Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері


Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы



бет3/8
Дата27.02.2023
өлшемі312,09 Kb.
#70145
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

  • Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
  • құн өлшемі,
  • айналыс құралы,
  • төлем құралы,
  • қор және қазына жинау құралы,
  • дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде

Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

Ақша айналыс құралы

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет