Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
1. Мәдениет
қоғамдағы мәдени сабақтастықты, мәдени мұрагерлікті жүзеге 
асырады. Тарихи даму барысында адамзат жинақталған тәжірибені ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізудің әлеуметтік механизмдерін қалыптастырады. Егер биологиялық 
ортада ақпарат ген негізінде мұраланса, қоғамда ол әлеуметтік тәсілдер және құрал-
жабдықтармен толықтырылады. Білім беру, тәрбиелеу, үйрету тәжірибені жеткізудің 
әлеуметтік механизмдері болып табылады. Мысалы, Кӛне мәдениеттегі ритуалдық 
билердің Сакральдық мәні мен қатар практикалық мәні де болған. Осы билер 
арқылы еңбек ету әрекеттеріне (аңшылық, балық аулау және т.б.) жастарды 
баулыған. 
2.Танымдық қызметі.
Кез келген этномәдениетпен танысу оның салт-дәстүрлер 
мен рәсім-рәміздер жүйесін игеруден басталады. Адам олардың түпкі мәнін, 
қызметін ашуға ұмтылады. Ол бұл дәстүрдің мән-мағынасы неде? – деген сұраққа 
жауап іздейді. Мәдениеттің терең сырын танып, рәміздерін игерген адам ғана сол 
мәдениетті түсініп, құрметтей алады. Осы тұрғыда мәдениетің танымдық қызметі 
мәдениеттер сұхбатын дамытуда ерекше рӛл атқарады. Мәдениеттің танымдық 
қызметінің екінші бір қыры біліммен байланысты. Адамның танымдық харекетінің 
барысында таным тәсілдері мен құрал-жабдықтары қалыптасады. Әрбір келесі ұрпақ 
алғы ұрпақтың таным нәтижелеріне сүйенеді және осы негізде таным процессін әрі 
қарай дамытады. Тіл, сана, ойлау қабілеті, жазудың пайда болып, дамуы адамзат 
мәдениетінің үздіксіз дамуының, жетілуінің нәтижесі болып табылады. 
3.Реттеу қызметі 
мәдениеттің адамдардың ӛзара қатынасын бір қалыпқа келтіруіне 
байланысты. Мәдениеттің бұл қызметі оның басқа да қызметтерімен (жарғылықтар 
мен құндылықтарды, рәсім-рәміздерді ӛндіру) тікелей байланысты. Этномәдениет 
тиым салулар, ырымдар мен мақал-мәтелдер арқылы қоғам, отбасы, әлеуметтік топ 
мүшелерінің қарым-қатынасын реттеп отырады (Мысалы, қазақ мәдениетіндегі 
“Есіктен кіріп тӛрге озба”, “Аға тұрып, іні сӛйлемес” және т.б. мақал-мәтелдер). 
Қоғамдық даму барысында адамдар қарым-қатынасын салт-дәстүрлерін реттеудің 
орнын заң құқық жарғылықтары арқылы реттеу басады. Алайда, бұл 
алдыңғылардың маңызын жоққа шығармайды. Қоғамда бұл екі реттеу түрлері бірін-
бірі толықтырып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет