axіo
–
құндылық
және
logos
–
ілім, сөз
) деп атайды.
Белгілі Ресей ғалымы Б.С.Ерасов құндылықтардың тӛмендегідей типологиясын
ұсынады:
1.
Ӛмірлік (витальдық) құндылықтар: ӛмір, денсаулық, тән саулығы, қауіпсіздік,
тұрмыс деңгейінің жоғары болуы (тоқтық, тыныштық, сергектік), күш-қуат,
тӛзімділік, ӛмір сапасы, табиғи орта (экологиялық құндылықтар), іскерлік, тұтыну
деңгейі, комфорт және т.б.
6
2.
Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік бедел, мәртебе, еңбекқорлық, еңбек, кәсіп,
отбасы, отанды сүю, тәртіп, тәуекелдікке бейімділік, әлеуметтік және жыныс теңдігі,
жеке бас тәуелсіздігі, қоғам ӛміріне белсене араласу және т.б.
3.
Саяси құндылықтар: сӛз еркіндігі, азаматтық еріктер, мемлекеттілік, заңдылық,
жақсы ел басқарушы, тәртіп, конституция, азаматтық келісім.
4.
Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, достық, парыз, ар-намыс,
адалдық, әділеттілік, мейірімділік, үлкенге ізеттілік, кішіге қамқорлық.
5.
Діни құндылықтар: Құдай, құдайлық заң, наным, аман қалу, Құдайлық игілік,
Қасиетті жазу мен киелі сӛз, шіркеу.
6.
Эстетикалық құндылықтар: әсемдік, әдемілік, идеал, стиль, үйлесімділік, дәстүр
сабақтастығы немесе жаңашылдық, эклектика, мәдени бірегейлік немесе сырттан
қабылданған сымбаттылыққа еліктеу (Б.С.Ерасов “Социальная культурология“.
Москва: “Аспект Пресс“, 1997 ж. 115-116 бб.).
Құндылықтар адамзат қоғамы үшін бағыт-бағдар, идеал қызметін атқарады.
Мәдениеттің құндылықтық тұжырымдамасы қоғам ӛміріндегі идеалды үлгінің
(модельдің) маңызы мен рӛліне басты назар аударады, мұнда мәдениет болу
керектінің нақтыға ұласуы, айналуы ретінде кӛрініс табады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының мұраты демократиялық, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
принциптерін жүзеге асыру.
Адам қоғамы мәдени даму барысында күрделі рәміздер жүйесін қалыптастырады.
Рәміз – адамды қоршаған ортамен, субъекті мен объектіні таңбалар жүйесі арқылы
байланыстыру құралы. Рәміздер қарым-қатынас құралдары қызметін атқарып, ӛзара
түсіністікті орнатуға, ұжымның немесе қауымның ұйымшылдығын күшейтуге
ықпал етеді. Адам ӛміріндегі елеулі оқиғалар, табиғат құбылыстары рәміздік
мазмұнға ие болуы мүмкін. Мысалы, қазақтың батырлар жырындағы Алпамыстың,
Қобыландының және т.б. дүниеге келуі әртүрлі тосын табиғи құбылстармен
байланыстырылады.
Ғылыми таным мен ӛнерде рәміздерді кеңінен қолданады. Осы тұрғыда тілдің
универсалды рәміздік жүйе екендігін айта кетуіміз керек. Таным процесінің дамуы
мен тереңдеуі, абстрактілі ойлау мен пайымдаудың жетілуі адамға тіл арқылы түрлі
ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ұғымдарда құбылыстың мәнді
жақтары кӛрініс табады. Кӛп жағдайда ғылым адамның таным тәжірибесі
жинақталған
ұғым-рәміздермен
істес
болады
(Мысалы,
жаратылыстану
ғылымдарында қолданылатын формулалар және т.б.).
Мәдениеттің рәміздерге толы бір саласы – ӛнер, поэзия мен музыка, живопись
пен архитектура, жалпы, кез-келген ӛнер саласы мен жанр рәміздерді кең
қолданады. Мысалы, М.Булгаковтың “Мастер және Маргарита”, Ш.Айтматовтың
“Ақ кеме” шығармалары да түпкі ой үлкен шеберлікпен рәмізделіп жеткізілген.
Ш.Айтматовтың “Ақ кемесіндегі” кішкене баланың ақ кемеге ұмтылуы, ал оның
сағым тәріздес болып, кӛкжиектен асып, ғайып болуы, қатал шандық пен кіршіксіз
таза бала арманының қарама-қайшылығын білдіреді. Сондықтан, шығарманың “Ақ
кеме” атануы да тегін емес “Ақ кеме” нәрестенің ішкі дүниесі, арман әлемі.
Рәміздердің пайда болып, дамып, қалыптасуына біз Ә.Кассирердің “Рәміздік
теориясын” карастырып толығырақ тоқталамыз.
7
Үшінші сұрақты қоғам және мәдениет ұғымдарының арақатынасын
анықтаудан бастайық. Себебі, мәдениеттің мәні оның қоғамда атқаратын қызметтері
арқылы айқындалады. Қоғам туралы айтқанда, адамдардың ұзақ уақыт бойы
бірлесіп ӛмір сүруі барысында қалыптасқан әлеуметтік қатынастар жиынтығы,
қарым қатынасы алдыңғы қатарға шығады. Ал мәдениет қоғамның ішкі имманенті
қасиетін, сипатын білдіреді.
Мәдениет қоғамдық ӛмірдің барлық салаларын қамтиды және барлық
қоғамдық қатынастарда кӛрініс табады. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері
сан-алуан. Ғалымдар негізгілер ретінде мәдениеттің әртүрлі қызметтерін атап
кӛрсетеді (Бұл туралы қараңыз: Т.Х.Ғабитов. “Мәдениеттануға кіріспе”, Алматы:
“Санат“, 1995 ж.).
Достарыңызбен бөлісу: |