Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
бет 1/3 Дата 02.02.2023 өлшемі 0,58 Mb. #64735
Байланысты:
Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы (1) Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. І. Кіріспе бөлім: Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді , бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын , баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де толық көңіл бөле алмай отыр. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді , еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық. Топтық жұмыс. Постер қорғау Бала-ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Балаға дұрыс тәрбие беруде оны танып-білу, жан дүниесін ұғу маңызды. Топтарға 1-тапсырма: «Ана»: «Тәрбиелі баланың» сипатын, «Бала»: «Тәртіпсіз баланың» сипатын, «Әке»: «Балаңыз табысты оқушы болуы үшін не істей аласыз ?» постерге түсіріп, ортада қорғайды. (Ойласуға 5 минут, қорғауға 1,5 минут). Достарыңызбен бөлісу: