Асау жолын адастырған шак екен, Жылағанды іздесем, Жетіскенгетап екем Аямасқа ауырған Ақ семсерді адасып, Айға білеп жүр екем. Айыпетпеайсүлу, Мен келместей жол екен



бет3/6
Дата03.05.2023
өлшемі82,36 Kb.
#89267
1   2   3   4   5   6
2 – Бөлім.
Өлең стилі
Үн ырғағының құбылуы көбінесе, қақтығыста, тартыста, айлалықта, бір сөзден екінші сөзге ауысуларда қолданылады. Әдетте, мұндай жағдайда жаттығу керек емес секілді. Бірақ, «Саған не керек өзі?» - деген сөзді түрлі тональносте айтып көрейікші. Әрине, әртүрлі оймен, әртүрлі ырғақ, кейде астарлап айтасыз. Яғни, үн бояуы тақырыпқа қарай өзгереді.Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті нанымсенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұңшер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі. Көркем қара сөзден өлеңнің ерекшелігі - ұйқасында. Өлең жолдарының аяққы дыбыстарының не бірнеше буындарының құлаққа бірыңғай естілушілігін өлеңнің ұйқасы десек, ондай берік сақталатын ұйқастар қара сөздерде болмайды. Кейбір сөйлемдердің аяғында кездесетін ұйқас тәрізді, құлаққа бірыңғай естілетін буын не дыбыстар өлеңдегідей айқын сезіліп, сезімге әсер етпейді. Сондықтан қара сөздер ұйқассыз көркем шығармалардың түріне жатады. Өлең шығармалардағы ырғақтың айқын сезілушілігі тек қана бунақ (қайталанатын жол бөлшектері), буындардың бірыңғай келулері ғана емес, бунақ, буын жасайтын дыбыстарға да байланысты. Неғұрлым буын, бунақтардың дыбыстары әуезді болып келсе, солғұрлым ырғақ айқын сезіледі. Дыбыс әуезділігі ашық естілетін дауысты дыбыстарға немесе созылыңқы естілетін ұяң дыбыстарға негізделінеді. Тіл жүйесі бай болған сайын, сөйлеу құрылысын түрлендіруге, сөзге әсер ететін қатынас жағдайын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. Тіл байлығы-сөздерді ұйымдастыру мен оның динамикасымен де ерекшеленеді. Өлең сөзбен жазылған драматургиялық шығармалардың байланысы, оның қолданылуы, өзара орналасуы, олардың қиыстырылуы, олардың түйіскен және аралық өзара тартылуы және тебілуі. Тіл байлығы – көп қабатты. Сондықтан, сөз байлығы жиынтығында лексикалық, семантикалық, синтаксистік, интонациялық байлықтардың сөздегі тілдік құралдарды ұйымдастыруы мен динамика байлықтарының толыққандығын ажырата білу басты міндет. Өйткені, сөз байлығының деңгейі белгілі бір шекте өзгеруі мүмкін. Сөйлекдің мінсіздігі, тазалығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, идеялылығы, ықпалдылығысөз байлығы сапаларының жалпы қатарын қамтитын, толықтыратын ерекшеліктер. Сондықтан, адам өзін таныту үшін санасындағы ойын тілі арқылы сыртқа шығарады. Адамның тілі оның басындағы миының функциясы болып табылады. Қоршаған ортаға түсінікті болуы үшін тілді, яғни, естілетін сөзді жүзеге асыратын сөйлеу аппараты деп аталатын бірқатар органдардың, жүйелер мен бұлшық еттердің бір уақыттағы қатаң қызметі талап етіледі. Сөйлеу процесінің қиындығын, дауыстың пайда болуын және дауысты дайындау процестерін дұрыс түсіну үшін, органдарды ұйымдастырудың және орналасуының негізгі принциптерін білу қажет. Сөйтіп, ырғаққа негізделген, синтаксистік біткен бір ойды білдіретін шумақ жолдарында буын, бунақтары дәл қайталанып, жол аяқтары ұйқасқа құрылатын көркем шығармалардың бір түрін өлең дейміз. Бұл айтылғандар ең алдымен өлеңнің түрінің қара сөздерден ерекшелігі болып табылады. Шын мәнінде өлең болу үшін сол айтылғандарға қосымша, өлеңнің терең мазмұны, адамның эстетикалық сезіміне әсер етерлік құдіреті, күші болуы керек. Шын мәніндегі өлеңге тән ерекшелікті қазақ әдебиетінің классигі Абай тамаша дұрыс айтқан. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы. Демек, ырғаққа, буын, бунаққа, ұйқасқа негізделген өлең сөздер, шын мәніндегі өлең дәрежесіне жету үшін «іші алтын, сырты күміс», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік» қасиеті болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет