Ашекеева Қ


 Спорттың қай тҥрін ӛнерге жатқызамыз?



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20369
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Мәдениеттануға кіріспе Ашекеева Д.И

6. Спорттың қай тҥрін ӛнерге жатқызамыз? 

А) Ауыр атлетика 

В) Вело жарыс 

С) Бокс 


D) Кӛркем гимнастика  

Е) Серфинг 



7. Адамдардың әлемді кӛркемдік игеруге бағытталған рухани-практикалық іс-

әрекетінің саласы: 

А) Ӛнер  

В) Философия 

С) Мораль 

Д) Ғылым 

Е) Дін 


8.  «Ӛмірді  тҥсіну  ҥшін  оның  ағаштармен  қатар  ӛсімдік  әлеміне  және 

жануарларға қатыстылығын тҥсіну керек» сӛзін кім айтты? 

А) Ясперс 

В) Гегель 

С) Пирс 


Д) Сартр 

Е) Ницше  



9. М.Шолоховтың шығармасына қайсысы жатпайды? 

А) “Тынық Дон” 

В) “Арбат балалары”  

С) “Адам тағдыры” 

D) “Кӛтерілген тың” 

10. Олжас Сҥлейменовтің шығармасына жатпайтын… 

А) “Қан мен тер”  

В) “Аз и Я” 

С) “Жер адамға табын” 

D) “Оттың айналымы” 

 

Жауаптары: 



















10 

А 

В 



А 

А 

С 



А 

Е 



В 

А 

 




  41 

Реферат тақырыптары. 

1. Кӛне мәдениет ӛнері. 

2. Ежелгі грек мәдениетіндегі ӛнер стильдері. 

3. Ортағасырлар ӛнері. 

4. Живопись ӛнерінің қалыптасып, дамуы. 

5. ХҮІІ-ХІХ ғғ. Еуропа мәдениетіндегі жаңа ӛнер бағытттары. 

6. Қазіргі заманғы Қазақстан ӛнері. 

 

 

5 тақырып. МӘДЕНИЕТ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ДІН 

 

Дін  –  рухани  мәдениеттің  құрамдас  басты  бір  саласы.  Дін  ӛзінің  даму 



барысында  пұтқа  табынушлықтан,  яғни  политеизмнен  монотеизмге  дейінгі 

эволюциялық  сатылардан  ӛтті.  Діннің  пайда  болуын  түсіндіруде  ғалымдардың 

арасында  ортақ  кӛзқарастар  жоқ.  Бұл  мәселені  шешу  ғалымның  зерттеушілік 

позициясына  дүниетанымдық  ұстанымынан  құндылықты  бағдарлануына  тікелей 

байланысты. 

Діннің 


классикалық 

тұжырымдарында 

дін 

сенім 


ретінде 

қарастырылады.  Ал  бұл  сенімнің  басты  объектісі  –  Құдай.  Жаратушы,  құдіретті 

күш. Бұл тұжырымға сәйкес дін адам танымының шектілігіне, яғни табиғат пен ӛз 

психикасының  құбылыстарын  тұсіне  алмауынан  туындайды.  Теологиялық 

тұжырымдар дінді адамның құдаймен, құдіретті күшпен байланысы деп түсіндіреді. 

Діни түсініктер мен діни толғаныстар адамға априори берілген. Бұл тұжырымға сай 

адам  әрқашан  "құдаймен  тұтасып  кетуге,  немесе  құдайылық  аяға"  қайтып  оралуға 

талпынады. 

Діннің  әлеуметтанулық  тұжырымдары  діннің  әлеуметтік  табиғатын  ашуға 

талпынады.  М.Вебер  дінді  әлеуметтік  іс-әрекетке  мән-мағына  беру  тәсілі  деп 

сипаттайды.  Мәдениет  феномені  ретінде  дін  әр  түрлі  құбылыстарға  мәндік 

мазмұнды таба отырып, дүниені жүйелейді. Яғни дін адамның қоршаған әлеуметтік 

ортаға және табиғи ортаға деген тұтас кӛзқарасын қалыптастырады және оның осы 

ортада  бағдарлануын  (ең  алдымен  адамгершілік  бағдарлануын)  қамтамасыз  етеді. 

Э.Дюркгейм  дінді  қоғамның  тұтастығын  қаматамасыз  ететін  бастау  деп 

қарастырады.  Діннің  қайнар  кӛзі  ұжымдық  психология,  адамдардың  сырласу,  бір-

бірімен қоғамдық-психологиялық қарым-қаынас процесі деп санайды. Биологиялық 

тұжырымдар  діннің  негізін  адам  бойындағы  биологиялық  немесе  биопсихикалық 

процестерден  іздейді.  Діннің  негізі  діни  инстинкт,  діни  сезім  бұлар  адамның 

тіршілік үшін күресінің бейімделуінің құралдары болып табылады. Психологиялық 

тұжырымдар дінді жеке адамның немесе топтың психикалық құбылыстары негізінде 

түсіндіруге  талпынады.  Бұл  бағыттың  ӛкілдері  дінді  адамның  эмоциялары  мен: 

үрей,  махаббат,  ар-ұят,  адамгершілік  сезімімен  байланыстырады.  Неміс  философы 

И.Кант  дінді  моральдық  және  статутарлық  деп  ажыратады.  Таза  парасат  сеніміне, 

моральдық  сезімге  негізделген  дінді  Кант  "таза  моральдық  дін"  деп  атайды.  Онда 

әркім  ӛзінің  ақыл-парасаты  арқылы  ӛз  бойындағы  құдайылық  ерікті  таниды. 

Моральдық  сенім-еркін  сенім  "дін  дегеніміз  ӛзіміздің  парызымызды  құдайылық 

ӛсиеттер  ретінде  тануымыз"  –дейді,  Кант.  Статутарлық  дін  адамға  сырттан 

танылады  және  статутарлық  сенімге  негізделеді.  Кант  адам  дінге  күштеу  арқылы 



  42 

емес,  рухани  ояну,  сана-сезім,  ақыл-парасаттың  кемелденуі  негізінде  келуі  керек 

дейді.  ХХ  ғасырда  Канттың  дін  туралы  кӛзқарастары  Э.Фроммның  гуманистік 

ұстанымдарында ӛз жалғасын тапты. Ол діндерді авторитарлық және гуманистік деп 

жіктейді. 

Авторитарлық дін – адамды сыртқы күшке бас июге шақырады. Оның басты 

ізгілігі – бағыныштылық. Ал канондалған догмаларға мойынсұнбауды бұл дін типі 

күнәһарлық деп санайды. Э.Фроммның пікіріне сай құдіретті күшке бағыну арқылы 

адам  ӛз  болмысының  шектілігін  жеңуге  және  жалғыздық  сезімінен  құтылуға 

талпынады.  Құдіретті  күшке  бағынған,  мойынсұнған  адам  ӛзін  қауіпсіз  сезінеді, 

ӛйткені  құдіретті  күш  пәле-жаладан  сақтайды  деп  ойлайды.  Сӛйтіп  авторитарлық 

дінде  адам  ӛзінің  тұтастығы  мен  тәуелсіздігінен  бас  тартқанымен  сыртқы  күш 

тарапынан қолдау мен қорғауға ие болады. 

Гуманистік дін адам тұлғасының тұтастығына, оның қабілеті мен ӛз күшіне сенген 

сеніміне, шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыра білуіне бағытталған. Гуманистік 

дін  тұлғаның  кемелділігін,  ӛзіндік  құндылығын  жан-жақты  негіздеп,  адамды  басқа 

адамға  құрметтілік,  ынтымақтастық,  ғарыш  пен  адамның  бірлігі,  тіршілік 

бітімдеріне жан ашырлық, аялау тұрғысынан тәрбиелейді. Бұл діннің басты мақсаты 



  адамның  дәрменсіздігін  емес,  қайта  оның  қуатын,  ізгі  табиғатын,  ізгілікке 

қабілетттілігін паш ету. 

Гуманистік  діннің  тағы  бір  сипаты  толерантылық  (тӛзімділік)  ұғымымен 

байланысты.  Гуманистік  дін  үшін  адамның  қай  дінді  ұстанатындығы  соншалықты 

маңызды  емес.  Жалпы  адамзаттық  қасиеттер  барлық  діндерге  ортақ.  Бұл  дін  типі 

адамның діни тиістілігіне қарамастан оның бойындағы тұлғалық құндылықтар мен 

бастауларды  ашып,  оларды  тұлғалық  және  тұлғааралық  деңгейде  бекітіп, 

қалыптастыруға бағытталған. Тамырын тереңге жайған діни ала ауыздықты, әртүрлі 

діни нанымдағы адамдар қауымдастығы арасындағы сенімсіздік пен күдікті жоюды 

да гуманистік діннің болашқтағы үлесі деп санаймыз. 

Жиырма  бірінші  ғасыр  мен  үшінші  мыңжылдықтың  мәдени  келбетін,  жалпы 

планетарлық  ӛркениет  сипатын  анықтау  мақсатында  кӛптеген  болжамдар 

айтылғаны  баршаға  белгілі.  Оларды  оптиимстік  және  пессимистік  деп  жіктеуге 

болады.  Соңғыларына  назар  аударсақ  (Мысалы,  С.Хантингтонның  "Ӛркениеттер 

қақтығысы"  тұжырымы)  адамзаттың  болашақтағы  тарихы  да  қақтығыстаға  толы 

болмақ  және  ӛркениеттер  қақтығысының  түпкі  себебі  олардың  бір-біріне  мүлдем 

ұқсамайтындығында  жатыр.  Ал  ӛркениеттерді  ажыратып  тұрған  негізгі  белгі  дін 

(діни  нанымдар)  болып  табылады.  Мұнан  кӛретініміз  дін  келесі  ғасырларда  да 

мәдениет  пен  саясатқа,  экономика  мен  әлеуметтік  қатынастарға  ықпал  етуге 

қабілетті  күш  ретінде  ӛз  мәнін  сақтап  қалады.  Осы  тұрғыда  діннің  болашақтағы 

тұрақтылыққа  қауіп  тӛндіретінін  есепке  алмауға  болмайды.  Сондықтан  діни 

қақтығыстарға  жол  бермеу  –  әрбір  қоғамның,  адамзат  қауымдастығының  алдында 

тұрған  келелі  мәселе.  Бұл  мақсатты  іске  асырудағы  басты  міндет  –  әр  түрлі  діни 

нанымдағы  адамдарды  діни  тӛзімділік,  ӛзара  түсіністік  аясында  тәрбиелеу  болып 

табылады.  Осы  жайтқа  соңғы  жылдары  ЮНЕСКО,  БҰҰ  сияқты  халықаралық 

ұйымдар ерекше назар аударып отыр. Осы орайда ЮНЕСКО жұмыс орталығы 1994 

жылы  Каталонияда  ұйымдастырған  кездесуде  қабылданған  діннің  бейбітшілік 

мәдениетін  дамытудағы  рӛлі  туралы  декларацияны  айта  кеткен  жӛн.  Декларация 




  43 

кӛрнекті  діни  қайраткерлер  арасындағы  сұхбаттың  ЮНЕСКО-ның  этикалық 

миссиясына ӛз үлесін қосатынын атап кӛрсетті (Қар. Бейбіт мәдениеті жолында. А., 

2000  ж.  155  б.).  Бұл  тұрғыда  діни  тӛзімділік  қағидасының  маңызы  зор.  Ӛйткені 

барлық конфессиялар ӛз қауымын бейбітшілік пен келісімділікке, басқа адамдардың 

құқы  мен  діни  сенімдерін  аяққа  баспауға,  келісімді  ӛмір  сүруге  шақырса  және 

толеранттылық  идеяларын  нақты  іске  асыруға  ӛз  үлестерін  қосса  кӛптеген  мәсәле 

шешілер  еді.  Тӛзімділікке  байланысты  осындай  құлықтылықты  императивтер 

әлемнің  барлық  діндеріне  тән  және  олардың  негізгі  құжаттарында  ӛз  кӛрінісін 

тапқан. 


Дін  тарихына  терең  үңілу  барлық  діндердің  адамгершілік    моральдық 

негіздерінің ӛте ұқсас  екендігін  аңғартады.  Ал олардың  арасындағы рәсім-рәміздік 

айырмашылықтар  соншалықты  маңызды  емес.  Сондықтан  діндердің  позитивті 

мүмкіндіктерін  қазіргі  ӛркениет  прогресіне  қызмет  еткізе  білген  абзал.  Жоғарыда 

аталған  міндеттердің  жүзеге  асыуы  ӛз  кезегінде  діндердің  тарихы  мен  негізгі 

қағидаларын  жетік  білуді  талап  етеді.  Сол  себепті  келесі  сұрақтарымызда  әлемдік 

діндердің пайда болып, дамуына, діни ілімдердің ерекшеліктеріне талдау жасайық 

Әлемдік діндердің ішіндегі ең кӛнесі – Будда діні. Ол б.э.д. ҮІ ғ. пайда болған. Бұл 

дәуірлерде  ежелгі  Үндістанда  терең  саяси-экономикалық  ӛзгерістер  орын  алды. 

Касталық  әлеуметтік  құрылыс  және  оған  негізделген  дүниетаным  дағдарысқа 

ұшырады.  Үндістанның  әр  жерлерінде  осы  дағдарыстардан  шығудың  жолын 

ұсынған  кӛптеген  діни-этикалық  ілімдер  пайда  болды.  Солардың  ішіндегі  кӛпке 

белгілісі  және  беделдісі  Будда  ілімі  болды.  Буддизмнің  кӛптеген  қағидалары  мен 

ұғымдары  брахманизм  ілімінен  қабылданғанмен  буддизм  касталық  қоғамдық 

тәртіпті,  дүниетанымды  жан-жақты  сынға  алады.  Әр  адам  жеке  ӛзінің  адал  жолын 

таңдап,  будда  ілімін  қабылдау  арқылы  сансара  (мәңгілік  туу,  жанның  тәнге  қайта 

қону  айналымы)  шеңберінен  шығу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Адамдар  арасындағы 

әлеуметтік  айырмашылықтар  оның  адамгершілік  қасиеттеріне  байланысты  және 

рухани кемелдену барысында әлеуметтік жағдайы ӛзгеріске ұшырауы ықтимал деп 

саналды. 

Бастапқы  буддизм  идеялары  ежелгі  үнді  қоғамында  тез  қарқынмен  таралды. 

Ӛйткені,  будданың  қарапайым  да  түсінікті  уағыздары  қоғам  ізденісі  мен  рухани 

талаптарына сай келген еді. Б.з.д. ҮІ ғасырда Үндістан жеріндегі ең үлкен мемлекет 

билеушісі  Ашока  ӛзін  будда  ілімінің  және  монахтығы-сангхидің  қорғаны  деп 

жариялайды.  Осы  арқылы  ол  жергілікті  князьдықтармен  тартыста  ӛз  билігін 

күшейтуге талпынады. Паталипутрада ӛткен 3 соборда будда ілімін канонизациялау 

процесі басталады. Буддизмнің үш асыл қазынасы ұстаз – Будда, ілім-дхарма, ақиқат 

сақтаушылары – сангхе туралы қағидалар қабылданады. 

Будда  ілімі  бірнеше  канондалған  жинақтарда  баяндалады.  Олардың  ішіндегі 

ең  маңыздысы  –  "Трипитака"  (Будда  ілімі  талдан  тоқылған  үш  себетке  сиып 

кеткендіктен осы атау қабылданған). 

Бұл  дін  ілімінің  негізін  тӛрт  асыл  ақиқат  құрайды.  Олардың  біріншісі  ӛмір 

деген – азап, екіншісі – азаптың себебі адамның құмарлықтары мен мұқтаждықтары, 

үшіншісі – осы жоғарыда айтылғандардан арылу арқылы азапты тоқтатуға болады, 

тӛртіншісі – азапты тоқтату үшін дұрыс ӛмір сүру керек. Соңғысы буддизмнің сегіз 



  44 

тармақты  жолы  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  жол  "дұрыс  әрекеттен"  және  "шынайы 

білімнен" тұрады. 

"Дұрыс  әрекет"  дегеніміз  адам  ӛлтірмеу,  тірі  жанға  зиян  тигізбеу  (ахимса),  ұрлық 

істемеу,  ӛтірік  айтпау,  ақылдан  адастыратын  ішімдіктерді  ішпеу  сияқты 

принциптерден тұрады. 

"Шынайы  білім"  –  ӛзіне-ӛзі  үңілуді,  ішкі  пайымдау-медитацияны  білдіреді.  Осы 

екеуінің тұтастығы адамға ӛмір мен ӛлімнің мәңгілік шеңберінен шығып, нирванаға 

жетуге мүмкіндік береді. 

Будда  ілімінің  дамуы  барысында  оның  негізгі  екі  тармағы  хинаяна  мен 

махаяна  қалыптасты.  Хинаяна  монахтық  ӛмір  салтын  ұстанып,  Будда  ілімін  терең 

игеруге  басты  назар  аударады.  Махаянада  кез-келген  адам  нирванаға  жете  алады 

делінеді.  Алайда,  махаянада  қауымға  тәжірибелі-бодхисатвалар  жетекшілік  етуі 

керек. Хинаянаға қарағанда махаянада діни әдет-ғұрыптар күрделірек болып келеді. 

Б.з.д. ІІІ-І ғғ. Буддизм оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азияға хинаяна түрінде таралса, б.з. 

І ғ. бастап ол солтүстік, солтүстік-батысқа махаяна түрінде тарала бастайды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет