47
5.
Қол джихады – исламның әдеп және шариғат нормаларын бұзғандарға жаза
қолдану.
Исламда бес парызбен қатар тӛмендегідей ақиқат қағидаларды мойындау шарт.
1.
Алланың құдіретіне сену.
2.
Оның періштелеріне сену.
3.
Құранға сену.
4.
Алланың пайғамбарларына сену (олардың алғашқысы – Нұқ, соңғысы –
Мұхаммед).
5.
Ақыретке сену (заманның соңына және әркімнің ӛз істері үшін жауап беретініне
сену).
6.
Жазмышқа сену.
Исламда негізгі екі бағыт бар. Олар: суннизм және шиизм (Бұл туралы сіздер
М.Үсенова және С.Үсеновтың Дінтану. А., 1994 кітабынан толығырақ таныса
аласыздар).
Исламда ораза айт және құрбан айт дейтін екі үлкен мейрам аталып ӛтіледі. Ораза
айт ораза ауыз бекітуі аяқталған соң, ал құрбан айт мұсылман жыл санауының соңғы
айы Зү-ль-хиджаның оныншы күні, қажылық аяқталған соң аталып ӛтіледі. Бұл
күндері әрбір мұсылман басқаға деген ренішін ұмытып, кешірім етеді. Алыстап
кеткен туыстар табысады. Ислам адамдарды бауырластыққа, татулыққа шақырады.
Ислам осындай қарапайым қағидаларды орындауды адами парыз деп қарастырады.
Кӛріп отырғанымыздай барлық діндердің рухани ұстанымдары мен әдеп нормалары
бір-бірімен үндес, барлық адамдар үшін ортақ болып табылады. Сондықтан
діндердің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған осы
мүмкіндіктерін тиімді іске асыру қазіргі ӛркениет үшін ӛзекті мәселе болып отыр.
Елордасы
–
Астана да болып ӛткен "Әлемдік және дәстүрлі діндердің" съезі осы
бағыттағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл бағытта әлі де талай қажырлы іс-
әреттерді жүзеге асыру қажет. Тек осы бағыттағы табанды еңбек қана адамзаттың
келесі мыңжылдықтағы жарқын болашағын қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: