Кӛркем әдебиет ӛнерлер жүйесінде маңызды орын алады. Әдебиеттің әлеуметтік
шындықты, табиғат әлемін кеңінен бейнелеуде мүмкіндігі орасан зор. Ол қоғамды
толғандырып отырған мәселелерді азаматтардың санасына ұялатып, оны шешудін
жолдарына нұқсайды, қоғам дамуының ағымдарын айқындайды. Тіпті, әдебиет ӛз
заманынан кӛш бойы алда тұруы да мүмкін. Бұл тұрғыда әдебиет қоғам ӛмірінде
болжамдық қызмет атқарады деп те айта аламыз.
Әдебиет басқа ӛнер түрлеріне ықпал етіп, олардың тақырыптары мен
сюжеттерін анықтап отырады. Біз жоғарыда театр мен кино ӛнерінің әдеби негізде
дамитындығын атап ӛткен едік. Бұл ӛнер тұрлерінен басқа әдебиет живописьпен
мүсін, музыка мен би ӛнеріне де ықпал етеді.
Соңғы жылдары әдебиетті нағыз кӛркем әдебиет және беллетристика деп сұрыптау
жиі орын алып жүр.
Нағыз кӛркем әдебиет бұл, ең алдымен қоғамдық, тіпті, ӛркениеттік маңызы бар
әдеби шығарма. Мұндай шығарма болып жатқан немесе орын алған ӛмірлік
құбылыстардың терең мәнін ашып, олардың ӛркениет тарихында алар орнын
айқындайды (Мысалы, М.Булгаковтың "Мастер және маргарита", Ш.Айтматовтың
"Кассандра белгісі" және т.б.).
Беллетристика – оқырманға таныс оқиғаларды баяндау. Беллетрист – жазушы
творчестволық күш – жігерін ӛмірдің белгілі жақтарын сипаттауға жұмылдырады.
Яғни бұл оқырманның ӛмірден байқаған, алайды арнайы назар аудармаған
оқиғалары (Мысалы, поездағы жолаушының басынан ӛткен хикаялары, кездесу,
қоштасу және т.б. оқиғаларды баяндау).
Беллетристика – ӛткенді қайталау, ал нағыз кӛркем әдебиет, ол әрқашан жаңалық.
Әдебиеттегі шындықты бейнелеп, автор ойын ақырға жеткізудің басты құралы – сӛз.
Сӛз арқылы адам санасында жинақталған ӛмірлік тәжірибесін жеткізеді. Сӛз адам
арманы мен қиялына қанат бітіріп, кеңістік пен уақыт шегінен асырады.
Әдебиет әртүрлі дәуірлерде ӛмір сүрген адамдар, ата-бабалар мен кейінгі ұрпақтар
арасындағы сұхбаттастыққа жол ашады.
Жазушы ӛз шығармасында іс-қимылды әртүрлі кеңістік пен уақыт ӛлшемдеріне
кӛшіріп, бірнеше сюжеттік бағыттарды ӛрбітеді. Шығарманың кӛркемдік-идеялық
мәнін ашып, арттыруда ол суреттеу, баяндау, диалог, монолог, тәсілдерін
ұштастырады. Шығарманың ұтымдылығы, тартымдылығы жазушының талантына,
шеберлігіне, шешендігіне тікелей байланысты.
Әдебиеттің негізгі жанрлары – эпос, лирика және драма.
Эпоста шындық ауқымды, әр қырынан, терең бейнелейді. Кейіпкерлердің
мінез-құлқы оларды қоршаған ортада, іс қимылдардың, оқығалардың әсері арқылы
38
ашылады. Эпоста кейіпкердің толық немесе белгілі бір кезеңдегі ӛмірі баяндалады.
Эпос шындықты объективті тұрғыда бейнелейді, сондықтан онда суреттеу мен
баяндау маңызды рӛл атқарады.
Эпостың очерк, әңгіме, повесть және роман сияқты жанрлары бар. Роман – ауқымды
эпикалық шығарма. Романда кейіпкердің ӛмір жолы, қоғамдағы орны, тарихта
қалдырған ізі мен қолтаңбасы, тарихи дәуірдің тынысы кеңінен қамтылады
(Мысалы, М.Әуезовтың "Абай жолы" романын еске түсірейік).
Лирикада кейіпкердің мінез-құлқы толғаныс, қуаныш пен қайғы, сезім арқылы
ашылады. Эпоспен салыстырғанда лирика субъективті сипатта болып келеді.
Ӛйткені, онда адамның жан-дүниесін, сезім-түйсігін ашуға басты назар аударылады.
Лирикалық шығармада автор объективті шындықты мүлдем бейнелемей, бар
ынтасын ӛзінің ой-сезімін жеткізуге жұмылдыруы да ғажап емес. Автордың бұл
толғаулары, лирикалық образдары ӛз замандастарына ел-жұртына ие болады.
Кӛптеген шығармаларда эпостық және лирикалық бегілер ұштасып кетеді. Сӛйтіп,
лиро-эпостық жанрдағы шығарма пайда болады (Фирдауси, Низами, Абай
шығармаларын еске түсірейік).
Драма – сахнада қоюға арналған әдеби шығарманың ерекше түрі. Драмада
кейіпкердің мінез-құлқы диалог, монолог, іс-қимыл, қақтығыс арқылы ашылады.
Драманың негізгі жанрлары трагедия, комедия және тар мағынадағы драма (оны
кейде турмыстық драма немесе пьеса деп те атайды).
Кӛркем әдебиетте сӛз арқылы образ жасалады. Оқырман алдында нақты адамдардың
ӛмірі, ой-сезімдері, ізденістері мен адасулары, ақиқат пен әділеттілік жолындағы
күресі ӛмір шындығы арқылы баяндалады, ӛніп-ӛрбиді. Қыл қалам шеберлері нақты
ӛмірді кӛркем бейнелеу мақсатында сӛз құдыретін асқан шеберлікпен қолдана білді.
Достарыңызбен бөлісу: |