Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері


Дүниежүзілік ақша қызметі



бет5/8
Дата27.02.2023
өлшемі312,09 Kb.
#70145
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

Дүниежүзілік ақша қызметі

  • Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
  • Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
  • Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады

Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге

20 теңгелік металл ақша алғаш рет Германияда соғылып шығарылды. Тіпті алғашқысын, Ғ.Байназаров өзі соқты. Қазақстандық жұмыс тобының әрбір мүшесі станокта жұмыс істеп көрді. Сол кезде Грегорий Марченко тиынның соншалықты үлкен екендігін сұраған болатын. Ол кезде бұл өзіндік құны және басқа да көрсеткіштер жағынан өзін ақтап шыққан болатын. Ең бастысы біз прессті сынаудан өткіздік. Қазір 20 теңгелік тиын көлемі жағынан бұрынғыдан анағұрлым кіші, соған орай металл шығыны да азайды.

Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.

Ақша сұранымы теориясы

  • Ақша дегеніміз – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. АҚШ – та ақша қорының негізгі өлшемі – валюта және тексеріліп тұратын депозиттер немесе М1 болып табылады. Бұл ақшаны халық бір нәрсе сатып алу үшін жұмсайды. 1989 жылдың орта шенінде М1 – АҚШ – та 800 миллиард доллар болды.
  • Ақша сұранымын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраным тұрғысынан қараймыз.
  • Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранымы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:
  • Нақты ақша сұранымы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады, соған сәйкес процент мөлшерлемесі, нақты табыс, нақты байлық та өзгермейді.
  • Номиналды ақша сұранымы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
  • Ақша экономикасында активтердің алуан түрі кездеседі, яғни валютадан түрлі қағаздар жиынтығы ақшаны құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет