Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.
Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік. Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес. Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.
Биліктің қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған болатын. Ежелгі заман ойшылы – Аристотельдің айтуы бойынша, билік ең
алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет, ол қоғамның тұтастығын, бірлігін сақтау үшін керек деп көрсетті. Кез келген қоғам белгілі бір тұрақтылық болмаса өмір сүре алмайды, осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін – бұл билік. Билік – қоғамдық құбылыс, ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, және оның даму барысында бола бермек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта, яғни тұрпайы түрде болды. Ол кезде адамдар әлеуметтік жағынан бөлінбеген, жеке тұлғалар әлі бөлініп шықпаған, адамдарда алғашқы қауымдық сана үстем болды, биліктің сипаты саяси емес болды. Себебі қоғам мәселелерін шешуде адамдарды келісімге келтіру, қатынастарды реттеу мәселелері болмады. Ол кезде билікті ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Тап, мемлекет пайда болғанға дейін қоғамның үстінен қарайтын аппарат, күштеу мекемелері болмады. Еңбек бӛлінісі, жеке меншік, әлеуметтік теңсіздік дамып, таптар, мемлекеттің пайда болуымен байланысты рулық байланыстар әлсіреді. Ру басыларының адамгершілік беделі тӛмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Рулық-тайпалық байланыстардың күйреуіне орай жария билік орныға бастады. Билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Уақыт өте келе басқарудағы өз құқығын жариялаған және егіншілер мен малшыларды ӛзіне күшпен бағындырған жария билік қоғамнан оқшауланып, мемлекет ретінде дараланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Ең алғашқы мемлекет құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Құл иеленушілік қоғамда саясат, саяси билік пайда болып, бұл мемлекетсіз қоғамның мемлекеттік қоғамға ӛтуіне негіз қалап, енді билік саяси мәнге ие
болды. Саяси биліктің пайда болуын саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен
байланыстырады. Кез келген қоғамда түрлі мүдделер (жеке дара, топтық мүдделер) болады, оларды әлеуметтік қоғамдастық реттеп, ұйымдастырып отыруы қажет. Мүдделер арасында қайшылықтар пайда болып, олар қақтығысқанда әлеуметтік шиеленіс күшейеді, сондықтан оларды реттеу қажет. Қоғам ӛмірін, ондағы топтар, жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін механизм – билік қатынастары болып табылады. Қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде биліктің мәні неде? Билік – бұл еріктік қатынастар болып табылады. Биліктің мәні - өз еркін басқаларға жүргізе алу қабілеті (зорлықпен міндеттеуі). 1-сұрақты қорыта айтқанда, саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады, ол саясатпен тығыз байланысты. Билік барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология («kratos» -билік, «logos» - ілім, ғылым) деп атайды.