Асхатқызы Аида
КЯ 18 3
Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы
Бала тәрбиесі- өзекті мәселелердің бірі.Қазақ халқы бала дүниеге келісімен-ақ оның өсіп,дене-бітімінің дұрыс жетілуіне,ой-өрісінің дұрыс қалыптасып,жан-жақты тұлға болуына аса мән берген.»Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы ақсақал сәлем береді»демекші,қазақ халқы әр баланы болашақ еліміздің бетке ұстар азаматы,ел тұтқасын ұстары деп,балаға жастайынан құрмет көрсетіп өсірген.Оны сезінген бала әрине,жігері мықты,батыл болып қалыптасады.Осылайша, әр баланың жігерін қайрап,намысын оятады.Ата-ана үмітін ақтауды мақсат еткен бала сол кезден-ақ өзіне деген сенімді ақтау үшін,жауапкершілігі зор бала болып өседі.Адамды жақсы ететін де,жаман ететін де тәрбие.Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің алуан түрлі әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздан жаман бала шыққан жоқ.Алайда, қазіргі заманда баланы дүниеге әкелмес бұрын ата-ана бала тәрбиесі жайында білім алуы керек деп ойлаймын.Бала тәрбиесінің өзекті мәселелерін шешу үшін жаңа технологияларды қолданудың қажеттілігі мол,ел ертеңі мен ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология-әрбір отбасының тәрбие құралына айналуы керек.Бірақ көптеген отбасыларда бала тәрбиесінің дұрыс қолға алынбағанын немесе әлсіреп кеткен олқылықтарын көріп отырмыз.Ата-анаға өз міндетін атқарудан жалтарып, қоғамға не болмаса мұғалімге арта салу оңай болып отыр.Отбасы тәрбиесі құнының төмендеуі ата-ананың ұлттық құндылықтарды білмеуінен туындап отыр.Қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтардың құлдырауға ұшырап бара жатқандағы өкінішті.Қазақтың жері,тілі үшін жаны ашымайтын,қазақылығын ұмытып,шет елге еліктеген,дәстүрімізді ұмыт қалдыратын ата-аналардың бар екендігі өтірік емес.Отбасылардың мақсаты тек ғұмыр кешу емес,бақытты ғұмыр кешу.Отбасылық өмірде қиындықтар болып тұрады.Бұл тұста бастарын біріктерін осы тәрбие,отбасылық құндылықтар емес пе?!
Бала тәрбиесі үлкен ғылым десек болады.Әсіресе күннен күнге жаңа ақпарат шығып,тез дамып жатқан заманда бала тәрбиесі-ата-анаға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.Отбасының тірегі-ата-ана.Кейде алдыға ұмтылып,жаңа бағдарламаларды еркін меңгеріп,өмірдің кедергілерінен сүрінбей өтуге талпынысы бар балаларға рухани түрде қолдау көрсетуге ой-өрісі жетпейтін ата-аналар да кездесіп жатады.
«Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл- сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеуі керек, баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болуы керек»-[1]деген А.Байтұрсынұлының сөзін қарасақ,расында балаңызға сапалы білім,дұрыс тәрбие беруді қаласаңыз алдымен, бала психологиясы жайлы білім алыңыз,балаңыздың көңіл-сарайына терең үңіліңіз, ішкі жан-дүниесін сыртынан-ақ білетін халге жетіңіз..
Еліміздің болашағы-бүгінгі ұрпақ.Халқымыз «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілер»деп бекерден бекер айтпаған.Ата-ананың кез келген іс-әрекеті баланың көз алдында өтеді.Сол үшін жаман,жақсы әдеттерін саралап,өзін-өзі бақылау- ата-ананың міндеті.Бүгінгі жас ұрпақты бәсекеге сай қабілетті,ұлт жанды,өзінен бұрын халқының мүддесін биік қоятын жанашыр,кісінің ала жібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеу барлығызымыздың міндетіміз.Бала тәрбиесіне қатысты деректерді іздесек «балаңды емес,өзіңді түзе»деген сөздермен соқтығысып жатамыз.Барлық жерде айтылып,жазылып, құр «жаттанды»сөз болып қалған сияқты.Негізінен бұл сөз әрбір ата-анаға алтын «ереже»іспетті болуы керек.»Балаға ақылын бұрын бермей,ашуын берген атадан бала үлгі алмайды.О да ашуланады» дейді Абай атамыз.Бірақ, «осылай жасасаң,балаң тәрбиелі болады»деп дөп басып айту қиын.Ата-аналарға берілетін жауап дайын анықтама,барлығына ортақ ереже,қалыптасқан қағида немесе дәрігердің рецепт жазған қағазындай болуы мүмкін емес.Ертедегі ата-аналар өздерінің балаларын жастайынан еңбекке баулып тәрбиелегенде, олардың еңбек сүйгіш, еңбекқор және тұрмыс-тіршілікке икемді, қолынан іс келетін ер-азамат болуын көздеген. Бала тәрбиелеудегі бұл мақсатына жету үшін олар тәрбие құралының бірі етіп халықтың ауыз әдебиетін, ән-күйін көп пайдаланған. Бұлай ету бұрынғы кез үшін заңды да еді. Өйткені өткен заманда жастарға тәрбие беретін, тәрбиелейтін қазіргідей оқу орындары, мәдени мекемелер (кино, театр, телевизор, клуб, коңцерт залдары т. т.), баспасөз, ғылым-техника құралдары болған жоқ. Бірақ халықтың ауыз әдебиеті, ән-күйі болды. Бұл екеуін халық жастарға тәрбие беретін негізгі құрал ретінде пайдаланып, солар арқылы жастарға арнаған өзінің ақыл-кеңесін, өнеге-өсиет сөзін айтып отырған. Сонда айтылатын ең негізгі әңгіме — адал еңбек, кәсіп ету, халық үмітін ақтаған ер-азамат болу.[2]
Баланың бас ұстазы- ата-ана.Бала мінезінің іргетасын ата-анасы қалайды.Махаббат пен мейірімін көрсете отырып,үлгі болуы шарт.Алдымен, баланың жас ерекшелігіне қарай дұрыс ақыл айта білу керек.Бала кішкентай,әлі дұрыс қалыптаспаған болса ата-ана барынша шыдамды болуы керек сияқты.» Тәрбие – баланы кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру" деп басталатын М.Жұмабаевтың «Педагогика»еңбегінде баланың дене тәрбиесінен бастап, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық тәрбиесі толық қамтылған. Бала тәрбиесі туралы ілімді осы кітаптан бастау керек.Қазіргі кезде жиі айтылып жүрген "баланы өсір де, еркіне жібер" деген сөзді Мағжан сол заманда-ақ айтып кеткен.[3]
Ата-ана әрбір әрекетімен баласын тәрбиелейді.»Бала айтқаныңды емес,көргенін жасайды»дегендей,«бала, бала" деп күйеуіңе көңіл бөле алмай қалсаң, дұрыс тәрбие болмайды. Ата-анасының бір-біріне деген махаббаты баланың дені сау, күш-қуаты мол боп өсуіне себеп болады.[4] Бұл кітапта «если вы хотите, чтобы были счастливы ваши дети, будьте счастливы сами» деген сөз ұнады.Расында,әрбір ата-ана бірінші кезекке баласын қояды,бірақ «өзін»ұмытпауы керек.Баласына шаттық күйін сыйлауы үшін алдымен өзі бақытты болуы керек емес пе?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.https://www.google.com/amp/s/massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/38695/amp/
2.М.Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес»
3.М.Жұмабаев «Педагогика»
4.А.Некрасов «Материнская любовь»
Достарыңызбен бөлісу: |