Ашекеева Қ


О.Шпенглердің мәдениет тҧжырымы



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
╠ ─┼═╚┼╥╥└═╙ └ ╩ ╨ ╤╧┼ └°σΩσσΓα ─.╚

О.Шпенглердің мәдениет тҧжырымы.
Дүниені дүр сілкіндірген оқиғаларға толы 
болған ӛткен ғасырдың танымал ойшылдарының бірі неміс ойшылы –
Освальд 
Шпенглер. 
Оның шығармашылық ӛрлеуі екі дүниежүзілік соғыс аралығына сай 
келді және осы жағдай ойшылдың дүние түйсінуіне, ой қорыту ерекшеліктеріне ӛз 
әсерін тигізді. 
О.Шпенглер тарихи құбылыс тек бірақ рет байқалады, сондықтан оны ғылыми 
әдіспен танып білуге болмайды, ол тек интуиция арқылы ғана танылады деп 
санайды. Адамзат тарихын ол қайталанбайтын, шектелген сегіз циклды, ошақтың 
(локальды) мәдениеттерге бӛледі. Олар Қытай, Вавилон, Египет, Антикалық, Араб, 
Батыс Еуропалық, Майя және Орыс сібір мәдениеті.
Бұлардың әрқайсысының ӛз идеясы, ӛз құштарлығы, сезімі, арманы, ӛлімі бар. 
Әрбір ошақтық мәдениет, ӛз ерекшелігін сақтай отырып, туғаннан ӛлгенге дейін 
белгілі бір сатылардан ӛтеді. Әрбір мәдениеттің балалық шағы, жастық шағы, 
қалыптасу, ӛлу дәуірін бастан кешіреді. Кезкелген мәдениет, оның ӛзіне тән рухы 
(халықтар түріндегі, тіл, дін, ӛнер, ғылым түріндегі барлық мүмкіншіліктерін 
сарқыған кезде ӛледі). Сӛйтіп алғашқы рухани стихиялық қалпына қайтып оралады. 
О.Шпенглердің пікірі бойынша әрбір ошақтық мәдениеттің айқындаушы факторы – 
рухани бастау. Осы рухани бастаудың пайда болуы, гүлдену, солуы арқылы 
мәдениет айналымы орын алады. Ол бұл жолы адамзаттың мәдениеттің дамуын 
жоққа шығарады. Бұл мәдениеттер бір-біріне әсер етпейді. 
А.Дж.Тойнбидің мәдениет тҧжырымы.
Ӛткен ХХ ғасырдың кӛрнекті 
ойшылдарының бірі – 
А.Дж.Тойнби 
21 мәдениет типін атап кӛрсетіп, оның 13-не 
талдау жасайды. Мәдениеттердің тіршілік ету уақыты 6 мың жыл. Олар бірінің 
орнын бірі баспайды, қайта қатар ӛмір сүреді. Тарихта прогресс, дамуда 


27 
сабақтастықта жоқ. Мәдениеттер оқшау ӛмір сүргенмен, олардың бір-біріне әсер 
етуі мүмкін. Мәдениеттердің даму сатылары тек ежелгі, тарих сахнасынан кеткен 
мәдениеттерге ғана тән. А.Тойнбидің пікірінше Шпенглер кескіні тек ӛмір сүруін 
тоқтатқан ӛркениеттерге ғана қолданылады. Қазіргі ӛркениеттердің құрып кетуі 
мүмкін, бірақ олардың жойылып кетуі тарихи қажеттілік емес және бұл процесті 
алдын ала кӛріп білу мүмкін емес. Тойнби логикасына сай тарихтың негізінде 
құдайылық заңдары жатыр, тарих осы заңдылықтар негізінде бір сатыдан екінші 
сатыға ӛтіп отырады. Ӛркениеттердің қалыптасуы да осы заңдарға байланысты, яғни 
ӛркениеттердің пайда болуын Тойнби құдайылық құдіреттің әсерімен түсіндіреді. 
Әрбір мәдениеттің айқындаушы факторы – дін. Міне, осы дін ӛркениеттер 
айырмашылығының негізінде жатыр. Дін арқылы жеке адамдар құдаймен 
байланысқа түседі. Сӛйтіп, олар алдарына қойған тарихи мақсатты іске асырады. 
Бірақ адамдардың тарихтағы рӛлі әр түрлі. Олардың бір бӛлігі ӛмірлік күштен 
жұрдай, оларға тек еліктеу инстинкті ғана тән, осыған байланысты олар тарихи 
жасампаздыққа емес. Ал адамдардың басқаларында осындай ӛмірлік күш бар 
(Л.Гумилев тілімен айтсақ пассионарлық тән). Сондықтан олар тарихи 
жасампаздыққа басшылық жасайды. Егер қоғамдағы жеке адамдардың бойындағы 
еліктеу инстинкті тым жоғары болса қоғам дамуы тежеледі, қоғам біртіндеп 
құлдырап, соңында ыдырайды. Егер қоғамда бойында ӛмірлік күші бар адамдар 
саны жеткілікті болса қоғам одан әрі дамып гүлдене береді. Себебі, элита қоғамдық 
дамудың белсенді субъектісіне айналады. 
Бірақ ұлы адамдар да құдайға тәуелді. Бұқара халықты енжар күйден, қозғалысқа 
келтіруге қажет күшті олар құдайдан алады. Сӛйтіп творчестволық азшылық тарихи 
процесті қамтамассыз етеді. Алайда, адамдар қол жеткен жетістіктеріне 
даңдайсымауы, ӛздерін құдайдан тәуелсізбіз деп санамауы керек. Олардың құдайдан 
тәуелсіздігі жалған кӛрініс. Құдайсыз олар ештеңе де тындыра алмас еді.
Бақи және бұл дүниелік идеалдар бір-бірімен қайшылықта болады. Екеуі де адамдар 
санасын билеп алуға тырысады. Міне, сондықтан бұл дүниелік ӛмірдің гүлдену 
кездерінде адамдар құдайға құлақ аспайды, одан алшақтап кетеді. Бірақ жерде 
жұмақ орнату әрекеті жүзеге аспай қалғанда, адамның құдайға тәуелсіздігі 
иллюзиясы да күйрейді. Міне, сондықтан ұлы күйзелістер кезінде адам ӛзінің құдай 
алдында тұрғанын сезінеді, ал оның тұрақты болмысы адамның кӛз алдынан 
кетпейді. 
Сӛйтіп, А.Дж.Тойнби тарихи даму заңдылықтарын, мәдениеттер мен ӛркениеттердің 
пайда болуын тылсым күштердің ықпалы арқылы түсіндіруге талпынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет