Ақша-несие саясаты


Ашық нарықтағы оперяциялар



бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі27,81 Kb.
#21791
1   2   3   4   5   6   7   8
Ашық нарықтағы оперяциялар — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Айналыстағы акша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.

Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.

Қазақстан Ұлттық Банкі бәсекелестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын хабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесің дербес түрде анықтайды.

Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекелестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.

Осылайша, Ұлттық Банк ноталарды зейнетақы активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мөлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы ахуалды реттеуге біртіндеп көшу жөніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет