттілік үшін күресуші болып бей
не ленеді. Міне, мұның өзі – утопия, өйткені үстем тап өкілі
[
94
]
ешқашан әлеуметтік әділетті, теңдікті қаламайды, ол үшін
күреспейді. Ал бұл қаналған бұқара халықтың өмірде «әділ
патша» бар немесе сондай болуы мүмкін деген «монархиялық
иллюзиясы» еді. Халық сондай патшаны армандаған және ол
болады деп сенген.
Рас, Өтеген патша да, хан да емес. Солай болғанмен де, ол жай
ғана рубасы емес, елді құтқарушы басшы болып көрсетіледі.
Демек, Өтегеннің бейнесі қазақтың әлеуметтікутопиялық
әпсанасында «құтқарушы» образының пайда бола бастағанын
көрсетеді. Бірақ бұл орыс әпсанасындағы «құтқарушыпат
шадан» өзгеше. Егер орыс әпсаналарында «құтқарушыпат
ша» өмірдегі патшаны тақтан құлатуды көздесе, қазақ әпса
наларындағы «құтқарушы», рутайпасын бақытсыз жерден
алып кетіп, азаптан құтқарғысы келеді. Олай болса «құтқару
шыпатша» туралы әпсаналар «алыстағы бақытты жер» жа
йындағы әпсаналардан кеш туады деген тұжырым дұрыс
болып шығады. «Құтқарушыпатша» жөніндегі әпсаналар
дамыған феодалдық мемлекетте толық қалыптасып бітетін
болу керек, өйткені мұндай мемлекетте қатты қанауға тү
сіп, езілген бұқараның наразылығы мен толқулары жиі бо
лып тұрған, сондайақ тақта отырған патшаға деген елдің,
соның ішінде ақсүйектердің де наразылығы күшті болған.
Сол себепті «құтқарушыпат
ша» болып көбінесе көтерілісті
ұйымдастырып, басқарған адамдар есептелген. Олар халық
арасында «сарайдан қуылған заңды патша» деп қабылданға
Мәселен, Емельян Пугачевті ІІІ Петр патша деп лақап тарап,
ел соған сенген, сөйтіп, өз фольклорында оны халықты азап
тан «құтқарушыпатша» етіп бейнелеген. Сондықтан да
«құтқарушыпатша» тақта отырған монархты «заңсыз»,
«әділетсіз» деп, оның орнын тартып алуға тырысады, елге оны
жамандап, өзі: «Халықтың тұрмысын жақсартамын. Әділетті
қоғам құрамын», – деген неше түрлі уағдалар таратады.
Бас
қаша айтқанда, ол (және ол туралы әпсана шығарған
халық та) өзінше бір «идеал» деп санаған қоғамның моделін
жасайды. Ендеше, «құтқарушыпатша» жайындағы әпсаналар
әлеуметтікутопияның конструктивті және нормативті (қа
лыпты) түріне жатады. Яғни бұл утопияда реалды болмысты
[
95
]
өзгерту және болашақ қоғамды дәріптеу бар. Ал бұл – халық
әлеуметтік утопиясының ең кенже, бергі стадиясы.
Мұнымен салыстырғанда орыстың «алыстағы Беловодье»
мен қазақтың «құтты қоныс Жерұйық, Жиделібайсын» ту
ралы әпсаналары халық утопиясының алдыңғы стадиясына
жатады. Мұндағы утопия өмір кешіп отырған қоғамды
өзгерту емес, одан қашу түрінде көрінеді және ол қалыпты,
қалаулы (нормативті) емес, тек сыншылдық бағытта ғана
болады. Екінші сөзбен айтқанда, мұнда болашақ қоғамның
ешқандай үлгісі, моделі жоқ. Сол себепті құтты қоныс
хақындағы әпсаналарда патшалық иллюзия жоқ, яғни
оларда қаналған халықты қуғындалып жүрген заңды патша
келіп, езгіден құтқарады деген идея болмайды. Оның есесіне,
бұл әпсаналарда халықтың азап
тан құтылу жолын басқа,
жері құнарлы, шөбі шұрайлы жаққа қоныс аударумен
байланыстырады. Осы тұста мына бір жайтты айту керек.
Кейбір әпсаналарда Өтеген Жиделібайсынды табады, бірақ
(кейде жаратпай, кейде жерсінбей) кері қайтады. Асан Қайғы
да кейбір текстерде Жерұйыққа жетеді, бірақ ол сол жерде
мекендеп қалады. Мәселен, бір әпсана былай әңгімелейді: «Он
жеті жыл сапар шеккеннен кейін Асан Қайғы әз Жәнібек ханға
келеді де, оны халқымен ешкім мазаламайтын жаққа ертіп
кетті»
79
. Екінші бір әпсанада былайша айтылады: «Ол (Асан
Қайғы – С.Қ.) Жетісуға да, Алтай тауларына да, басқа да
жерлерге барды, ең соңында Иран жақтан қажетті қонысты
тапты. Ол Жиделібайсын деп аталады. Бұқарадан 15 күндік
жол. Асан Қайғының ұрпақтары әлі де сонда. Асан Қайғы ол
жаққа өзімен бірге көп қазақты алып кеткен, сондықтан ол
жақтан Ақмола қазақтарының туыстары да табылады»
80
.
Соңғы мысал алынған әпсанада қазақтың шындық өмі
рінде, әсіресе, XVXVIII ғасырларда болған босқындар, кө
бінесе оңтүстік өлкесіне жаппай көшу ту ралы оқиғалардың
елесі сақталған. Елдің бұлай босуына ол кезде себеп көп
болды: рутайпалардың өзара қақтығысы, сыртқы жаудың
күтпеген шапқыншылығы, жайылымның тарылуы, жер
отының аза юы, ауыр тұрмыс, т.т. осылардың әрқайсысы ел
арасында Жерұйық, Жиделібайсын деген бақытты жер бар
екен деген дақпырт таралып, олар туралы неше алуан әңгімелер
[
96
]
туғызған. Жұрт оған сенген, сол жерлерді іздеген. Әрине, іздеп
Жиделібайсынға барған елдің біразы сонда қалып отырған, ал
басым көпшілігі атажұртына қайтқан. Міне, Жиделібайсынды
тауып, елді сонда көшіріп әкеткен Асан Қайғы жайындағы
әпсаналар осындай жағдайды бейнелейді.
Сол сияқты кейбір әпсаналардағы Өтегеннің де Жиделі
байсынды тауып, оны жаратпай, Жетісуға қайтып келуі тарихи
жағынан шындыққа сәйкес
81
. Мысалы, Е. Ысмайылов бұл тура
лы былай деп жазады: «1723 жылы жоңғар шапқыншылығы
кезінде қазақтың Орта жүз бен Ұлы жүздің көп рулары атамекен
қонысынан босып ауып, Орта Азия хандығының қол астына
дейін барды, ол қазіргі Қарақалпақ, Түрікменстан – Батыс
Өзбекстан жерлері – Қоңырат, Жиделібайсын қазақтың босып
барған жерлері еді. Бірақ барған ел Бұхар, Хиуа хандарының
талауына ұшырап, көбі малынан айырылып, қатты күйзеліп,
тұрақты қоныс, мекен таба алмайды, қалғандары Арқаға қарай
көшеді. Осы босып көшкен елдің бір бөлігі Өтегеннің елі болуы
мүмкін»
82
.
Сонымен қатар бас біріктіріп, күш жинаған қазақтар өз
жерін жоңғарлықтардан азат етіп алған соң, көптеген ру
тайпалар өздерінің тұрақты жеріне көшкен. Алайда, біраз жұрт
сол Жиделібайсында, Өзбекстан мен Түрікменстанда қалып
қойған. Ал ол жақтан қайтып келген ел Жиделібайсында да
бақыт жоқ екенін көзімен көріп, оны Өтеген туралы әпсанаға
қосқан, сөйтіп, Жиделібайсынды Өтеген жаратпаған, жер сін
беген деп әңгімеленген.
Бұдан шығатын қорытынды: әлеуметтікутопиялық
әпсана лар оқтыноқтын жаңғырып және циклизацияға түсіп
отыра ды. Ұқсас тарихи жағдайлар мен оқиғалардың қайта
лануы бұрын ғы сюжеттерді жаңаша пайдалануды қажет етеді,
оларды сол кездегі тарихи тұлғаларға телітеді, сөйтіп, ескі
әпсаналарды жаңа тұрғыда, жаңа бағытта баяндатады. Осының
арқасында утопиялық сюжеттер фольклорлық, тарихи және
шежірелік (генеалогиялық) циклизацияға түседі. Басқаша
айтқанда, бұл сюжеттер әрқашан ел арасында айтылып жүреді
де, белгілі бір та рихи кезеңдерде орын алған саясиәлеуметтік
оқиғаларға байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Кей
жағдайда олар шежірелік сипат ала, әкелібалалы екеуіне де
[
97
]
қатысты айты
лады. Мысалы, біралуан текстерде Асанның
орнында оның әкесі Сәбит пен баласы Абат жүреді. Бұдан
бақытты жер туралы сюжет Асан Қайғыдан бұрын пайда
болғанын және оның генеалогиялық циклизациядан өткенін
көруге болады.
Әуел баста бұл сюжет Асанның әкесі Сәбитке, содан соң Асан
Қайғының өзіне, одан кейін оның баласы Абатқа телінген болу
керек. Абат бұл әпсаналарда қазақтардың жоңғарлықтарға
қарсы азаттық күресіне қатысушы болып көрінеді. Бұл жерде
жалпы фольклорға тән анахронизмнің бар екенін айтпасқа
болмайды. Егер Асан XIVXV ғасырда өмір сүрген болса, оның
баласы Абат XVIII ғасырда жасауы мүмкін емес. Екі арада
үш ғасыр жатыр. Оның үстіне, Асан мен Абаттың бірігіп,
жоңғар ға қарсы әрекет істеуі де анахронизм. Мұның бәрі –
фольклорлық әрі тарихи циклизацияның нәтижесі.
Әрине, Асанның әкесі де (Сәбит), баласы да (Абат) дәл
әпсанада суреттелгендей болған деу қиын. Бұл жерде де фольк
лорлық дәстүрдің әсері бар: эпосқа ұқсатып, ежелгі сюжетке
негізгі кейіпкердің әкесі мен баласы енгізілген. Мұндай атадан
балаға, немереге дейінгі шежірелік сипат – түркі халықтары
ның батырлық ертегілері мен қаһармандық жырларында
дәстүрлі әдіс: шығарманың негізі оқиғасы прологпен және эпи
логпен тұйықталады. Прологта болашақ батырдың перзентсіз
қар тайған атаанасы, олардың құдайдан бір баланы тілеп алға
ны, ал эпилогта негізгі кейіпкер – батырдың ұрпағы жасаған
ерлігі туралы баяндалады, яғни атасы, баласы немесе неме ре
сі – үш буын жайында жырланады, әкесінің ісін баласы жал
ғастырғанын көрсетеді.
Дәл осындай жағдай Асанның әкесі мен баласы хақындағы
әпсаналарда қайталанады. Рас, мұнда Асан Қайғының әкесі
әулиеәнбиелерге жалынбайды, баласызбын деп зарламайды,
молаларға түнемейді. Ол да Асан Қайғы сияқты құтты мекен
іздейді, бірақ таба алмайды. Біздің ойымызша, Асанның әке
сі бұл сюжетке бертінгі заманда қосылған. Ондағы мақсат –
халық ардақтаған Асанды, оның әкесін де тегін адамдар бол
маған деп айту. Мұнда бақытты жерді Асаннан бұрын әкесі
іздеген, бірақ таба алмаған соң, оның арманын жүзеге асыру
үшін баласы Асан да сол құтты мекенді іздеген деген идея
7279
[
98
]
бар. Асанның баласы деп Абаттың да әпсанаға енгізілуі – осы
шарттың нәтижесі. Яғни халық этикасына байланысты әкенің
ісін баласы жалғастыру керек деген принцип фольклорда,
әсіресе эпоста және біз талдап отырған утопиялық әпсанада
шежірелік (генеалогиялық) циклиза
ция қалыптастырған.
Сөйтіп, Абат әке жолын қуған бала болып бейнеленеді. Бірақ ол
бос жер іздемейді. Егер Асан Қайғы елді азаптан құтқару үшін
алыста жатқан Жерұйықты іздесе, Абат жоңғарлықтармен
соғысып, ел үшін жер босатып береді, сөйтіп, елге жаңа қо
ныс тауып береді
83
. Проф. Н.С. Смирнова өте орынды айтады:
«XVIII ғасырдың халық творчествосында бақытты жер тек
атамекен болуы мүмкін деген патриархалдық түсінік жа
ңаша, қайта қаралған. Ақтабан шұбырынды жылдары Жи
делібайсын туралы арманның бекер екендігіне көзі жеткен
халық творчествосының авторлары атақонысынан айырылған
елге бірігудің және қажетті жер алудың жаңа амалын нұсқады.
Ол Жоңғар басқыншыларын қуып, жаңа қонысқа ие болу еді.
Сөйтіп эпикалық батырлардың жоңғарлардан тартып алған
жерлеріне енді олар баяғы бақытқа толы Жиделібайсынның
қасиеттерін көшіріп, ол жерлерді шөбі шүйгін, суы мол, күні
жылы, қары аз деп суреттеді»
84
.
Мінеки, Абаттың жоңғарлықтармен соғысуы арқылы ел
ге жаңа қоныс әперуі – XVIII ғасырдағы фольклорға тән құ
былыс. Әрине, батыр ретінде бейнеленген Абат әпсанада
барынша дәріптелген: ол – ержүрек батыр ғана емес, сондайақ
өте мерген, шешен, қайырымды және әділ би. Сөз жоқ, Абат
туралы әпсанада да, оның бейнесінде де эпикалық сипат басым,
онда батырлар жырының әсері айқын сезіледі.
Бұл заңды да. Өйткені қазақ фольклорында ұзақ уақыт
бойы эпикалық дәстүр, қаһармандық эпос үстем болып келді.
Сондықтан XIX бен XX ғасырлардағы ақынжыршылар дың
бақытты жер іздеу туралы көне сюжетті эпос түрінде жырла
ғаны еш таңданарлық нәрсе емес. Мәселен, Жиделібайсынды
іздейтін Өтеген туралы әпсананы Сүйінбай мен Жамбылдың
жыр етіп айтқаны белгілі. Бір қызығы, жырда Өтеген туралы
әлеуметтікутопиялық әпсананың негізгі белгілері толық
сақталған.
[
99
]
Құтты қоныс, ырысты жер туралы утопиялық идея XIX
ғасырдың басында туған «Мырзаш батыр» жырында да бар
85
.
Мырзаш – өмірде болған адам. Ол XIX ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген, бүкіл Алтай мен Шығыс Түркістанға
әйгілі саяхатшы, ізші. Ол туралы Н.М. Пржевальский бы
лай деп жазады: «Алғашқы кезде біз жолбасшы етіп Зай
сан приставының қазағы Мырзаш Алдияровты алдық. Ол
бұрын да, 1877 жылы, бізді Құлжа мен Гученге бастап барған.
Мырзаш батыр бізбен шекаралас Жоңғар жерін жақсы
білетін... Жолбасшы ретінде Мырзаш аса пайдалы еді: тек оны
тізгіннен шығармай мықты ұстау керек еді»
86
. Атақты орыс
саяхатшысының бұл сөзінен Мырзаштың шаршауды білмейтін,
талмас саяхатшы, батыл да тапқыр адам болғаны көрініп тұр.
Демек, оның осы қасиеттері, сондайақ оның алыс сапарларға
қорықпай шығып, ел аралап, неше алуан оқиғалардың куәсі
болғаны, ол туралы жұрт арасында әр түрлі әңгімелер тууына
себепкер болуы мүмкін. Көпті көрген Мырзашты ел енді
өз әңгімелерінде дәріптеп, тек талмайтын саяхатшы ғана
емес, сонымен бірге ержүрек батыр етіп, оны Урянхай мен
жоңғарлықтарға қарсы күрестіріп, нағыз ерлік көрсеткен
қаһарман қылып көрсетеді. Сөйтіп, «Мырзаш батыр» жыры
туып, ел арасына тарайды
87
. Алайда, бір өкініштісі – құтты
мекен іздеу утопиясы бұл эпоста «Өтеген батырдағыдай» басты
тақырып емес. Мұнда сюжет таза қаһармандыққа құрылған,
сондықтан бұл жырды талдауға көңіл бөлінген жоқ. Ол туралы
айту себебіміз – қазақ фольклорында әпсана жанрының, соның
ішінде әлеуметтікутопиялық әпсананың да, біртебірте эпосқа
айналуын көрсету еді. Жалпы, қазақ фольклорлық дәстүрінде
соңғы уақытқа дейін көптеген аңыздар, ертегілер, хикаялар
дастанға, жырға ауысып, жаңаша жырланып келді. Солардың
қатарында ежелгі әлеуметтікутопиялық әпсаналар да ұшы
расады. Мысал ретінде халық ақыны Қалқа Жапсарбаев жыр
лаған «Уәли Шора», «Орақ батыр» жырларын атауға болады
88
.
Демек, көне заманда пайда болған мифтік түсініктер мен
соларға негізделген сюжеттер уақыт өте келе, қоғам дамып,
болмыстың өзгеруіне, ойсананың өзгеруіне сәйкес өзгеріп,
жаңғырып отырған, соның нәтижесінде бір жанрдан екінші
[
100
]
жанрға ұласып, біздің дәуірімізге алуан сатылық қасиетін
сақтай әрі өзгере, әр түрлі жанрлық формада жеткен.
Ойымызды қорыта айтар болсақ, алғашқы қауымның
классикалық аталық ру кезеңінде туып, қалыптасқан әлемнің,
космостың пайда болуы, құрылымы жайындағы мифтік
ұғым
дар мен әңгімелер шамандық тұсындағы бақсының,
оның жын иелерінің зиянкесті жындармен алысып, дүниенің
төрт бұрышын, жоғарғы, төменгі әлемдерді, бүкіл ғарышты
шарлайтыны туралы баяндайтын шамандық мифтің, сондай
ақ адам өлгеннен кейін о дүниеде (төменгі әлемде) сапар шегіп
жүреді немесе оның жаны басқа жаққа барып орналасады деген
нанымдардың, әрі мифтік сюжеттердің бергі замандарда басқа
сипат алып, көркем фольклорға айналғаны байқалады.
Бұл процесс нақтылы түрде қазақтың Қорқыт пен Асан
Қайғы хақындағы әпсаналарын талдау барысында ашылып
отыр. Бізге жеткен Қорқыттың өлімнен қашып, дүниенің
төрт бұрышын кезуі жайындағы әпсана әу бас та шамандық
миф болған. Онда шаманның зиянкесті жынмен шайқасып,
барлық әлемді аралағаны және оның жанының басқа жаққа
(Сырдарияның сағасы – өлілер әлеміне) кеткені туралы әңгі
меленген.
Уақыт өте келе, бұл миф өзінің қасиеттілік әрі құпиялық
сипатынан айырылып, ыдырауға ұшыраған. Оның себептері
көп болды: рулық қоғамның күйреуі, бұрынғы нанымдар
мен ұғымдардың өзгеруі, исламның оларды қудалауы, өзіне
бейімдеуі, т.т. Міне, осындай жағдайларда көне шамандық
миф өзінің алғашқа семантикасынан айырылып, тұтастығын
жоғалтқан да, жаңа қоғам мен өмірге сәйкес өзгеріп отырған.
Сөйтіп, ол бірде адамның өлімге дауа іздегені, бірде ырысты
жер іздегені жайындағы әңгімеге айналады. Осындай өз
геру, жаңғыру бары сында бұл мифтің сюжеті әр түрлі жағ
дайды басынан кешіреді. Басқаша айтқанда, бұл сюжет таза
этникалық белгі ала бастайды. Енді ол қазақ халқының
өмірімен, тарихымен байланыстырылады. Яғни қазақ жұрты
өз алдына отау тігіп, хандық құрғанға дейін, аталмыш сюжет
жалпы адамзаттық мәнде айтылады, онда қазақтың да, ешбір
қазақ рутайпасының да аты жоқ. Тек Қорқыт деген адам аты
бар. Мұнда тарихилық нақты емес, ол сол кездегі сананың
тарихи тұрғыдан заңды екенін көрсетеді.
[
101
]
Ал қазақ елі хандық құрғаннан кейін бұл сюжет тарихи
этникалық сипат алады. Онда қазақ халқы, рутайпалары
көрінеді, тарихи тұлғалар бейнеленеді, нақты жерсу аттары
беріледі. Қазақтың көшпелі, бақташылық тұрмысы, саяси
әлеуметтік оқиғалары көрініс табады. Сонымен бірге көне
мифтің кейбір белгілері де сақталып келген. Айталық, өлген
адам жанының басқа жаққа кетіп, рахат табады деген ұғымның
өзгерген түрі Ыдұқ, Жерұйық атты бақытты жер болып көрінуі.
Осы жерді іздеген кейіпкер – дүниенің төрт бұрышын шарлаған
шаманның жаңа типі. Осыған қоса мынаны айту қажет: ежелгі
о дүние шындық өмірде бар Жерұйыққа айналғаннан кейін,
енді ол сол ырысты жерді табуды армандаған. Оны түйеге
мініп іздеп, жиһанды шарлаған. Көріп отырсыздар, көне
мифтік сюжет енді утопиялық әпсанаға айналған. Ал қазақ
өміріндегі оқиғалардың кірігуі оған әлеуметтік мағына берген.
Сөйтіп, ерте замандағы шамандық миф әлеуметтікутопиялық
әпсанаға айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |