Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20369
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Мәдениеттануға кіріспе Ашекеева Д.И

Христиан діні  әлемдегі ең кӛп таралған дін, б.з. І ғасырында Палестинада пайда 

болды.  Палестина  император  Помпейдің  жаулап  алғанынан  кейін  Рим 

империясының құрамына енген еді. Тәуелсіздіктен айырылу, кӛтерілістердің аяусыз 

бастырылуы,  әлеуметтік  және  мүліктік  теңсіздіктің  тереңдеуі,  ертеңге  деген 

сенімсіздік,  қоғамда  мистикалық  кӛзқарастардың  таралуына  ықпал  етті.  Б.з.  І  ғ. 

Палестинада  иудей  халқын  құтқарушы  құдай  елшісінің  келетінін  уағыздаушылар 

қаптап,  әртүрлі  діни  ағымдар  кең  таралды.  Осылардың  ішінде  ессейлер  қауымына 

ерте  христиандықта  кездесетін  белгілер  тән  болды.  Бұл  ұқсастықтар  мессианизм, 

эсхатологиялық, күнәқарлық идеяларын түсінуден байқалады. Ессейлер қауымында 

барлық мүшелердің, мүлік теңдігі уағыздалды. 

Христиан  діні  құлдық  тәртіпті  айыптап,  қарапайым  халықтың  мүдделерін 

қорғауға талпынады. Сӛйтіп, адамдарға Христос әкелген құдайылық ақиқатты тану 

арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды.  

Адам  тӛзгісіз  қоғамдық  қатынастарға  қарсы  шығып,  әр  адамға  түсінікті 

адамгершілік  құндылықтарды  ұстануға  шақырған  христиан  діні  тез  арада  үлкен 

идеялық күшке айналды. Кейіннен христиандық идеяларды қоғамның ауқатты бӛлігі 

де  қабылдайды.  Христиандық  қозғалысқа  ақсүйектер  мен  білімді  адамдардың 

тартылуы  оның  әлеуметтік  мазмұнын  ӛзгертті.  Жоғарғы  тап  ӛкілдері  қауымда 

жетекші орындарға ие болады, мүлік пен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етеді. 

Енді  олар  теңсіздікті  жою,  қалыптасқан  тәртіпке  қарсы  шығу  идеяларын 

христиандықтан  ығыстыруға  талпынады.  Қалыптасып  келе  жатқан  шіркеу  ұйымы 

орталықтануға ұмтылады. Біртіндеп Рим қауымы, батыс Рим империясындағы басқа 

қауымдарға ӛз билігін жүргізе бастайды. 

Шіркеу  мен  қауым  басшылары  императорлық  билікпен  жақындасуға 

талпынады,  ал  императорлық  билік  ӛз  тарапынан  империяны  бір  дін  аясында 

топтастыруға  мүдделі  еді.  Император  Константин  312  жылы  христиан  дінінің 

мемлекеттік  дінге  айналуына  бастау  болған  Милан  шешімін  қабылдайды.  Ал  325 

жылы  толыққанды  билікке  қол  жеткізген  Константин  Рим  империясының 

аумағында христиандықты шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін 



  45 

қамтамасыз  етеді.  Император  Юстианның  529  жылы  Афина  жоғарғы  мектебін 

жабуы пұтқа табынушылыққа берілген соңғы соққы болды.  

363  жылы  ӛткен  Лаодикей  соборы  канондалған  христиандық  шығармалардың 

тізімін  белгіледі.  Алайда,  жаңа  ӛсиет  құрамына  енген  кітаптар  тізімі  429  жылы 

Карфаген  соборында  бекітілді.  Жаңа  ӛсиет  құрамына  4  інжіл,  апостолдардың  21 

ӛсиеті  және  Иоанның  Апокалипсисі  кіреді.  Бұлардың  барлығы  христиандар  үшін 

киелі кітаптар болып саналады.  

Христиандық  ілімнің  қалыптасып  дамуында  христиан  ойшылдары 

апологеттер  мен  патристика  ӛкілдерінің  еңбектері  зор  роль  атқарды.  Апологеттер 

христиан  ілімін  пұтқа  табынушылықпен  күрес  барысында  қорғауды  мақсат  етсе, 

патристика христиандық дүниетаным мен философияның негізін қалады.  

Христиан  догматтары  бірден  қалыптаса  қойған  жоқ,  тіпті  бірқалыпқа  келтірілген 

соң  да  олардың  тӛңірегіндегі  пікір-таластар  тоқталмады.  Бұл  пікір-таластар 

құдайдың  үштік  бірлігі,  құдайға  айналу  (боговоплощение)  және  күнәдан  арылу 

қағидаларының тӛңірегінде топтасты. 

Б.з. 325 ж. ӛткен христиан шіркеулерінің Никей соборы құдай-әке мен құдай-

бала  бір  мәнді  емес  деп  тұжырымдаған  Александриялық  епископ  Арийдің  және 

оның  ізбасарларының  ілімін  айыптап,  осы  қағиданың  түпкілікті  түсінігін  жасады. 

Құдай үш бірліктің тұтастығы және құдай-бала құдай әкемен бір мәнді деп танылды. 

 Құдайдың үштік бірлігі идеясымен қатар Иса пайғамбардың бойында адамилық пен 

құдайылық қалай ұштасады деген мәселе де күн тәртібінен түспеді. Б.з. Ү ғ. адамға 

құдайылықтың  қонуы  туралы  қағида  тӛңірегінде  қызу  пікір-таластар  орын  алды. 

Константинополь патриархы Несторий Христос бойындағы адами және құдайылық 

бастаулардың  аражігін  толық  ажырату  идеясын  алға  тартты.  Алайда  б.з.  431  ж. 

ӛткен  Ефес  соборы  "Христос  бойында  құдайылық  пен  адамилық  бастау  ажырамас 

бірлікте  болады"  деген  шешімге  тоқталды.  Монофизиттер  болса  Христостың  тек 

құдай табиғаты бар деп тұжырымдады. 

Бұл  пікір-таластардың  ар  жағында  Александриялық,  Константинопольдық 

және Римдік шіркеулердің арасындағы христиан әлеміне үстемдік етуге деген күресі 

жатты. Осы күрес барысында тӛрт автокефальді (тәуелсіз) шіркеулер пайда болды. 

Олар: Константинопольдық, Александриялық, Антиохиялық және Иерусалимдік. 

Христиан діні бірнеше бағыттарға бӛлінеді. Бұл бӛліну б.з. ІҮ ғасырда басталады да 

1054 жылы христиандар батыс және шығыс христиандары болып біржола бӛлінеді. 

Ал  ХҮІ  ғасырда  Еуропада  тарихи-әлеуметтік  және  мәдени  дамудың  барысында 

протестантизм бағыты пайда болады (Бұл бағыттардың ерекшеліктері туралы сіздер 

М.  Үсенова  мен  С.Үсеновтың  Дінтану.  А.,  Қазақстан,  1995  ж.  кітабынан  толық 

мәлімет ала аласыздар). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет