Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20369
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Мәдениеттануға кіріспе Ашекеева Д.И

 

Жауаптары



















10 

А 

В 



А 

А 

С 



А 

Е 



В 

А 

 



Реферат тақырыптары. 

1. Мәдениеттанудағы натуралистік бағыт. 

2. Мәдени рәміздердің мәні. 

3. Ӛнер туындыларындағы рәмізділік-мәдениетанулық талдау. 

4. Қазақ мәдениетіндегі ойындық бастаулар. 

5. Құндылықтар әлемі: классификациясы мен эволюциясы. 

6. Мәдениет және қоғам. 

 

3 тақырып. МӘДЕНИЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫ 



 

1.  Мәдениеттер типологиясы ҥғымы 

2.  Мәдениет динамикасының негізгі теориялары 

3.  Гегельдің мәдениет тҧжырымы 

4.  П. Сорокиннің мәдени жҥйелер ілімі 

5.  О. Шпенглер мен А. Тойнбидің мәдениет тҧжырымдары 

 

Біз  ӛткен  дәрістерімізде  мәдениет  ұғымын  және  осы  ұғым  арқылы  берілетін, 



онымен  тығыз  байланысты  құбылыстарды  қарастырдық.  Мәдениет  генезисін 

түсіндіретін  бірқатар  теорияларға  тоқталып  ӛттік.  Енді  мәдениеттердің  даму 

процестерін талдауға кӛшейік. 

Жер  бетінде  200-ден  аса  мемлекеттердің  бар  екені  және  бұл  мемлекеттерде 

жүздеген  халықтар  мен  этникалық  топтардың  ӛкілдері  тұратыны  мәлім.  Бұл 

халықтардың  тілі  мен  салт-дәстүрлерінде  қаншама  ұқсастық  бар  болса,  соншама 

айырмашылық  та  бар.  Сондықтан  әлемде  бір-бірін  дәлме-дәл  қайталайтын 

мәдениеттерді  кездестіру  мүмкін  емес.  Осыған орай  мынандай  заңды  сұрақ  туады. 

Осынша  кӛп  мәдениеттерді  байланыстыратын,  топтастыруға  мүмкіндік  беретін  бір 

негіздер  бар  ма?  Бар  болса,  ол  қандай  негіздер?  Міне  осы  сұрақтар  мәдениет 

типологиясының зерттеу объектілері болып табылады. 

Типология  деп  қазіргі  ғылыми  әдебиетте  зерттеу  объектілерін  жалпылама 

модель кӛмегімен талдау, сұрыптау, жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады (қар. 

Т.Х.Габитов  “Мәдениеттануға  кіріспе”.  Алматы:  Санат,  1995.  21  б.).  Типология 

ғылымда  әртүрлі  құбылыстардың  типтік  ерекшеліктерін  ашу  мақсатында 

қолданылады (мысалы, құқықтану, саясаттану ғылымдарында мемлекет пен басқару 

типін  анықтау  үшін,  жаратылыстануда  элементтер  мен  минералдарды,  ӛсімдіктер 

мен жан-жануарларды сұрыптау мақсатында және т.б.). 

Мәдениеттануда мәдениеттерді тӛмендегідей топтастыруға болады:  



  21 

1.Дүниетанымдық негізде: Шығыстық және Батыстық мәдениеттер. 

2.Діни наным-сенім негізінде: Үнді-буддалық, христиандық, исламдық мәдениеттер.  

3.Шаруашылық-мәдени  тип  негізінде:  Отырықшы  және  кӛшпелі  мәдениеттер.  4. 

Дәстүрге қатынасына байланысты: Инновациялық және дәстүрлі мәдениеттер.  

5.Ӛндірістік  күштер  мен  ӛндірістік  қатынастардың  күрделенуіне,  техника  мен 

технологияның жетілуіне байланысты: Аграрлық, индустриялық, ақпараттық қоғам 

мәдениеттері.  6.  Хронологиялық  негізде:  Алғашқы  қауымдық  құрылыс,  антикалық 

дәуір,  орта  ғасырлар,  жаңа  дәуір,  қазіргі  заман  мәдениеттері.  Мәдениеттерді 

сұрыптаудың  басқа  да  кӛптеген  негіздері  бар.  Енді  мәдениеттің  даму  процесіне 

тоқталайық.  

Мәдениет  қандай  заңдылықтарға  сай  дамиды.  Осы  сұраққа  жауап  беру 

барысында  ғылымда  үш  альтернативті  мәдениет  теориясы  қалыптасты.  1).  Бір 

бағытты  эволюциялық  даму  теориясы.  Бұл  теорияның  қалыптасуына  Ч.Дарвиннің 

эволюциялық идеялары зор әсер етті және оған сәйкес барлық қоғам ұксас мәдени 

даму  сатыларынан  ӛтеді.  Бұл  теория  қоғам  мен  мәдениеттің  жалпыға  бірдей 

логикасын  ашуға  талпынады,  сондықтан  әрбір  мәдениеттің  ӛзіндік  ерекшеліктерін 

жеткілікті  дәрежеде  ескере  бермейді.  2).  Мәдени  релятивизм  (мәдениет  дамуының 

циклдық теориясы) теориясы. Бұл теория ӛкілдері әрбір мәдениеттің тек ӛзіне ғана 

тән даму жолы бар деп санайды. Осыған орай олар мәдениеттердің индивидуальды 

сипаттарын  зерттеу  керек  деген  қағиданы  басшылыққа  алады.  Сондықтан 

мәдениеттің  заңдылықтарын  рациональді  жолмен,  механикалық  себеп-салдар 

арқылы түсіну мүмкін емес, оны тек иррациональді жолмен, яғни олардың бастапқы 

құдіретті  себебін  мистикалық  пайымдау  арқылы  ғана  қабылдауға  болады.  3). 

Кӛпфакторлы  мәдени  даму  теориясы.  Бұл  теорияға  сәйкес  ұқсас  жағдайларда 

мәдени типтер бірдей жолмен дамуы мүмкін, алайда мәдениеттердің ұқсастығы тым 

аз  және  бұл  ұқсастық  мәдениет  компонентерінің  тек  кейбіреулеріне  ғана  тән. 

Мәдениет  кӛптеген  құрылымдардан  тұрады  және  олардың  барлығы  мәдениет 

дамуында бірдей орын алады. Сондықтан оларды ішіндегі біреуін ерекше маңызды 

деу  дұрыс  емес.  Мысалы  француз  структуралистері  экононмиканы  мәдениет 

дамуындағы  анықтаушы  фактор  деп  қарастырмайды.  Олардың  пікірінше  әрбір 

қоғамға  оның  мәдениетімен  және  осы  мәдениеттің  негізінде  жатқан  құрлым 

құраушы элементпен байланысты ерекше детерминизм тән. Бұл кӛзқарас бойынша 

мәдениет  дамуын  белгілі  бір  жеке  элементтерді  бӛліп  қарастыру  барысында  емес, 

жалпы  құрылымды  жүйе  әрекетін  тұтас  қарастыру  арқылы  ғана  түсінуге  болады. 

Бұл жерде Маркстік теорияны қабылдамау бірден қӛзге түседі. Маркстік тұжырым 

бойынша  экономикалық  базистің  дамуы  бүкіл  қондырманың,  соның  ішінде 

мәдениеттің де дамуын айқындайды. 

Бірақ  экономиканың  қоғам  дамуындағы  рӛлі  қаншама  зор  болғанменде 

қоғамның  рухани  сферасының  ӛзіне  ғана  тән  ерекшеліктері  бар  екенін  жоққа 

шығару  дұрыс  емес  (ХІХ  ғ.  Ресей  мен  Еуропа  елдерінің  экономикалық  дамуында 

жер мен кӛктей айырмашылық бар. Бірақ мұнан Ресейдің мәдени дамуы кешеуілдеп 

қалды  деген  пікір  тумаса  керек.  Бұл  айтқанымыз  басқа  елдердің  мәдениетіне  де 

қатысты).  Мәдениет  дамуында  дәуір  стилі,  адамдардың  дүниетанымы,  рухани 

ізденістері мен ұмтылыстары үлкен рӛл атқарады.  



  22 

1944 ж. Американ мәдениеттанушысы А.Кребер әртүрлі қоғамдардың мәдени 

дамудың  жоғары  сатысына  қандай  жолмен  жеткендігін  анықтауды  мақсат  етті. 

Кӛптеген  деректер  мен  фактыларды  салыстырып  зерттеудің  нәтижесінде  ол 

тӛмендегідей қорытындыға келді. Кез кеген мәдениеттің негізінде бір үлгі (модель) 

жатыр.  Бұл  үлгі  ӛзгере  отырып,  ӛзіне  тек  ӛзінің  сипаты  мен  ерекшелігіне  тән 

нәрселерді  ғана  қабылдайды  (мысалы,  халықтар  ӛздерінің  тұрмыс-тіршілігі  мен 

рухани-ментальдылығына тән дінді ғана қабылдайды). Уақыт ӛте мәдени үлгі ӛзінің 

мүмкіндіктерін  сарқиды  және  сондықтан  енді  ол  адам  әрекетінің  жаңа  аймақтары 

мен  салаларына  әсер  ете  алмайды.  Сонда  мәдениеттің  алға  басуы  ескіні 

қайталаумен,  регреспен,  құлдырау  кезеңімен  алмасады.  Сӛйтіп  соңында  ескірген 

мәдени  үлгі  құриды.  Алайда,  мәдениеттің  ақыры  оның  мүлдем  жойылатындығын 

білдірмейді,  ӛйткені  ескі  мәдени  үлгінің  аясында  жаңасы  қалыптасады.  Кребер 

зерттеулерінде кӛптеген тың пікірлер айтқанмен, ол мәдени үлгілердің қалай пайда 

болатынын, олардың ауысу себептері мен тіршілік ету ұзақтығы туралы мәселелерді 

жауапсыз қалдырды. 

Бірқатар зерттеушілер (Ф.Нортроп, П.Сорокин) мәдени типтердің пайда болу 

заңдылықтарын және осы типтің ӛзінділігін анықтайтын басты элементті анықтауға 

талпынды. Ф.Нортроп мәдени типті анықтауға негіз ретінде таным формалары мен 

тәсілдерін алды. Осының негізінде ол екі мәдени типті – Шығыстық және Батыстық 

типтерді 

ажыратты. 

Шығысты 

типтің 


дүниетанымы 

интуитивтілікпен, 

эмоциялықпен  сипатталады.  Ал  батыстық  типке  рационализм,  теориялық 

формадағы  таным  тән.  Алғашқы  мәдени  тип  техникасыз  ӛркениеттің  негізін 

қалайды.  Бұл  ӛркениетте  уақыт  нақтылы  тұйықталған  цикл  ретінде  қабылданады. 

Сондықтан  шығыс  мәдениеттерінде  рухтың  кӛшіп-қонуы  тұжырымдары  және 

табиғатпен тіл табысу сарындары кең тараған. Мәдениеттің екінші типі техникалық 

ӛркениетті  қалыптастырады.  Бұл  тип  ғылымның  қарқынды  дамуымен  және  адам 

құқы,  демократия,  мүмкіндіктер  теңдігі  сияқты  идеялардың  кең  таралуымен 

сипатталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет