Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


-1991 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысындағы



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
2.4 1986-1991 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысындағы 
жаңашылдық пен жаңғыру үрдістері 
1980 жылдары БАҚ-ынан «Кемелденген социализм» сөзін жиі ұшыратуға 
болатын. Кеңес Одағында ішкі саяси тұрақтылық толық сақталып, алып 
империя экономикалық тұрғыдан сырт көзге әлі сыр бере қоймаған. Бірақ бұл 
үлкен дауыл алдындағы алдамшы тыныштық сияқты еді. 1986 жылдың 
қарсаңындағы кеңестік қоғам ахуалын тарихшыларымыз кейіннен былай деп 
бағалады:
«80-ші 
жылдардың 
бас 
кезінде 
Кеңестер 
Одағының 
барлық 
республикаларында аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 
Қоғамның саяси ұйымдасуы, экономикалық қатынастардың күні өткен жүйесі, 
елді күрделі дағдарысқа әкеліп тіреді» [107, 267-268 бб]. 
1985 жылы КОКП ОК Бас хатшысының қызметіне М.С. Горбачовтің келуі 
ұзақ жылдар бойы сірескен тоталитарлық сеңнің бұзылуына түрткі болды. Сол 
жылдың сәуір пленумы қоғамға демократия және ашық пікір деген ұғымдарды 
алғаш рет жариялады. Бас хатшының бұл шешімі ұзақ жылдар бойы 
қордаланып келген рухани күйзелістің бірден бой көтеруіне түткі болды. 
«Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауын тездеткен түйткілдің бірі – 1985 жылғы 
сәуір пленумының шешімі еді. Ондағы бар болғаны екі сөз – алып империяның 
іргесін шайқалтуға дейін әкелді. Демократия және жариялылық, әсіресе 
бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз және баспасөз бостандығына жол 
ашты» [107, 310 б.]. 
Әлі де Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан қоғамы үшін 
«жариялылық», «сөз бостандығы» ұғымдары алғашқыда тосындау естілгені 
анық. Бірақ алып империяда болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер 
Қазақстан халқына да өз әсерін тигізе бастады. Ой-пікірді ашық айту қағидасын 
саналарына орнықтыра бастаған халқымыздың ең алдымен ауызға алғаны, ұлт 
тілінің тағдыры болды. Жетпіс жыл бойы өгейлікке ұшырап, күнделікті 
тұрмыстың өзінде аясы мейлінше тарылып, жоғалудың аз-ақ алдында тұрған 
туған тілі үшін халықтың қатты алаң болуы заңды да еді. 1986 жылдан бастап 
Қазақстанның сол кездегі 19 облысы мен жүздеген аудан, кенттерінде «Қазақ 
тілі қоғамы» құрыла бастады. Осы кезеңдердің саяси-әлеуметтік ахуалы туралы 
тарихшыларымыз: «80-жылдары Арал құрғап, қазақ тілінің қолданылу аясы 
тарыла түсті, Семей және басқа да полигондарда үнемі жарылыстар жүргізіліп, 
әкімшілік жүйенің тұрақты серіктері: парақорлықтың, тамыр-таныстың, 
маскүнемдік пен халықтың әлеуметтік енжарлығының асқына түсуі кең етек 
алды», – деп жазды [107, 270 б.]. 


132 
1985 жыл осындай күрделі проблемаларды уақыт талқысына ұсынды. Дәл 
осы жылдары ақын, тележурналист Ж. Ерман облысаралық телеайтысты 
жарыққа шағарды. Ж.Ерманның бұл жобасы тек айтыс өнерінің өрісін кеңейтіп 
қойған жоқ, ол сондай-ақ ел ішіндегі әнші, термеші, жыршыларды да көпшілік 
алдына алып шықты. Айтыстың әлеуметтік, қоғамдық маңызын сөз етпес 
бұрын аталмыш тележобаның ұлттық өнерге тигізген құрылымдық, пішіндік 
сипаттарына тоқтала кеткен жөн. Алдымен, айтыс өнері өзінің ежелден келе 
жатқан ұлттық сипатына қайта оралды. Облысаралық телеайтыста айтыстың 
«сүре», «түре», «қайым», «қыз бен жігіт», «жұмбақ», «өтірік айтыс» түрлері
халықпен қайта қауышты. Бұл үрдіс айтыс жанрының қайта жандануын ғана 
қамтамасыз еткен жоқ, әрі оның мазмұнын заманға лайық икемдей де білді. 
Сондай-ақ айтыс сахнасына ақындармен қатар әнші, термеші, жыршылардың 
шығуы дәстүрлі өнердің рухани сабақтастығын айқындайтын құбылыс ретінде 
бағаланды.
Ақындар айтысын теледидардан көрсету, аталмыш өнердің өрісін 
кеңейтудің бірден-бір кепілі болды. Кеңес дәуірі тұсында өткізіліп келген 
ақындар айтысының бұқаралық сипатқа ие болып көпшілік ықыласына 
бөленуіне, сөз жоқ, телевизияның тигізген әсері мол болды. 1988 жылы 
«Жалын» баспасынан жарық көрген «Мәңгі көктем» атты «Қыз бен жігіт» 
айтысының топтамасының алғы сөзінде өнер зерттеушісі А. Бұлдыбаев 
телевизиялық айтыстың тиімділігі жөнінде былай деп жазады:
«Ендігі жерде республика жұртшылығы ақындар айтысын аңсай күтіп, 
жер-жерден суырыпсалма таланттарды іздеу, оларға қамқорлық жасау жұмысы 
жандана бастады. Халықтың осы сұранысын тез байқаған Қазақ 
телевидениесінің әдеби-драмалалық программалар бас редакциясының 
жігіттері С.Оразалинов (кейін Ж. Ерманов) Ә. Тауасаров, Т. Жағыпаров,
Т. Сарыбаев және осы жолдардың авторы, ғалым-жазушылар Т. Кәкішов,
Р. Бердібаев, М. Дүйсенов, Н. Ғабдуллин, М. Әлімбаев, С. Иманасовтардың 
ақыл-кеңесімен 
1983 
жылы 
республикалық 
телевизиялық 
айтысты 
ұйымдастыру ісін қолға алған еді» [108, 5-6 бб]. 
Осылайша өмірге келген телевизиялық айтыс көрермендер назарына өзінің 
тың жобаларын ұсынды. Сол кездегі Қазақстанның он тоғыз облысының он 
төрт облысының ақын-жыршы, термеші-күйшілері өзара командалық өнер 
сайысына түсті. Ақындар айтысының «сүре», «түре», «қайым», «тақырып», 
«қыз бен жігіт», «өтірік» түрлерін қамти отырып, термеші-жыршылар, 
күйшілердің де өнерін тамашалауға мүмкіндіктер туғызылды.
Дәстүрлі айтыстың жаңашылдық сипат алып, жаңғыру үрдістеріне ден 
қойған кезеңін осы телевизиялық айтыспен сабақтастыра қараған жөн. 
Бұрындары тек «сүре» айтыс үлгісі халық назарына ұсынылып келсе, ендігі 
жерде айтыстың көнеден бар, бірақ ұмыт бола бастаған түрлері төл өнерге 
қайта оралды. Бір өкініштісі, табиғаты күрделі, шеберлік пен үлкен 
білімдарлықты талап ететін «жұмбақ айтыс» түрі ғана, әлі жарық көре алмай 
келе жатыр.
Енді сол кездерде өткізілген телевизиялық айтыстың мақсат-мүддесін 
айқындайтын деректер көзіне зер салып өткен жөн сияқты. 1987 жылы август 


133 
айының 
28-29 
жұлдыздары 
күні 
Павлодар 
қаласындағы 
трактор 
жасаушылардың Мәдениет сарайында өткен республикалық ақындар айтысы 
жөнінде жазылған облыстық «Қызыл ту» газетінде телевизиялық айтыстың 
мән-жайы туралы, қазақ теледидарының әдеби-драмалық хабарлар бас 
редакцияның бас редакторы Ж. Ерман былай деп жазады: «...Енді аз сөзбен 
айтыстың мән-жайынан хабардар етелік. Басын ашып айту керек, бұл – 
телевизиялық айтыс, яғни Қазақ республикалық теледидары мұрындық болып 
өткізіп, төрт жылдан бері миллиондаған жыр сүйер телекөрерменнің сусынын 
қандырып келе жатқан айтыс. Бұл өнер сайысын 1983 жылы бастаған едік. Сол 
жылы телеайтыстың шарттарын дайындап, бағыттарын белгілеп, бүкіл он тоғыз 
облыстың мәдениет басқармаларына сөз салып, қазақ телевизиясы 
ұйымдастырғалы отырған облысаралық айтысқа қатысуын өтінген едік» [109]. 
Сондай-ақ, аталмыш мақалада телеайтыс мәреден шыққан төрт жылдың ішінде 
айтыстың жанрлық сипаты құлпырып, ұмыт бола бастаған көне айтыс 
түрлерінің қайта түлегендігін айтады.
Павлодар қаласында өткен республикалық айтысқа Қазақстанның 
Қызылорда – Шымкент, Солтүстік Қазақстан – Жезқазған облыстарының ақын, 
жыршы-термшілері қатысты. Жартылай финалға он төрт облыстың ішінен 
іріктеліп жолдама алған командалар жоғарыдағы ретпен өнер сайысына түсіп, 
екі күн бойы Ертіс өңірін асқақ жырға бөледі. Сүре айтысқа түсетін ақындар 
көбіне команданың бас ақыны ретінде танылды. Сол кездегі телевизиялық 
айтыстың тағы бір ерекшелігі, сайысқа түсуші облыс ақындарына кеңесші 
бапкер ретінде өнерді түсінетін, өлеңнен хабары бар адамдардың бектілуі еді. 
Мұның өзі телеайтыстың үлкен жауапкершілігін танытуымен қатар, сол кездегі 
айтыс ақындарының қабілет-қарымына да өлшем болады. Оның өзіндік 
себептері де баршылық. Дәл сол жылдары ақындардың суырыпсалмалық 
деңгейі қазіргідей дәрежеге жете қоймаған. Әрі әлі де болса коммунистік 
идеология өз үстемдігін халық шығармашылығына жүргізіп тұрған уақыт 
болатын. Сондықтан да ақындардың нені жырлап, нені айтатыны партиялық 
сүзгіден өтіп отыруы қатаң қадағаланатын. Дегенмен де, сол уақыт, дәуірдегі 
қоғам тынысы ақындар айтысында жан-жақты ашылып, уақытқа тән түрлі 
проблемалар сын тезіне алынып жататын. Осы кезде ескере кететін бір жайт, 
жыр сайысын өткізу түрлері (формасы) де айтысқа мазмұндық тұрғыдан көп 
өзгешелік әкелді. Мәселен, қазіргі айтыстардағыдай ақын даралық кейіпте емес, 
бүкіл бір облыс атынан сөз сөйлейді. Оның айтыста жеңіліп, жеңілмеуі қара 
басына ғана сын емес, бүкіл бір облыс халқына сын болып табылатын. Сол 
уақыттағы облысаралық айтыстың бір ерекшелігі, сөз сайысының өн бойынан 
ақынның жеке бас тағдырынан гөрі елдік тұрғыдағы мәселелер көбірек 
байқалып тұратын. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Көпбай 
Омаров пен сол кездегі Жезқазған облысының ақыны Шынболат Ділдебаев 
арасында өткен айтыста Көпбай ақын былай деп жырлайды:
Көпбай: «...Жіберген саңлағы едім қалап елдің,
Үстінде тұрған жанмын талап өрдің.
Күн құшқан Оңтүстіктің өңірінен, 
Сәлемді Астанаға ала келдім.


134 
...Бір миллион төрт жүз мыңдай халқымның, 
Мойныма келіп тұрмын артып жүгін...» [110, 91 б.]. 
Облысаралық сөз сайыс, төл өнердің қоғамдық маңызын тереңдетіп қана 
қойған жоқ, ол сондай-ақ айтыс жырларының публицистикалық сипатын 
барынша айқындата түсті. Айтысушы екі облыстың ақындары сөз сайысы 
болардан ай шамасы бұрын арнайы іссапарда болып қарсылас жақтың 
шаруашылығы мен әлеуметтік жағдайларына қанық болып қайтатын. Іссапарға 
келген ақындарды облыс басшылары қарсы алып, ауыл, аудандарды аралатып 
ел тұрмысымен танысуына мүмкіндіктер жасады. Айтысушы ақынның 
шығармашылық іссапарға шығуы, кәсіби журналистердің қызметін еске 
түсіреді. Мәселен, 1986 жылы өткен Ақтөбе, Жезқазған облыстары 
ақындарының командалық айтысында Жезқазған облысының бас ақыны 
Шынболат Ділдебаев қарсылас ақын облысына қатысты мынадай деректі 
уәждер келтіріп сынға алады:
Шынболат: «...Сонау бір Ақтөбенің бөктеріне,
Болыпты жүз жыл қоныс тепкеніңе.
Тал егіп көгерте алмай айналаңды
Отырсың әлі желдің өкпегінде. 
Заводтың көтерілген шаң-түтіні 
Не дейсің қалаға кеп төккеніне? 
Химзавод, ет комбинат қалдықтарын 
Електің өзеніне төккенің не?..» [110, 109 б.] 
Ақтөбе облысының экологиясы мен экономикасын, әлеуметтік жағдайын 
осылайша жеріне жеткізіп сынау, әрине айтыскер ақынның барлық жайды 
көзімен көріп, қанығып қайтқандығын дәлелдейді.
Облыстар арасында өткізілген телевизиялық айтыс бұқара халықтың 
қызығушылығын арттыра түсті. Айтыстың бұл түрі халық арасында 
талантымен таныла алмай жүрген көптеген өнерпаздардың тұсауын кесті. 
Өтірік айтыстың хас шеберіне айналып, «тазша бала» атанған жезділік Бақыт 
Сүлкеевтердің ел аузына ілігуі дәл осы кезеңдерден басталды. Ж. Ерман 
жетекшілігімен ұйымдастырылған телеайтыстың халық өнерпаздарын жарыққа 
шығуына тигізген ықпалы жөнінде кейіннен ғалымдарымыз, өнер 
зерттеушілері жазып та, айтып та жүрді. «Ел іші – алтын бесік» дегендей, әрбір 
жаңа айтыс кезеңдерінде өнер иелері табылып келеді. Солардың бірі – 
Түркістан ауданынан келген Тәушен Әбуова. Шымкент және Семей облыстары 
ақындар айтысының жаңалығы, осы Тәушеннің табылуы болды... Тәушен 
Әбуова айтыс өнеріне жетіктігімен көзге түсіп, жүлделі орындарды иеленіп 
келе жатқан семейлік ақын Қалихан Алтынбаевпен айтысында нағыз жүйрік 
екенін көрсетті, әріптесінің адуын, өктем сөздеріне ұтқыр жауап айтып, басым 
түсіп отырды. Өнерін жетілдіре түссе, Тәушеннен бұрынғы айтыс 
тарландарынан кем түспейтін нәтиже күтуге болады [111, 91-92 бб]. 
Расында да, Қалихан мен Тәушен ақындардың айтысы ел есінде ұзақ 
сақталып, ауыздан-ауызға тарап жатты. Айтыс сахнасына алғаш шыққан 
Тәушен ақын өзінің қолма-қол айтыстың нағыз майталманы екенін бірден 
танытты. Қарапайым еңбек адамы (сауыншы) болғанына қарамастан, ойының 


135 
зеректігі мен ұтқырлығы тұрғысынан Тәушен ақын, сол кездегі әріптес айтыс 
ақындарының көпшілігінен көш ілгері тұрды.
«Сыйға-сый, – деген сөз бар, сыраға – бал,
Қарымын шамаң келсе, қайтарып қал. 
Ауылынан сол Абайдың кеп отырмын,
Болсам да жұдырықтай бір қара шал» [108, 302 б.], – деген Қалихан 
ақынның сөзіне, Тәушен ақын табан астында былай деп жауап қайтарады: 
«Кім білмейді Абайды Семейдегі, 
Мен де сөзді айтайын көмейдегі. 
Жерлесім деп отырсың бауыр басып, 
Абай бізге, айтшы өзің, өгей ме еді? 
Ол Абай жердікі емес, халықтікі, 
Мынау ақын, халқым-ау, не дейді енді?» [108, 302 б.]. 
Оқыған, тоқығаны көп, ұзақ жылдар айтысқа қатысып, тәжірибе жинаған 
Қалихан ақын қарсыласынан оқтын-оқтын сөз соққысын алып, есе қайтарудың 
барлық амалын қолданады. Тіпті Тәушен ақынның жеке басына тиісіп оның 
отбасы, ошақ қасында жүргенін де мін ретінде келтіреді:
«От жағу, сиыр сауу сенің қолың,
Қалайша Алматыға түскен жолың? 
Шекиген қара кемпір көрінесің, 
Отырмын ұстасуға толмай қолым» [108, 305 б.]. 
Қалихан ақынның бұл сөзіне сабырлық танытқан Тәушен ақын, кезегі 
келгенде былай деп жауап қайырады.
«Сіздей ақын жоқ нәрсені сөз қылады, 
Естігеннің құлағын мезі қылады. 
Тілі теңдес сөзіме ақын болса, 
Ашылар ед, әттең-ай, сөз бұлағы» [108, 306 б.]. 
Айтыс жырларының басты критерийі, сөз жоқ, екі ақынның ой қақтығысы, 
яғни, табан асты сөз тауып, жауаптасып отыруы екендігі белгілі. Ақындар 
айтысының табиғатын ашатын басты ерекшелік те осы сипат. 1983-1989 
жылдар аралығында өткізілген облысаралық телеайтысында аталмыш өнерге 
тигізген игі әсерін осы тұрғыдан бағалаймыз. Кеңес дәуірінде суырыпсалмалық 
сипатынан ажырай бастаған айтыс өнері 80-ші жылдар үстінде өзінің табиғи 
болмысына қайта орала бастады. Ақындардың суырыпсалмалық шеберлігін 
шыңдауда, әсіресе айтыстың «түре», «қайым» түрлері көп әсерін тигізді. 
Ақынның ішкі дайындығы қаншалықты мол болғанымен сахнаға шыққан 
ақындар «қайым» мен «түреде» суырыпсалмалық шеберлікке біртабан 
жақындап, шыңдала бастады. Осы машықтану әдістері айтысушы ақынды 
суырыпсалмалық деңгейге көтерді. Сол жылдардағы түре айтысының ең 
таңдаулы үлгілеріне Ерік Асқаров пен Әсия Беркеновалардың сөз қағысуларын 
жатқызуға болады. Бұл айтыс мазмұндық тұрғыдан соншалықты ауыз 
толтырып айтуға келмегенімен, ақындардың шеберлігін, суырып салуға 
әзірлігін танытқан жыр сайысы ретінде халық есінде қалды. «Түре» айтыстың 
шарты бойынша, ақындар тек жалғыз шумақпен сөз қағысып отырады. Әрине, 


136 
мұндай жағдайда ақындардың күрделі, әлеуметтік мәселелерді қозғауға 
мүмкіншіліктері келе бермесі анық.
Дегенмен де, «түре», «қайым» айтыстар көпшіліктің ықылас, 
қызығушылығын тудырған айтыс түрлеріне айналды.
Әсия:
«Жырлар тұр ойнақ салып өзегіме, 
Үлгерсең жарар еді кезегіңде.
Салауат салтыменен неше тойды, 
Өткізді қыз бен жігіт өз еліңде? 
Ерік:
Біздерде талай той мен жиын боп тұр, 
Тойларда менің жырым – сыйым боп тұр. 
Салауат деген жақсы халайыққа, 
Бірақ, бірден қойып кету қиын боп тұр» [112, 224 б.]. 
«Түре» айтыс түрінен келтірілген бұл мәтіндік нұсқа оқылғанда 
соншалықты әсер етпесі анық. Бірақ сахнадағы ақындардың ым-ишарат, дауыс 
ырғағы, үн әуезділігі, қозғалыс-қимылы сияқты жырға үстеме бояу, мағына 
беру тұрғысында тыңдарман, көрермен жүрегін еріксіз баурап алады. Айтыс 
жырларының жазба поэиядан ерекшелігі де осындай сахналық өнер екендігінен 
туындаса керек. «Қайым», «түре» айтыстарында проблема көтеру 
мүмкіншіліктері қаншалықты шектеулі болғанына қарамастан, ақындар 
әлеуметтік мәселелерді де назардан тыс қалдырмауға тырысып жатады. Мұның 
өзі айтыс өнерінің қоғамдық рөлге ие болып, думандық сипатынан адалана 
бастағанын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген Әсия мен Ерік ақындардың 
айтысында да, сол уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі салауаттылық жайлы 
сөз қозғалуы біздің ойымызды қуаттай түседі.
1988 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Мәңгі көктем» атты 
жинақ, сол уақыттағы ақындар айтысынан жаңашылдық, жаңғыру 
сипаттарынан біршама хабардар береді. 80-ші жылдардағы қыз бен жігіт 
айтысының елу нұсқасын қамтыған осы жинақтың алғы сөзінде белгілі өнер 
зерттеушісі Анарбай Бұлдыбаев мынадай пікірлер келтіреді: «Бұрын тек сүре 
айтыс қана халық назарына ұсынылып жүрсе, енді қыз бен жігіт, жұмбақ, 
қайым, өтірік өлең, айтыстары халыққа ұсынылып, жандана бастады. Осы 
жылдар аралығында бұрынғы суырыпсалма ақындарымыздың қатарына Әсия 
Беркенова, Қонысбай Әбілов, Әселхан Қалыбекова, Тәушен Әбуова, Әбдікәрім 
Манапов, Есенқұл Жақыпбеков, Ерік Асқаров, Нәсілхан Тоқтасынова, Хасен 
Саматыров секілді таланттар, суырыпсалма өнердің шын иелері келіп қосылды. 
Бұл – айтыс өнері үшін үлкен олжа еді» [108, 6 б.]. 
Айтыстың қандай түрі болмасын, онда әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің 
көтеріліп отыруы заңдылық. Себебі айтыс уақыт пен қоғамның тамыршысы. 
Ақындар айтысында сөзбен көріп, санамен түйсінген тіршілік қарекетінің 
барлық қағидалары көрініс тауып отырады. Айтыс жырларында дидактикалық 
сарын, абстрактылы ұғымдар өте сирек ұшырасады. Оның басты себебі М. 
Әуезов айтқандай, «Айтыс күнделікті өмірге тікелей қатысы бар жанр» [19, 289 
б.] екендігінде.


137 
80-ші жылдар үстіндегі «Қыз бен жігіт» айтыстары да көп жағдайда 
әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қозғаумен, насихаттауымен құнды деуге 
болады. Мәселен, Есенқұл Жақыпбеков пен Әсия Беркеновалардың айтысы 
жеңге мен қайын арасындағы әдемі қалжыңға құрылғанымен уақыт, қоғам 
мәселесі назардан тыс қалмайды.
«Толғаған тоқсан түрлі өлең мен жыр, 
Қазақта қыздар өткен небір дүлдүл. 
Қыздары бұл күнгінің өлең тұрмақ, 
Сөйлейді бір-бірімен шүлдір-шүлдір» [108, 12 б.] – деген Есенқұл сөзді 
сыпайылап айтса да, сол уақыттағы қазақ қыздарының салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптан, тілден алыстай бастағанын меңзейді. Тоқтархан Шәріпжанов пен 
Шырын Мамасерікова арасындағы айтыс та жарастықты әзілмен өріле отырып, 
қоғамдық проблемаларды айналып өтпеген. Қарсыласының Шырын есімін тілге 
тиек еткен Тоқтархан ақын, проблеманы да сол төңіректен өрбітеді.
«Сөзіне шырын тоқталсам,
Шырынды жердің қыз едің. 
Шайыма тәтті салдырған. 
Қан заводың бар еді... 
...Жиырма бес мың тонна қап, 
Борыштар едің бұрыннан. 
Он бесінші съезде, 
Сөз болдың осы қырыңнан 
Содан бері қаншама 
Қағылды халқың шырыннан?» [108, 58 б.]. 
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы Қазақстан экономикасы саласында 
азық-түліктің кейбір түрлеріне байланысты қиыншылықтардың болғаны 
белгілі. Сол уақыттарда халық арасында қант (шекер) өте қат азық түрлерінің 
бірі еді. Ақын Тоқтархан Шәріпжановтың көтеріп отырған мәселесі де осыған 
байланысты болатын. Дүйсенбай Жұмасейітов пен Әселхан Қалыбековалардың 
арасында өткен айтыста да терең тақырып, мәнді мәселелердің айтылғанына 
куә боламыз. 
...
Арал, Балқаш проблемаларын қозғай келіп, халық жауы атанған 
талай боздақтардың есімін ақтай алмай жүргенімізді айтып, Дүйсенбай ақын 
былайша толғанады: 
«...Солардың көз жасындай маздақ жырмыз, 
Жан сырын жаңа ғана қозғап жүрміз. 
Сәкен мен Ілиясты тұлпар ғой деп, 
Бебеулеп боз інгендей боздап жүрміз. 
Сау болсын айдындарым, аралдарым,
Ақберен жыр іздедім, алаңдадым. 
Ескерткіш Сәкеніме қоймақ едім, 
Қабірін жұмыр жерден таба алмадым» [108, 191 б.]. 
Дүйсенбай ақынның бұл толғанысын, Әселхан әрмен қарай сабақтап, жыр 
мазмұнын тереңдете түседі:
«...Өмірде жақсы болып тұрса бәрі, 


138 
Көңілді неге жиі мұң шалады. 
Ілияс, Сәкендерді кім ұстатты, 
Кешегі Абайыңды кім сабады? 
Күншілдік деген ауру ,бұл қазақтың, 
Мәңгілік жазылмайтын қылтамағы. 
Отырмыз жаңа күнге үміт артып,
Бір дауыл жүрегімде бұлқынады» [108, 192 б.]. 
Жалпы, айтыс жырларынан халық санасына қозғау салар осы тақылеттес 
ой орамдарын жиі байқауға болады. Кейде мұндай насихаттық, тағылымдық 
мәні зор жыр үлгілері, домбыра үні мен ақын әуезіне бөленіп, тыңдарман 
қауымның сезіміне зор әсер етеді. Айтыс жырларының халыққа етене жақын 
болуы да осы айтылған сипаттардың тұтас көрінуінен туындаса керек. Ақындар 
айтысы туралы толғақты ойлар айтып, байыпты баға беріп жүрген, белгілі 
әдебиет, өнер зерттеушісі, ғалым Р.Бердібаевтың мына пікірлері біздің осы 
ойларымызды айғақтай түседі: «Айтыстар қоғамдық дерттерді жұртшылық 
талқысына салатын, шешілмеген проблемаларға елдің назарын аударатын өткір 
де ұтқыр публицистиканың да орнына жүрген. Әріптестердің айтыс кезіндегі 
диалогтарында шындықтың түп тереңдеріне дейін ашылып отырған, ақиқаттың 
жартыкеш қалып қоймауына айтыстың жанрлық ерекшелігінің өзі себепкер 
болған. Сол үшін де мұнда кейде романның толықтығы, драманың 
тартыстылығы, лириканың сыршылдығы қатар-қатар көрініп отырған» [113, 86 
б.]. 
ХХ ғасырда өткен ақындар айтысын зерделей отырып аңдағанымыз заман 
бедері мен қоғам тынысының сипаты сол уақыттағы рухани шығармашылықта 
боямасыз көрініс тауып отырған. Қоғамдық пікір туғызып, халық зердесіне 
жылт еткен жақсылықты ұялата білген айтыс өнері, қай қоғамда болмасын 
руханият көшін бастаушылар қатарында болды.
1985 жылғы сәуір пленумы Кеңестер Одағындағы рухани сілкіністің 
бастауына түрткі болды. «Демократия», «еркін ойлап», «ашық сөйлеу» 
ұғымдары халық санасына аздап болса да ұялай бастады. Дегенмен де жетпіс 
жыл бойы тоталитарлық жүйенің темір шеңгелінде болып келген «кіші» ұлт 
өкілдері, бірден серпіліп кете алмады. Ең бастысы, ел жүрегінде ертеңгі күнге 
деген үміт оянды. Жоғарыда келтірілген Әселхан ақынның: 
«Отырмыз жаңа күнге үміт артып, 
Бір дауыл жүрегімде бұлқынады» [108, 192 б.], – деген сөздері де дәл 
сондай елең-алаң шақтағы ел үмітінің көрінісі сияқты.
Көп ұзамай-ақ, айтыс ақыны Әселхан Қалыбекова жырлаған «жаңа 
күннің» алғашқы сәулесі де Қазақ қоғамына өз жылуын сездіре бастады. «1988 
жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің Қаулысымен 20-40-шы жылдар мен 50-
ші жылдардың бас кезінде қуғын-сүргінге ұшырап сотталған, халықтың даңқты 
өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлы, 
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып 
Дулатовтардың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында 
зор қолдауға ие болды» [107, 280 б.]. 


139 
Ел тарихындағы осындай елеулі оқиғалардың барлығы ақындар айтысында 
жарқырай көрінді. Осы мәселелердің ел назарына ұсынылып, насихатталуына 
һәм қоғамдық пікір ретінде қалыптасып, мемлекеттік деңгейде оң шешімін 
табуына айтыс өнерінің де елеулі үлес қосқандығы ақиқат. Жазушы-ғалымдар 
мен қоғам қайраткерлерінің ой-пікірлері, БАҚ-ының тынымсыз еңбегі айтыс 
сахналарында таразыға түсіп, халық талқысына ұсынылып жататын. Айтыста 
айтылған әрбір проблема ел ішінде кең насихатталып, нәтижесінде атқарушы 
билік орындары мәселенің оң шешім табуына мүдделі болатын. Мұның өзі 
айтыстың халықтық, бұқаралық беделін айшықтайтын құбылыс еді. 80-ші 
жылдардың соңындағы Қазақстан мәдениеті дамуындағы тенденцияларды 
тарихшыларымыз кейіннен төмендегіше сипаттады:
1 сурет - 80-ші жылдардың соңындағы Қазақстан мәдениеті дамуындағы 
тенденциялар [107-282] 
Осы кескіндемеде көрсетілген қазақ қоғамындағы ахуал 80-ші жылдардың 
соңындағы Қазақстан мәдениетінің қандай бағыттарда дамығанын көрсетеді. 
Осындағы «Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі» деп аталатын бөлімде тарихшы-
ғалымдарымыз айтыс өнерін жеке пункт ретінде көрсетеді. Мұның өзі сол 
уақыттағы ақындар айтысының мәдени-рухани салада жетекші рөл 
атқарғандығын танытса керек. Ең бастысы, үш бөлімнен тұратын осы өзекті 
мәселелердің барлығы, сол кездегі ақындар айтысында жан-жақты 
насихатталып, тұтастай көрініс тапты. Мәселен, «тіл» тағдыры мен «жазықсыз 
жазаланғандар» 
мәселесі, 
халықтың 
мәдениеті 
сияқты 
толғақты 
тақырыптардың барлығы, айтыста өткір көтеріліп, жан-жақты сараланып, 
жырланды. Ерік Асқаров пен Әселхан Қалыбекова арасында өткен айтыста дәл 
сол жылдардағы әлеуметтік-рухани мәселелер былайша сипатталады: 
1989 жылғы 22 
қыркүйек 

«Тілдер 
жөніндегі Заң» 
1988 жыл «Жазықсыз 
жазаланғандарды 
ақтау жөніндегі Қаулы
Ұлттық мәдениеттің 
қайта өрлеуі 
- Қазақ тілінің мәртебесі
- Мемлекеттік тіл 
- Орыс тілінің мәртебесі 
- Ұлтаралық қатынас 
тілі 
- Ұлтаралық қатынастар 
жағдайының жақсаруы 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы, Ахмет 
Байтұрсыновтың, 
Мағжан Жұмабаевтың, 
Жүсіпбек 
Аймауытовтың, 
Міржақып Дулатовтың 
шығармашылық 
мұрасының ақталуы 
- өткен тарих жөніндегі 
шығармалар 
- айтыстар 
- театрлар, ұлттық 
мәдениет күндері, 
ұлттық мәдени 
орталықтар 
- халық музыкасы
- «Азия дауысы» 
фестивалі 
- кинематография 


140 
Әселхан: «...Қазақша мектептерің жабылған-ды, 
Газетке ол жайлы да жазылған-ды. 
Қайтадан сол мектептер ашылды ма? 
Қаулыны нақты іске асырды ма? 
«Қазақ тілі неге керек?» дей салатын, 
Даурықпа ағайындар басылды ма?» [112, 199-200 бб]. 
Рухани шығармашылықтың қандай түрі болмасын, оның мазмұн, 
мағынасы қашанда өзі өмір сүрген уақыт бедерімен үндесіп келетіні заңдылық. 
Ақын-жыршы Шынболат Ділдебаевтың әйгілі «Шындық туралы толғауы» да өз 
заманының әлеуметтік жүгін арқалап, тұрған туынды. 1983-1988 жылдар 
аралығында өткізілген облысаралық айтыста тәуелсіздік қарсаңындағы қазақ 
қоғамының кескін-келбетін айқындайтын шығармашылық дерекнама ретінде 
тарихта қалды. Көгілдер экран арқылы көпшіліктің назарына ұсынылған 
облысаралық ақындар айтысы да өз дәуірінің үні, пікірі, идеологиясы ретінде 
халық санасына берік ұялады.
Командалық сипатта өткізілген телеайтыстың бұл түрін мүлдем тың, соны 
ізденістің жемісі деп біржақты пікір айтуға тағы болмайды. Облысаралық 
айтыста да дәстүр сабақтастығының көптеген элементтері сақталды.
Біріншіден, белгілі бір өлкенің намысын ұжымдық (коллективтік) түрде 
қорғай отырып, жеке ақынның емес халықтық мүдденің алдыңғы орынға 
шығуы, ХХ ғасырға дейінгі көшпелі қазақ өркениетінде қалыптасқан дәстүр. 
Мәселен, арыға бармай-ақ кешегі Сандыбайдың, Сағынайдың асы сияқты үш 
жүзге сауын айтылған ұлы дүбірге әр ел ақыны мен палуанын, әншісі мен 
күйшісін, жүйрік аттарын үлкен ру, тайпа атынан апарып сынға салған.
Өнердің қай түрінде сынға түспесін, ол жеке адамның абыройы емес, 
елінің, өлкесінің даңқы болып саналған. Кешегі кеңестер заманында өткен 
облысаралық 
айтыстың 
өткізілу 
тәртібі 
социалистік 
қағидаларға 
негізделгенімен, арғы жағында көзбен емес көңілмен ғана түйсінетін елдік 
намыс, рух жатқанын сол кездегі кез келген қазақ жақсы түсінді. Бұл 
түсінушілік руға, атаға бөліну емес, керісінше өз жеріне, туған өлкесіне, өмір 
сүріп, тіршілік етіп жатқан облысына деген шынайы намыстан туындады. 
Мұның өзі дәстүрдің жаңаша сипат алуынан пайда болған жақсы қасиеттің 
нышаны еді.
Екіншіден, айтыс болған жерде міндетті түрде сынның болуы, қарсылас 
жақтың кемшін тұстарын айту ежелден келе жатқан заңдылық. Облысаралық 
айтыста бұл көріністер жалпы қазақ халқының пайдасына қызмет атқарды. 
Айтыста айтылған кемшіліктерді жою немесе алдын алу шаралары барлық 
облыстарда қолға алына бастады. Әрі ол нәтижесіз де болмады. Сол жылдары 
қолға алына бастаған түрлі экономикалық реформалар ақындар айтысында 
қолма-қол айтылып, насихатталып жатты. Алматы облысының ақындар 
айтысында Күлпара Құсайынова мен Жұмабек Оразбеков арасындағы сөз 
қағысуда, сол кездегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан «Тұрғын үй–91» 
реформасы жайлы мынадай ойлар айтылады:
Жұмабек: 
«...Өзіңді келіп едім айға балай, 
Өнердің биігіне шықтың талай 


141 
Шұрайлы Еңбекші қазақ ауданында, 
Тұрғын үй–тоқсан бірдің жай қалай?» [108, 136 б.] 
Күлпара: 
«Тұрғын үй–тоқсан бірді сұрайтындай, 
Үйлерің әрең тұр ма құлайтындай? 
Ауданым алты бөлме үй сап берді, 
Өзіңді қарсы аламын келсең арнай» [108, 136 б.]. 
Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің немесе 
атқарылып жатқан іс-шаралардың қандай түрі болмасын, ол сол жылдардағы 
ақындар айтысында көрініс тауып, бұқара халыққа насихатталып отырды:
«Қазіргі қызу науқан таңда мына, 
Қайта құру сен жаққа бармады ма? 
Ұйқыңнан ояна алмай үйде қалдың,
Өкіндім ілесе алмай қалғаныңа» [108, 137 б.], - деген Күлпара ақынның 
сөздері сексенші жылдардың соңындағы Қазақстан экономикасындағы 
өзгерістердің мәнін танытуымен қатар, айтыс өнерінің қоғам дамуымен біте 
қайнасқандығын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан түрлі реформалармен саяси-
әлеуметтік өзгерістердің бірде-бірін ақындар айтысы айналып өткен жоқ. 
Керісінше сол науқандық жұмыстардың бел ортасында халықпен бірге болып, 
оның нағыз жалынды үгітшісіне айналды.
Ақындар жыры тек жалаң насихат, жалпылама ойларға емес, өмірдің нағыз 
өзін көрсететін дерек пен дәйекке, нақты мысалдарға құрылды. Мұның өзі 
айтыс жырларының публицистикалық қырын айқындай түсетін қасиеттері еді. 
Белгілі ғалым Т.С. Амандосов «Публицистика дәуір үні» атты ғылыми 
еңбегінде: «Оқырман заман талабына сай, саяси тақырыптарға әрқашан да 
құштар келеді. Сондықтан да, өзінің білім шеңберін мейлінше кеңейтіп, 
идеялық-саяси дәрежесін үнемі көтере түсіп, өмірден қол үзбей, кәсіпорындар 
мен шаруашылықты үнемі аралап отыратын журналистер тақырыпты, әдетте, 
өмірден тез тауып алады» [114, 9 б.]. 
Зерттеу барысында айтыс ақындарының журналиске, публициске тән 
қырларын үнемі айқындап, дәлелдеп отырған біздер үшін ғалым Амандосов 
келтірген бұл пікірдің қаншалықты маңызды екендігі өзінен-өзі белгілі. 
Ақындар айтысы халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандырушы ақпарат 
көзі екендігін уақыттың өзі дәлелдеді.
Бұл туралы ғалым Р. Бердібаев өзінің «Сарқылмас қазына» атты 
кітабындағы «Айтыс өнері» атты бөлімінде жан-жақты саралап жазады. Ғалым 
ең алдымен қазақтың айтыс өнерінің ерекшелігіне, оның ұлттық сипаттары 
жайлы өте тартымды пікірлер келтіреді. «Халықтық ауыз әдебиетінің күрделі 
бір саласы – ақындар айтысы. Бұл қазақ елінің тарихи, тұрмыс-салттық, мәдени 
ерекшелігіне сәйкес туып қалыптасқан өзгеше жанр» [113, 67 б.], – деп пікір 
білдірген. Р. Бердібаев мұнан әрі айтыстың қалыптасып, даму кезеңдеріне 
байыпты шолу жасайды. ХІХ ғасырдағы ақындар айтысының әлеуметтік мәнін, 
қоғамдық маңызын нақты мысал, деректермен көрсете отырып, зерттеуші ХХ 
ғасырда өткен айтыстарға да кеңінен тоқталады.


142 
Әсіресе, ақындар айтысының табиғатын ашуда ғалым Р. Бердібаев 
келтірген мына пікір, төл өнердің болмысын тануда үлкен рөл атқарып тұр. 
«...Бір өзінде бірнеше өнердің – ақындық, әншілік, артистік, музыкашылық т.б. 
– басы қосылған айтыстың кейбір қызықты қырлары осындай. Біз бұл тұста 
айтыс түрлерінің бір тармағына ғана тоқталып, қысқаша сипаттап өттік. 
Осының өзінен де оның көнермес келбеті мен мейлінше заманалылығы, өмір 
қайшылығын ашудың құралы, ақындықты ұштау жарысы, халыққа қуаныш, 
серпіліс әкелетін тамаша екендігі танылар деп сенеміз...» [113, 129 б.]. 
Айтыс өнерінің публицистикалық сипатын ғылыми тұрғыда барынша 
дәлелдеген ойларды да ғалым Р. Бердібаевтың осы еңбегінен айрықша байқауға 
болады. Ақындар айтысының халықтық өнер екендігін, оның қоғам үшін аса 
маңызды екендігіне ғалым қадау-қадау тұжырымдар жасайды. «Бір 
кезде 
ақындар айтысы өмір қайшылығын ашудың, шындықты батыл айтудың құралы 
ретінде дамыса, қазіргі айтыс – заманның ұлылығын, адамдарымыздың тарихи 
істерін мадақтау, кемшіліктерді сынау тәсіліне айналып келеді.
Көркем сөз жанрларының ішінде мейлінше шыншыл, уақыт, қоғам 
сауалдарына әзір жауап жанр – айтыстың жаңаша қуат тауып, шарықтап 
дамуына негіз мол» [113, 134 б.].
Айтыс өнері туралы қалам тартып, пікір айтқан М. Әуезов, С. Мұқанов,
Ғ. Мүсірепов, М. Ғабдуллин т.б. ғалым-жазушылардың қай-қайсысы болмасын 
аталмыш өнердің өмірге, қоғамға етене жақын жанр екендігін тілге тиек етеді. 
Осы пікірлерді одан әрі дамытып, зерттеуші С. Қасқабаев, С. Садырбаев,
М. Жармұқамедов сияқты ғалымдарымыздың ой-тұжырымдары да көбіне осы 
айтылған пайымдаулармен сабақтасып жатады. Мұның өзі айтыстың қоғам 
үшін жауынгер жанр ретінде танылып, бағаланғанын дәлелдейтін құбылыс 
болса керек.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы ақындар айтысын сөз қылғанда халық 
ақындары Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов, Әсия Беркеновалар мен 
Баянғали Әлімжанов, Есенқұл Жақыпбеков, Ерік Асқаров, Шынболат 
Ділдебаев, Мұқамбетқали Тұрсанов, Әбдікәрім Манапов, Дәмеш Омарбаева, 
Айтуған Шәйімов, Дүйсенбай Жұмасейітов, Мұқаш Сейтқазымов т.б. орта 
буын өкілдерінің есімдерін ауызға аламыз. Қазіргі айтыстың тегеурінді 
толқынына дәстүрлі өнердің желісін үзбей жеткізген де осы ақындар тобы.
Бұл ақындардың көбісі кеңес дәуіріндегі айтыстың көшін бастаған Манап 
Көкенов, Көкен Шәкеев, Қалихан Алтынбаев, Көпбай Омаров сияқты 
ақындардың көзін көріп, біразымен сөз сайысына түсіп те үлгерген еді. Әрине, 
біз келтіріп отырған ақындар есімі сол уақыттағы айтыс өнерінде жиірек 
көрініп, халық назарына көбірек түскендері. Егер жас шамасы мен тәжірибесін 
екшей түссек бұл тізімді одан әрі де толықтыра беруге болады. Мақсатымыз 
жекелеген ақындардың шығармашылығына тоқтала отырып, уақыт пен қоғам 
тынысын айшықтайтын айтыстарға назар аудару. Сондықтан да сол кезеңде 
айтыс сахнасында көрінген әрбір ақынның шығармасына берілер баға да, 80-ші 
жылдардағы сөз сайысының жалпы болмысын танытады деген ойдамыз.
Әселхан Қалыбекова 1949 жылы Шымкент облысы, Қызылқұм ауданында 
дүниеге келген. 80-ші жылдардағы айтыстың тегеурінді өкілі ретінде, 


143 
Республикаға кеңінен танымал өнерпаз. Айтыс өнерін зерттеуші ғалымдарымыз 
Әселханның ақындық шеберлігіне кезінде үлкен баға беріп, жақсы пікірлер 
айтқан. Белгілі ғалым Р. Бердібаев «Киелі өнер» атты мақаласында: «Қазір 
айтысқа қатысып, өз өнерлерімен жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген 
ақындар қатарында, сөз жоқ, Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова, Жұмаш 
Оспанбековаларды алдымен атауымыз орынды. Бұлар ұзақ айтыстарға да еркін 
дайындығы бар, өнерлерін бұдан былай да ұштай беруге қабылеттілер. Біз осы 
ақындарымызды айтыс өнерінің жұлдыздары деп есептейміз, алдағы 
жарыстарда жаңа биіктерден көріне береді деп сенеміз» [111, 92 б.], – деп 
жазды.
Әселхан ақын айтысының негізгі ерекшелігі де ірі әлеуметтік, қоғамдық 
мәселелерді 
көтерумен, 
халықтық 
мақсат-мұраттарды 
жырлауымен 
айшықталады. Жеңіл сөз, әзіл-қалжыңнан гөрі, елдік-ұлттық проблемаларды 
айта білуімен құрылған ақын жырлары уақыт, қоғам алдындағңы зор 
жауапкершілікті сезінгендігін танытады. Ақын уақыт тудырып отырған түрлі 
келеңсіздіктерді жалаң проблема күйінде емес, оған әйел-анаға тән мейірім-
шапағат сезімін қосып, тыңдарманның жан-дүниесіне, сезіміне әсер ететіндей 
қалыпта ұсынады. Мұның өзі Әселханның ақындық шеберлігімен қатар, 
қоғамға ой салар үлкен жүректі қайраткер екендігін де танытады. Жезқазғандық 
ақын Дүйсенбай Жұмасейтовпен болған айтысында сол уақыттағы қазақтың 
қыз-келіншіктері басындағы түрлі проблемаларды айта отырып, ойын былайша 
түйіндейді:
«Қарызды адал өтеп қоғамдағы, 
Жоғалтсақ қиын бақыт оралмағы. 
Әйелдің жүрегінен өтіп жатыр, 
Ғасырдың көтерілген тозаңдары.
Отқа емес, керек бізге дүниенің
Мейірім, шапағатқа оранғаны» [115, 45 б.]. 
Осы жерде тағы да баспасөзде көтерілген мәселе мен ақындар айтысында 
жырланған проблема жөнінде мынадай ерекшелік қыры байқалады. Мерзімді 
басылымдарда дерек пен дәйекке құрылған проблемалар оқырман назарына көп 
жағдайда ресми сипатта баяндалады. Ал, ақындар айтысында көтерілген 
проблема тыңдаушыға немесе көрерменге көңіл-күй әуені тұрғысында әсер 
етіп, эмоционалды бояу реңкі айтып отырған мәселе мәнісін тереңдете, қоюлата 
түседі. Жоғарыда келтірілген Әселхан ақын айтысындағы шағын үзіндінің 
өзінде осы айтылған сипаттардың біразы көрініс тауып тұр деуге болады.
Қоғамдағы түрлі проблемаларды көтерумен қатар, адам бойындағы 
көлеңкелі мінездерді ашып көрсету Әселхан айтыстарында жиі кездеседі. 
Парақорлық дерті қай қоғамда болсын қалмай келе жатқан кесел. Адам 
бойындағы парасаттылық, ізгілік қасиеттер жоғалғанда, қоғамда тоғышарлық, 
менмендік сияқты жаман қылықтардың алдыңғы орынға шығатыны белгілі. 
Осы кемшіліктерді дөп басып, оны қоғамдық проблемалармен астастыра 
көрсету Әселхан ақынның шеберлік қырларының басты ерекшелігі десе де 
болады. Семей облысының ақыны Сембай Жансақовпен айтысында Әселхан 
сол уақыттағы қазақ жігіттері туралы ойларын былай деп сабақтастырады:


144 
«...Шырқырап шындық үшін бас тігуге,
Жүрексіз қалай барсын жансыз тұлып,
Көрініп адал еңбек етпесе де, 
Жүреді жақсыларға қақпан құрып. 
Талайдың соры болып ақырында 
Томардай домалайды тұрған шіріп…» [115, 55 б.]. 
Дәл осы жағдай туралы жазушы Ғ. Мұстафиннің мынадай сөздері бар: 
«Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда 
да бола береді. Адал дән егумен шығады. Жамандық арам шөп сияқты, жұлмаса 
өседі, егіннің өнімін кеседі. Сондықтан егін мен арам шөп, жақсылық пен 
жамандық, өмір бойы отаса алмай келеді» [116, 291 б.]. 
Айтыс жырларының публицистикалық белгілерін анықтауымен қатар, 
оның артықшылығы немесе өзіне тән ерекшеліктерін де байқаймыз. Мәселен 
айтыс жырларындағы дерек пен дәйек аталмыш өнердің публицистикалық 
сипатын айқындаса, ақындық толғаныс, лирикалық сезім күй, көркем әдебиет 
пен жазба поэзияда кездесетін ойландыру әдісін еске түсіреді. Асылы, кез 
келген рухани шығармашылықтың басты мұраты ойландыру, толғандыру 
арқылы адамдардың жан дүниесін тазартуға, тәрбиелеуге құрылатыны белгілі.
Ақындар айтысында осы мәселе екі сипатта көрініс тауып отырады. 
Біріншіден, кез келген адамның күнделікті көзбен көріп, көңілмен сезініп 
жүрген жағдайының баяндалуы болса, екіншісі сол көріністің келеңсіз 
(негативті) тұстары сараланып, түсіндіріліп баяндалады. Және жай қарапайым 
сөзбен емес, ақындық асқан шеберлікпен образды түрде суреттеледі. 
«Шырқырап шындық үшін бас тігуге, Жүрексіз қалай барсын жансыз тұлып», – 
деген ақын сөзі шымбайға батар ащы шындықты өткір баяндап тұр. 
80-ші жылдардағы айтыс көшін бастаушылардың бірі – Әсия Беркенова. 
1950 жылы Қостанай облысы, Семиозер ауданының «Сұлукөл» ауылында 
дүниеге келген. Қазақ қыздар педагогикалық институтының орыс тілі мен 
әдебиетін бітірген. Әсия айтыс өнерінде өзінің білімді, парасатты, мәдениетті 
болмысымен танылған ақын. Ә.Беркенова айтыстары өлең құраудағы кейбір 
ала-құлалықтардан ада, өте мәнді, мағыналы болып келеді. Айтыстың қандай 
түрі болмасын, оның әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызына аса мән беріп, 
өлеңдерін өрнекті ойға, салмақты сөзге құруға шебер ақын. Жергілікті ұлт 
аздау қоныстанған солтүстік өңірден шыққанына қарамастан, қазақы дәстүр-
салтты, ғұрыпты өте жетік білетіндігін айтыс сайын танытып, көпшілік 
ықыласына бөленген өнерпаз.
Айтыс өнері туралы қалам тартып, өзіндік пікір айтып жүрген ізденуші С. 
Қалиев «Халық ақындарының айтыстағы ізденістері» атты мақаласында халық 
ақындары туралы мынадай пікірлер келтіреді: «...1986 жылғы санадағы 
сілкіністен кейін іштей буырқанған айтыс жаңаша өрлеу, өзгеше сипат ала 
бастауы жасырын емес. Қойының төлі мен шөбінің есебін жырлап отыратын 
айтыс ақындары, ұлттық, әлеуметтік мәселелерді арқау етуге ойыса бастады. 
Міне, осы тұста айтыстың өркендеуі мен өсуіне ерекше үлес қосқан халық 
ақындары: Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілевтердің 
айыстағы еңбектерін баса айтқым келді» [117, 208 б.]. 


145 
Көкшетаулық Баянғали Әлімжановпен болған айтыста Әсия Беркенова 
қазақ қоғамындағы ұлт мүддесіне қайшы кейбір көріністерді былайша 
суреттейді:
«...Жел есіп тұрса дағы шоқтығынан,
Не пайда құр көңілдің тоқтығынан.
Басынды баса-көктеп басқа ұлттар,
Қабанбай, Бөгенбайдың жоқтығынан.
Естері елімізге ес беретін,
Қабақтан қаһар төгіп дес беретін. 
Керек-ақ әр кезеңге бір Қабанбай, 
Көз тіккен казактардан сескенетін...» [118, 100 б.]. 
Айтыста көтерілген әрбір проблема сол уақыттағы қоғамның саяси 
ахуалынан, әлеуметтік, экономикалық жағдайынан, ел-халықтың таным түйсік 
көзқарасынан хабар беріп тұрары сөзсіз. Кейде осы айтылған жағдайлардың 
барлығы бір-бірімен астаса, өріліп айтысушы ақынның бір кезегінде, яғни, үш 
төрт шумақ өлеңнің аясында көрініс тауып жатады. Ақынның мұндай шеберлігі 
немесе айтыс жырларының өзіндік ерекшелігіне жататын бұл сипат туралы 
зерттеу барысында айтып өткен болатынбыз. Абай Құнанбайұлының 150 
жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық ақындар айтысында 
Қарағандылық Аманжол Әлтаевпен болған сөз сайысында Әсия Беркенова бір 
кезегінде уақыттың көкейкесті проблемаларын былайша толғап өтеді:
«...Өмірдің ой тоқтатып дәрісіне, 
Қараймын күдікпен әр ісіңе. 
Аманжол бүгінгінің азаматы, 
Қалайсың жерді сату мәнісіне?
...Кезінде мына жайды ол ұқпаған,
Қаһарлы тойтарыстан қорықпаған. 
Семейді сілкіндірді сынақтары, 
Абайдың аруағынан қорықпаған.
Бөлінер кейде осылай ойым талай,
Ойласам елдің жайын ойым қалай? 
Қазақтың байып алған кей жастары,
Жүр бүгін ана тілін мойындамай» [119, 79 б.]. 
Айтыстың бір кезегінде ғана келтірілген осы үш шумақта сол уақыттың 
көкейкесті үш проблемасы көрініс тауып тұр. Олар қазақ қоғамында үлкен 
даулы мәселеге айналған. «Жер сату» саясаты, халыққа үлкен зардап әкелген 
Семей полигоны және Ұлт тілінің тағдыры жайлы толғаныс. Әр қайсысы 
айтысқа жеке-жеке тақырып болуға жарайтын осы үш проблема ақын 
жырларында сабақтаса өріліп, уақыт проблемасының жалпы сипатын 
айқындайды. Осы проблемалардың негізгі өзегі ел басына түсіп отырған 
қиыншылықтарды, зардаптарды баяндау тұрғысында белгілі бір логикалық 
тұтастыққа ие болып тұр. Айтыс ақыны қашаннан елдің, халықтың сөзін 


146 
сөйлеп, мұңын жоқтаушы екені белгілі. Ол айтыс тарихында көнеден келе 
жатқан құбылыс. Елдің намысы мен арын қорғау ақын үшін – азаматтық, 
адамдық міндет. Бұл адамзат тарихында ежелден қалыптасқан қағида. Осы 
тұрғыда ежелгі шығыс философиясында мынадай ойлар келтіріледі: «Әлсіздер 
мықтыларды жеңеді, жұмсақ қаттыны жеңеді. Оны барлығы біледі, бірақ 
адамдар оны іске асыра алмайды. Сондықтан кемеңгер данышпан былай дейді: 
«Кім елдің намысын өзіне қабылдаса, сол ел басшысы болады, кім елдің 
бақытсыздығын өзіне қабылдаса сол билеп, төстеуші болады» [120, 241 б.]. 
80-ші жылдардағы ақындар айтысының майталман өкілінің бірі халық 
ақыны Қонысбай Әбілов. «Қонысбай Әбілов 1954 жылы Торғай облысы, 
Жангелдин ауданының «Еңбек» совхозында туған. Қазақ Мемлекеттік 
Университетінің журналистика факультетін бітірген. Көкен Шәкеев, Әсия 
Беркенова, Шынболат Ділдебаев және тағы да басқа ақындармен айтысқа 
түскен» [108, 321 б.]. 
Көзі қарақты, көкірегі ояу, зерделі азамат өзінің бойындағы білім мен 
парасат үйлесімін айтыс барысында үнемі жарқырай көрсетіп отырды.
Қонысбайдың ақындық ерекшелігі қарсыласының сауалына табан асты 
қисынды ой айтуымен қатар, айтыс желісін діттеген мақсатына жетелеп 
отыруымен ерекшеленеді. Павлодарлық Серік Құсанбаевпен айтысында 
Қонысбай ақын Торғай облысының тағдырын тілге тиек ете отырып, сол 
уақыттағы қазақ ауылдарының мүшкіл халін өте үлкен толғаныспен жырлайды:
«...Ауылда бұл күндері мал қалмады,
Адамдай суға кетіп, тал қармады.
Жарық жоқ, жағатұғын, көмірі жоқ,
Шыдайтын мұнан әрі хал қалмады.
Төзер ем қиындыққа қарамай-ақ,
Кетемін жазығы жоқ баланы аяп.
Көлдетіп көздің жасын үйде отырады, 
Бара алмай мектебіне жалаң аяқ.
Үміттер білте шамдай өшіп жатыр,
Бағасы нан мен тұздың өсіп жатыр.
Елдегі алтын діңгек қариялар,
Ала алмай пенсиясын көшіп жатыр...» [121, 192-193 бб.].
Қоғамдық формациялар ауысып, елдің эконмикасы мен әлеуметтік-
тұрмыстық жағдай тұралап тұрған, өлара, өтпелі кезеңдегі қазақ ауылдарының 
ахуалы Қонысбай ақынның осы жыр жолдарында еш боямасыз, толықтай 
көрініс тауып тұр. Публицистиканы дәуір тынысының жылнамасы ретінде 
бағалар болсақ, айтыс жырларында таңбаланған осындай заман суреттері тарих 
үшін қажетті дерек екендігі ақиқат. Ақындар айтысын көркем өнерден гөрі 
қоғамдық-публицистикаға, яғни, күнделікті әлеуметтік өмірге қатысы бар 
шығарма екендігін осы сипаттар дәлелдей түспек. 1985 жылдан кейінгі 
өткізілген айтыстарға зер сала отырып байқағанымыз, көтерілген кез келген 
проблеманың жалаң, жадағай айтылмауы.


147 
Қоғамдағы келеңсіз көріністердің шығу төркінін көрсетіп, қаузау кеңес 
дәуіріндегі айтыстарда да кездесетін. Бірақ, ол мәселелер ұлттық мүдде, қазақы 
намыс түрінде емес, жалпы коммунистік идеология тұрғысында өрбитін. 
Мәселен, сол жылдарға сәл шегініс жасасақ. Кеңес дәуірі тұсында өткен Манап 
Көкенов пен Мұқаш Байбатыров арасында өткен айтыста Мұқаш ақын сол 
уақыт кемшіліктерін былай деп сынға алады:
«...Қартыңды кінәлауға шақ қап отсың,
Ойыңды онан дағы білдір айтып.
Көп істің басы бар да аяғы жоқ,
Жүргеніңді айтпайсың неге тайқып? 
Шұбартау ізімен іс бастадыңдар,
Комсомолдық шешіммен қостадыңдар.
Біраз жас шопандықты тастап қашты,
Қой иесіз қалып бір сасқаның бар...» [94, 44-45 бб.]. 
Әрине, осы жырда келтірілген ақын сынын да, өз уақытының проблемасы 
ретінде қабылдаймыз. Сол қоғамға тән мұндай «кемшілік», «міндерді» кеңестік 
дәуірде өткізілген ақындар айтысынан мол ұшыратуға болады. Бірақ бұл 
проблемалардың барлығы социалистік қоғам мүддесі тұрғысынан жырланатын.
Ал, 80-ші жылдардың соңын ала өткізілген ақындар айтысының мақсаты 
мен мәні ұлттық мүдде бағытына ойысып, кез келген проблема төркіні 
қазақтық, елдік сипатқа ие бола бастады. Жезқазғандық Дүйсенбай 
Жұмасейітовпен болған айтысында Әселхан Қалыбекова сол кездегі уақыт 
проблемасына бей-жай қарай алмайтындығын, келеңсіз істерді шешуде тек 
сөзбен ғана емес, кез келген азамат ақынның өзі бас салып, білек сыбана кірісуі 
керектігін қадап айтады:
«...Жабылып облысың алып қолға,
Төрт жылда үш мектепті сапсың зорға.
Салыну керек екенін елу мектеп, 
Тұра ма, сені күтіп реформа?
Діңкелеп отырыпты облысың,
Қалғандай жүгі ауып орта жолда. 
Жезқазған пединститутынан көмек те жоқ,
Құлауға дайын боп тұр ол да орға.
Ұрпаққа білім беру ол да парыз,
Азамат ақын болсаң соны қорға» [108, 192-193 бб]. 
Ел тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдың желтоқсанына айтыс ақындары 
бірден кеңес заманының сахнасынан түсе сала келген жоқ. 1985-1991 жылдар 
аралығында өткізілген ақындар айтысы жаңашылдық пен жаңғыру үрдістерін 
бастан өткерді. 1984 жылдың наурыз айынан бастап көгілдір экран арқылы 
халықпен үлкен рухани қарым-қатынаста, байланыста болған айтыс өнері 
көрерменнің қызыға, асыға тосатын хабарына айналды. Тәуелсіздік атты ұлы 
ұғымды халық санасына сіңіруде айтыс орасан зор рөл атқарды. Ана тілі 
тағдыры, туған жер экологиясы, халық жадынан ұмытыла бастаған салт-дәстүр, 
толып жатқан рухани-моральдық, адамгершілік, иман мәселелері там-тұмдап 


148 
болса да, осынау жылдар бедеріндегі, айтыс жырларында көрініс тауып, халық 
зердесіне сіңді. Халық санасын оятуда ақындар айтысы, қазақ қоғамының 
қасіреті мен қиындығын, жылт еткен жақсылығы мен қуанышын дер кезінде 
насихаттап, жариялап отырды. Сонау, 80-ші жылдардағы кеңес дәуірінен 
бастап, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақындар айтысының көшін 
бастап қамқоршы һәм ұйымдастырушысы болған журналист-қайраткер Жүрсін 
Ерманның мына пікірі ұлттық өнеріміздің өресін танытып тұрғандай: «Айтыс – 
қазақ демократиясының ең жарқын көрінісі. Яғни, шындықты айту 
айтыскерлердің басты міндеті. Жоғарғы басшыдан бастап, кішкентай әкімге 
дейінгінің кемшілігін сынай беретін оларға, ешкім шамданбайды. Себебі, 
қазақта ақынына қарсы келмейтін қазақи дәстүр қалыптасқан. «Бас кеспек 
болса да, тіл кеспек жоқ» деген мақал ақынның тіліне ерік беру тұрғысында 
айтылған...» [122, 160 б.]. 
1985 жылдың сәуіріндегі жариялылық, демократиялық нышандардың 
алғашқы лебі, іле-шала 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлт санасына зор 
сілкіністер әкелгені белгілі. Ұзақ жылдар бойы мызғымастай көрінген 
тоталитарлық жүйенің жүйкесі сыр беріп, тәуелсіздік, егемендік ұғымдары 
халық зердесіне еміс-еміс ұялай бастаған өлара кезеңде өткен ақындар айтысы 
ұлт тарихы алдында өз міндеттерін мінсіз атқара білді деуге болады. Сол 
жылдарда өткен ақындар айтысындағы ұлттық мүдде тұрғысындағы өрелі 
ойлар, халықты Азаттық атты ұлы ұғымға тәрбиелей білді. Бір ғажабы, 1985-
1991 жылдар аралығында өткізілген айтыс жырларының бірде-бірінде өткенді 
аңсау сарыны, кеңестік идеологияны мадақтау немесе «ұлы» көсемдерге 
табыну сияқты пейіл, әрекеттердің әлсіреуі еді. Мұның өзі айтыс ақындарының 
нағыз ұлтжанды, шынайы халық өкілдері екендігін танытса керек. Социалистік 
жүйе, коммунистік партия қағидалары ол кезде де өз күшін жоя қоймаған. 
Солай бола тұрса да, айтыс мазмұнының жалпы сипаты, халықтық, ұлттық 
мүдде тұрғысында өрбіп отырғандығын сол жылдардағы жыр мәтіндерін, 
зерделеу барысында анық аңғаруға болады.
1985-1991 жылдар аралығын – ақындар айтысының бетбұрыс кезеңі деп те 
атауға болады. ХХ ғасырдың соңғы он бес жылы айтыс өнерін көркемдік һәм 
мазмұндық тұрғыдан жаңа сатыларға көтерді. Коммунистік идеологияның күші 
әлсіреп, жақындап келе жатқан тәуелсіздік лебі, айтыс ақындарына қайрат, қуат 
берді. Сол кездегі Орталық партия комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачев 
бастамасымен болған 1985 жылғы сәуір пленумы тоталитарлық жүйенің 
тоңына сызат түсірген оқиға болды. «Сөз бостандығы», «жариялылық» 
ұғымдары халық санасының жаңғырып, серпілуіне оң әсер етті. Дәл сол кезде 
көптен қордаланып қалған күрделі проблемалардың ішінде қазақ қоғамы үшін 
айрықша күн тәртібінде тұрғаны, ұлттық тіл тағдыры мен экология мәселесі еді. 
Бірі рухани, екіншісі әлеуметтік саланы қамтитын осы екі проблема төңірегінде 
қаншама көкейкесті мәселелер шоғырланып тұрды. Тіл тағдырының артында 
ұлттық мектеп, балабақша, баспасөз, мәдени-рухани проблемалар топтасса, 
экология зардаптарының ұшығы өнеркәсіп-өндіріске қатысты саяси-
экономикалық жағдайларды қамтыды. Міне, осы айтылған толғақты 
мәселелердің барлығы 1985-1991 жылдар аралығында өткізілген ақындар 


149 
айтысының басты тақырыбына айналды. Осы жылдар үрдісінде өткізілген 
ақындар айтысы мазмұндық тұрғыдан сан-салалы сипатымен ерекшеленеді.
Алдымен уақыттың өзекті проблемасын көтерген айтыс жырлары ұлт 
руханиятының жандануына ықпал етті. Халық ұмыт бола бастаған дәстүр-
салтымен қауыша бастады. Мәселен, 1988 жылы республика жұртшылығының 
араға жетпіс жылдай уақыт салып, өмірге қайта келген «Наурыз» мерекесін 
тойлауы – ұлт рухының оянып, түлеуіне бастама болды. Мұражай экспонатына 
немесе малшылардың көшіп-қонуы үшін баспана кейпіне түскен қазақтың 
ақшаңқан киіз үйлері қайта тігіліп, іші-сырты ұлттың ұмыт бола бастаған 
жәдігерлеріне, қолөнер бұйымдарына, жиһаздарына толды. Киіз үйдің 
айналасы күмбірлеген күй мен асқақтаған әнге бөленді. Ұлттық киімге 
малынып киінген қыз-жігіттер «алты бақан» құрып, халық дәстүрінің тамаша 
үлгілерін көрсетті. Міне, бір ғана «Наурыз» мерекесі, халыққа қаншалықты 
қымбат қазыналарын, рухани мұрасын қайтарды.
Осы жағдайлардың барлығы айтыс жырларында көрініс тауып, халықтың 
рухани жадын жаңғыртып, санасына сәуле ұялатты. Айтыс табиғатына тән 
бірнеше проблемалардың өзектес өрілуі уақыт болмысын барынша ашып, 
бұқаралық, қоғамдық ой қалыптастырды: «Жағадан қашты Балқаш, қашты 
Аралым, Жоқ менде басқа қайғы, басқа дабыл» [108, 190 б.] (Дүйсенбай), 
“Бүлдіршінге ана тілін үйрететін, Әлі күнге балалар бақшасы жоқ» [108, 226 б.] 
(Баянғали), «Жатады жүрегімді дүрсілдетіп, Сен айтқан Семейдегі 
жарылыстар» [112, 197 б.] (Әселхан), «Тарихы қазағымның әлі күнге, 
Мәскеудің нұсқауымен жазылады...» [112, 225 б.] (Ерік). 
1985 жылдардан кейін ақындар айтысында ұлт мүддесі тұрғысындағы 
осындай ойлардың айтыла бастауы өнерге деген халық ықыласын бұрынғыдан 
да арттыра түсті. Жалпы кез келген шығармашылық, құндылықтың рухани 
қажеттілігі, сұранысы оның көркемдік деңгейі мен әлеуметтік мәнінің 
өзектілігіне байланысты болмақ. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, 1985-1991 
жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысы өзінің нағыз халықтық, ұлттық 
мүддеде болғандығын танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет