Асхана ашылды



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#5607
1   2   3

АНА ТУРАЛЫ ОЙ

ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ

Ең алғаш қолға гүл алып,

Мектепке келдің қуанып.

Партаңа барып жайғастың, 

абыр-сабырмен.

Ұстазбен сонда таныстың,

Сыныптастармен алыстың.

Еске алып тұрған шығарсың,

Сол сәтті қәзір мына сен.

Сары ауыз балапандай ең,

Қанатың қатпас ұяңда.

Әлемге қарап таңдандың,

Самғайтын құстай қиянда.

Жанардағы іркілген жасты тия алмай,

Алтын ұя мектебіңді қия алмай.

Ұстаздарың да, достарың және мектебің,

Есіңде қалар бала кездегі тұмардай.

Алабұртып көңілің төсті керген,

Қоңырау үні соңғы рет естілер ме екен.

Жоғарғы ұпай алыңдар, келер күнгі

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден.

Ұшқан ұяң ұмыт болып қалмасын,

Жақсы үлгіңді ізбасарың жалғасын.

Жас түлек! Көкке өрлеген қыран құстай,

Самғасын мәңгі, қанатың ешбір 

                                                           талмасын!



Нұрқасым Əдемі, 

№274 орта мектептің 

9 «Г» сынып оқушысы

ЖАС ҰЛАН ƏЛЕМІНДЕ

ЖЕҢІМПАЗ АТАЛАРҒА ТАҒЗЫМ

Бәлкім, бұл ғаламда армандамайтын бала, 

қиялдай  отыра  өз  мақсатына  қол  жеткізгісі 

келмейтін  адам  жоқ  шығар.  Мейлі,  ол  қан-

шалықта  қатыгез  адам  болсын,  адамдарға 

қатал болсын, оңайлықпен жіби қоймайтын 

адам  болсын,  жақсы  адам  болсын,  жаман 

болсын, әр адамзаттың жүрегінде бір өшпес 

арман болады. Кішкене ғана оттай тұтанған 

үміт шоғы ертеңгі күні лаулап жанар отқа ай-

налуы әркімнің өз қалауы, өз жүрегіне бай-

ланысты.  Арман  –  қолыңды  созған  сайын 

алыстап кете берер алдамшы дүние. Бірінің 

көзіне көрінген сағымдай жоғалса,ал бірінің 

көзінде оттай лапылдаған өшпес бір ғажап. 

Тағдыр деген бұл – біздің өз шешіміміз. Ал  

сол шешім – бізді  арман-мақсатқа жетелер 

бір себепші дүние. Кіші ме, үлкен дүние ме, 

тек соның пайдасы бізге тиер болса, сол бізді 

болашағымызға жетелейді. 

Он  бір  жасар  Жания  –  мектеп  қабыр-

ғасында  білім  алып  жүрген  оқушы.  Сыны-

бында  мақтаулы,  үлгі  тұтар  қыз.  Ол  жан-

жақты, кез келген нәрсеге  үлгеретін, жары-

стардан  жүлделі  орын  алатын,  көзі  ашық, 

оның үстіне үйірмеге қатысуға да уақыт та-

батын талантты қыз. Анасының мақтанышы 

болған Жания әр уақытта арманына жетуге 

талпынды. Әр жеңісі сайын өзін  арманына 

бір қадам жете түскендей  сезінетін. Соңғы  

уақытта ол  оқуға қатты мән бермейтін боп 

жүр.  Көп  уақытын  далада  құрбыларымен 

ойнаумен  өткізген  болатын.  Үйіне  кеш 

кіріп, сабағын шала-пұла оқи салып, ұйқыға 

кететін. Апасы ішінен: «Әлі бала ғой, ойнаса 

ойнасын» деп қоя беретін. Әкесі жұмыстан 

көбіне  шаршаңқы  келетін.  Анасы  болса, 

жұмыссыз, тек үй шаруасымен айналысады. 

Әкесінің жалақысы бір айлық азығына зорға 

жететін еді. Бір күні кешке Жанияның әкесі 

үйге кеш оралды. Үйге кіріп:

– Қызым, Жания, жаныма келші, – деді. 

Қызы әкесінің жанына отырды. Сонда әкесі 

қызына күрсіне қарап: 

–  Қатарыңның  алды  бол,  айналайын, 

анаңнын  мақтанышы  бол,  –  деп  қызының 

басынан  сипап,  өз  бөлмесіне  үн  қатпастан 

кетіп  қалды.  Бұл  сөздерден  кейін  Жания 

қыз өзін бір түрлі сезінді. Әкесінің осынша-

ма мұңды жанарын ол еш уақытта көрмеген 

еді.  Жүрегі  әлдебір  жамандықты  сезген-

дей. Әкесінің соңынан еріп барып, кішкене 

қолдарымен  артынан  келіп  құшақтап  алды 

да, былай деді:

–  Жарайды,  әке,  айтқаныңды  қыламын, 

бәрінде  тыңдаймын,  тек  сіз  апам  екеуіңіз 

ешқашан мұңаймаңыздаршы.

 – Қызым, ол қай сөзің, біз әрқашан сенің 

жаныңдамыз,  біз  жырақ  кетсек  те  сенің 

жүрегіңдеміз, –  деп қызын қатты құшақтап, 

шашынан иіскеді. 

Таңертең  Жанияның  әкесі  жұмысқа 

шығып  кетті.  Есіктің  дыбысын  естіп  Жа-

ния  оянып  кетті.  Сабағына  дайындалып, 

кетіп  қалды.  Кешке  үйіне  келген  кезде,  үй 

іші  толған  адам.  Бәрінің  көзінде  жас.  Ана-

сы Жанияға мұң мен жасқа толы жанарымен 

қарап, «келдің бе, қызым?» деді. Апасының 

қасына жүгіріп барып Жания:

 – Апа, не болды? Неге бұлай жылайсың? 

Айтшы маған, анашым, – деп, ол да жылап 

жіберді. Анасы оған біраз қарап тұрып:

– Әкеңнен айрылып қалдық, ботам. Бүгін 

жүрек талмасына ұшырап қайтыс болды. Ол 

бұл  ауруы  туралы  саған  айтпауын  өтінген 

еді. Амалым нешік? – деп, одан сайын жылай 

берді. Жания  өзінің бөлмесіне жүгіріп кетті. 

«Жазығым не? Не жаздық саған, құдайым?» 

деп,  қайғыдан қан жұтып, көзінен біраз жас 

төгілді...

Сол  бір  қайғылы  күннен  кейін  Жания 

өзінің  алдына  үлкен  мақсат  қойды.  Сол 

мақсатына  жетіп,  жалғыз  анасын  асырасам 

екен  деген  ниеті  жүрегінен  орын  алды.  Әр 

күн сайын арманы бойында өсіп, болашаққа 

нық  қадам  басты,  өз-өзіне  деген  сенімі 

күшейе түсті.

Күндер өте бұл қайғылы күндердің бар-

лығы артта қалып, бәрі ұмытылды. Жаңадан 

жұмысқа  орналасқан  анасының  қабағына 

көп қарайлап, көңілінен шығуға тырысатын. 

Бір шуақты күні Жанияның апасы үйінде 

тамақ әзірлеп жүрді. Жания үйіне қуанышы 

қойнына сыймай, жүгіріп келді де:

– Апатай, бүгін не болғанын білесің бе? 

Мен сондай қуаныштымын! 

Бұған таң қалған анасы:

– Не болды, құлыным? Алдымен,  өкпеңді 

басып, деміңді алшы, – деді. Жания:

– Дәл бүгін мен өте бақыттымын. Себебі 

мен ең алғаш рет өзімді нағыз оқушы ретінде 

сезіндім.  Бүгін  салтанатты  лездеме  өтті. 

Сол лездемеде мен «Жас Ұлан» ұйымының 

біздің  қасиетті туымыздай көк түстес әдемі 

галстугын  мойныма  тақтым.  Ұйымның  ан-

тын  лездемеде  бар  дауысыммен  айттым. 

Қасиетті анттың әрбір сөзі, әрбір мағынасы 

менің Отаныма деген ыстық сезімімді одан 

әрі  лаулата  түсті.  Мен  өзімді  Қазақ  елінің 

біртуар  азаматы  ретінде  сезіндім.  Эх,  сол 

кезде,  анашым,  жанымда  сен  болғаныңда 

ғой,  мені  түсінер  едің.  Айтпақшы,  мен  сол 

ұйымның  антын  қабылдап,  оны  жүрегіме 

тоқып алған кезде, қатты толқыдым. Соны-

мен қатар өзімнің өміріме жаңа достар тап-

тым. Бұл менің арманымның орындалуының 

бірде-бір  себепшісі  десем,қателеспес  едім, 

анашым.  Әттең,  қолымнан  келсе  дәл  қазір 

Елбасымыздың  алдына  барып,  біз  секілді 

жалындаған  жастарға  қолдауын  бергені 

үшін  алғыс  айтар  едім.  Сонаң  соң  мен 

өзімнің  шексіз  алғысымды  «Жас  Ұлан» 

ұйымына білдіргім келеді. Себебі бұл ұйым 

әр Қазақстан оқушысының Отанының сана-

лы бір мүшесіне айналуына себепші болады. 

Бұл ұйым – менің арманымның бастауы. Ал 

менің арманым – ер жеткен кезде Отаныма 

адал  еңбек  етіп,  сені  бағып-қақсам  деймін, 

анашым.  Сонда  әкешімнің  аманатын  орын-

дай аламын, – деп әңгімесін аяқтап, апасын 

құшағына алды. Апасы қызына риза болып:

–  Алған  бетіңнен  қайтпа,  қызым.  Өмір 

деген –  үлкен сынақ.Сол сынақтан сүрінбей 

өту  –  сенің  міндетің,  –  деп  қызына  жымия 

қарады.

Әрбір  шырақ  бұл  –  ертеңгі  күннің  жа-



рық  сәулесі.  Ал  егер,  дәл  біздің  еліміздің 

төбесінде  жарқырар  сәуле  көбейсе,  бәлкім, 

бізден асқан ел болмас еді бұл ғаламда. Міне, 

бүгінгі күні осындай болашақтың себепшісі 

болған,  бірінші,  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев атамызға, екінші, біздің 

қызығушылығымызға,  оқуымызға,  патриот-

тық  сезімімізге    көптеп  мән  беретін  «Жас 

Ұлан»  Ұйымына  айтар  алғысымыз  шексіз. 

Әр бала – өзінше бір бөлек әлем. Сол әлемді 

көре  білу  көптің  қолынан  келе  бермейді. 

Ал сол дүние осы үлкен ұйымның қолынан 

келеді деп есептеймін. Жания қыз да өзінің 

болашағына  деген  сенімін  осыдан  тапқан 

болатын.  Болашаққа  жол  сілтер,  біздің 

әрбірімізді гүлді қалай суарса, бізді солайша 

білім-тәрбиемен  суарған,  арманымызға  же-

телеген «Жас Ұланның» бізге берері таусыл-

мас. Жарқын болашақ –  біздің қолымызда. 

Мақсатымызға  «Жас  Ұланмен»  бірге  же-

тейік.

                          



Наурызбаева Жұлдызай, 

№ 274 орта мектебінің 

9 «А» сынып оқушысы

Ана  туғаннан  бері  бізді  мәпелеп  күтеді, 

балдай тәтті сүтімен емізеді, бізді еркелетеді. 

Ана  қайда  болса  да  сенің  жаныңда.  Ол 

ешқашан  да  сені  тастап  кетпейді.  Ана 

туғаннан  өскенге  дейін  сені  күтіп,  баптай-

ды.  Ананы  жақсы  көрмейтін  жан  жоқ.  Ол 

сені  жақсы  көреді.  Сен  ананың  дауысын 

ұмытпайсың. Кәрі қария да өзінің анасының 

дауысын  ұмытпайды.  Мен  анама  мына 

өлеңімді арнаймын.

Мен анамды сағыным, 

Алысқа ұзап кеткенде.

Бар асылын сақтаған.



Жалдыбай Аяжан, №100 орта 

мектептің 3 сынып оқушысы

Мен соғыстым, жоғалттым жолдасты

                                                               көп,

Өмірде жауыздықтар болмасын деп.

Мен жеңдім, жаралы ормандарға

Жаралы құстар келіп қонбасын деп.

                                           

( М.Мақатаев «Жаралылар туралы 

                                                      баллада»)

 

Соғыс... Әрбір адамзат үшін қорқынышты 



да қасіретті сөз. Иә, соғыс –  ананы баладан, 

баланы  әкеден, аяулы жарды сүйгенінен ай-

ыратын  қасірет.  Ұлы  Отан  соғысы  да    сон-

дай зұлматтың бірі болды. Тұтқиылдан кел-

ген  жаудан  ел  мен  жерді,  қасиетті  Отан-

ды  қорғап  қалу  үшін  қолына  қару  алып, 

«мұздан  жастық  жастанып,  темір  төсек 

төсеніп»,  қасық  қаны  қалғанша  аянбай  со-

ғысқан  қаншама  миллиондар  соғыс  дала-

сында қалды...

Тарихта қанды әріптермен жазылған 1418 

күн. Осы бір төрт жыл – адамзат тарихындағы 

ең бір азапты күндер. Брест маңында, Курск 

доғасы, Сталинград шайқасы, Мәскеу түбін-

дегі қантөгіс, Ленинград құрсауы... айта бер-

сең, шеті жоқ. Осы бір қан майданда ел на-

мысын  өзінің  жанынан  артық  санаған  та-

лай  ерлер  құрбан  болды.  Талайы  хабар-

сыз  кетсе,  көпшілігі  елге  жарымжан  бо-

лып оралды. Қазақтың қаншама қаракөздері 

ерлік көрсетіп ерекшеленді. Т. Тоқтаров, С. 

Баймағанбетов, Ж. Қизатов, Ү. Түктібаев, Ә. 

Молдағұлова, М. Мәметова, Б. Момышұлы, 

т.б. батыр атанып, Ер Түріктің жасампаз ұр-

пағы екенін дәлелдеп берді. Мәскеуді жаудан 

қорғаған 28 панфиловшылардың ерлігі өз ал-

дына бір дастан. 

Ал осы аталарымыздың құрбандығы бе-

кер болды ма? Жоқ, біз, бүгінгі ұрпақ, бей-

біт  өмір  сүріп  жатқандығымыз  үшін  сол 

кісілерге мәңгі қарыздармыз. «Балғын ұрпақ, 

мына сенің болашағыңды, біле білсең, мына 

біздер  сақтаған!»,  -  деп  М.  Мақатаев  ата-

мыз айтқандай, ол кісілердің ерлігін ұмыту 

мүмкін  емес.  Бейбіт  күннің  елге,  жерге 

шуағын төккені, балалардың асыр салып ой-

нап, күлгені – сол ардагер аталардың арқасы. 

Кейбір жандардың соны өз мәнінде  түсінбей 

жататыны мені қынжылтады. Мағжан ақын-

ның:


Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,

Ерлерді ұмытса да, ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі,

Ерлерді ұмытпаса, ер де ұмытпас, -

деген өлең жолдары бұл соғыстан бұрын 

жазылса  да,  ерлік  пен  ерге  берілетін  үлкен 

құрмет  болып  саналады.  Ерлік  ұмытылуға 

тиіс емес.  Ол ұмытылса, бізге сын. Ата ұр-

пақ, сіздерге мың да бір тағзым!

Биыл  осы  қанды  қырғынның  басталға-

нына 75 жыл, Ұлы Жеңіске 71 жыл толмақшы. 

71  көктемнің  таңы  соғыссыз  атты.    Менің 

тілегім:  аспанымызды  соғыс  бұлты  торла-

масын, бұлт торласа, тек жаңбыр төгер бұлт 

торласын.Себебі мұндай бұлт нөсер жаңбыр 

береді. Жер жауыннан нәрленеді. Нәрленген 

жер адамзатқа нәр сыйлайды. 

Бейбітшілік – халық ұраны,

Лаула мәңгі, өмір шырағы.

Бүкіл әлемде, шалқар қоныста

Жол жоқ қанды соғысқа!

Налибаева Зарина, № 274 орта

мектебінің 8 «В» сынып оқушысы

ЖАЗ

ҚАЗАҚСТАНЫМ

Жаз келді құлпырып, 

Жасыл кілем жер беті. 

Қуанамыз гүл теріп, 

Қырға шығып жарыса. 

Мырзабек Нұрай, №100 орта 

мектептің 3 сынып оқушысы

Көк туын көрдім алыстан,

Әсем елім құлпырған.

Қыран өткен таулары бар,

Ол елдің аты Қазақстан.

Өзбекбай Нұрдаулет, №100 орта

мектебінің 3 сынып оқушысы


№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл

5

ÀÐÀÉ ÁÀËÀÌÀ



CӘÒ ÑÀÏÀÐ ÑÀҒÀÍ, 

ÆÀÑ ÒҮËÅÊ

ЖЫЛ  ЗДІГІ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ƏН САЛАМЫЗ БƏРІМІЗ

НҰРГҮЛ КЕЛІНГЕ

Иә,  міне,  тағы  да  бір  жыл  артта  қалды. 

Кешегі  у-да,  шу  болып  жатқан  алтын  ұя 

мектебіміздің  құшағы  бір  сәтке  болса  да 

тыншыды. Балалардың күлкісі, ұстаздардың 

ерсілі-қарсылы  қарбаласы  дамылдағандай. 

Осы  бір  жылдың  жемісі  міне,  3  -  мау-

сым  күні  мәресіне  жеткендей.  Тағы  да 

бір  топ  жас  түлек  өмір  атты  мектептің 

екінші  табалдырығын  аттады.  Кеше  ғана 

жүректері  лүпілдеп,  соңғы  сынақтан  қалай 

өтер  екенбіз  деген  күдіктері  сейілді.  «Ақ 

түйенің  қарны  жарылған»  күн  бұл  3  -  мау-

сым  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  нәтижесі 

шыққан  күн  болған  еді.  Бұл  сынақтан  да 

оқушыларым сүрінбей өтті. Менің де аттай 

тулаған  жүрегімнің  дүрсілі,  шәкірттерімнің 

қуаныштарымен қоса қуанды. Бұл мен үшін 

ең  ерекше  күн,  ерекше  сезім  болды  десем 

қате  айтпаған  болар  едім.  Себебі  бітіруші 

сынып, 6 - шы сыныптан бері қуанышымен 

қуанып,  қайғысымен  ортақтасқан  алғашқы 

сыныбым болатын.

Міне, ғажап, Алла тағаланың құдіретімен 

ораза  айының  ең  алғашқы  иіс  күнімен 

дәлме  дәл  келген  ҰБТ-дан  да  оқушыларым 

ойдағыдай  нәтижемен  өтті.  Тек  бір  ғана 

өкінішім,  арамызда  жайраң  қағып  жүрген 

Мерейіміз  де  осы  сынаққа  қатысып,  бізбен 

бірге  қуана  алмады.  Оған  да  міне,  1  жыл 

толмақшы. Мерейдің жарқын бейнесін еске 

ала отырып біз оны ешқашан ұмытпаймыз. 

«Өлгеннің  артынан  өлмек  жоқ»  деген. 

Алдағы  уақытта  жас  түлектеріме  ақ  жол 

тілеймін. Өздерінің соңғы қоңырауда айтқан 

қимас сезімдері жүректерінде мәңгі сақталса 

екен  деймін.  Болашақта  лайым  армандаған 

армандары  орындалып,  еліміздің  еңсесін 

көтеретін азамат болуларына тілектеспін.



Гүлжан ТЛЕУОВА, 

№ 269 орта мектептің 

11«А» сынып жетекшісі 

Қазақ  халқы  қай  уақытта  болмасын, 

ұрпақ  тәрбиесін  ұлттың  тағдыры,  ұлттың 

болашағы  деп  білген.  Сондықтан  тәрбие 

мәселесіне  көңіл  бөліп,  оған  тиімді  әдіс-

тәсілдерді  қолданып,  қарастыру  әрбір 

ұжымның  тапқырлығы  мен  іскерлігін, 

ізденімпаздығы  мен  шығармашылығын  та-

лап  етеді.  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес, 

тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген 

білім  адамзаттың  қас  жауы,  тәрбиесіз 

берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген 

ғұлама  ғалым  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  ойын 

әрбір  ұстаз,  әрбір  ата-ана  өздеріне  қағида 

ретінде  ұстанса  нұр  үстіне  нұр  болар  еді. 

Оқу  мен  тәрбие  —  бір-бірінен  бөлек  алы-

нып  қаралмайтын  күрделі  процесс.  Жаңа 

заманның  жаңашыл  ұстазы  осы  екі  үрдісті 

бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі 

мен іскерлігін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев 

өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген бо-

латын:  «Баланы  тәрбиешінің  дәл  өзіндей 

қылып шығармай, келешек заманына лайық 

қылып  шығару  керек».  Иә,  Мағжан  атала-

ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді 

ұрпақ  керек  екенін  айқындайды.  Өйткені 

елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман та-

лабына  сай  тәрбиеленуі  тиіс.  Қазіргі  таңда 

ұстаздар  қауымына  үлкен  жауапкершілік 

артып  отыр.  Бала  тәрбиесі  –  баршаның  ісі. 

Отбасының да, балабақшаның да, мектептің 

де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына 

сай ұрпақ тәрбиелеу. Балабақшадағы тәрбие-

барлық тәрбиенің бастамасы.

Жер бетіндегі ең абзал да қиын мамандық 

болса,ол-тәрбиеші мамандығы.

Балаға білім беру,құнды қасиеттерді бой-

ына  сіңіре  тәрбиелеу-тәрбиешіден  ізденісті 

талап етеді.

Осы  орайда  Ақай  ауылдық  округіндегі 

№19  «Балдәурен»  ясли-бақшасындағы  тәр-

биешілер  арасында  жылдағы  дәстүр  бой-

ынша  «Жыл  тәрбиешісі  2016»  сайысы  бо-

лып  өтті.  Бұл  сайысқа  жас  та  ізденімпаз 

тәрбиешілер:  «Бәйтерек»  ортаңғы  то-

бының  тәрбиешісі  Ибрашова  Айнұр, 

«Жауқазын»  ортаңғы  тобының  тәрбиешісі 

Қазбиева  Ләззат  және  «Қызғалдақ»  ІІ  кіші 

тобының  тәрбиешісі  Нарымбетова  Рыскүл 

қатысты.  Бес  тур  бойынша  сайысқа  түскен 

тәрбиешілер бірінен - бірі асып түсті.

Әсіресе, Жетім қыздың монологын, ерек-

ше  мәнерде  оқыған  Ләззат  Қазбиеваның 

өнеріне тәнті болдық.

Әр  тәрбиеші  өздері  ашық  түрде  өткіз-

ген  оқу,  тәрбие  іс-әрекеттерін  слайд  арқы-

лы  жаңғыртып  көрсетті.  Шебер  қолды 

тәрбиешілер Ибрашова Айнұр қажетсіз зат-

тардан  керемет  табиғат  көрінісін  жасаса, 

Нарымбетова  Рыскүл  квиллинг  техникасы-

мен  әдемі  суреттер  жасапты.  Ал  Қазбиева 

Ләззат  бала  күнінен  келе  жатқан  хоббиі 

моншақтардан  көз  жауын  алар  бұйымдар 

тоқып әділқазылар алқасына ұсынды.

Сан  түрлі  өнерді  бойларына  жиған, 

мамандықтарын  мақтаныштарына  балаған 

тәрбиешілер  арасында  «Жыл  тәрбиешісі 

2016»  атағын  Ибрашова  Айнұр  жеңіп 

алса,  «Шығармашыл  тәрбиеші»  номина-

циясы  бойынша  Нарымбетова  Рыскүл, 

«Жаңашыл  тәрбиеші»  атағын  Қазбиева 

Ләззат  иеленді.  Келешек  ұрпақ  тәрбиесіне 

аса  жауапкершілікпен  қарайтын  сіздерге 

шығармашылық табыс тілейміз.

Сіздер  тәрбиелеген  әр  бүлдіршін  ер 

жетіп, еліміздің елеулі азаматы болсын, ең-

бектеріңіз жана берсін!

Лиза ІЗТІЛЕУОВА, 

№19 «Балдәурен» балабақшасының 

тәрбиешісі 

Ән  –  көңілдің  ажары  демекші,  бала-

бақшадағы  жас  баланы  әнге,  биге  баулуда 

ән  жетекшілерінің  орны  ерекше.  Баланың 

ән айту, есте сақтау қабілетін даралағаннан 

кейін  ән  айтуға  ынтасы  бар  бүлдіршінді 

таңдап,  жас  тұлғаны  биіктерден  көрсетуге 

тырысып  бағады.  Жуырда  Төретам  кен-

тіндегі №4 «Күн нұры» балабақшасында ән 

жетекшісі  Маржан  Жақсыбаеваның  ұйым-

дастыруымен  «Ән  салып,  би  билейміз»  ат-

ты  ашық  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті 

өтті.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің 

мақсаты  –  музыкалық  шығармалар  сипа-

тын анықтауды жалғастыру, дыбыстың ұзақ-

тығын, биіктігін ажыратуды дамыту. 

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Ән де айтып көңілді,

Би де билеп береміз, деген балалар көңіл-

ді әуен ырғағында ортаға шеңбер жасап, әсем 

әуенді  сезіне  музыкалық  қимылдар  жасау-

дан бастады.  Содан соң тәрбиеші балаларға 

ноталар  туралы  ертегіні  айтып,  оған  қы-

зыққан  балалар  ертегіні  мұқият  тыңдады. 

Ертегі  кейіпкері  ән  патшасы  балаларға 

қонаққа  келіп,  балалардың  өнерлерін  та-

машалады.  Өнерлі  бір  топ  бүлдіршіндер 

«Көңілді  ән»,  «Балдырғандар  әні»,  «Ер-

кем  -  ай»,  секілді  әндерді  орындап  берді. 

Сонымен  қатар  тәрбиешінің  көмегімен  ба-

лалар  «Алтын  қақпа»,  «Әнді  тап»  ойында-

рын қызығушылықпен ойнап, өз білгендерін 

ортаға салды. Ұйымдастырылған оқу іс әре-

кетінің соңында ерекше көзге түскен бір топ 

бала алғысхатпен марапатталды. 

Иә,  сонымен  балаларымыздың  ән  шыр-

қап, көңілдері көтеріңкі болатын кездері көп 

болғай.  Сәбилеріміздің  жүзінен  күлкі  кет-

пей,  балалар  әрқашан  бақытты  өмір  сүрсін 

деген ниеттеміз.

Қымбат БЕРДЕШ

Батыр Бабам Келменбет

Аруақты ел Жәрімбет

Ата-қоныс, ата-жұрт

Киелі жер Байқоңыр

Өмірімнің бір гүлі

Сенсің менің жан балам

Арайлы таңым сен едің

Арайлап атсаң деп едім

Арманың сенің көп еді

Болашағың мол еді

Тапсырамын құдама

Бақыты бол сол елдің

Кішкентай ғана боташым

Әрқашан жаныңда жүремін

Сенің нұрлы жүзіңнен

Жарқын өмір көрейін

Өз теңіңді тапқан соң

Ұзатамын қолымнан

Бақыт тілеп қаламыз

Бауырлар мен ата-анаң

                           



Қорғанбек Үйреков

Құтты болсын балам туылған күнің

Ақ отау, махаббатты қүрған күнің

Жаншуақ, Жансаям аман болып

Шаңырағың тербелсін бал бесікпен

Жас жүрегің гүлдене тола берсін

Махаббатың баламмен жана берсін

Екеуің ұзақ өмір, бақытты болып

Қара шаңырақ егесі боп қала бергін

Ата-енең тілегі осы дерсің

Бар өмірің сарқиды немере үшін

Ата жұрт, ана мекен, құда жекжат

Тілекші тілеулес боп өмір сүрсін                                          

                                                 



Қорғанбек Үйреков

Тәрбие  берудің  тиімділігі  мен  сапа-

сын арттырудың негізгі бағыты - тәрбиелік 

істе  әрбір  баланы  жеке  тұлға  деп  танып 

біліп,  жан-жақты  қалыптастыру.  Мек-

теп  оқушыларының  жеке  тұлғасын  қалып-

тастыру  мәселелері  білім  мен  тәрбие  беру 

тұжырымдамасында  негізгі  орын  алады. 

«Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  -  үздіксіз 

күрделі  процесс.  Әрбір  балаға  жеке  тұлға 

ретінде  қарап,  оның  өзіне  тән  санасы, 

еркі,  өзіндік  әрекет  жасай  алатын  қабілеті 

бар  екенін  ескере  келіп,  балалар  мен  жас-

тардың  білімге,  ғылымға  ықыласын  арт-

тыру,  олардың  ақыл-ой  қабілетін,  жеке  бас 

қабілеттерін  дамытып,  оны  қоғам  талабы-

на  сай  іске  асыруға  көмектесу»,  -  деп  атап 

көрсетіп,  мектеп  алдындағы  міндеттері 

деп  қояды.  Оқушының  жеке  тұлғалық 

қасиеттерін  оқушылар  ұжымы  арқылы 

тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын 

бастауыш  сатыдан  басталатын  процесс. 

Оқушылардың  жеке  басын  дамыту  идеясы 

К.Е.Қайыров,  Б.Михачев  сияқты  педагог-

тар  мен  психологтар  еңбектерінен  көрініс 

табады.  Жеке    тұлғаны  дамыту  мәселелері 

М.  В.  Блонскийдің,  Л.  С.  Выготскийдің, 

Л.В.Рубенштейннің,  Д.Б.Элкониннің  ең-

бектерінің  негізгі  арқау  болып  табылады. 

Оқушылардың  жеке  тұлғасы  ретінде  қа-

лыптасуына  ұжымның  үлкен  ықпалы  бар. 

Оқушылардың  жеке  тұлғасының  дамуына 

мектептегі оқу- тәрбие жұмыстары да ықпал 

етеді.  Оқушының  жан-жақты  үйлесімді  да-

муы  үшін  тәрбие  жұмыстарына  мынандай 

талаптар қойылады: 

1.Ұйымдастырылған  тәрбие  жұмыстары 

оқушылардың  шығармашылық  ізденістерін 

дамытуы қажет. 

2. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау, жүйе-

лі жүргізілуі қажет. 

3. Оқушылар белсенділігін көтеру керек. 

4.  Ұжымдық,  жеке  іс-әрекеттің  да-

муы  және  оқушының  әрекет  етуіне  жол 

беру.  Осы  талаптарды  орындауда  оқу 

тәрбие  жұмыстарын  бүгінгі  білім  стан-

дартына  сай  негіздеп,  кешенді  түрде 

жүргізу  арқылы  оқушыларды  біртұтас 

жеке  тұлға  етіп  қалыптастыруға  болады. 

Адамның  шығармашылығында  үш  түрлі 

қарым-қатынас  орын  алады  екен.  Олар: 

1.  Адамның  өзіне  тән  қарым-қатынас.  2. 

Тұлғаның  басқалармен  қарым  –  қатынасы. 

3.  Тұлғаның  айналамен  қарым  –  қатынасы. 

Осы  қатынастар  арқылы  адам  тәрбиесі 

жетіледі.  Қазіргі  психологиялық  және 

педагогикалық  зерттеуде  бастауыш  сынып 

оқушысына білім беру мен оны дамытудың 

әдістемелік принцпі оқу- танымдық әрекеті 

басымдықта  игере  отырып,  тек  соның 

негізінде  ғана  ғылыми  білімдер  жүйесін 

меңгеруі деп дәлелденеді. «Әрекет – субъек-

тісінің  дүниені  өзгертуге,  рухани  неме-

се  материалдық  мәдениеттің  белгілі  бір 

объектіленген өнімін туғызуға немесе өнді-

руге  бағытталған  белсенділігі.  Адамның 

әрекеті алдымен практикалық, материалдық 

әрекеті ретінде анықталады. Содан соң, одан 

шығармашылық  әрекет  бөлініп  шығады». 

Бастауыш  сынып  оқушыларында  әртүрлі 

деңгейдегі  оқушыларды  оқыту  техно-

логиясын  тану  компонентінің  өзіне  тән 

ерекшелігі  мен  мазмұны  бар:  Танымдық 

эмперикалық  тәсілдері,  модельдеу,  си-

паттау,  өлшеу,  тәжірибелер,  практикалық 

жұмыстар;  Танымның  жалпы  логикалық 

тәсілдері,  анализ,  синтез,  индукция,  дедук-

ция,  дерексіздендіру,  қорыту;  Танымның 

теориялық  тәсілдері,  модельдеу,  болжау, 

дерексізден нақтыға өту; Табиғатты шығар-

машылық  бейнелеу  тәсілдері.  Бұл  тәсідер 

жүйесімен тәсілдердің өзі бастауыш сынып-

та  әртүрлі  оқушыларды  оқыту  технология-

сын  қолданғанда  бастапқы  денгейде,  кейде 

қарапайым  түрде  болуы  мүмкін,  бірақ  дәл 

осы  жаста  бала  олармен  танысуы,  одан  әрі 

оларды тереңдету және ұғынуды жүзеге асы-

ру  үшін  оларды  игере  бастау  қажет.  Ең  ба-

стысы  оқытудың  басынан  оқушыларда  осы 

қорытылған  әрекет  негізінде  білімнің  ин-

теграциясы  дүниенің  ғылыми  бейнесін 

қалыптастыру  процесінде,  оны  жаратылыс 

және гуманитарлық мазмұнның интеграция-

сы арқылы тереңдету жүзеге асырылады. 



Жадыра БЕРДИШЕВА, №100 орта

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл

6

ҚАЗАҚСТАН - ТӘУЕЛСІЗДІК 



ЖОЛЫНДА

ÁÀÐ ÌÅÉІÐІÌІÌІÇ 

ÁÀËÀËÀÐҒÀ

1  маусым  күнгі  өткізілген  «Бар  мейірі-

міміз  балаларға!»  атты  №269  орта  мек-

теп  жанынан  ашылған  «Қызғалдақ»  жазғы 

тынығу лагерінің ашылу салтанаты өте қы-

зықты өтті.

Мақсаты:  Балаларға  шын  көңілден  шат-

тық, көңіл-күй сыйлап, мереке атауларымен 

таныстыру.  Балаларды  қорғау  күні  қалай 

аталып өтілетінін өздеріне көрсету. Мереке-

ге  жақсы  көңіл-күй  керек  екенін  балаларға 

ұғындыру.

«Қызғалдақ»  жазғы  тынығу  лагерінің 

ашылу  салтанатын  лагерь  басшысы  Ж.Тә-

жібаев  бастап  демалушыларды  1  мау-

сым  балалар  мерекесімен  құттықтап,  ар-

найы  шақыртумен  келген  кент  әкімі  Мыр-

забек  Демесінов  пен  мектеп  директоры 

Фарида  Амановаға  сөз  берілді.  Қонақтар 

демалушыларға  және  «Қызғалдақ»  күндізгі 

тынығу  лагерінің  ұжымына  өз  лебізін  біл-

діріп, құттықтау сөздерін айтып, лагерді ашу 

лентасын  қию  рәсімін  жасады.  Әрі  қарай 

оқушылардың  концерттік  бағдарламасы өз 

жалғасын тапты. Ертеңгілік «Қызғалдақ те-

леарнасы» ретінде жаңалықтар түрінде ашы-

лып, журналист Бөлекбаева Аида мен тілші 

–  Сарқытбаев  Мадияр  жүргізді.  Балаларға 

«Бүгін  қандай  күн?»,  «Лагерьде  қандай 

қызықтар  болады  деп  ойлайсың?»  сынды 

сұрақтар  қойып,  интервью  алды.  Арасында 

жарнама  жарияланып,  лагерьдің  ұраны  күн 

шуағы  арқылы  көрсетілді.  Лагерьде  жұмыс 

жасайтын  қызметкерлер  мен  тәрбиешілер 

«Кім  тапқыр?»  ойыны  арқылы  танысты-

рылды.  Әрі  қарай  оқушылар  өз  өнерлерін 

ортаға салды. Шайкуллаев А, Қаппар Диас, 

Қобыланұлы  Жанболат  әндерін  айтып,  кө-

ңілімізді  бір  серпілтсе,  4-сынып  қыздары 

«Әдемі-ай»  әніне  би  биледі.  Соңын  тілші 

мен журналист интервью үшін рахметін ай-

тып, аяқтады.

Ертеңгілік  аяқталған  соң  демеушілік 

жасаған Ұзақов  Қази балаларға өз сыйлық-

тарын тарту етті. Сонымен қатар, «Әрқашан 

күн сөнбесін» тақырыбында балалар далаға 

асфальтқа бормен суреттер салды.

Жазғы  тынығу  лагерінің  тәрбиелену-

шілеріне  лагерь  ережесі  таныстырылып, 

ойын  бөлмесі,  ән-әуез  бөлмесі  және  жатын 

бөлмелері, асхана көрсетілді.

Жаз  мезгілінде  оқушылардың  бос  уа-

қытын тиімді пайдалана білейік дегім келеді. 

Демалушыларға  қызықты  демалыстар  ті-

леймін.

Ж.БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, 

«Қызғалдақ» күндізгі тынығу 

лагерінің тәрбиешісі

2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойын-

ша  зейнетақы  жинақтарының  сомасы  6,09 

трлн. теңге болды. 

Барлық  зейнетақы  жарналары  бойынша 

шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен, 

оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары 

бойынша – шамамен 9,7 млн. бірліктен асты. 

Міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналары 

бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, 

ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 

835 бірлік болды. 

2016  жылдың  басынан  бастап  алынған 

және салымшылардың жеке зейнетақы шот-

тарына  бөлінген  инвестициялық  табыс 

127,37  млрд. теңге болды. 

Мемлекет  Бірыңғай  жинақтаушы  зей-

нетақы  қорында  міндетті  зейнетақы  жар-

наларының,  сондай-ақ  міндетті  кәсіптік 

зейнетақы  жарналарының  сақталуына  «Қа-

зақстан  Республикасында  зейнетақымен 

қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес төлем-

ге  құқық  алған  кездегі  инфляция  деңгейі 

ескеріле отырып, нақты енгізілген жарналар 

мөлшерінде кепілдік береді.     

БЖЗҚ-дан  жасалған  төлемдер  мен  ауда-

рымдар сомасы 2016 жылғы төрт ай ішінде 

73,23  млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру 

ұйымдарына  жасалған  аударымдар  сомасы 

6,74  млрд. тенге болды. 

Қор  салымшылары  enpf.kz  сайты, 

«ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov пор-

талы  арқылы  жарналар  түсімін  бақылай 

алады.  Салымшылардың  жеке  зейнетақы 

шотының  жай-күйі  туралы  ақпарат  алуы 

бойынша  ыңғайлы  әрі  тиімді  электрондық 

қызметтері қолданысқа енгізілген сәттен ба-

стап 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде 

ұялы қосымшадан  201 мың үзінді көшірме 

жүктелген және электрондық үкімет порта-

лынан 290 мың үзінді көшірме алынған.  

«Бірыңғай 

жинақтаушы 

зейнетақы 

қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) 2013 жылғы 

22  тамызда  «ГНПФ»  ЖЗҚ»  АҚ  негізінде 

құрылды.  Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі  Қазақстан  Республикасы  Қаржы 

министрлігінің  «Мемлекеттік  мүлік  және 

жекешелендіру  комитеті»  ММ  арқы-

лы  «БЖЗҚ»  АҚ-ның  құрылтайшысы  әрі 

акционері  болып  табылады.  БЖЗҚ  зейнет-

ақы  активтерін  сенімгерлікпен  басқаруды 

Қазақстан 

Республикасының 

Ұлттық 


Банкі  жүзеге  асырады.  2016  жылғы  1 

қаңтардан  бастап  зейнетақы  активтерін 

басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсы-

нымдар жасау функциялары Қазақстан Рес-

публикасының Президенті басшылық ететін 

Ұлттық  Қорды  басқару  жөніндегі  кеңеске 

берілді. 

Зейнетақы  заңнамасына  сәйкес  БЖЗҚ 

міндетті  зейнетақы  жарналарын,  міндетті 

кәсіптік  зейнетақы  жарналарын,  ерікті  зей-

нетақы  жарналарын  тартуды,  зейнетақы 

төлемдерін  жасауды,  зейнетақы  жинақтары 

мен  төлемдерін  жеке  есепке  алуды  жүзеге 

асырады,  салымшыға  (алушыға)  зейнетақы 

жинақтарының  жай-күйі  туралы  ақпарат 

береді (толығырақ  www.enpf.kz). 



«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗК» БІРЫЅЄАЙ 

ЖИНАЌТАУШЫ ЗЕЙНЕТАЌЫ 

ЌОРЫ


«ЕНПФ» ЕДИНЫЙ 

НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЕНСИОННЫЙ 

ФОНД

По  состоянию  на  1  мая    2016  года  сум-



ма  пенсионных  накоплений  составила  6,09 

трлн. тенге. 

Общее количество договоров по всем ви-

дам  пенсионных  взносов  превысило  10,1 

млн.  единиц,  из  них  по  обязательным  пен-

сионным  взносам  -  порядка  9,7  млн.  еди-

ниц.  Количество  вкладчиков  по  обязатель-

ным  профессиональным  пенсионным  взно-

сам составило 398 472 единиц, а по добро-

вольным пенсионным взносам - 38 835.

Полученный с начала 2016 года и распре-

деленный  на  индивидуальные  пенсионные 

счета вкладчиков инвестиционный доход со-

ставил 127,37  млрд. тенге. 

Сохранность  обязательных  пенсионных 

взносов, а также  обязательных профессио-

нальных пенсионных взносов в Едином на-

копительном  пенсионном  фонде  гаранти-

руется  государством  в  размере  фактически 

внесенных взносов с учетом уровня инфля-

ции  на  момент  получения  права  на  выпла-

ты в соответствии с Законом «О пенсионном 

обеспечении в Республике Казахстан». 

Cумма выплат и переводов из ЕНПФ за 

четыре  месяца  2016  года  составила  73,23  

млрд. тенге, в том числе сумма переводов в 

страховые организации - 6,74  млрд. тенге

Контролировать  поступление  взносов 

вкладчики  Фонда  могут  посредством  сай-

та enpf.kz, мобильного приложения «ENPF» 

или портала e-gov. С момента запуска удоб-

ных  и  эффективных  электронных  услуг  по 

получению  вкладчиками  информации  о  со-

стоянии индивидуального пенсионного сче-

та до 1 мая 2016 года осуществлена  201 ты-

сяча  скачиваний  мобильного  приложения 

и получено  290 тысяч выписок  с портала 

электронного правительства. 

АО  «Единый  накопительный  пенсион-

ный фонд» (ЕНПФ)  создано 22 августа 2013 

года  на  базе  АО  «НПФ  «ГНПФ».  Учреди-

телем и акционером АО «ЕНПФ»  является 

Правительство Республики Казахстан в лице 

ГУ «Комитет государственного имущества и 

приватизации»  Министерства финансов Ре-

спублики  Казахстан.  Доверительное  управ-

ление  пенсионными  активами  ЕНПФ  осу-

ществляет  Национальный  Банк  Республики 

Казахстан. С 1 января 2016 года функции по 

выработке предложений по повышению эф-

фективности  управления  пенсионными  ак-

тивами переданы Совету по управлению На-

циональным  фондом,  который  возглавляет 

Президент Республики Казахстан.

В соответствии с пенсионным законода-

тельством  ЕНПФ  осуществляет  привлече-

ние обязательных пенсионных взносов, обя-

зательных  профессиональных  пенсионных 

взносов,  добровольных  пенсионных  взно-

сов, пенсионные выплаты, индивидуальный 

учет пенсионных накоплений и выплат, пре-

доставляет  вкладчику  (получателю)  инфор-

мацию  о  состоянии  его  пенсионных  нако-

плений (подробнее на  www.enpf.kz). 



Пресс-центр АО «ЕНПФ»

«Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!

Қанша қурап, қаншама көгермедің?!

Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,

Асанның шерге толы өлеңдерін!

Ой  -  хой,  қазақ  даласы,  не  көрмедің?!»- 

деп  Ақиық  ұлы  ақынымыз  жырлағандай, 

халқымыз  қазақ  болып,  ұлт  болып  қалып-

тасуы  жолында  да,  одан  кейінгі  кезеңдерде 

де,  талай  қиямет  -  қайым  күндерді  де,  та-

лай қилы замандарды, кескілескен шапқын-

шылықтарды да бастан өткерді.

Білектің  күшімен,  найзаның  ұшымен, 

соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, 

бізге  аманат  етіп  қалдырған  ұлы  даланың 

ұлы  кемеңгерлерінің  арқасында  бақытты 

өмір кешудеміз.

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Респу-

бликасы»!  Неткен  керемет,  киелі  ұғымдар! 

Бұл  ұғымдардан,  Отанымыздың  тәуелсіз, 

еркін  мемлекет  екенін  бірден  аңғаруға  бо-

лады.  Бүгінде  біз  –  қанатын  кеңге  жайған 

егеменді  елміз.  Көк  туымыз  желбіреп,  сол 

жағымыздағы  мақтаныш  сезімімен  дүр-

сілдеп  тұрған  жүрек  әнұранымызға  әуен 

қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 

Тәуелсіздік  туының  желбірегеніне  де, 

міне,  25  жыл.  Тоғыз  жолдың  торабындағы 

алпауыт  елдер  қатарындағы  алып  мемле-

кетімізді  әлем  жұртшылығы  құрметтейді. 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 

биік  тұғырға  көтерілуіне  елеулі  үлес  қос-

ты.  Ерен  еңбегімен  Қазақстанның  әр  аза-

матының  жүрегінен  орын  алған  осындай 

көшбасшымыздың  болғанына  да  мақтана-

мыз.


Н.Ә.Назарбаев:«Алдымызда асу-асу бел-

дер  бар,  ұлт  жолында  ұйтқи  соққан  жел-

дер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. 

Бәріне  төзу  керек,  бәріне  көну  керек,  жас 

ұрпақ!»-  деп  айтқандай,  біздер,  жас  ұрпақ, 

тәуелсіздігіміздің  баянды  болуы  үшін  жа-

уапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып 

отырғанын  түсінуіміз  керек.  Тәуелсіздіктің 

тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар же-

лінің  есуінен  тайсалмауға  тиіспіз»-  деген 

президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

Жақында Төретам кентіндегі №269 орта 

мектепте  «Қазақстан  тәуелсіздік  жолында» 

тақырыбында 5-9 сыныптар аралығында та-

рих, география бірлестігінің апталығы өтті. 

Апталықты  өткізудегі  негізгі  мақсат  - 

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін са-

лыстыра отырып, еліміздің даму тарихы ту-

ралы  ұғым  қалыптастыру,  оқушылардың 

ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы 

ерлігі  үлгісінде  Отанды,  елін  сүю,  еліне, 

халқына  қызмет  етуге  тәрбиелеу  болып 

табылады.  Бірлестік  ұйымдастырған  ап-

талықтың  ашылуынан  кейін  пән  мұға-

лімдері  Қаржауова  А.  «Тәуелсіздік  баста-

уы»  тақырыбында  көшбасшы  8  сыныптар 

аралығында, Д.Изатуллаұлы «Тәуелсіз елдің 

білімді ұрпақтары» тақырыбында 9-сынып-

тар  аралығында    тарихи  -  интеллектуалды 

ойын өткізді.

Гүлназ  Байкубекованың  ұйымдастыруы-

мен  «Ерлігімен  ерлеген  ер  тұлғалар»  тақы-

рыбында  көрініс  байқауы  8-10  сыныптар 

өткізілді. Көрініс байқауы өз деңгейінде өт-

кізілді. 

Көрініс байқауында І орынмен 9 сынып-

тар,  ІІ  орынмен  8  сыныптар  марапаттал-

ды.  Тарих  пәнінің  мұғалімі  Ж.Әбдіреева 

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне - 25 

жыл» тақырыбында 7-8 сыныптар аралығын-

да конференция өткізді. 

География пәнінің мұғалімі А.Алсугурова 

«Ер  есімі-ел  есінде»  тақырыбында  6-сы-

ныптар  аралығында  сыныптан  тыс  жұмыс 

жүргізді.

Сонымен  қатар  тарих  пәнінің  мұғалімі 

Н.Есқалиев «Қазақстан тәуелсіздік  жолын-

да»  атты  қорытынды  кешті  1-11  сыныптар 

аралығында жүргізді.

Кеште 6 сыныптар «Катюша» биімен өз 

өнерін көрсетсе, ал 7 сыныптар әдеби мон-

таждарын  айтты.  9  -10  сыныптар  «Жоңғар 

хан ордасы», «Жеңіс күні» атты көрініс көр-

сетті.  Кеш  соңы  «Көк  тудың  желбірегені» 

әнімен  аяқталды.  Кеш  қызықты,  тартымды 

өтті.


Айша ДƏКІБАЙ, 

№269 орта мектептің тарих, 

география бірлестігінің жетекшісі 

№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл

ÎÐÀÇÀ



ÎÐÀÇÀÍÛҢ ÏÀÐÛÇ ÁÎËÓÛ

ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАЛАРЫ

Ораза  –  тәуліктің  күндізгі  уақытында 

ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының 

үшіншісі.  Ораза  ұстаған  адам  таң  атқаннан 

күн  батқанға  дейін  ниетін  бекітіп,  ішіп-

жеуден,  басқа  да  оразаны  бұзатын  нәрсе-

лерден  аулақ  болады.  Мұсылмандарға  ра-

мазан  айында  ораза  ұстау  –  парыз.  “Ра-

мазан  –  адамдарға  тура  жол  нұсқаушы,  ақ 

пен  қараны  айырушы,  бекем  тұтынатын 

дәлел  ретінде  Құран  түсіріле  бастаған  ай. 

Рамазан  айы  туғанын  көрген  адам  ораза 

ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе са-

парда  жүрсе,  онда  басқа  күндерде  өтесін. 

Алла  сендерге  жеңілдік  болуын  қалайды, 

ауырлық  түсіргісі  келмейді”  –  деген  аят-

тарда  парыз  оразаның  мәні,  негізгі  сипат-

тары,  уақыты,  қазасын  өтеу  жайлы  айты-

лады.  Ораза  шартты  ғибадат  болғандықтан 

оны  парыз  ретінде  кімнің  орындауға 

міндеттілігі  немесе  кімдердің  босаты-

латыны,  қабыл  болу-болмауының  шарт-

тары,  бұзылатын  немесе  бұзылмайтын 

жағдайлары  шариатта  бекітілген.  Ораза 

адамның  рухани-интеллектуалдық  өсуіне, 

тақуалыққа  жетіп,  Құдайға  жақындай 

түсуіне  ықпал  ететін  ғибадат  екендігі  жай-

лы  көптеген  хадистер  бар.  Ораза  –  адам 

нәпсісін  тыйып,  рухани  өсуге,  өз  бойын-

дағы  жаман  әдеттерден  арылып,  көркем 

мінезін  тәрбиелеп  қалыптастыруға  мүм-

кіндік беретін ғибадат. Қазақ дәстүрлі қоға-

мында  ораза  ғибадатын  өтеуге  байланы-

сты  ислам  әдебімен  орайлас,  халықтың 

тұрмыс-салтына  етене  болып  қалыптасқан 

Таңның атуынан күннің батуына дейінгі 

уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол 

аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар 

аймақты негізге ала отырып, Ораза ұстанды. 

Аллаһ  Құранда  былай  дейді:  «Таңнан, 

қара  жіптен  ақ  жіп  (қараңғылықтан  сәуле) 

ажыратылғанға  дейін  ішіңдер,  жеңдер, 

сосын  оразаны  кешке  дейін  ұстаңдар». 

Мұнымен  күн  мен  түннің  арасындағы  ше-

караны  айтқан.  Пайғамбарымыз  «Біләл  түн 

уақытында  азан  оқиды,  ибн  Умми  Мәк-

тумның  азанына  дейін  ішіп-жеңдер».  Яғни, 

Біләл сәресі үшін ибн Мәктум болса, таң на-

мазы үшін азан оқтын.

Оразаның  парыз  болуы.  Рамазан  ораза-

сы - Исламның бес парызының біреуі. Оған 

Құран  мен  сүннет  дәлел.  Құранда  Аллаһ 

Тағала  былай  дейді:  «Ей,  иман  еткендер! 

Сендерге  бұрынғыларға  парыз  етілгендей 

ораза  парыз  етілді».  Пайғамбарымыз  бы-

лай  дейді:  «Ислам  бес  нәрседен  тұрады: 

Аллаһтан басқа Құдай жоқ екеніне, Мұхам-

медтің  Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне 

куәлік  ету,  намаз  оқу,  зекет  беру,  Рамазан 

оразасын  ұстау,  шамасы  келгендерге  қажы-

лықка бару».

игілікті  дәстүрлер  бар.  Пайғамбар  өсиетіне 

сай  оразаның  мұстахабын  (орындаса  сау-

ап,  орындамаса  күнәсі  жоқ)  орындау  үшін 

“таң  сәресін”  шүйіркелесіп  ішу  отбасы-

ның  берекесін  кіргізеді.  Рамазан  айын-

да  өзара“ауызашарға”  шақырысу  дәстүрге 

айналған.  Хадистерде  ораза  кезінде  мұсыл-

манның  өзін-өзі  тәрбиелеп,  мінез-құлқын 

қалыптастыруының  негізгі  шарттары  белгі-

ленген.  Аузы  берік  адамның  бос  сөзден, 

орынсыз  әрекеттерден  бойын  аулақ  салып, 

жаман  істерден  тыйылуы,  ғибадатын  арт-

тырып,  бос  уақытын  дін  іліміне  тереңдеп, 

зікір,  салауат  айтумен  өткізуі  абзал.  Бұл  да 

оразаның  сауабын  арттыратын  амалдар. 

Оразаның  қоғамдағы  пайдасы  –  жаратушы 

мен  адам,  адамдар  мен  әлем  арасындағы 

түсіністік  артып,  мейірім  артады.  Адамдар 

ырзық-несібенің  қадірін  түсініп,  дәулетті 

мен  жоқ-жітік  арасында  байланыс  орнай-

ды.  Парыз  оразадан  басқа  уәжіп,  сүннет, 

мұстахаб, мәндүп, нәпіл, мәкру оразалар бар. 

Ораза  белгілі  бір  себеппен  бұзылған  жағ-

дайда  қазасын  өтеуге  болады,  ал  себепсіз 

қасақана  бұзылған  ораза  өтеуіне  кәфәрат 

оразасын тұтынады.

Ораза  -  бір  нәрседен  алыстау  Шариғат 

терминінде  Ораза  -  ұстауға  күші  жеткен 

адамның  ниет  етіп,  екінші  шанақтан  ба-

стап,  күн  батқанға  дейін  Оразаны  бұзатын 

нәрселерден  сақтануы.  Ораза  белгілі  бір 

уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тый-

ылу. Мұның парызы - ішіп-жеу мен құмар-

лық сезімдерден сақтану.

ÎÐÀÇÀÍÛҢ ÓÀҚÛÒÛ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет