Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
╠ ─┼═╚┼╥╥└═╙ └ ╩ ╨ ╤╧┼ └°σΩσσΓα ─.╚

 
 
 
 
 



АЛҒЫ СӚЗ 
Қазіргі уақыт талабы – жан-жақты дамыған, білімді де мәдениетті адамды 
қалыптастыру. Жас адамдардың қабілеттерін ашып, оның ӛмірін рухани бай сан 
қырлы ету және салауатты ӛмір салтын қалыптастыру – мемлекетіміздің қазіргі 
мәдени саясатының басты бағыты. 
Бүгінгі күн әрбір адамнан мәдениеттің шынайы да асыл дүниелерін, рухани 
байлықтарын түсінуді талап етеді. Міне сондықтан қазіргі жастар адамзат 
мәдениетінің негіздерін, құндылықтары мен жетістіктерін білуі қажет. Осы мақсатта 
студенттерді әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру және әр 
түрлі ұлттардың мәдениетін түсініп құрметтей білуге үйрету керек. Бұл қазіргі 
Қазақстандағы саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты алғы 
шарттарының бірі. 
Жоғарғы оқу орындарында мәдениеттану пәнін оқытудың мақсаты студенттерді тек 
теориялық білімдермен қамтамасыз ету ғана емес, алған білімдерін қоғамдық 
ӛмірде, әлеуметтік қарым-қатынастарда кеңінен қолдана білуге үйрету. Ең бастысы 
әлемде орын алып отырған күрделі процестерді терең түсініп, уақыт талабына сай 
ойлай және шешім қабылдай алатын жас маманды қалыптастыру болып табылады. 
Бұл жас маманнан тек кәсіби біліктілік пен шеберлікті ғана емес жан-жақты 
білімділікті, кӛкжиегі кең танымды талап етеді. 
Оқу құралында мәдениеттану ғылымының қалыптасып, даму кезеңдері, 
зерттеу нысандары мен кең таралған теориялық мәселелері және мәдениеттің негізгі 
ұғымдары мен салалары баяндалады. 
Ұсынылып отырған оқу құралы республикамыздағы жоғарғы оқу орындарына 
енгізілген кредиттік жүйені де ескере отырып дайындалды. Осыған байланысты 
студенттерді ӛзіндік жұмыс істеу мен ӛзіндік ізденіс қабілетін дамыту мақсатында 
әрбір тақырыптың соңында реферат тақырыптары мен ӛткен материалды тереңірек 
игеру үшін бақылау сұрақтары тест түрінде қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет