Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері


Ақшаның түсінігі мен оның формасы



бет2/8
Дата27.02.2023
өлшемі312,09 Kb.
#70145
1   2   3   4   5   6   7   8

Ақшаның түсінігі мен оның формасы

  • Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
  • Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
  • Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
  • Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
  • Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.
  • Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

Жалпыға тікелей айырбасталу

  • Жалпыға тікелей айырбасталу
  • Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
  • Ақшаның айырбас құны
  • Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
  • Еңбектің сыртқы заттық өлшемі
  • Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
  • Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындау толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
  • Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет