Асептика. Антисептика


Жедел плевра эмпиемасымен салыстырғанда жиі грамм теріс бактериялармен шақырылатын, аралас форма кездеседі (ішектік, синегнойдты таяқша)



бет6/8
Дата26.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#59633
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2бөж хирка (копия)

Жедел плевра эмпиемасымен салыстырғанда жиі грамм теріс бактериялармен шақырылатын, аралас форма кездеседі (ішектік, синегнойдты таяқша).

Созылмалы эмпиема туындауы үшін ерекше жағдай кеуде торының зақымдалуы болып табылады. Плевра қуысына түскен бөгде денелер созылмалы іріңдеуге әкеледі және өкпенің кеңеюіне жол бермейді. Созылмалы плевра эмпиемасы радикальды өкпелік операциялардан соң -пневмонэктомия, лобэктомия және сегментарлы резекциядан соң байқалады.Плевраның созылмалы эмпиемасы дамуы үшін өкпенің толықтай жазылмауы және тұрақты плевралық қуыстың түзілуімен және қабырғаларындағы инфекцияның болуымен байланысты.

Созылмалы эмпиеманың клиникалық көріністері іріңді аймақ көлеміне, бронхоплевралды және плевра терілік жарықтың болуына, плевраның морфологиялық өзгерістеріне байланысты болады. Жедел эмпиеманың созылмалы түріне ауысуы баяу жүреді. Осындай ауысу дене температурасының қалыпты жағдайға дейін төмендеуі, жағдайының жақсаруы, іріңді бөліністің азаюы, қалдық плевралды аймақ көлемінің қалпына келуі кезінде жүреді.

Созылмалы эмпиеманың клиникалық көріністері іріңді аймақ көлеміне, бронхоплевралды және плевра терілік жарықтың болуына, плевраның морфологиялық өзгерістеріне байланысты болады. Жедел эмпиеманың созылмалы түріне ауысуы баяу жүреді. Осындай ауысу дене температурасының қалыпты жағдайға дейін төмендеуі, жағдайының жақсаруы, іріңді бөліністің азаюы, қалдық плевралды аймақ көлемінің қалпына келуі кезінде жүреді.

Созылмалы эмпиеманың бірінші сатысында науқас жағдайы қанағаттанарлық, кеуде тұсындағы ауырсыну азаяды немесе жоғалады, іріңді интоксикация және тыныс алу жеткіліксіздік көріністері болмайды. Тек қалдық тұрақты аздаған көлемдегі іріңді аймақ созылмалы қабынулық процесті көрсетеді. Іріңді процестің лабораторлы көріністері де айқын емес: салыстырмалы ЭТЖ жоғарылауы, аздаған анемия, диспротеинемия сақталады.

Созылмалы эмпиеманың екінші сатысы ауыр клиникалық көрініспен сипатталады, жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы, ентігу мен жүрек соғуы жиілейді. Жөтел үдей түседі, қақырық мөлшері жоғарылайды. Кеуде тұсындағы ауырсыну тұрақты емес, физикалық жүктеме кезінде жоғарылайды.Науқастарды жалпы қарау кезінде тері бозғылттығы және цианоз байқалады. Кеуде торы тыныс алуға бірдей қатыспайды. Эмпиема астындағы аумақта пальпаторлы ісіну және инфильтрация байқалады. Аумақтың төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады, ауалық жастық үстінен тимпанит анықталады. Сұйықтық аймағында тыныс әлсіз немесе естілмейді. Сұйықтықты аймақтан басқа жерде әртүрлі калибрлы сырылдар естіледі. Тахикардия тұрақты қалыпқа ауысады. Жүрек шекаралары ығысқан болады. Электрокардиография және дененің интегралды реографиясы кезінде өкпелік гипертензиямен, гемодинамикалық өзгерістер байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет