Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҺӘМ



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
4 АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҺӘМ 
ӨМІРШЕҢДІК МҰРАТТАРЫ 
 
4.1 Тіл мәдениетін қалыптастырудағы айтыс өнерінің ықпалы 
Айтыс өнерінің публицистикалық қырларын айқындау мақсатында ұлттық 
журналистикаға тән көптеген элементтерді айтыс жырларынан кездестіріп, оған 
ғылыми байлам жасағанымыз белгілі. Сондай ортақ сипаттардың бірі ана 
тіліміздің мәдениеті төңірегінде өрбімек.
Ғаламдастыру сияқты үлкен идеялар айтылып жатқан тұста туған 
халқымыздың тілі мен мәдениетіне үлкен жауапкершілікпен, жанашырлықпен 
қарағанымыз абзал. Тіл мәдениетін сақтау, оны үкілеп, ажарынан айырмау 
дегеніміз – ұлттық сананың, дін мен ділдің, салт-дәстүрдің, өнер мен әдебиеттің 
өшпеуінің, өркендеуінің кепілі. 
Әрине, осынау игілікті істің басында қашан да журналистер қауымының 
жүретіндігі шындық. Журналистердің осы еңбегі туралы: «Қазіргі кезде біздің 
ана тіліміз жан-жақты дамып жетілген, кемелденген озық мәдениет пен 
саясаттың, ғылым мен техниканың ең өткір құралына айналып отыр деп ауыз 
толтырып, мақтанышты сезіммен айтуымызға болады. Осындай мол табысқа ие 
болуда қазақ журналистерінің еткен еңбегі орасан зор. Қазақ терминологиясын 
қалыптастыруда 
болсын, 
оның 
грамматикалық 
құрылым-құрылысын 
жүйелендіруде де, әсіресе, сан алуан стильдік тармақтарды саралап жетілдіруде 
журналистер қауымы өлшеусіз жемісті қызметтер атқарып келеді» [179, 160 б.]. 
Кеңестер дәуірі тұсында айтылған ғалым Ә. Болғанбаевтың бұл пікірі сол 
уақыттағы ұлт журналистерінің ана тілі алдындағы жауапкершілігін мінсіз 
бағалауымен құнды.
Бірақ уақыт, қоғам қашанда бір орнында тұрмайтыны, ал рухани 
құндылықтардың өсіп, жетіліп отыруы заңдылық екені тағы рас. Қандай 
көлемде, қандай дәрежеде болмасын кеңес дәуірі тұсында баспадан шыққан 
кітаптардың, газет-журнал материалдарының, теле,- радиохабарларының жазу, 
сөйлеу мәдениеттері жоғары, сөздік атаулар тілдік нормаларға сай құрылатын. 
Өйткені ол кезде жазу, сөйлеу категориялары тіл заңдылықтары тұрғысынан 
қадағаланып отыратын.
Бүгінгі БАҚ-ның тіл тазалығы қандай дәрежеде? Бұл сауал зиялы қауым 
мен зерттеуші ғалымдарымызды тәуелсіздік алған жылдардан бері 
толғандырып келе жатқан мәселе. Кез келген елдің сөйлеу (тіл) мәдениетінің 
ажарлы, айшықты, шұрайлы болуы сол халықтың жазу-сызу өнерімен яғни, 
әдебиеті, баспасөзімен тікелей байланысты.
Ел тәуелсіздігімен бірге келген сөз бостандығы, ой еркіндігі
республикамыздағы БАҚ санының күрт өсуіне алып келді. Әрине, кешегі 
кеңестік дәуірдегі санаулы газет-журнал, телеарналар мен радионың саны өсіп, 
бұқара халықтың рухани қажеттілігін өтеп жатса, оны неге қолдамасқа? Бірақ, 
бір өкініштісі, БАҚ саны өскенімен тілдік сапасының тым құлдырап кетуі еді. 
Ұлттық журналистика мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны ҚазМҰУ 
түлектерінің бүкіл республика көлемін қамтып, жұмыс істеуіне сандық 
тұрғыдан да, әлеуметтік-тұрмыстық себептерден де дәл сол уақытта 


230 
мүмкіншіліктері болмады. Әр облыс, қала мен шағын кенттерде ашылып 
жатқан ақпарат көздерінде журналистикадан хабары жоқ, басқа мамандық 
иелері жұмысқа қабылданып жатты. Бұл мамандардың көпшілігі ұлттық тілдің 
уызына жарымаған, әдебиет пен өнерден мақұрым нағыз «асфальтта» өскен 
азаматтар еді. Екіншіден, кешегі кеңестік дәуірдегі ұлттық тілдің өгейлікке 
ұшырап келуі де, ана тіліміздің белгілі дәрежеде өркендеуіне тосқауыл болды.
«Сөз мәдениетін меңгеру дегеніміздің өзі ,биік дүниетаныммен, ғылым-
білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын 
жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол 
хабардар болумен, ой-өрістің кеңдігімен тамырлас» [180, 142 б.]. 
БАҚ-дағы тіл мәдениетінің қалыптасуына һәм оның сапасының артуына 
тек ұлт журналистері ғана жауапты емес екендігін уақыт көрсетіп отыр. 
Ақпарат құралдарында жарияланған немесе көрсетілген кез келген 
шығармашылық материалдар мен хабарлар ұлт тілінің дамуына, өркендеуіне 
өзіндік үлес қосуы шарт. Мәселен, ұлттық телеарналардан көрсетіліп жүрген 
«Алты бақан», «Дала думан», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Алтын 
қақпа», «Айтыс», қазақтың ән-күйін, өнерін, дәстүрін насихаттайтын көптеген 
хабарлардың тіл мәдениетін қалыптастыруға, дамытуға тигізіп жүрген әсер-
ықпалы мол екендігі белгілі.
Зерттеу барысында «Айтыс» өнері тіл проблемасын көтеруші ғана емес, ол 
сондай-ақ сол тілдің ажарын ашып, айбынын асқақтатқан насихатшысы да 
екендігін айтып өткен болатынбыз. Осы жағдайға орайлас, белгілі сыншы-
публицист Әлия Бөпежанованың мына бір пікірі ойымызды кеңірек тарқатуға 
мүмкіндіктер береді. «Қазіргі өнер және бұқаралық ақпарат құралдар: өзара 
әріптестік мәселелері» атты мақала-сұхбатында: «Енді бір орайда БАҚ-ның 
қоғамдағы статусы жоғарылап, ақпараттың адам өміріндегі маңызы артқан 
қазіргі таңда, көркемөнердің өзі екі түрлі шындықты бастан кешіп отыр десек 
артық емес. Алғашқы шындық – өнердің өз өмірі, екіншісі – өнердің әлеуметтік 
санадағы өмірі. Ал, өнердің әлеуметтік санадағы өмірін жасауға БАҚ-ның 
тікелей қатысы бар» [181, 295 б.] , – деген уәждер айтады.
Сыншы-ғалым Ә. Бөпежанова пікіріндегі «өнердің әлеуметтік санадағы 
өмірі» деген ойлары телеарналарда көрсетіліп жатқан ұлт руханиятының 
тағылымдық-тәрбиелік мәніне меңзеу жасап тұрған жоқ па? Ендеше, өнердің 
әлеуметтік санадағы өмірін жасауға тікелей қатысы бар БАҚ менен айтыс 
өнерінің арасында рухани-материалдық байланыстың үнемі сабақтасып 
жататындығы анық.
Қазір тәуелсіз Қазақстан телеарналарында ой еркіндігі қалыптасып келе 
жатыр. Ой еркіндігінің қалыптасуы, цензураның болмауы өз дәрежесінде тілге 
де әсерін тигізері анық. «Сөз – ойлау процесінің жемісі» дейтін болсақ, тіл 
үйлесімділігіне тікелей кең өріс ашушы – еркін ойлап, еркін жазу үрдісінің 
қалыптасуы болып табылады. 2003-2008 жылдар аралығында қазақ 
тележурналистикасында ұлттық бағдарламаларды көптеп шығарып, «еліктеу» 
мен «солықтау» әдеттерінен («Поле чудес» – «Алтын дала», «Угадай мелодию» 
– «Ортеке» т.б.) арылып, «Үзеңгі жолдас», «Шынның жүзі», «Ақжүніс», 


231 
«Атажұрт», «Күлтөбе» сияқты танымы мен тағылымы мол бағдарламалардың 
халықтың рухани игілігіне айналғаны белгілі.
Телевидение – ХХІ ғасырдағы ең пәрменді ақпарат құралдар көзі болып 
табылады. 
Ондағы 
хроникалық 
жаңалықтардан 
бастап, 
ақпаратты-
сараптамалық дүниелер, түрлі авторлық телебағдарламалар, халық өнеріне 
арналған хабарлар, деректі, көркем фильмдерге дейінгі көрсетілімдердің 
барлығы бұқара халықтың рухани сұранысының қажеттілігін өтеуші 
құндылықтар қатарына жатады.
Осы айтылған ұлттық телебағдарламалардың ішінде тіл мәдениетінің 
қалыптасып дамуына, ажарлануына мол әсер еткен руханият саласының ең 
тиімді көзі – айтыс өнері болғандығы ақиқат. Айтыстың ұлт руханиятына 
тигізген әсер-ықпалы туралы зерттеуші, ғалымдарымыз да аз айтқан жоқ.
«Ұзынқұлақтан қазақ радиосына дейін» атты зерттеу кітабында 
журналист-ғалым Намазалы Омашев, айтыстың радиохабарларына тигізген 
әсері туралы былай дейді: «Жалпы алғанда, көркем хабарды дамыту жолдарына 
қатысты айтыстар нәтижелі болды және оны жаңа формалармен байытты. 
Мұндай айтыс қазақ радиосының музыкалық, драмалық хабарларына да оңды 
ықпал етті» [182, 137 б.]. 
Ана тіліміздің ажарын кіргізіп, айбынын асқақтатуда қазақ ақын-
жазушылары мен өнер адамдарының орны ерекше екені белгілі. Поэзия мен 
проза, драматургия, өнердің көптеген түрлері, сөз жоқ, туған тілдің өрісін 
кеңейтіп, өміршеңдік мұратын айшықтайды. Дегенмен де, осы шығармашылық 
салалардың қай-қайсысы болмасын, насихат мүмкіншілігі жағынан бәрібір 
уақыт заңдылығына тәуелді екенін мойындағанымыз абзал.
Бұл туралы сыншы-публицист Ә. Бөпежанова былай дейді: «БАҚ – екінші 
өмір немесе екінші шындық деп танылатыны бекер емес. Өйткені, жаңа өнер 
философиясы бойынша да, қандай да бір маңызды оқиғадан жұртшылық 
құлағдар болмаса, яғни, БАҚ арқылы жұртшылыққа жеткізілмесе, қанша 
маңызды екеніне қарамастан, сол адамның, не сол орта яки кәсіби топтың, тіпті 
ұлттың өз оқиғасы болып қана қалады» [181, 291 б.]. 
Ғалым тұжырымы бойынша байыптағанымыз – қандай өнер түрі 
болмасын, егер насихаты аз, мүмкіншілігі шектеулі болса, оның 
жалпыхалықтық сипат алып, тағылымдық-тәрбиелік маңызға ие болуы 
екіталай. Ал бұл тұрғыдан келсек, айтыс өнері өзінің насихат, мүмкіншілігі 
жөнінен жолы болған өнер. Өйткені айтыстың теледидар арқылы көрсетілуі, 
жазба поэзия мен прозаға қарағанда халықпен етене байланыста болуына мол 
мүмкіндіктер береді. Сондықтан да айтыс жырлары ұлт тілінің мәдениетін 
көтеруде, БАҚ-ның көмегі арқылы біраз нәтижелерге қол жеткізді. Ең алдымен 
қазақ тілі өзінің табиғи, таза ұлттық болмысымен қауыша бастады. Тәуелсіздік 
таңы атқанға дейін әлеуметтік-тұрмыстық, ресми сипат деңгейіне түскен ана 
тіліміз БАҚ арқылы насихатталып жатқан рухани құндылықтар нәтижесінде, 
өзінің дала ділмарларына тән дегдар қасиеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан 
төл сипатына бір табан болса да жақындай түсті.
Рухани мұраның БАҚ-нда кеңірек насихатталуы қазақ халқы үшін екі 
тұрғыдан тиімді жағдай қалыптастырды. Біріншісі халықтың өнері мен 


232 
мәдениетін, салт-дәстүрін, діл мен дінін насихаттау арқылы тағылым-тәрбиеге 
баулыса, екіншіден туған тіліміздің мәдениетін, байлығын қалпына келтіруде 
айтарлықтай жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар 
айтысының басты ерекшеліктерінің бірі, ұлт тілінің асыл-жауһарларын 
жарқырата көрсету болып табылады. Айтыс табиғатын жақсы түсінетін кез 
келген тыңдаушы, көрермен ең алдымен ақынның тіл шеберлігіне, сөз 
байлығына назар аударады. Кейде айтысушы ақынның жүйелі жырларымен 
қатар, олардың жекелеген сөздік атауларды қолдану ерекшеліктері халық 
тарапынан зор қолдауға ие болып жатады. Тіпті баз бір ақындардың айтыста 
қолданған сөз тіркестері қанатты сөзге айналып, халық аузында жүреді.
Мәселен, Мұхамеджан Тазабековтың «мәсінің қонышындай тар заманда, 
кебежедей көңілін кең сақтаған» сынды образды сөздері өзінің қазақы ұғымға 
жақын сипатымен көпшіліктің есінде қалды. Белгілі ғалым, тіл жанашыры 
Өмірзақ Айтбайұлы «Ана тіл, Ана сүтім, Арым менің...» атты еңбегінде ұлттық 
өнердің тілге тигізер әсер-ықпалы туралы былай дейді: «...Халқымыздың 
ұлттық сапасы мен санасын айқындай түсетін неше алуан әдет-ғұрып, салт-
сана, мінез-құлыққа орай орын тепкен қасиет-қалыбы тілдік танымға тікелей 
байланысып жатады. Ал ақындар айтысы, жыраулар сайысы, жаңылтпаштар 
мен өтірік өлеңдер, шешендік сөздердің бәрі-бәрі де ана тіліміздің алапат қуаты 
мен ада болмас арынын танытады емес пе?!» [183, 293 б.].
Ғалым келтірген осы пікірдің бір парасын айтыс ақындарының мына жыр 
жолдарынан анық аңғаруға болады. 
Мұхамеджан: «...Кесек-кесек боп түссін кестелі сөз,
Жапырақтап жал-жая турағандай...» [184, 15 б.]. 
Айтмұхамбет: «...Сөз сүйектен өтеді өткір болса,
У қосып қызыл бидай қуырғандай.
Мен қадалсам жаныңнан жырым кетпес 
Сүйектен сұр жебені суырғандай...» [185, 48 б.]. 
Аманжол: «...Көк бөрілі түркінің тұқымымыз,
Керілген ай астында ұлып тұрып...» [186, 51 б.]. 
Оразалы: «...Шошыған бала құсап селкілдейсің,
Шоршыған шортан құсап тұйықтағы...» [187, 75 б.]. 
Мэлс:
«...Шынымен қанға тартқан қасқыр болсам,
Қарғып өтіп кетермін қақпаныңнан...» [188, 104 б.]. 
Табиғатында шешендік өнердің элементі мол айтыс жырларының өн 
бойынан мұндай бейнелі, образды сөздерді жиі ұшыратуға болады. Айтыс 
өнерінің белгілі бір аудитория көлемінде қалмай, бүкіл республика көлеміне 
таратылуы, сөз жоқ, ұлттық телеарналардың шығармашылық жұмыстарының 
нәтижесі. Ұлт руханиятын насихаттауда жалғыз телеарналар емес, ақпарат 
көздерінің басқа да салалары – газет-журнал, радио да өз мүмкіншіліктеріне 
орай тиімді қызметтер атқарды. Мәселен, «Радио бұқаралық қарым-қатынастың 


233 
атқарымдық құралы бола отырып, қоғамның әртүрлі қажеттеріне барынша 
қызмет етуі арқылы тілдің дамуына ғана емес, сондай-ақ қазақтың ұлттық
мәдениетінің дамуына, оның халықтың қалың ортасына енуіне тиімді ықпал 
етті» [182, 149]. 
Айтыс мәтіндерінің газет-журналдарда жариялануы да сөз өнерінің өресін 
көтеріп, тіл мәдениетін қалыптастыруда игі жұмыстар атқарды. БАҚ-ының 
осындай іргелі жұмыстарының нәтижесінде тілдік қолданыстан шеттетіліп, 
ұмыт бола бастаған қазақтың қаншама төл сөздері, халқымен қайта қауышты. 
Айтыс нұсқаларының мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, 
насихатталуы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қолға алына бастады. 1965 
жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген Айтыс кітабының 1-2 томдары, 
сондай-ақ, 1966 жылғы 3 томының соңындағы құрастырушылар тарапынан 
берілген түсініктерде айтыс жырларының жиналуы мен жариялануы жайында 
мол мағлұмат берілген. Айтыстың көне түріне жататын «Бәдік», «Жар-жар», 
«Қыз бен жігіт» үлгілерінің бірнеше нұсқалары ХІХ ғасырда жарық көрген 
кітаптарда жарияланғаны белгілі болып отыр. Әдет-ғұрып айтысының көне түрі 
«Бәдік», профессор А. Диваевтың революцияға дейінгі еңбектерінде, сондай-ақ, 
«Тарту» кітабында кездессе, «Жар-жар» айтыстары 1869 жылы Ташкентте 
шыққан 
«Киргизы 
и 
каракиргизи 
Сырдаринской 
области» 
деген
Н.И. Гродековтың кітабына енген. Өлі мен тірі (Ақбала мен Боздақ) «Түркі 
ақындарының халық әдебиетінің нұсқалары» деген атпен Петербургта жарық 
көрген Радлов еңбектерінің ІІІ томында жарияланды. Ал, «Аймаңдай мен 
Бабастың» айтысы 1924 жылы Ташкентте шығатын «Сана» журналының 2-3 
сандарында жарық көрген. 
Айтыс жырларының кітапта һәм баспасөз беттерінде жариялануын 
көрсететін мұндай дерек көздері халық шығармашылығы үлгілерінің әдеби-
ғылыми кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде ертеден көрініс бере 
бастағанын танытады. Ал, кеңес дәуірі тұсында өткен ақындар айтысы 
телдидарға, радиоға жазылып, газет-журналдарда жарияланып тұрды. Әр 
өңірде өткізілген ақындар айтысы жеке жинақ болып, баспадан шығып отырды.
Айтыс мәтіндерінің баспасөзде жариялануы кеңестік дәуірде жақсы 
жалғасып, өнердің насихатталуына мол мүмкіндіктер туғызады. Мәселен, Орал 
облысы «Екпінді құрылыс» газетінің 1934 жылғы 23 августағы «Темірбек пен 
Мырзабектің», «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 1943 жылғы 15 декабрьдегі 
«Қазанқап мен Нартайдың», Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінің 
1945 жылғы 13 марттағы нөмірлерінде басылған «Нұрхан мен Майташтың» 
айтыстары баспасөз арқылы қалың бұқара назарына ұсынылды. Айтыстың 
мерзімді баспасөз беттерінде жариялануы аталмыш өнердің әлеуметтік 
маңызын екі тұрғыда арттыра түсті. Алдымен айтыс өнерінің насихатталуы 
болса, екіншісі халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етті. Ауызекі сөз өнері 
ретінде дамып келген айтыс жырларының баспасөзде, кітаптарда жариялануы, 
теледидар, радио арқылы халыққа таралуы шығармашылық тұрғыдан 
шыңдалып, жетілуге тиімді ықпал етті. Өнердің ақпараттық-насихатшылдық 
сипаты ендігі жерде нағыз кәсіби журналистика міндеттерін орындай бастады. 
Айтыста көтерілген кезкелген проблемалық мәселелерге тиісті орындар назар 


234 
аударып, оның оң шешім табуына мүдделілік танытты. Мұның өзі ақындар 
айтысының әлеуметтік-қоғамдық маңызын арттырумен қатар оның халықтық, 
бұқаралық рөлін бұрынғыдан да күшейте түсті.
БАҚ-ында 
ақындар 
айтысының 
беріліп, 
жариялануы, 
ұлттық 
журналистикаға соны өзгеріс, тиімді қолдау әкелді деп айтуға болады. 
Қарапайым халықтың, зиялы ортаның немесе студент жастардың ортасынан 
суырлып айтыс сахнасына шыққан ақын үшін өмірдің барлық болмысы етене 
таныс болатын. Алыс ауылдардан келген ақын айтысқа домбырасын ғана емес, 
сол өңірдегі барша қауымның аманатын да арқалап келеді. Кейде 
журналистердің аяғы жетіп, көзі көре бермейтін қияндағы қазақ ауылының 
мүшкіл халін дүйім Қазақстан жұртына, билікке ең алдымен айтыс ақыны 
баяндап жатады. Мәселен, Қазақстан қоғамындағы «өтпелі кезең» деп аталған 
қиыншылық уақыттың көрінісін Талдықорған облысы Жаркент елді мекенінен 
келген ақын Айтақын Бұлғақов былайша суреттейді:
«...Мектепке бармай кей бала, 
Қатардан қалып мұңайды. 
Кітап пенен жылуға, 
Ұстаз ақша жинайды...» [123, 257 б.]. 
Айтыста көтерілген осы тақылеттес проблемалар қоғам назарына 
ұсынылып, одан қорытынды шығаруға билік назарын аударту, айтыс 
ақындарының халық алдындағы парызы іспеттес болды. Осы тұрғыда БАҚ мен 
айтыс өнерінің шығармашылық мүддесі үнемі бір арнада тоғысып, бір мақсатта 
қызмет атқарды деп айтуға болады. Айтыс өнерінің журналистік функцияларды 
атқара алатындығы тек қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды көтеруімен 
өлшенбесі анық. Бұқара халықты тіл сауаттылығы, сөйлеу мәдениетіне баулуда 
БАҚ арқылы насихатталып жүрген айтыс өнері ұлт руханияты үшін игілікті 
істердің ұйтқысы болды. Соның айқын бір дәлелі 2009 жылдың наурыз айынан 
басталған республикалық «Алаш айнасы» газетіндегі жазба айтыс үлгілері дер 
едік. 
Айтыс өнерін ұйымдастырушы, белгілі ақын-журналист Ж.Ерман баспасөз 
бетіндегі осы жыр сайысы туралы былай деп пікір білдіреді: «Азуын айға білеп, 
аламанға шығып, бір-біріне сөз семсерін сермелеп жатқан айтыскерлердің 
жазбаша жекпе-жегіне төрелік айту бізге де жеңіл соғып жатпағанын 
оқырмандарымыз пайымдар деп ойлаймыз. Өйткені жұртшылықтың алдында 
өтетін жыр додасына баға беретін ұстанымдар бұл жерде дәрменсіз. Сахнадағы 
айтыскердің мақам-сазы, киім киісі мен домбыра қағысы, көрерменді баурау 
тәсілдері негізгі уәжбен – сөз шарпысуымен қоса таразыланса, газет бетіндегі 
айтыста көзге көрінбейтін ақындардың сөз шеберлігі ғана сынға түсіп жатыр» 
[189, 8 б.]. 
Айтыс жырларының тіл мәдениеті мейлінше кемелденіп, ауызекі сөйлеу 
стилінен гөрі әдеби тілдік нормаға сай жетілгендігін «Алаш айнасы» газетінде 
жарияланған қазіргі ақындардың өлең шумақтарынан анық байқауға болады. 
Жазба айтыстың бұл түрі ақындардың өлең техникасын жетік меңгеріп, поэзия 
талаптарына толық лайықты екендіктерімен ерекшеленеді. Жазба айтыс 
талаптарының өзгеше екендігін, оған жеңіл-желпі қарамау керектігін кейінгі 


235 
толқын өкілі ақын Жандарбек Бұлғақов өз жырында орынды көрсетіп өтеді. 
«Сайысып жеңбесеңіз, бұл баспасөз, майысып өтіп кетер сахна емес» [189-8], 
Ақын Ж.Ерман идеясымен өмірге келген жазба айтыстың бұл түрі
аталмыш өнердің өміршеңдігін һәм көркемдік деңгейі мен кәсіби қалыбын 
танытқан жоба болып табылды. Ең алдымен бұл айтыстар ақындардың тілдік 
қуатын, ақындық шеберліктерін айқындау тұрғысында оқырман ықыласына ие 
болды. Мәселен, жоғарыда келтірілген айтыстың жас өрені Жандарбек 
Бұлғақов қарсыласы Айнұр Тұрсынбаеваға мынадай уәж айтады: 
«... Айтамын жас болсам да көпке өнеге, 
Жаңа мақал сіздерге дөп келе ме? 
Өлеңіңнің өрнегі қисық болса, 
«Алаштың айнасына» өкпелеме!» [190, 8 б.]. 
Осы жалғыз шумақтың өзінде халықтың қанатты сөзі, ақынның 
тапқырлығы, ой мен тіл үйлесімі негізінде шебер көрініс тауып тұр. «Тілге 
жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» [191, 89 б.] деген 
Абай ақын талабына толық жауап беріп тұрған айтыс жыры баспасөз бетінде 
қажетті тыныс белгілер арқылы өзінің мағыналық сипатын барынша ашып 
көрсетуге мүмкіндік алған. Мұның өзі баспасөздегі айтыс мәтіндерінің әдеби 
тілдік нормаға толық сай келіп тұрғандығын танытады. Бұқара халықты тіл 
мәдениетіне тәрбиелеуде айтыс өнері аз ықпал еткен жоқ. Ең алдымен қазіргі 
айтыстың өзі тілдік тұрғыдан біршама өсіп-жетілу дәрежесін бастан өткерді. 
Айтыс тілін зерттеуші ғалымдарымыз осы жағдайларды дұрыс бағамдап, өз 
пікірлерін орынды көрсетіп отырды. Мәселен, «Қазіргі айтыстың тілдік 
ерекшеліктері» атты мақаласында ізденуші ғалым Ж.Асылбекова: «Қазіргі 
айтыс 
тақырыбының 
алуандығымен 
қатар, тілінің 
де өзіне 
тән 
ерекшеліктерімен көзге түседі. Қазіргі айтыс тілінде сөзді түрлендірудің неше 
түрлі жолдары: теңеу, контекстік теңеулер, метафора, архаизм, сөздерге жаңа 
мағына беру, синоним сөздерді кеңінен қолдану, антонимдік және омонимдік 
қатарлар табу, сөздер мен эвфемизмдер, дисфемиздер, сөздерге жаңа мағына 
берудің лексикалық және семантикалық түрлері, плеонизм, жаргон сөздер мен 
диалектизмдер, фразеологизмдік оралымдар, мақал-мәтелдер, кірме сөздер, 
калька және оккаланизмдерді көре аламыз» [164, 147-148 бб]. 
Қазіргі айтыс жырларындағы осыншама тілдік ерекшеліктер, өнердің 
уақыт ағымындағы соны өзгерістері мен тың ізденістерге толы екендігін 
айғақтайды. Айтыс жырлары тек мағыналық-көркемдік сипатта жаңарып 
қоймағанын, сондай-ақ тілдік-стилдік тұрғыдан да көп жетілгендігін аңғарамыз. 
Көпшілік ықыластана көріп, тыңдайтын айтыс өнерінің тілдік тұрғыдан 
кемелденуі, сөз жоқ, сөйлеу (тіл) мәдениетінің бұқаралық сипат алуына игі 
әсерін тигізбей қоймайды. БАҚ-ында жарық көріп, жарияланып, беріліп жатқан 
хабарлар барысында айтыс тілінің көркемдігі һәм мейлінше ұлттық бояуға 
қанық болу сипаттары, тыңдарман-оқырмандарға зор рухани тағылым болары 
сөзсіз. Қазақ қоғамында орын алып отырған көкейкесті мәселелердің көтерілуі 
ақындардың шешендік сөздерімен астаса көрініс табуы айтыс өнерінің 
ақпараттық-насихатшылдық 
яғни 
публицистикалық 
қасиетін 
даралап 
көрсететін ерекшелік. «...Ақындар айтысы алдымен сөз сайысы, жыр додасы 


236 
болғанымен, онда қоғамның ауыр ахуалы, заманның қайғысы, дәуірдің ақиқаты 
ашық айтылады. Дей тұрсақ та, айтысқа ел қасіретін жырға қосу дәстүрі жаппай 
үрдіске айнала қойған жоқ. Бәрібір өнердің бұл түрі де уақыттың рухымен 
байланысты болады. Қазақ қоғамының шынайы болмысы қасиетті өнердің 
қастерлі мұрасының өн бойында қалып қойды» [192, 95 б.]. 
Белгілі ғалым Б. Омарұлы келтірген осы пікірдің шынайылығын уақыттың 
өзі дәлелдеп отыр. «Қасиетті өнердің қастерлі мұрасының өн бойында қалып 
қойған» асыл қазынаның бірі – халқымыздың сөз өнері, тіл байлығы. «Уақыт 
рухымен» үнемі байланыста болып, дамып, жетіліп отыратын тіл (сөз) өнері де 
ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан қоғамында өзінің барлық қасиетін 
жарқырата көрсетіп, халқымыздың рухын оятуда жалынды қуатқа айналды. 
Белгілі ғалым С. Негимов «Шешендік өнер» аты еңбегінде: «Шешеннің 
интеллектуалдық мәдениетін, білім-білігін, зерде-зейінін әңгімелегенде, 
импровизацияға бейімділігін де елеп-ескеру керек» [49, 18], – деген пікір 
айтады. 
Жалпы, айтысқа түскен ақындардың шығармашылық қарым-қабілетінің 
басты өлшемі – оның шешендік, табан астында ұтымды ой таба білетін 
суырыпсалмалық қасиеті екендігі белгілі. Ұлттық тілдің уызына жарымаған, 
қазақ сөзінің інжу-маржанын бойына сіңірмеген, ел мен жердің тарихынан 
бейхабар, күнделікті ақпарат ағымынан, қоғам ахуалынан мақұрым жанның 
интеллектуалдық деңгейі төмен болатыны белгілі. Ондай адамдардан 
ешқашанда рухани шығармашылық нышандарын күтуге болмайды. Ал, 
керсінше кез келген айтыс ақынының бойында осы айтылған қасиеттердің 
барлығы жарқырай көрінуі шарт. Тіл шұрайлылығы қашанда ой қазынасының 
байлығымен өлшенеді. Бұл туралы ғалымдарымыз: «Шешен адамзат пен 
ғаламзат дүниесінің белгісіз сырларын қырағы байқап, тереңнен толғап, 
саңқылдаған, сұлу, мәнерлі дауысымен, мағыналы, парасатты толғамдарымен 
түйдек-түйдек ойларымен, бет жүзінің, сөз ырғағының еркіне бағынған қимыл-
қозғалыстарымен, біліктілік-білімімен, көшелі, көреген қасиеттерімен 
толқынды топты өзіне қаратып, құлақ құрышын қандырады, жаныңды, 
рухыңды дүр сілкіндіріп тазартады. Шешендіктің өзі ойшылдықпен, 
даналықпен, көшелілікпен, үнді, сазды сөйлеумен (бұл тұрғыда ажарлы келбет, 
нұрлы дидар, көз мәнді қызмет атқарады) сабақтас, тамырлас құбылыс», – [49-
19] деп пікірлер келтіреді. Ғалым С.Негимов еңбегінде келтірілген шешен 
адамның бойындағы осындай ерекшеліктер тікелей айтыс ақындарына да тән 
қасиет болып табылады. Тіл мәдениетін қалыптастырудағы айтыс өнерінің 
ықпалын айқындайтын негізгі өлшемдер де осындай аспектілер негізінде 
туындайды. Себебі, айтысушы ақын ең алдымен тілге жүйрік, сөзге шешен 
болуы шарт. Ақынның осы ерекшеліктері айтыс барысында жарқырай көрінсе, 
тыңдарманға немесе оқырманға зор әсер етеді. 
ХҮІІ ғасырдағы француз математигі әрі философы Б. Паскаль: «Біздің 
бүкіл адамдық қасиетіміз ойымызға жинақталған, – не кеңістік, не уақыт
... 
біздің дәрежемізді жоғары көтере алмайды, тек біздің ойымыз ғана оны 
асқақтатады. Сондықтан жақсы ойлауға үйренейік те...»[193, 13 б.], – деп 
айтқан екен. 


237 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, айтыс ақындарының интеллектуалдық 
ойлау деңгейінің өзі көп жағдайда тілге, сөзге мол әсер ететіндігін осы 
тұжырымдар тағы бір дәлелдей түседі. Айтыс тілінің қуаттылығы көп жағдайда 
жыр мағынасының салмағымен де өлшенеді. «Алаш айнасы» газетіндегі жазба 
айтыста Қызылорданың ақыны Нұрмат Мансұров Тараздық Шорабек 
Айдаровқа жолдаған жыр сәлемін былай деп бастайды: 
«Я, Раббым, ел-жұртымды қамықтырмай 
Жан дүниесін иманмен жарық қылғай. 
Елбасына қуат бер, дағдарыстан 
Қазақты алып шығар зорықтырмай» [194, 8 б.]. 
Нұрмат ақынның осы шумағы өзінің тілдік құнарлылығын, кестелі сөз, 
келісті ойы арқылы өте әсерлі көрсетіп тұр. Мұнда имандылық, халыққа баянды 
бақыт тілеу, Елбасына деген халық құрметі, сондай-ақ, қазақ қоғамының 
экономикалық ахуалы бірдей көрініс тауып, ой мен тіл үйлесімі негізінде шебер 
қиюласып тұр. Халықты ынтымақ-бірлікке шақырып, қоғамдық ой
қалыптастыруға негіздейтін мұндай жыр шумақтарын айтыс өлеңдерінен мол 
кездестіруге болады. Орақ ауызды, от тілді айтыс ақындарының көмекейінен 
төгілген кестелі сөз, көрікті ойларының бұқара халыққа қаншалықты әсер-
ықпал ететіндігі жөнінде академик-ғалым Р. Нұрғали «Айтыстың драмалық 
сипаты» атты мақаласында былайша көрсетеді: «Бүгінгі айтыстың аудиториясы 
бұрын-соңды болмаған деңгейде әбден кеңейді. Бұл алдымен елдік, тәуелсіздік, 
бостандық шапағатынан туған құбылыс. Талантты айтыскерлер ұсақ-түйекті, 
ауыл-аймақтың кемшілігін қазбалап, қарсыласын жығуды бірден-бір мақсат 
етпей, үлкен әлеуметтік мәселелерге орай толғай-толғай сөз саптап, қажет 
жерде, қымсынбай, қорықпай, парламент, өкімет, министрліктер тарапына 
шыншыл пікір, талап қоятын, табансыз әкімдерді, арсыз жемқорлардың бетін 
айдай ететін орақ ауызды, от тілді айтыстар өткізді. Сондай шұрай топта 
айтылған қанатты сөз біреуден-біреуге жетіп, ақиқатқа, әділетке қызмет етеді» 
[195, 86-87 бб]. 
«Айтыс тілінің синтаксисі» атты ғылыми мақаласында ғалым
Ж. Серғалиев қазіргі ақпарат құралдарының ағыны халықтың ой-өрісін 
кеңейтуде елеулі қызмет етіп отырғандығын айтады. Мерзімді баспасөз 
беттерінен, радиохабарлардан, әсіресе, тұрмыста берік орын алған 
теледидардан мыңдаған оқырмандар, тыңдармандар мен көрермендер бүгінгі 
жаңалықпен шектеліп қалмай, өткен тарихи жолдарын да еске түсіріп 
отыратындығын, алда болар оқиғаларға да батыл болжам жасай алатындығын 
тілге тиек етіп, айтыс ақындарының тіл мәдениетіне қатысты мынадай ойлар 
айтады: «...Айтысқа келген тыңдармандардың негізгі назары ақындардың сөз 
саптау шеберлігі мен ерекшелігіне ауып отырады. Тіпті әлдебір кемшілікті 
айтып отырған айтыскерге қол соғып, қолпаштауларының басты себебі – әдемі 
сөз иірімдерінің қолданғандығының әсері...» [196, 105 б.]. 
Айтыстағы қанатты сөздің қалың елге тарауы һәм ақындардың сөз саптау 
шеберлігі жөнінде айтылған ғалымдарымыздың осы пікірлерінің өзі аталмыш 
өнерді насихаттау барысындағы тілдік талғам дәрежесінің қаншалықты 
маңызды екендігін аңғартса керек. Айтыс тілінің кемелденіп, даму 


238 
тенденциялары өнердің әлеуметтік-қоғамдық мәнінің артуын ғана емес, оның 
өміршеңдік, бұқаралық сипаттарын да айқындай түсетін құбылыс. Айтыстың 
мерзімді баспасөзде жариялануы, кітап болып басылып шығуы, теле,- 
радиохабарларынан беріле бастауы, өнердің ақпараттық-насихатшылдық өрісін 
кеңейте түсуімен қатар, оның тіл мәдениетін қалыптастырудағы ықпал-әсерін 
де күшейте түсті. Халқымыздың тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, дәстүр-салты 
сияқты толып жатқан рухани құндылықтарының барлығы ақындар айтысынан 
тысқары қалмайтын тақырыптар. Осындай ұлттың мәдени мұрасының асыл 
қазыналары айтыс өнері арқылы халқымен қауышып кең насихатталып жатуы 
қазақ халқы үшін, сөз жоқ, баға жетпес игілік еді. Кешегі кеңестер заманында 
ақындар айтысының осы ерекшелігінен сескенген коммунистік партия оның 
ұлттық сипатта насихатталуына барынша қарсы болды. Кеңес дәуірі тұсындағы 
айтысқа жасалған қиянат туралы ақын-журналист Ж. Ерман былай деп еске 
алады: «Айтысқа» жасалған қысым-қиянат ойға түссе, әлі күнге аза бойым қаза 
болады. Тоқырау тұманының арасынан шырылдап шыққан ақындар айтысының 
ащы шындық дауысы әркімдердің-ақ шамына тисе керек. Әр айтыстан кейін 
телерадиокомитеттің төрағасы К. Смайылов үлкен үйге шақырылатын. Ол «ана 
жерін қиып таста, мына жерін өшіріп таста» деген нақты нұсқаулармен 
оралатын» [122, 126 б.]. 
Кеңестік биліктің айтысқа шүйлігуінің басты қаупі, қоғамдық 
келеңсіздіктерідің әшкереленуі немесе ұлт мүддесіне қатысты ойлардың ашық 
айтылуы ғана емес еді, ең бастысы, қазақ тілінің қанаттанып, кең насихатталып 
кетуі болатын. Тілге тұсау салу дегеніміз, ұлт руханиятының жанданып кетуіне 
жол бермеу, екендігін коммунистік билік жақсы түсінді. Дегенмен де осындай 
қиыншылық, қиянаттарға қарамастан айтыс өнері өзінің шығармашылық 
ғұмырын тоқтатқан жоқ. Әрине, бәсеңдеу, билікпен санасу сияқты нышандар 
болғанымен, айтыс өзінің ұлттық рухын жоғалтқан жоқ. Осындай саяси қыспақ, 
қоғамдық қиыншылықтарға қарамастан айтыс өнері өрісін кеңейтіп, өрлеу 
үстінде болды. Бұл жерде өнердің қамқоршысы әрі ұйымдастырушысы
Ж. Ерманның іскерлігі мен ұлтжандылығын, азаматтығын орынды атап өткен 
дұрыс. «Айтыс» туралы айтыс, тәуелсіздік алған жылдардан кейін де бой 
көрсетіп отырды. «Айтыс үшін сайтанмен де тіл табысамын» [122, 170 б.], –
деген Ж. Ерман пікірі де осындай жағдайларға қатысты айтылса керек. 
Ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, бүгінгі жастарды елді, Отанды сүюге 
шақыратын патриоттық насихат, халықтың тарихи қалыбын танытуда айтыс 
өнері, сөз жоқ, нәтижелі жұмыстар атқарды. Айтыстың кең насихатталуы ұлт 
тілінің өркендеуіне тиімді жағдай қалыптастырды. Бұл туралы зерттеуші 
ғалымдарымыз да анық байқап, оның (айтыстың) тиімділігін нақты мысалдар 
арқылы көрсетіп берді. «...Айтыстың теледидар арқылы берілуі шын мәнінде 
өнердің өрісін кеңейтті. Біріншіден, ақындардың бұл өнерге кездейсоқ 
келмегенін танытса, екіншіден, зерделі қауымның өз ой-пікірлерін бүкпесіз 
айтып, айтыстың дамуы мен қалыптасуына жол ашты. Жер-жерде өнер жарысы 
қолдау тауып, балабақша бағдарламаларына енді. Мектептер де бұған 
құлшыныс көрсетті...» [197, 103 б.]. 


239 
Айтыстың балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында арнаулы оқу-
бағдарламаларына енгізілуі – өнердің тәрбиелік-тағылымдық мәнінің аса 
маңыздылығын танытатын жағдай. Ақындар айтысы ұлттың менталитетіне 
етене жақын өнер болғандықтан, өскелең ұрпақтың оны санасына тез сіңіріп, 
қабылдауы табиғи заңдылық. Ұлттық сөз өнерінің насихатталуын мынадай 
құрылымда саралап көрсетсек, біз сөз етіп отырған айтыс тілінің екі түрлі 
сипаты айқындалады. 
Көркем әдебиетте сөз өнері проза (қара сөз), поэзия (өлең) түрінде көрініс 
тапса, журналистикада публицистика (қара сөз) айтыс (жыр) үлгісінде 
баяндалады. Бұл жерде айтыс өлеңдерінің журналистикаға қатыстылығы 
туралы ғана тоқтала кеткен жөн. Айтыс өлеңдері жазба поэзияға қарағанда 
өзінің ақпаратты-деректілігі, насихатшы-мағлұматтық сипаттары арқылы 
публицистика жанрына көп жақын екендігін танытады. Сондықтан да айтыс 
тілі қашанда әлеуметтік-қоғамдық салалардың барлығымен тамырлас-сабақтас 
болып жатады. Бұқаралық ықпалдылығы жағынан айтыс тілінің икемділігі мен 
оңтайлылығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, жоғарыда келтірген 
балабақша, мектеп қабырғасындағы жас өркендердің өзі айтыс өнеріне бейім, 
ынталы болып келетіндігін ғалымдарымыз былайша көрсетеді: «...Ал, халық 
мұрасына деген ілтипатты ұрпақ жүрегіне сіңіру – баршаның ісі. Яғни, айтыс 
өнеріне деген алғашқы ықылас осы бала кезден басталады. Ең алдымен 
айтыстағы ұтқыр сөз тауып, қисынды ой, тапқыр қару айтуға негізделген 
диалогтық форма баланы ерекше қызықтырады. Сөзбен қағысу, оймен жарысу 
сияқты ойындық элементтер бала психологиясына етене жақын құбылыс...» 
[198, 122 б.]. 
Ғалымдарымыздың осындай пікірлеріне жүгіне отырып, ақындар 
айтысының тіл ұстартудағы әсер-ықпалының қаншалықты маңызды екендігіне 
көз жеткізе түсеміз. Айтысты сөз өнерінің әліппесі ретінде танып, оның 
тәрбиелік-тағылымдық тұрғыдағы рухани қажеттілігін айқындау, толғағы 
жеткен мәселе. Белгілі авторлардың айтыс үлгілерін жазуы өнердің дәстүрінде 
бар құбылыс. Балабақша мен мектептің төменгі сынып оқушылары үшін айтыс 
жырларының дайын үлгілерін үйрету, ұлт руханиятын ұрпақ бойына сіңірудің 
ең оңтайлы, тиімді түрі болмақ. Бұл, біріншіден, жас өркеннің бойына ұлттық 
өнер нышанын дарыту болса, екіншіден, туған тіліміздің асыл қасиетін 
саналарына сіңірудің бірден-бір дұрыс жолы. 
«Баспасөз тілінің мәдениеті» туралы пайымдамасында белгілі жазушы Ж. 
Дәуренбеков мынадай пікірлер келтіреді: «Баспасөз тілі – жай қағаздың үні 
емес, баршамыздың тіліміз. Баспасөз бетіндегі ана тіліміздің ажары да, ақыл-ой 
тереңдігі де, мәдениеті де халқымыздың болмыс-қасиетін, рухани тынысын, 
талғамын танытады» [139, 254 б.]. 
Тіл мәдениетін қалыптастырудың бірден-бір көзі БАҚ деп танитын болсақ, 
сол ақпарат құралдары арқылы жарияланып, насихатталып жатқан айтыс 
жырларының өзіндік ерекшелік-қырлары туралы мынадай пікірлер айтуға 
болады. Ең алдымен теле-радиохабарлары арқылы тыңдарман-көрерменнің 
назарына ұсынылатын айтыс жырларының әсер-ықпалына тоқталсақ.
А. Байтұрсынұлы өзінің «Тіл (лұғат) әуезділігі» жөніндегі еңбегінде сөз 


240 
әуезділігі жөнінде мынадай пікір келтіреді: «Әуезділік деп сөз турасында 
айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін 
айтамыз. Сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу жағымды болуы – дыбыстарының 
тізілу түрінен. Сондықтан сөз әуезділігі де болады, сөйлеу әуезділігі де 
болады»[153, 177 б.]. 
Теле-радиохабарлары арқылы берілген ақындар айтысының тілдік қуаты 
ең алдымен өзінің үн әуезділігі, әуен-мақамы арқылы тыңдарман-көрерменді 
эстетикалық ләззатқа бөлейді. Монотонды (бірқалыпты) айтылған сөзден гөрі, 
үн-әуезбен әспеттелген сөздің адамға зор әсер ететіндігі белгілі. Айтыс 
жырларының да тілдік қуаты осындай әуезділік қасиетімен ерекшеленеді. 
Ізденуші ғалым Ш. Құмарұлы «Қытай қазақтарының ақындар айтысындағы 
ерекшелігі» атты мақаласында осы мәселеге тереңірек мән береді: «Ақындар 
айтысы қарамаққа
жалаң сөз сайысы сияқты көрінгенімен, оған ішкерлей 
үңілсек, онда бірінші әсем әуенді әншілік, екінші тамылжыта шертіп жақсы 
сүйемелдей алатын домбыра шерту өнері, үшінші әріптестің ұрымтал жерден 
ұстаған шұғыл шабуылына іркілмей жауап табатын ұтымды ойлылықты, 
төртінші осы логикалы жауапты жаңылмай өлең тілі мен жеткізетін орақ тіл 
шешендікті қажет ететін көп өнерді бір бойына жинаған ерекше өнер. 
Сондықтан ақындар айтысын, ақындардың тіл шешендігі мен бейнелеу 
шеберлігі және сөз саралау жағындағы ұтымдылығын зерттеген кезде, олардың 
музыкалық сүйемелдеу шеберлігін, ән әуеннің жағымдылық жақтарын да қоса 
зерттеуге тура келеді» [199, 222 б.]. 
БАҚ арқылы тіл мәдениетін қалыптастырудағы айтыс өнерінің осындай 
ішкі заңдылықтары туралы кеңірек айтуымыздың да осындай себептері бар. 
Әсіресе, айтыс ақындарының ішкі толғаныстары мен эмоционалды кейіптегі 
жыр жолдары тыңдарман-көрерменді бірден баурап алады. З.С. Смелкова,
Л.В. Ассуйрова, М.Р. Савова, О.А. Сальнакова сияқты Ресей ғалымдары 
шығарған «Риторические основы журналистики» атты кітапта осы мәселеге 
қатысы бар мынадай пікір келтіріледі: «Психологи определяют говорение как 
«процесс выражения мыслей человека, его чувств и желаний посредством 
языка с целью воздействия на собеседника в процессе общения» (В. Артемов). 
В этом определений подчеркнут коммуникативный аспект процесса. С другой 
стороны, говорение – произносительная система: звучание речи, ее 
произнесение. Взамосвязь этих аспектов органична: они одовременно 
присутствуют в речевом акте в соответствующем лесико-синтаксическом и 
фонетическом оформлении» [200, с. 60]. 
Оқырман немесе тыңдарман-көрерменнің зерде-зейінін, таным-түйсігін 
кеңейтуде айтыс өнері өзінің кейбір шығармашылық мүмкіндіктері арқылы 
басқа сөз өнері түрлеріне қарағанда халыққа тым етене жақын тұратындығы 
белгілі. Айтыс табиғатына тән үгітшілдік, насихатшылдық, ақпараттық деректі 
мағұлматтық қырлары танымдылық тұрғыдан халық рухани қажеттілігін қалай 
қанағаттандырса, осы сипаттарды жарқырата көрсетуде айтыс тілі де өлшеусіз 
қызмет жасайды. Ой мен тіл үйлесімділігіне үн әуезділігі қосылып, айтыс 
жырлары біртұтас композициялық желі құрайды. Айтыс тілінің ажарын 
келтіріп, абыройын асыратын тәсілдің бірі, ақынның байырғы сөздік 


241 
тұлғаларды қайта қолданысқа енгізуі болып табылады. Қазіргі әлеуметтік-
тұрмыстық деңгейге түсіп, мейлінше ресмилене бастаған ұлт тілін, өзінің 
байырғы табиғи болымысына жақындату, ақын-жазушы, журналист сияқты 
шығармашылық иелерінің асыл борышы екендігі ақиқат. Сол тұрғыдан 
қарастырар болсақ, осы мәселеге барынша ықпал етіп, кең насихаттап жүрген 
шығармашылық салалардың ішінде айтыс ақындарын ерекше айтамыз. 
Өйткені, айтыс ажары ана тіліміздің асыл – жауһар сөздері арқылы көрініс 
тауып, бағаланады. Кейде айтыс барысында айтылып қалған жалғыз ауыз 
сөздік тұлғаның өзі, ақынның бағын ашып, абыройын асырады. Ұмыт бола 
бастаған сөз жәдігерлерін қайта тауып, тілдік қолданысқа енгізу, ақындар 
айтысында жиі ұшырасады.
Бекарыс: ...Баһорым – мерекенің айы емес пе, 
...Мүбарак болсын құрбан айтарыңыз. 
Табарак ырыс қосып ырысына... [123, 113 б.]. 
Мұхамеджан: ...Қызырлы елдің бәйгесін қыздырайын, 
Қызыл желге ұстатып тізгінімді... [123, 31 б.]. 
Айтыс жырларында жиі кездесетін ұлт ұғымына жақын мұндай әсерлі 
сөздер тыңдаушы-көрерменнің есінде тез сақталып қалады. Өйткені, көбіне 
қазіргі сөз қолданысындағы әлеуметтік-тұрмыстық сөйлемдер арасынан мұндай 
ұғымдар, қашанда ерекшеленіп тұратындығы белгілі.
Айтыс тілінің айшықты, көркем болуының да көптеген заңдылықтары бар. 
Ең алдымен айтысушының ұлттық әдебиет пен тарихты жетік білетін білгірлігі, 
сондай-ақ сөз еркіндігі, ой азаттығы сияқты категориялар тілдің еркін көсілуіне, 
жарқырап көрінуіне мүмкіндіктер туғызады. Айтыс тілінің лингвистикалық 
сипаттарына әдіснамалық пайымдаулар жасаған белгілі тіл маманы, ғалым 
Ж.Жақыпов мынадай пікірлер келтіреді: «Коммуникативтік лингвистика 
өкілдері тіл қатысудың (диалог) мынадай түрлерін көрсетеді: әңгіме, сұхбат, 
диалог, интервью, пікірталас, жарыссөз. Қазіргі ақындар айтысы диалогтан гөрі 
пікірталас, жарыссөз деңгейіне көтерілгендей. Өйткені диалог – таза сұрақ-
жауап; сұхбат – белгілі бір тақырыпқа құрылған әңгіме; интервью – бір 
адамның пікірін айқындау. Ал пікірталас – қоғамдық белгілі бір өткір мәселеге 
әртүрлі көзқарастардың дәлелдік таластары, жарыссөз – белгілі бір тақырып 
(мәселе) алынып, белгіленген, бекітілген қатысушылардың өзіндік пікірлерінің 
салғастырылуы...» [201, 49 б.]. Ғалым Ж. Жақыпов келтірген айтыстың 
мәтінтүзімдік, психолингвистикалық, коммуникативтік ерекшеліктерінің 
осындай сырына ден қоя отырып, айтыс ақындарының жыры кейбір жағдайда, 
монологтық сипатқа да құрылатындығын ескерткіміз келеді. Монологтық сипат 
көбіне ұлт руханиятына қатысты тіл, дін, жер, тарих сияқты толғамды 
мәселелерді қозғағанда ерекше реңк алып отырады.
Айтыс мазмұнының негізгі қырын айқындайтын пікірталас, жарыссөз 
сипаттары тілдің барынша ашылып, барлық қасиетін жарқырай көрсетуіне
мүмкіндіктер береді.


242 
Ой қақтығысы, пікірталас айтыс мазмұнының ашылуын қамтамасыз 
етумен қатар, ақын тілінің мейлінше көркем, кестелі болуына алғышарттар 
жасайды. 
Қазіргі айтыстағы тіл мәдениетін сөз еткенде, алдымен ақындардың ішкі 
мүмкіншіліктері, яғни ой-өріс, білім деңгейі, оқып-ізденуін алдыңғы орынға 
қоямыз. Іздену мен оқудың, еңбектенудің нәтижесі қашанда өз жемісін берері 
сөзсіз. Ішкі дайындығы жоқ ақындардың айтыстан бас тартып жататындығын 
тәжірибеден жиі байқап жатамыз. Бұл нені көрсетеді? Ең бастысы айтыс 
ақындарының өнерге үлкен жауапкершілікпен қарайтындығы қуантады. Қазіргі 
ақындар күнделікті теле, радиоақпараттарын тыңдап, газет-журнал оқып, 
білімін күн сайын жетілдіріп жүруді әдетке айналдырды. Айтыс барысында 
тосыннан қойылған сауалға мүдірмей жауап беріп жатулары да ақындардың 
үнемі ізденісте жүретіндігін аңғартады. Айтыста көтерілетін белгілі бір 
проблема төңірегінде алдын ала материалдар жинастырып, оны ойша екшеп, 
саралайды. Қойылатын сұрақ немесе әңгіме ауаны қандай жағдайда өтетіндігін 
ойша шамалап, соған орай дайындықтар жасайды. Міне, осы айтылған талаптар 
үдесі ақынның мүдірмей, еркін сөйлеуіне қалыпты жағдай туғызады. Айтыс 
тілінің ажарлы, салмақты болуы да осындай дайындықтар негізінде өз жемісін 
беріп отырады. Көрнекті ғалым Әбдуәли Хайдаров “Шығарма тілі – көркем 
әдебиет өзегі” атты ғылыми баяндамасында мынадай пікірлер келтіреді: “Біздің 
түсінігімізше, жазушының тіл байлығы оның лексиконындағы қолданылатын 
сөз не сөз тіркестерінің көптігімен ғана өлшенбесе керек. Әрине сөзді көп 
білген жақсы-ақ. Ал сол сөздердің парқы мен астарын, мазмұны мен мәнін, 
сапа-салмағын жетік білу, оларды саралай келіп, өз орнында дұрыс жұмсау, 
барлық бояу-нақышымен дәл де әсерлі етіп қолдана білу, одан да жақсы” [202, 
46 б.]. 
Ғалым Ә. Хайдаров келтірген осы пікір жазушыларға орай айтылғанымен, 
бұл талап сөз өнерімен айналысатын барлық шығармашылық адамдарға 
қатысты қағида. Сөздің парқы мен астарын, мазмұны мен мәнін, сапа-салмағын 
жетік біліп, өз орнында дұрыс жұмсау қазіргі айтыс ақындары үшін ең басты 
міндет болмақ. Қазіргі айтыс өлеңдерін зерделей отырып, ақындардың үнемі 
осы айтылған талап үдесінен шығып жататындығы қуантады.
Көрермен-тыңдарманның айызы қана тыңдап, қошеметтеп қол соғуы, сөз 
жүйесіне қатысты айтылған жоғарыдағы талап-міндеттердің орындалуынан деп 
түсінеміз. Осыған қосымша ақпарат құралдарының функционалдық қызметін 
саралап көрсеткен ғалым Б. Момынованың мына тұжырымдары айтыс 
жырларының тілдік, мазмұндық қызмет аясын журналистикаға мейлінше 
жақындата түседі.
“1. Түрлі оқиға, факті мен ситуация туралы оқырманға, тыңдаушы мен 
көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информациялық-ақпараттық 
функциясы; 
2. Қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипатты информациямен 
таныстыру барысында сол информацияны қабылдаушының таным-түсінігін, 
білім-біліктілігін арттыруға септесетін ағартушылық-танымдық функциясы; 


243 
3. Қоғамдық пікір қалыптастыру, адамдардың көзқарасын кеңейту және 
қоғамда болып жатқан инверсиялық өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-
саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси-
оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету 
функциясы” [203, 4-5 бб]. 
Біз зерттеуші келтірген ақпарат көздеріне ортақ қызметтердің бес түрінің 
үшеуін ғана келтіріп отырмыз. Мұның сыртында белгілі бір факті, дерек туралы 
хабардар етіп, түсінік-комментарийлер, баға беруге, талдау жасауға ұшталып
жататын комментарийлік-бағалаушылық функция мен информацияның 
таратылуы кезіндегі қабылдаушының эстетикалық талғамынан шығуы үшін 
тимді тәсілдердің пайдалануы және сол арқылы жағымды эффектілер тудыру – 
гедоникалық функциялары бар екендігін де көрсете кеткен жөн. Ғалым
Б. Момынова келтірген бұқаралық ақпарат құралдарының осындай 
функционалдық 
құрылымы 
арқылы 
журналист-публицистер 
тілінің 
қаншалықты күрделі қызметтер атқара алатындығын ойша бағамдауға болады. 
Ақпарат құралдарына байланысты айтылған тілдің функционалдық қызметінің 
айтыс өнеріне қаншалықты қатысы барлығын жоғарыда көрсетілген 
айқындамалардан анық аңғаруға болады. Б. Момынова келтірген бес 
функционалдық айқындамаға айтыс жырлары барлық қырымен, толық жауап 
береді.
Айтыс тілінің күнделікті өмірмен тікелей қарым-қатынаста болғандығы 
һәм сөз мәдениеті мен сауаттылығын қалыптастыруда ерекше рөл 
атқаратындығын осындай күрделі процестерді игере отырып, насихаттай 
алатын публицистикалық қырынан анық байқаймыз.
Тәуелсіздіктің он сегіз жылы, тіліміздің ажарын ашып, қорын молайтты. 
Осындай ізгілікті істің басында ұлт рухани мұрасының асыл қазынасы айтыс 
өнерінің де болып, оған белгілі дәрежеде ықпал ете алғанын уақыттың өзі 
дәлелдеді. Бұл туралы қазақ журналистикасының тарихын зерттеуші 
ғалымдарымыз да орынды көрсетіп өтеді. «Айтыс» атты хабар көгілдір эфирден 
жарқ еткенде, бүкіл қазақ жұрты елеңдесті. ...Бұл өнер – жер бетіндегі тек қазақ 
пен қырғыз ұлттарына тән. Халықтың ешқашан ұмытпайтын, қанында 
қалыптасқан дәстүрі еді. Кеңес Одағының өзі ең қаһарлы 1943 жылы Ұлы Отан 
соғысы кезінде елдің рухын көтеру үшін айтысты қолданған. Ол кинохроникада 
ғана сақталған. Ал елуінші жылдары индустрияландыру мен тың игеру науқаны 
басталған соң айтыс ұмыт қала бастаған. Өйткені айтысқа дем беру – қазақ 
тіліне дем беру деген сөз. Сондықтан оның ұйымдастырылуы және эфирден 
көрсетілуі өте елеулі жайт болды» [204, 107 б.].
Ұлттық тілдің сапасының артуы мен насихатталуы тұрғысынан айтыс 
өнерінің өте ықпалды рөл атқарғандығын мынадай бағыттар арқылы 
айқындауға болады: Біріншіден – телеарналарда қазақ тілді хабарлардың 
уақытын молайтуға себепкер болды. Екіншіден – ұлттық тілдің мүддесін 
қорғаушы ретінде, бұқаралық пікір қалыптастырды. Үшіншіден – тақырып 
ауқымдылығының кеңдігі ұлт тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-
дәстүрін, тілін, дінін т.б. толып жатқан рухани құндылықтарды танып, білуге 
мүмкіндіктер туғызды. Жоғарыда келтірілген «Айтысқа дем беру – қазақ тіліне 


244 
дем беру» – деген ғалым пікірі осы ерекшеліктерді ескергендіктен айтылса 
керек.
«Сөз – ой өрнегінің мағыналы бөлшектері. Сондықтан қарапайым ой 
қаңқасы да, айқын ойдың көріктеу бояуы да сөздер дәлдігімен өлшенеді. 
Бұлдыр ойдың сөздері күңгірт, алыстағы сағым сияқты бұлыңғыр болады. Сөз 
дәлдігі – ой дәлдігі» [205, 12 б.]. 
Айтыс табиғатына қарай ауызекі сөйлеу өнеріне жатады. Дегенмен де, 
қазіргі айтыс тілін поэтикалық тұрғыдан бағалар болсақ, әдеби тілдік норма 
қағидаларына сай құрылады. Дәл, анық әр сөзді тура мағынасында қолдану 
жаңарған айтыс ақындары үшін қалыпты жағдайға айналды. Мұның да өзіндік 
бірнеше себептері бар. Біріншіден, қазіргі ақындардың дені әдебиет пен тілді, 
тарихты зерделеріне тоқып өскен жастар. Бұл туралы ақын-журналист
Ж. Ерман былай деген болатын: «Бүгінгі айтыс пен кешегі айтыстың деңгейі де 
бөлек. Қазіргі айтыскерлеріміздің бәрі де жазба ақындар. Олардың жазба 
ақындардан артықшылығы – көп оқиды, көп ізденеді. Сондай-ақ өздерінің 
жазғанын домбыраға қосып, әнімен айта алады. Айтыскерлеріміздің сахнадағы 
айтысы жазба ақындар поэзиясының деңгейінен бір мысқал да кем емес. 
Тапқырлығы, қиялының ұшқырлығы, көркем образдары, жазба әдебиетте 
кездеспейтін керемет теңеулер, метафоралар, метонимиялар, образды ойлар 
ақындардың айтысында жүр» [122, 161 б.]. 
Екіншіден, тілдің даму эволюциясы, ауызекі сөйлеу түрін әдеби-тілдік 
нормаға біртабан болса да жақындата түсті. Балабақша, мектеп, қоршаған орта, 
заман ағымы, күнделікті ақпарат көзі мұның бәрі адамның сөз әдебі мен сөйлеу 
мәнеріне ықпал етпей қоймайды. Зерттеу барысында айтып өткеніміздей, 
қазіргі ақындар «Дегенде бал қарағай, бал қарағай», – деп ескіше толғап 
отырмайды. Қазіргі айтыскерлердің жыры төрт аяғын тең басқан, артық ауыз 
одағай, қыстырма сөздерден ада, таза жазба жыр үлгісінде төгіліп отырады. 
Мәселен, ақын Жүрсін Ерманның идеясымен өмірге келіп, республикалық 
«Алаш айнасы» газетінің бірнеше санында өткізілген қазіргі жазба айтыс 
нұсқаларын оқи отырып, жоғарыда айтылған пікірлердің ақиқатығына көз 
жеткізуге болады.
Дидар Қамиев: 
«...Қазақтың қайсар мінез, түйсікті ұлын,
Қаралауға жетіп тұр қырсықтығың.
Мені емес, алдыменен тезге салып, 
Түзеп ал төрелердің қисық тілін.
«Тіл арың» деп қаққанмен таңдай құр біз,
Бұл сөздің байыбына бармайды ұл-қыз.
Ар деген екі әріпті бұл күндері,
Екі бетке сыйдыра алмай жүрміз...» [206, 8 б.]. 
Бұл әрние, жазба айтыс нұсқасы болғанымен, қазіргі суырыпсалма 
сипатында дүниеге келетін кез келген жыр шумақтарының деңгейін танытатын 
үлгі. Қазіргі айтыс ақындары жырдың ішкі құрылымдары ғана емес, оның 
пішіндік (формалық) түрленуіне де ден қойып, оны сөз сайыстарында мінсіз 
қолдана алып жүр. 


245 
Әдебиеттану ғылымында «аллитерация» (тілді ажарлап, сөздің реңін 
келтіретін тәсіл) деп аталатын әдісті де айтыс жырларынан мол ұшыратуға 
болады.
Кәрима Оралова: «...Мақтанышы Айнұрдай ақыны бар Таразым,
Көрші деп қолқа салатын, жақыны бар Таразым.
Сондықтан исі қазаққа дем беріп тұрған Таразым,
Кем-кетігі түзеліп, жөнделіп тұрған Таразым» [207, 175 б.].
Айтыс жырларында жиі кездесетін тәсілдің бірі «анафора» әдісі. Анафора 
қазақ поэзиясының табиғатына тән қасиет.
Сара Тоқтамысова: «...Жақұтым деп көлдегі,
Бақытым деп жердегі.
Маңырап қалма артымнан, 
Маралдай қашсам белдегі...» [208, 247 б.].
Қазіргі айтыста, әсіресе кейінгі буын жас айтыскерлер арасында жырды 
әдемі өрнектеуге ажар, айшық қосып айтуға әуестенушілік басым. Мәселен, 
«ассонанс» тәсіліндегі төмендегідей жыр жолдары қазіргі айтыста жиі 
байқалады.
Елмірбек Иманәлиев: 
«Амансың ба, ағайын,
Амандасып алайын.
Алатаудың суындай,
Ақтарылып ағайын.
Айтысқанда көрдіңдер,
Ақындардың талайын.
Арғымақтай арынды,
Ағындап бір шабайын...» [209, 195 б.].
Сөз өнерінің осындай сипат – қасиеттерін танытатын ғылыми ұғымдар мен 
терминдер жүйесінің барлық категорияларын айтыс жырларынан тауып, 
көрсетуге болады. Бірақ негізгі мақсат ол емес. Ең бастысы айтыс өнерінің 
ұлттық тіліміздің өркендеуіне тигізіп отырған әсер-ықпалын ғылыми тұрғыда 
айқындау болып табылады.
Айтыс тілінің тамыры терең, мағыналы да мәнді, ажарлы болуының басты 
кепілі тақырып өзектілігі мен жырлау объектісінің сан-салалы екңдігімен 
өлшенеді.
Айтыста қозғалмайтын тақырып жоқ. Әрі сол мәселенің барлығы ұлттық 
ұғым аясында өрбіп, көрініс тауып жатады. Тәуелсіздік тұсындағы ақындар 
айтысының тағы бір бақыты, ой азаттығы мен сөз еркіндігінің шексіздігі еді. 
Осы критерийлер айтыс тілінің мейлінше бай, көркем болуына мүмкіндіктер 
туғызды. БАҚ арқылы кеңінен насихатталып, ұлттық мүдде тұрғысында жұмыс 
атқарған айтыс өнері халықты ғасырлар бойы армандаған аңсар-мұраттарымен 
қауыштырды.
«Тіл – ұлттық сана, ұлттық психологиямен тамырлас. Мыңдаған жылдық 
тарихы бар тіліміз соқтықпалы, соқпақсыз жерлерден өтті. Халықтың ұлттық 
санасымен бірге өсті, бірге дамыды, бірге қалыптасты. Демек, халықтың бала 
кезінде туған тіл, сол халықтың дана кезіне ұланғасыр ғажайып мұра арқалап 


246 
жетті. Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе болған жоқ. Ол – тарих, ол – 
мәдениет, ол – әдебиет» [210, 75 б.]. 
Ұлт тарихының, мәдениетінің, әдебиетінің қайнар көзі тілден бастау 
алатынын пайымдасақ, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында өмір сүріп 
отырған қазақ халқы әлемдік өркениеттен өз орнын тек рухани 
құндылықтарының арқасында ғана еншілейтіні ақиқат. Қазақ қоғамына қан 
тамырындай қуат беріп келген айтыс өнерінің өміршеңдік мұраттары, мемлекет 
болашағы үшін әлі де маңызды, игілікті істер атқаратындығына күмән жоқ. Ана 
тілдің ажарын ашып, мәртебесін көтерудегі айтыс өнерінің атқарған қызметі, 
сол асыл парыздың басты парасы деп бағалаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет