Көркем әдебиеттің өмірді суреттеуінің басты тәсілі:
A.
Романс
B.
Элегия
C.
Әдеби образ
D.
Шешендік арнау
E.
Образ бен образдылық +
№13 сұрақ
Эстетикалық ой кеңінен дамыды:
A.
Мысырда
B.
Ежелгі Грекия мен Римде +
C.
Вавилонда
D.
Үндістанда
E.
Қытайда
№14 сұрақ
Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылыс:
A.
Әдеби сын
B.
Драмалық образ
C.
Көркем образ
D.
Көркемдік қиял
E.
Әдеби образ +
№15 сұрақ
«Образды бейнелеу, көру, есту сезімдері арқылы іске асатын санадағы құбылыс» - деп тұжырымдады:
A.
В. Е. Хализев +
B.
В. Г. Белинский
C.
Л. И. Тимофеев
D.
Р. Н. Нұрғалиев
E.
З. Қабдолов
Поэтика жайындағы еңбектерге шолу Поэтика (грек тілінде poietik fehne — шығармашылық өнер) — әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Осы поэтика жайындағы еңбектерге қысқаша шолу жасар болсақ, антикалық дәуірден бастау алады. Көне Грекия өкілдері – Платон мен Аристотель.Ерекше атайтынымыз, Аристотельдің (б. з. б. 384—322 ж. ж.) «Поэтика» атты еңбегі. Платонның әдемілік жайлы идеалистік көзқарастарын қатал сынға ала отырып, өзінің тың және терең эстетикалық толғамдарын қалыптастырған еңбегі. Бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнер тарихында теңдесі жоқ, күні бүгінге дейін қолданысқа ие зерттеу. Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұнғыш рет дүрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердін, қоғамдық маңызын анықтап, ашуында деп білу керек. Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттіқ келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта түрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ “Поэтика” грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды. БІр нәрсені білу артық емес: поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” — өнер туралы ойлар. Поэтиканың келесі қарқынды даму кезеңі – классицизм поэтикасы. Квинт Гораций Флакк - Августа дәуірінің көрнекті ақыны, Виргилийдің кіші замандасы болды. Гораций — Римдік эстетика мен Римдік классиканың көшбасшысы. Гораций б.з.д. 64 ж. Италияның оңтүстігінде, Венузияда дүниеге келген. Әкесі жай адам болып, кішкентай ғана қонысқа ие болған. Өз ұлына жақсы білім берген. Алдымен, Гораций Римде, мектепте оқыған, ал кейін Афиныға кетті. Онда Гораций грек поэзиясымен шұғылданған. Осы Горацийдің «Поэзия ғылымы» үрдісімен жазған Н.Буалоның «Поэтикалық өнері». Француз классицизмінің ірі теоретигі Н. Буало (1636—1711) әдебиет поэтикасының философиялық негізі болып қалды. Классицизмнің әдеби манифесі ретінде танылған «Поэтикалық өнер» атты эстетикалық трактатында Буало суреткер атаулының бәрін «саналы ойға», «парасатты ақылға», «алдын ала пішілген үлгіге», «қалыптасқан тәртіпке» шақырды. Оның сондағы мақсаты поэтикалық өнерді абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси-көркемдік талап-тілегін қанағаттандыру әрекетіне ғана жұмсау еді. Дегенмен, Буалоның «шындықтан асқан сұлу жоқ» деп, суреткерге өз шығармасында шындықты, тек шындықты ғана суреттеуді ұсынуы, бұл ретте «сөз аяғын ұйқастырғандардың бәрі ақын емес» екенін ашып, соны дәлелдеуі — әдемі әрекет. «Дарын» деген ұғымға түсінік бере отырып, мазмұндылыққа шақырды. Жанр иерархиясына қатаң талап қойды. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ойлардың одан әрі дамуына айтарлықтай үлес қосқан Ағарту дәуірінде жасаған француздың аса көрнекті материалисі Дени Дидро (1713—1784). Мүның әдеби-эстетикалық көзқарастары сарай аристократиясының талғамы мен талабына қарсы, Франциядағы буржуазиялық революция -қарсаңындағы бұқара рухын танытты. Философ-материалист суреткерге тура «сен әрбір іс-әрекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің абыройын сақтауың қажет, рақат пен құрметке бөленген кеселді кескілеуің керек, мейрімсіз жуандардың зәресін ұшыруың қажет» - деп, ап-анық ашып айтты. Дидро әдебиет пен өнердегі шыншылдық үшін күресе отырып, теория мен эстетикаға реализм ұғымын енгізді, оның қиялға, ойдан шығару мен көркемдік жинақтауға қарым-қатынасын белгіледі. Абсолюттік идеологияға қарсы, классицизмге қарсы қатал күрескерлердің бірі — немістің ұлы ағартушысы Лессинг (1729—1781). Ол да, Дидро секілді, «мен қашаннан ақынның табиғат зерттер орны — Сарай емес деген пікірдемін» - деп, турасын айтты Дәл осы піқірді Гельвеций (1715—1771), Винкельман (1717—1768), Гердер (1744—1803) қуаттаған. «Жекелеген жұпыны жертөлелерде,— деп жазды Гердер,— салтанатты сарайлардағыдан әлдеқайда сұлу талғам бар». Иммануил Қанттың (1724—1804) субъекгивті-идеалистік эстетикасының негізгі тұжырымдары оның «Байыптау қабілетіне сын» деген еңбегінде жүйеленіді. Канттың күллі дүниені «өзіндік затқа» және «біздік затқа» бөлгені, ал «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп бола алмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол эстетиканы да, өнер мен әдөбиетті де «өзіндік затқа» сайып, бұлардың сыр-сипатын болжам арқылы ғана байқамаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы — «артық жаралған» айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық — «адамдарға ешқандай шартсыз ұнаған нәрсе»; оны «суреткер ешқандай мақсатсыз жасайды». «Таза санаға сынында» ол тура: «Сұлулық — жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рахаттану құралына айналған нәрсе»,—деп жазды; ол «жұрттың бәріне еш-қандай мақсатсыз, тап-таза түрімен ғана ұнайды». Сонымен, Кант зстетикасының негізгі сипаттары: субъективті идеализм, бейтарап бақылау, өнер мен әдебиетті қоғамдық қатынастар тәжірибесінен сырт қалдыру, формализм, агностицизм, сұлулық жөнінде ғылым жасау, көркемдік талғам мен толғам заңдарын белгілеу «мүмкіндігінің жоқтығын» уағыздау. Демек, Канттың эстетикасы «өнер—өнер үшін, «таза өнер» - деген ғылымға жат теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны тегіннен-тегін емес. Немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770—1831) эстетика мәселелерін де өзінің жұртқа мәлім «абоолютгік идеясы» тұрғысынан, атышулы триадасы (тезис — антитезис — синтез) тұр-ғысынан байыптаған. «Айуанның өсімдіктен өрбімегені секілді, адам да айуаннан өрбіген жоқ;—дейді Гегель, - кез келген тірі жан қазір қандай болса, дәл сондай қалыпта түп-түгел және бірден пайда бола қалған» . Бұл ретте де философтың күллі ой-пікірі өзінің әлгібір «абсолюттік идеясына» келіп құйылып жатыр. Дәл осы секілді, Гегельдің «Эстетика» атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы тұрғысындағы «идея» мен «құбылыстың», пішін мен мазмұнның ара қатынасына талдау жасаудан туған. Гегельдің тұжырымынша, жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең — романтикалық түр болып табылады. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі — әдемілік, ал эстетиканың предметі — өнер, демек, эстетиканың предметі — ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындағы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді. Гегель өзінің данышпан диалектик болғанына қарамастан, осындай шым-шытырық эстетикалық жүйесін дәлелдеп, идеализм батпағына өзі де батты, өзгелерді де малтықтырды. Сөйте тұра, оның эстетикалық ілімі XIX ғасырдағы өнер теориясының одан әрі дамуына үлкен ықпал жасағанын жоққа шығаруға болмайды. Батыс Европада эстетика мәселелерімен Гегельден кейін Фехнер, Вундт, Мейман, Ипполит Тзн, Гербарт, Шопенгауэр, Фрейд, Бергсон, Бродер, Христиансен, Фишер, Кроче т. б. шұғылданды. Империализм дәуірінін, буржуазиялық эстетиктері өнер мен әдебиет мәселелерін осыншалық мағынасыздыққа апарып, аяқ асты етті. Әдебиеттану саласында Россияда ауызға аларлық алғашқы еңбектер — басын сонау X ғасырдан алатын библиографиялық опистар, сондай-ақ «риторикалар» мен «пиитикалар», содан соң орыстың көркем сөзінің ұлттық нәрі мен әрін жан сала қорғаған Феофан Прокоповичтің (1681—1736) еңбектері, сатирик ақын Антиох Қантемирдің (1708—1744) әдеби-теориялық шығармалары мен ой-пікірлері, В. Тредиаковскийдің (1703—1769) әдеби-эстетикалық трактаттары, орыс классицизмнің теоретигі А. Сумароковтың (1718—1777) нұсқаулары мен ақыл-кеңестері, ақыр аяғында көркем сөз қызметінің мәні мен мақсаты жөніндегі Г. Державиннің, (1743—1816) әдеби-теориялық толғамдары, ақын ретінде айтқан түйінді байламдарын атаймыз. Қазіргі қазақ әдебиеттануында бұл салада да жазылған еңбектер саны көбейіп келе жатыр. Атап айтсақ, Б.К. Майтанов, А. Темірболат, С. Қалқабаева, А. Исмақова т.б.