222
Ауғанды қиратып боп Ирак барып,
Ауыз салып мол байлық мұнайды аңдып жүр.
АҚШ-қа әскер, көмек береміз деп,
Бізден де бәз біреулер айқайлап жүр.
Біреудің жауын жеңіп бермек түгіл,
Онсыз да әскеріміз қайраңдап жүр.
Жарымай киер киім, ішер асқа,
Біздің әскер несімен жайраңдап жүр» [169, 270-271 бб], – деп жырлаған.
Айбек Қалиев бұдан әрі АҚШ әскерінің қырғыз бен өзбек жерінде
орнығып алғанын айтады. Қоғамдағы саяси ахуалды осылай деп бағамдаған
ақын АҚШ-тың әпербақан, кеудемсоқ пиғылын сынға алады.
Тегіміз Томирис, Күлтегіннен басталатынын айта отырып, Керей, әз-
Жәнібек заманындағы қазақ халқының өрлігін, Абылай хан тұсындағы
ынтымақ-бірлігін тілге тиек етеді. Жыр соңында Мөңке би, Шортанбайлардың
аманат сөздерін есіне алып, елді ішкі-сыртқы жаулардан әр кез сақ болуға
шақырады. Айтыстың бір кезегіне ғана жүк болған осыншама уақыт
проблемасы, өзінің өзекті де, өткір ойларымен халық санасына зор әсер етіп
тұр.
Айтыста көтерілген басқа проблемалар сияқты әлеуметтік-саяси мәселелер
де талдамалы-сараптамалы сипатта құрылып, тыңдаушы көрерменге ой
саларлық деңгейде ұсынылады. Бұл жағдай бұқара халық зердесіне қоғамдық
пікір қалыптастырумен қатар, адамдардың саяси көзқарасына, таным-түйсігіне
де белгілі дәрежеде әсер етеді. Ақындардың саяси тақырыпқа баруы
кездейсоқтық емес. Анығырақ айтсақ, айтыскерлердің әлемдік деңгейдегі саяси
мәселелерге тіл қатуы, айналып келгенде ұлттық мүдде талаптарынан
туындайды. Қазақстанның қазба байлығы, шетел инвесторларының елімізге
көптеп келе бастауы, шекара мәселесі, жер сату, Байқоңыр тағдыры, полигон,
«протон» зардаптары сияқты толып жатқан күрделі мәселелердің бір ұшығы
әлемдік саясатқа барып тірелетіні белгілі. Сондықтан да, уақыт, қоғам тудырып
отырған осындай көкейкесті проблемалар айтыс жырларында өткір көтеріліп
отырды. Көрнекті ғалым Ш. Елеукеновтың: «Саяси лирика, дүниетанымы
тарихилыққа, дәл қисынға теріс қарамауы керек. Жатық, жүйрік өлеңнің шарты
– бас изету, құптау, бәрекелді айтқышым-ау дегізу. Ал олай емес, былай ғой
деген күмән туғызған өлеңнен береке қашатыны әлмисақтан белгілі ақиқат», –
[168-352] деген пікірі де осындай мәселелерге байланысты айтылған. Айтыс
жырларындағы саяси-әлеуметтік лириканың да пайда болып, қалыптасуына
қашаннан қоғамдық өзгерістердің әсер етіп отыратындығы сондықтан.
Достарыңызбен бөлісу: