Созылмалы эмпиеманың екінші сатысы ауыр клиникалық көрініспен сипатталады, жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы, ентігу мен жүрек соғуы жиілейді. Жөтел үдей түседі, қақырық мөлшері жоғарылайды. Кеуде тұсындағы ауырсыну тұрақты емес, физикалық жүктеме кезінде жоғарылайды.Науқастарды жалпы қарау кезінде тері бозғылттығы және цианоз байқалады. Кеуде торы тыныс алуға бірдей қатыспайды. Эмпиема астындағы аумақта пальпаторлы ісіну және инфильтрация байқалады. Аумақтың төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады, ауалық жастық үстінен тимпанит анықталады. Сұйықтық аймағында тыныс әлсіз немесе естілмейді. Сұйықтықты аймақтан басқа жерде әртүрлі калибрлы сырылдар естіледі. Тахикардия тұрақты қалыпқа ауысады. Жүрек шекаралары ығысқан болады. Электрокардиография және дененің интегралды реографиясы кезінде өкпелік гипертензиямен, гемодинамикалық өзгерістер байқалады.
Аурудың үшінші сатысында кеуде торының деформациясы байқалады, зақымдалған аймақта қабырғалар қозғалыссыз, қабырға аралық тарылған болады. Жабық созылмалы эмпиема симптомсыз өтеді. Бұл жағдайда клиникалық көріністер мен рентгенологиялық зерттеулер іріңді ошақты көрсетеді. Клиникасында тыныс жеткіліксіздігі және іріңді интоксикация белгілері байқалады.