Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20369
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Мәдениеттануға кіріспе Ашекеева Д.И

Сәулет  ӛнері  (Архитектура  грек.  archіtektor-  құрылысшы)  –  ӛнердің  негізгі  және 

кӛне түрлерінің бірі, тіршілік етуге арналған ортаны материалдық, техникалық және 

кӛркем құралдар арқылы ұйымдастырып, құрып, қалыптастыруға бағытталған адам 

әрекетінің бір түрі және нәтижесі. 

Сәулет ӛнерінде адамның материалдық және рухани, әсемдікке деген қажеттіліктері 

ұштасады.  Тұрғын  үй,  әртүрлі  ғимараттар  адамның  тұрмысына  қолайлылық 

тұрғысынан  ғана  емес,  оның  кӛркем-эстетикалық  сұраныстары,  талаптарын  ескере 

отырып жобаланады.  

Сәулет  ӛнері  туындысының  ішкі  және  сыртқы  кӛрінісі  болады.  Ішкі  кӛрінісі 

ғимараттың  ішкі  кеңістігінің  ұйымдастырылуына  және  адам  әсеріне  негізделген. 

Сыртқы  кӛрінісі  ғимаратты  ауқымды  қабылдауға  бағытталған.  Сондықтан,  ішкі 

және  сыртқы  кӛрінісі  сәулет  ӛнерін  образды  қабылдаудың  негізгі  құрамдас  бӛлігі 

болып  табылады.  Діни  ғимараттардың  ішкі  кӛрінісі  жаратушының  ұлылығына 

меңзеп, адам мен жаратушының ерекше байланыс бітімін білдірсе, сыртқы кӛрінісі 

ӛзінің әсемдігімен, үйлесімділігімен адамды тартады. Киіз үйдің ішкі кеңістігі адам 

мен ғарыштың тұтастығын бейнелейді.  

Сәулет ӛнерінің негізгі ұғымдарының бірі – архитектоника – архитектуралық 

туындының  кӛркемдік  құрылымы  үйдің  құрылымдық  жүйесін  құрылыс 

заңдылықтарына  сай,  зор  кӛркемдік  дәрежеде  жүзеге  асыру  оның  нақты  шешімін 

табу  –  архитектоникаға  байланысты  (Қазақстан  ұлттық  энциклопедия.  Алматы, 

1998. 457 б.). 



  39 

Сәулет  ӛнерінің  маңызды  кӛркемдік  құралы  –  пропорционалдық,  яғни 

ғимараттың  немесе  архитектуралық  ансамбльдың  бӛліктерінің  үйлесімділігі,  оның 

қоршаған табиға-әлеуметтік ортамен жарасымдылығы.  

Ғимараттың  ауқымдылығы,  кеңістікте  орналасуы,  түсі,  құрылысқа  пайдаланылған 

бұйымдардың  сапасы  адамға  эмоциональды-эстетикалық  әсер  етудің  тағы  да  бір 

тәсілі, құралы болып табылады. 

Еуропа  елдерінде  бес  түрлі  архитектуралық  стиль  бірінен  соң  бірі  орын 

алмастырды.  Олар:  роман,  готика,  ренессанс,  борокко,  классицизм  стильдері 

(Қазақстан ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998. 459 б.) 

Шығыс  елдерінде  сәулет  ӛнерінің  дамуы  діни  ғибадатханалар  салумен  тығыз 

байланысты  болды.  Үндістандағы  Тадж-Махал  мешіті,  Михободхи  Вихара 

ғибадатханасы осыған еңзейді. 

Сәулет  ӛнері  мүсін,  живопись,  қолданбалы  безендіру  ӛнерлерімен  тығыз 

байланыста  дамыды.  Қазіргі  кезде  жаңа  құрылыс  бұйымдарының  ашылуы,  ғылым 

мен технологияның ӛркендеуі сәулет ӛнерінің кӛкжиегін одан әрі кеңейтіп отыр.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет