Есіл ауданының СӨзжасамның семантикалық, аналитикалық ТӘсіл арқылы жасалған топонимдері



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі488,41 Kb.
#7786

 

68 


УДК 81.373.21 

 

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ СӨЗЖАСАМНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ

АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТОПОНИМДЕРІ 

 

Есматова М.Т., ф.ғ.к., доцент, Омарова Г.Е. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Топонимика  (грек.  topos  -  орын,  жер  және  onomo,  onyma  –  ат,  атау)  – 

ономастиканың  жер-су,  елді-мекен  атауларының  шығуы  мен  пайда  болуын 

(этимологиясын),  мағынасын,  құрылымының  дамуын,  таралу  аймағын,  қазіргі 

жағдайын,    грамматикалық,  фонетикалық  пішінін,  жазылуы  мен    екінші  бір  тілде  

берілуін  зерттейтін  құрамдас  бөлігі.  Топонимика    география,  тарих,  тіл  білімі, 

этнология  ғылымдарының  деректеріне  сүйеніп,  өзара  байланыста  дамиды.  Кез  келген 

аумақтың  географиялық атауларының жиынтығы сол жердің  топонимиясын  құрайды.  



Топонимика  (көне  гр.  topos+nomas)  көнеден  бар  ұғым,  сөйте  тұра,  өзінің  даму 

процесі жағынан едәуір кенжелеп келген жайы бар. Біздің елімізде де, басқа елдерде де 

енді-енді  қолға  алынуда.  Мұның  әр  түрлі  себептері  бар.  Басты  себебі  –  біз 

топонимикалық  атауларды  жүйелі  түсінігі  жоқ  қиын  сөздердің  (глоссаның)  жер 

бетіндегі шашыранды даналары деп біліп келдік. Әрине, жаңаның жаттығы көп, әрбір 

анықтама  тосын  құлаққа  қонымды  болып  естіле  бермейді,  сондықтан  да 

топонимикалық атауларды жүйеге келтіру – ол істің бастамасы ғана, көп ізденуді қажет 

етеді.  


Тіліміздегі  әрбір сөздің  өзіне тән  белгілі бір негізгі  мағынасы болумен  бірге, 

өзге  бір  жағдайда,  мәселен,  онома  тудыруды,  сол  бір  сөздің  өзі  қосымша  жаңа 

мағынаны, өзге бір құбылысты да білдіруі мүмкін. Сол құбылысты біз  номинациялық 

немесе  ономалық  құбылыс  дейміз,  дәлірек  айтқанда,  сөздің  түрі  өзгеріп  отыратыны 

сияқты мағынасы да алуан түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Ономалық зерттеулерде 

біз  сол  өзгерістердің  соқпақ-сүрлеулерін  көріп-біліп,  ізіне  түсіп,  себеп-салдарын 

анықтауға  тиіспіз.  Сөздердің  осы  құбылысын  ономациялық  ғылыми  терминдер 

жүйесінде  олардың  апеллятивтік  мәні немесе  ішкі мағынасы  деп те атайды [1, 14 б.]. 

Бұл  құбылыстың  өзі    идеядан  туады  және    сол  идеяның    өзінің  белгілі  бір  нысанасы  

болып  табылады.  Жақсы  немесе  жаман  сөздерінің  семасиологиялық    мәнінен  өзге  

номинациялық  та    мәндері  бар.  “Жақсы”    немесе  “жаман”  компоненттерінің  ру-тайпа 

аттарына  қосарланғандағы  (“Жақсы  Қаба”  –  “Жаман  Қапал”)  мәндері  мен  жер-су 

аттарына  қосарланғандағы (“Жақсы Арғанаты” – “Жаман Абралы”)  мәндері әр қилы  

құбылысқа  тән  [1,  14  б.].  Жаман  сын  есімі  жақсы  сөзіне  қарама-қарсы  «нашар» 

мағынасымен лексикамызда қолданылатын болса, топонимге айналғанда, негізінен, екі 

мәнде  жиі  көрініс  береді.  Ең  алдымен,  табиғи  нысанның  адамға,  оның  тіршілігіне 

қолайсыз  болып  келуі,  екінші,  географиялық  нысанның  басқа  өзі  тектес  нысандардан 

көріксіз болып келуі. Жаман сын есімімен келген топонимнің антитезалық позициядағы 

жақсы сын есімімен келетін сыңары болуы – топонимиканың өзіне тән заңы. Мысалы: 

Жаман шұңқыр, Жақсы шұңқыр (қоныс. СҚО, Есіл ауданы). 

“Топонимика”  сөзінің  қазақша  баламасын  (калька  ретінде)  “жер  аты”  десе  де 

болар еді, бірақ ол баспасөзде  көбіне жер-су аттары  делініп жүр. Қарапайым түсінігі 

жағынан  бұл  да  дұрыс,  бірақ  терминологиялық  дәлдігі  жағынан  бұл  баламалар 

“топонимика” сөзінің толық мағынасын  бере алмайды.

 


 

69 


Топонимика    терминімен    қатар    топонимия  сөзі  де    қолданылады,  сондықтан  

оларды  дұрыс  ажырата  білу  қажет. Топонимия – нақты  өңір, территорияның  немесе 

белгілі    бір  тарихи    дәуірдің    жер-су    атаулары  (топонимдердің)    жүйесі,  жиынтығы, 

жинақталған  тізбесі. 

Еліміз егемендік алып, тарихымызды жаутаңдай отырып жазудан арылған шақта, 

рухани-мәдени өміріміздің айнасы боларлықтай айғақтарды қайтадан өз халқымыздың 

күш-қуатынан  іздеуіміз  заңды.  Ал,  ондай  күш-қуаттың  қайнар  көзі  –  халқымыздың 

рухани мәдениеті екені даусыз [1, 15 б.]. 

Біз  топонимикалық  атауларды  зерттеуге  өзек  етіп  Есіл  ауданын  алып  отырмыз. 

Есіл ауданында бізді көп қызықтырғаны, негізінен, жер, су, жайлау, қыстау, сор, шоқ, 

тоғай,  төбе,  сай  атаулары.  Қайсыбір  жер  атын,  су  атын  алсақ  та,  оның  аталуының 

өзіндік  бір  сыры,  өзіндік  тарихы  бар.  Соған  қарағанда,  қазақ  халқын  ат  қоюға  шебер 

халық  деп  расында  да  жайдан  жай  айтпаған  болу  керек.  Көптеген  жерлерге  атақты 

батырлардың, әулиелердің, қасиетті адамдардың аттарын қойған. Мұның өзі осы жерде 

дүниеге  келген  жас  сәбиге  жаңағы  кісілердің  қасиеті  қонсын  деген  наным-сеніммен 

туындаса керек. 



Есіл – Қазақстанның  Солтүстік атырабындағы  суы мол  өзеннің аты. Сондай-ақ,  

аудан аты  /Солтүстік Қазақстан облысы/. 

Қазақ  «ес»    етістігінің    (бұйрық    рай)    өзгелік  етіс    түріндегі    есіл  формасынан  

қалыптасқан атау. Еспе (сын.)  топонимімен  жақын  туысады.   



Есіл  өзені  туралы.  Облысымызда  Есіл  өзенін  алып  қарасақ,  көлемі  жиырма 

немесе  жиырма  екі  метр  солтүстігінің  жартысын  алып  жатыр,  тереңдігі  50  метрге 

жақын. Есіл өзенінің оңтүстік жақ бетінде Өрнек ауылы, Шал ақын ауданы орналасқан. 

Есіл  өзенінің  ауасы  таза  және  адамдарды  ыстықтан  сақтайды.  Есіл  облыс 

территориясының  ең  әдемі,  сұлу  жерлерінің  бірі  болып  саналады.  Есілдің  осынау  оң 

жағалауына  1752  жылы  шағын  бекініс  қорғаны  ірге  тепкен  болатын.  Қазір  қорған 

қабырғасының тек орны қалған, ал қала қанатын кеңге жайып, сол жағалауға да шығып 

кетті. Тек Есіл өзені ғана сол баяғы қалпынша өз арнасымен толқи ағып, Ертіске қарай 

тартып  бара  жатады.  Ол  кешегі  күннен  бүгінгі  күнге  және  ертеңгі  болашаққа  қарай 

асығады [2, 10 б.]. 

Топонимдердің  көбі  сөзжасамдық  амал-тәсілдер  арқылы  жасалады.  Туынды  сөз 

қандай  тәсілмен  жасалғанына  қарамастан,  «сөзжасамға  қатысатын  сыңарлардың 

мағынасы  арқылы  жаңа  дериваттық  мағына»  (А.Салқынбай)  пайда  болады.  Қазіргі 

кезде  туынды  сөздердің  өзін  денотаттық  (заттық),  сигнификаттық  (ұғымдық),  және 

коннатациялық  (бейнелік)  ұғымды  білдіретін  атаулар  деп  бөліп  жүр.  Топонимдер 

негізінен  денотаттық  атаулар  қатарына  жатады,  өйткені  жер-су  аты  нақты  бір 

географиялық нысанға беріледі [1, 16 б.]. Осындай заттық атауға бір мысал ретінде Есіл 

ауданындағы Бұлақ ауылындағы Қара + сора атты шалшықты жатқызуға болады. 

Топонимдік  атаулар  сөзжасамның  семантикалық  тәсілі  арқылы  да  жасалады. 

Оларды төмендегідей атауларға жіктеуге болады. 



Метафоралық атаулар: 

Алқа  –  СҚО,  Есіл  ауданындағы  аулдың  аты.  Алқа  негізгі  мағынасы:  «  қыз-

келіншектер  мойнына  сәнге  тағатын  әшекейлі  зат.  Сақ,  ғұн,  түркі  қағандарының 

лауазымын  білдіретін  алтын  алқалары  болғанын  археолог  –  ғалымдар  дәлелдеп  отыр 

(З.Самашев).  Алқа сөзінен метафоралық топонимдер жасалады, бірақ әр түрлі жолмен: 

1)  «сырт  бейнесі  алқа  тәрізді  екі  шеті  жіңішке,  ортасы  жалпақ  дөңгелене  біткен  кез 

келген  географиялық  нысан».  2)  «алқа  шөбі  өсетін  жер».  Ал  Есіл  ауданындағы  Алқа 

ауылының атауы Алқап (алқа+п) «өңір, аймақ» осы жолмен жасалған екен.  


 

70 


Сүбе  –  құдық.  СҚО,  Есіл  ауданы.  Қаз.  сүмбі  >  сүмбе;  моңғолдың  сүмбэ 

«мылтықтың ұңғысын тазалайтын, әрі майлайтын, ұзын, жіңішке, жұмыр темір немесе 

тобылғы таяқша» [ҚТТС, 8 т., 418 б.]. 

Аяқ  –  жайлау.  СҚО,  Есіл  ауданы.  Аяқ,  ең  алдымен,  «адамның,  жан-жануардың 

жүру,  тұру  қызметін  атқаратын  дене  мүшесі»  [ҚТТС,  1  т.,  545  б.].  Адамзат  тілі  шыға 

салысымен  дене  мүшелеріне  ат  қойған  деген  пікірге  сүйенсек,  аяқ  сөзінің  басқа 

мағыналарының барлығы ауыспалы деуге болады. 



Синекдохалық атаулар: 

Топонимикада  синекдохалық  атаулар  әлі  қарастырылмаған,  бірақ  бар  құбылыс. 

Мұнда,  көбінесе,  ойконимдердің  жасалуына  сол  елді  мекен  ішіндегі  бір  мекеме, 

көпшілік  орын  т.б.  себепші  болады.  Мысалы,  Есіл  ауданындағы  Мектеп  ауылы,  сол 

елді  мекен  ішіндегі  мектеп  атынан,  яғни  бөлшектің  бүтін  орнына  жүруі  арқылы 

жасалған.  



Айғай  –  қоныс.  СҚО,  Есіл  ауданы.  Айқай  (айғай)  сөзінің  тура  мағынасы  

әдеттегіден  қатты  шыққан  дауыс,  үн.  Айғай  –  ороним    ретінде  тақыр,  тасты  тауларға 

берілетін  атаулар.  Мұндай  тауларда  дауыс  жаңғырығы  болады.  Атауға  себеп  болған 

осы  –  тастарға  соғылып,  жаңғырық  беретін,  айғайды  қайталайтын  ерекшелігі  деп 

білеміз. 

Сонымен біргетопонимдік атаулар сөзжасамның аналитика – семантикалық тәсіл 

арқылы  да  жасалады.  Сөзжасам  туралы  барлық  еңбекте  сөзжасамның  негізгі  тәсілмен 

жасалатын  туынды  сөздерге  бірауыздан  біріккен,  кіріккен,  қосарланған,  қайталанған, 

тіркесті  сөздерді  жатқызады.  Айтылып  өткен  аналитика-семантикалық  тәсілдердің 

қағидасы  топонимжасамға  толығымен  сәйкес  келеді.  Оған  басты  себеп  –  топонимнің 

сөз категориясына жақындығы. Тіліміздегі туынды сөздер тәрізді топонимдер де бірігу 

тәсілі арқылы күрделі атауларға айнала алады. Күрделі топонимдер, сөз жоқ, дамудың 

кейінгі  сатысының  жемісі  және  олар  түбір  топонимдер  арқылы  жасалады.  Біз 

мақаламызда  тек  аналитика  –  семантикалық  тәсілдің  бірігу  жолы  арқылы  жасалған 

атауларға, нақтырақ айтсақ, сын есім мен зат есімнің, зат есім мен зат есімнің, сан есім 

мен зат есімнің бірігуіне тоқталамыз. 

1)

 

«Ұзын» сын есімі + зат есім 



Ұзын сын есімі «қысқа емес, шұбатылған; аласа емес, биік» мағыналарын береді 

[ҚТТС,  2т.,  460  б.].  Жер-су  атын  жасауға  осы  мәндерде  араласып,  табиғи  нысанның 

ұзындығын  не  биіктігін  білдірген.  Мысалы:  Ұзын+су  (көл.  СҚО,  Есіл  ауданы). 

Ұзын+көл (көл. СҚО, Есіл ауданы). Ұзын + томар (көлшік. СҚО, Есіл ауданы). 

2)

 



«Қара» сын есімі + зат есім. 

Қара  сапалық  сын  есімі  адамзат  баласының  алғаш  айырған  түсінің  бірі  болған 

себепті, қолдану аясы да кең, мағыналық түрлері де көп. Қара сын есімі жер-су аттарын 

жасауда  ерекше  орын  алады.  Көбінесе,  географиялық  нысанның  қара  түсін  білдіру 

арқылы  бірінші  сыңарда  анықтауыштық  мәнде  келіп,  біріккен  атаулар  жасайды.  Қара 

сын есімі конверсия бойынша субстантивтеніп екінші  (басыңқы) сыңары да қолданыс 

табады  [1,  136  б.].  Мұнда,  негізінен,  «тау,  төбе,  тоғай»  мағыналырын  білдіреді. 

Мысалы:  Қара+шоқ  (  ағаш.  СҚО,  Есіл  ауданы).  Қара  +  тоғай  (тоғай.  СҚО,  Есіл 

ауданы).  Қара  +  ағаш  (ауыл.  СҚО,  Есіл  ауданы).  Қарағаш  ауылының  аталу  себебі: 

ертеде  сол  жерді  мекендеген  рулардың  бастары  бірігіп,  бір  ауыл  құрмақшы  болады. 

Руладың  аттары  көп  болғандықтан,  талас  тудырмас  үшін  ауыл  маңында,    аққайыңдар 

арасында  өскен  бір  үлкен  қара  ағаш  болған,  сол  себепті,  ру  ақсақалдары  ақылдасып, 

ауылдың  атын  Қарағаш  деп  атап  кеткен.  Бұл  мәліметті  мен,  ауыл  тұрғыны  Қайрат 

Хабибуллаұлынан жазып алдым. 

3)

 



«Ақ» сын есімі + зат есім. 

 

71 


Ақ  қара  сөзінің  антонимі  болғандықтан,  олардың  мағынасы  бір  өлшемде 

грамматикалық,  семантикалық  сипатқа  ие.  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  ақ 

сөзіне  қардың,  бордың  түсіндей  деп  анықтама  береді.  Бұл  –  оның  негізгі  мағынасы. 

Топонимжасамда да осы, негізгі мағынасы  молынан қатысып отырады. Мысалы: Ақ 

құдық  (  көше.  СҚО,  Есіл  ауданы,  ).  Аққұдық  –  құдық  атауы.  Суының  шипалылығы, 

қасиеттілігіне  байланысты  осылай  аталып  кеткен.  Бұлақ  аулылында  Аққұдық  деген  

көше  де  бар.

 

  Ақ  +  бақай  (жайлау.  СҚО,  Есіл  ауданы).  Ақ  +  тас  (ауыл.  СҚО,  Есіл 



ауданы).  Ауыл  тұрғыны  Бердібек  Саттарұлының  айтуы  бойынша,  Ақтас  ауылы  1929 

жылы  колхоз  болып  құрылған.  Бүгінгі  күнде  Есіл  ауданы,  Бұлақ  селолық  округінде 

қарайды.  Колхоз  болып  біріккен  кезде,  ауыл  маңында  табиғи,  үлкен-үлкен  қойтастар 

болған, сол себепті ауыл адамдары бірігіп, ауылға Ақтас деген атау берген екен. Ақ + 

төбе  (төбешік.  СҚО,  Есіл  ауданы).  Ақтөбе  –  алыстан  қарағанда,  осы  төбенің 

басыағарып, көрініп жатады екен. Соған байланысты қойылған төбе атауы. 

4)

 

«Кіші» сын есімі + зат есім. 



Кіші  сын  есімі  кішкентай,  шағын,  азғантай  көлемдік  мағыналарда  қолданылады  

[ҚТТС,  5  т.,  446  б.].  Жер-су  атын  жасауға  осы  мәндерде  қатысып,  табиғи  нысанның 

салыстырмалы  түрде  алғандағы  шағын  көлемде  екенін  атап  көрсетеді.  Мысалы: 

Кіші+қамыс (көл. СҚО, Есіл ауданы). Кіші + тас (төбешік. СҚО, Есіл ауданы). 

5)

 



«Күрең» сын есімі + зат есім. 

Күрең  сапалық  сын  есімі  қызыл  қоңыр,  қошқылтым  түс  [ҚТТС,  1  т.,  357  б.] 

мағынасымен, көбінесе, жылқы түсіне байланысты қолданылады. Жер-су атын жасауға 

қызыл  мен  қоңырдың  арасындағы  түсі  бар  географиялық  нысанды,  кейде  ауыспалы 

мағынада  қуаң,  тұнжыр  табиғатты  атап  көрсетеді.  Мысалы:  Күрең+төбе  (төбешік. 

СҚО, Есіл ауданы). 

6)

 



«Арал» зат есімі + зат есім. 

Арал  зат  есімі  «жан-жағы  сумен  қоршалған  кішкентай  құрлық»  [ҚТТС,  1  т.,               

307 б.]. Алайда, айдаладағы бір шоқ орман, орман ішіндегі шағын жазық т.б. нысандар 

да арал атануы мүмкін. Мысалы: Арал+ағаш (орман.СҚО.Есіл ауд). Арал + көл ( көл. 

СҚО, Есіл ауданы). 

7)

 

«Бояу» зат есімі + зат есім. 



Бояу  сөзі  «затты  белгілі  бір  түске  келтіру  үшін  жазылатын,  жұқтырылатын 

химиялық  зат.  [ҚТТС,  2  т.,  391  б.].  Қазақ  халқының  керекті  затын  бояйтын  табиғи 

бояулары болған (жоса, қына, бояушөп, қарағайдың қабығы). Мұндай жерлердің атына 

бояу  сөзі  қатысып  отырады,  өйткені  ол  жарнама  міндетін  де  атқаратын  еді.  Мысалы: 



Бояу+ағаш  (қоныс.  СҚО.  Есіл  ауданы).  Бояуағаш  –  қызыл  қарағайдың  бір  аты  болуы 

мүмкін, себебі қарағайдың қабығы да бояу орнына жүреді. 

8)

 

«Иман» зат есімі + зат есім. 



Қазақ  топонимиясындағы  иман  сөзімен  келетін  атаулардың  бәрін  кісі  есімімен 

шығаратын  үрдіс  бар.  Сонда  әр  облыста  Иман  атты  кісіге  жер-су  аттары  таңылып 

отырған ба? Кездейсоқтың да өзіндік алғышарттары болады, ендеше мұндағы иман сөзі 

антропоним  емес.  Ол  діни  мағына  беретін  иман  сөзі  де  емес.  Біздің  ойымызша,  көне 

түркі  йаман  «жаман»  сөзі,  не  моңғ.  Иман  «қызылшілік  өсімдігі»  немесе  моңғ.  ямаа 

«ешкі, ешкілі» сөздерінің бірінен шығатындай. Мысалы: Иман+бұрлық (көлшік. СҚО, 

Есіл  ауданы).  Иман  +  жылдық  (өсімдік.  СҚО,  Есіл  ауданы).  Иманжылдық  өсімдігі 

Бұлақ  ауылының  тұрғындарының  арасында  кең  тараған.  Ашық  алқапта,  күнге  құмар,  

гүлтектес өсімдік. Жыл сайын жайқалып өсетіндіктен, ауыл тұрғындары Иманжылдық 

деп атап кеткен. 

9)

 

«Құм» зат есімі + зат есім. 



Құм зат есімі « түрлі минералдар мен тау жыныстарының үгіндісінен тұратын өте 

майда  түйіршікті  шөгінді  жыныс»  [ҚТТС,  2  т.,  467  б.]  мағынасын  береді  де, 



 

72 


географиялық  термин  категориясына  өтеді.  Құм  –  жердің  ерекше  белгілерінің  біріне 

жатады,  сондықтан  «құмы  бар,  мол  жер»  мәнінде  топонимжасамға  белсенді  түрде 

араласады. Мысалы: Құм+тал (қоныс, СҚО, Есіл ауданы). 

10)


 

«Тау» зат есімі + зат есім. 

Тау  зат  есімі  «айналасындағы  жерден  едәуір  көтеріңкі,  биік  жер»  мағынасымен 

топоним  жасауға  қатысып,  географиялық  терминге  айналады  [ҚТТС,  2  т.,  54  б.]. 

Мысалы: Тау+ағаш (СҚО, Есіл ауданы, ауыл атауы). 

11)


 

«Томар» зат есімі + зат есім. 

Томар сөзінің екі мағынасы бар: бірі – «кесілген ағаштың қалған түбірі»; екіншісі 

– шалшықты, қопалы жерде болатын жертомар» топонимжасамға қатысуы мүмкін. Есіл 

ауданында  екінші  түрі  арқылы  жасалған  топонимикалық  атау  кездеседі.  Мысалы: 

Томар+қара+су  (көл,  СҚО,  Есіл  ауданы,  Бұлақ  ауылы).  Біз  қарастырып  отырған 

аймақта томарлар өте көп кездеседі. Алайда, олардың көпшілік бөлігін халық жай ғана 

«томар»  деп  атап  кеткен.  Ал  мына  топонимнің  бір  ерекшелігі  –  соңында  айқындап 

тұратын сапалық сын есімнің болуы. Бұл  топонимнің тууы жайлы қарапайым деректер 

жоқ  емес.  «Қара»  сын  есімін  түске  байланысты  емес,  сапасына,  санына  қарай 

қарастыруға тура келеді. «Қара құрым» дегендегі сияқты бұл жердегі «қара» сөзі «көп», 

«қаптаған» деген мағынаны береді. Яғни, бұл атау осы маңда, төңіректе томарлардың 

аяқ басқан сайын кездесуінен туындаса керек.  

12)

 

 «Екі» сан есімі + зат есім. 



Екі  сөзі  –  «бірден  кейінгі  санның  аты»,  есептік  сан  есім.  Топонимжасамда 

«көбінесе, қатар орналасқан жұп, қос табиғи нысанның» санын білдіреді. Мысалы: Екі 

+ шоқ (қоныс, СҚО, Есіл ауданы). 

13)


 

«Жалғыз» сын-мөлшер мәнді сөз + зат есім.  

Жалғыз  сөзі  жеке,  дара  бір  мағынасын  береді  және  жеке,  дара  тұрған  табиғи 

нысанды  атау  арқылы  күрделі  атаулар  жасайды.  Оның  ішінде  біріккен  және  тіркесті 

атаулардың  аралас  келуі  сияқты  тың  үлгі  де  кездеседі.  Мысалы:  Жалғыз  +  тау  (тау. 

СҚО,  Есіл  ауданы).    Бұл  жерді  Жамансовка  деп  те  атайды.  Жалғыз  таудың  бұрынғы 

атауы  –  Қыран  тау.  Бір  кездері  басында  қырандар  көп  мекендепті  деседі.  Кейіннен 

Солтүстік Қазақстан өлкесінде жалғыз тау осы болған соңғ осылай аталып кеткен. 

Бұл  тауға  қатысты  мынадай  да  дерек  бар.  Жалғыз  таудың  ар  жақ  бетінде  Үкілі 

Ыбырайдың әкесі Сәндібай қоныстанған. 1905-1906 жылдары бұл жерге орыстар көшіп 

келе  бастайды.  Өздері  көшіп  келген  жерді  Заградовка  деп  атап  кеткен.  Осылайша, 

тыныш  жатқан  қазақ  жерінен  маза  кетеді.  Сол  Сандыбай  ауылында  Асайын,  Үсейін 

деген  батырлар  өмір  сүріпті.  Күндердің  бір  күнінде  олардың  бұқалары  орыстардың 

егініне  түсіп  кетіп,  айрылып  өле  жаздайды,  дегенмен,  өздеріне  қайтарып  алады.  Тағы 

бір  күні  орыстар  үй  салуға  қарағай  дайындап  жатып,  Үсейінді  шауып  өлтіреді. 

Осындай  оқиғалардан  кейін  жергілікті  қазақтардың  көрген  күндері  күн  болмайды. 

Содан Сандыбай басқа жаққа көшіп кетеді. Сол жерден ұзап бара жатып, Үкілі Ыбырай 

«Жалғыз  тау»  деген  дастан  шығарады.  Бұл  деректі  ауылдың  құрметті  ақсақалы 

Әбдірахмет Ақбұзауұлы айтып берді. Жалғыз + ағаш (ағаш. СҚО, Есіл ауданы). 

14)


 

«Қос» сан-мөлшер мәнді сөз + зат есім. 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қос сөзі екі, егіз мағынасындағы сын есім екені 

атап  көрсетіледі.  Топонимжасамда  оның  екі  сан  есімінің  орнына  жүретіні  маңызды 

және  қос    сөзінен  бірігу  арқылы  жасалған  атаулар  екі  санымен  жасалған  күрделі 

атаулардан анағұрлым көп кездесетіні де сол себептен. Мысалы: Қос + бармақ (қоныс. 

СҚО, Есіл ауданы). Қос + көл (көл. СҚО, Есіл ауданы). Қос + төбе (төбешік. СҚО, Есіл 

ауданы). 

15)


 

«Бес» сан есімі + зат есім. 

 

73 


Бес  есептік  сан  есімнен  «төрттен  кейінгі  сан»  деген  анықтама  беріледі  [ҚТТС,             

2 т., 277 б.] Жер-су аттарын жасауда тым белсенді бес сан есімі кейде нақты біртектес 

бес  нысанды,  кейде  аздаған,  шағын  топ  нысанды  атайды.  Соңғы  мән  «бес  тал  шаш», 

«бес  тиынға  тұрғысыз»  тіркестерінде  байқалады.  Мысалы:  Бес  +  ата  (төбешік.  СҚО, 

Есіл ауданы). Бес + шоқы (жайлау. СҚО, Есіл ауданы). Бес + төбе (төбешік. СҚО, Есіл 

ауданы Бұлақ ауылы). 

Қорыта  келгенде,  Есіл  ауданында  топонимдердің  түр-түрі  бар  екеніне  көзіміз 

жетті.  Есіл  ауданындағы  ауыл,  көл,  төбешік,  жайлау,  қоныс,  тау  жоғарыда  берілген 

мысалдардан,  сын  есім  мен  зат  есім,  зат  есім  мен  зат  есім,  сан  есім  мен  зат  есім 

үлгісімен жасалған  біріккен атаулардың  мол екендігі анықталды. 

Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті  топонимдерін әлі  зерттеп, қарастыру 

қажет-ақ.  Мұның  өзі  бізге  ел,  жер  тарихына,  географиялық  жағдайына  байланысты 

көптеген мәліметтер беретіні сөзсіз. Әр топоним өзінше сыр шертеді. Есіл ауданының 

топонимдерінің дені зат есімнен, зат есім мен сын есім, зат есім мен етістіктің тіркесуі 

арқылы жасалған. Мұның өзі сол жергілікті топонимдердің қыр-сырын аша түсуге көп 

септігін тигізіп тұр. 

Аудандағы  топонимдер  ерекшелігін  қарастыруды  тоқтатпау,  ұрпақтан-ұрпаққа 

зерделеп жеткізу - әрбір адамның туған жер, еліне деген сүйіспеншілігі мол азаматтың 

міндеті.  

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Биаров Б. Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері – Астана,  2013. - 423 бет. 

2.

 



«Есіл» деп  неге аталған? Жер-су аттары жайлы // Солтүстік Қазақстан. 2003. -10 ақпан. № 6 

саны. 


3.

 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.–Алматы:  Дайк-Пресс, 2008. – 968 бет. 



 

 

 



ӘОЖ93/94(574) 

 

ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ҰЛЫ ШАЙҚАС – ОРБҰЛАҚ 

 

Жаханша Ердәулет, студент 

Абдуразақов М.Ф., аға оқытушы 

(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) 

 

 

 

Аспан мен жердің арасында өмір сүрген көшпенділер табиғаттың шын мәнісіндегі  

перзенттері  болып,  табиғатпен  етене  араласып  өмір  сүрді.  Көшпеліәлемнің  ең  басты 

ерекшеліктерінің бірі – бүкіл қоғамға әскери сипаттың тән болуы. Әрбір көшпелі – туа 

біткен жауынгер, құралайды көзден атқан мерген, аттың құлағында ойнаған шабандоз 

болғандықтан, көшелілердің орасан зор армиясының болуы ешкімдіде таңдандырмаған. 

Көшпелілер кез келген уақытта ер адамдарды өз араларынан шаруашылықтан босатып, 

әскер  қатарына  жіберіп  отырған  [1.  35].  Көшпенділер  тарихына  назар  аударып 

қарайтын  болсақ,  кәмелетке  толған  әрбір  жасөспірім  дайындығы  жоғары  дейгейдегі 

жауынгер  болды.  Бұған  жас  ұрпақты  мақсатты  тәрбиелеу  жүйесі,  әскери  жаттығулар, 

әскери-  спорттық  жарыстар,  жалпы  көпшілік  болып  жабыла  аң  аулау,  әскери 

қимылдарға үнемі қатысу игі әсер етті. Жас батырлар ержетіп, есейген шаққа дейін ат 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет