4
1 тақырып. МӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ЖҤЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1. Мәдениеттану пәні
2. Салт-дәстҥр, әдет-ғҧрып, қҧндылықтар мен рәміздер мәдениеттің қҧрамдас
бӛліктері ретінде
3. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері
4. Мәдениет және ӛркениет
Бірінші сұрақты қарастыру барысында мәдениеттану пәнінің қалыптасып даму
кезеңдеріне, оның заңдылықтарын ашуға назар аудару қажет.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғ. соңғы ширегінде қалыптасты. Ӛйткені, дәл
осы кезде мәдениет пен табиғатты (табиғылықты) қарама-қарсы қою, мәдениетті
адам жасампаздығының, шығармасының нәтижесі, туындысы деп түсіну
гуманитарлық білім жүйесінде берік орын алды.
Мәдениеттану пәнін тереңірек түсіну үшін аталмыш ғылым саласының нені, қандай
құбылыстар саласын зерттейтініне талдау жасау керек.
Мәдениеттану қоғамдағы әртүрлі процестерді: материалдық, саяси-әлеуметтік,
кӛркемдік, моральдық құбылыстарды зерттейді. Мәдениеттанудың мақсаты –
мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның қоғамда қызмет етуінің
принциптерін, әртүрлі мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін, олардың ӛзара
байланысын ашу. Сонымен бірге мәдениеттану қазіргі ӛркениет келбетін,
ерекшеліктерін, заңдылықтарын, мәдениет тарихын, адам бойында мәдени
қажеттіліктер мен мүдделердің қалыптасуын, оның мәдени құндылықтарды ӛндіріп,
сақтаудағы және оны келесі ұрпақтарға жеткізудегі рӛлін зерттейді.
Мәдениеттану құрылымында екі бағытты бӛліп қарастыруға болады. Біріншісі
– мәдениет теориясы. Ол мәдениет генезисін, даму заңдылықтарын, мәдениеттің
қоғамдық болмыс салалары мен арақатынасын және т.б. теориялық мәселелерді
зерттейді. Екіншісі, мәдениет тарихы – мәдениет дамуының негізгі кезеңдерін, оның
уақыт пен кеңістік аясындағы келбетін, әртүрлі мәдениеттер арасындағы
сұхбаттастықты, сұхбаттастық пен айырмашылықты тануға бағытталған.
Міне, осы тұрғыда мәдениеттану тарих, әдебиет, этнография, ӛнертану,
археология сияқты ғылымдармен тығыз байланыста болады. Аталған ғылым
салалары мәдениеттің белгілі бір салаларын зерттейді. Ал мәдениеттанудың олардан
айырмашылығы, ол мәдениетті біртұтас, жүйелі құбылыс ретінді қарастырады.
Екіншіден, мәдениеттану мәдениетті туынды немесе нәтиже ретінде емес, үнемі
дамуда болатын әлеуметтік-тарихи процесс ретінде зерттеуге талпынады.
(Мәдениеттанудың басқа ғылымдардан айырмашылығын терең түсіну мақсатында
сіздерге Т.Х.Габитовтың “Мәдениеттануға кіріспе” (Алматы: “Санат”, 1995 ж.) және
“Мәдениеттану” (Алматы: “Раритет”, 2000 ж.) оқулықтарын қарап шығуды
ұсынамыз.
Мәдениеттанудың қалыптасуына әлеуметтік (мәдени) антропология зор ықпал
етті. Антропология – адамзат пен адамзат қоғамының қалыптасып дамуы туралы
ғылым болып табылады. Әлеуметтік (мәдени) антропология ӛзінің даму барысында
бірнеше сатылардан ӛтеді.
5
1. Этнографиялық кезең (1800-1860 жж.).
2. Эволюциялық кезең (1860-1890 жж. ортасы).
3. Тарихи кезең (1890-1920 жж. ортасы).
4. Психологиялық кезең (1920-1950 жж.).
5. Құрылымдық-функционалдық кезең (1930-1950 жж.).
6. Неоэволюциялық кезең (1950-1980 жж.).
7. Постқұрылымдық кезең (1980 жж. – осы уақытқа дейін).
Бұл кезеңдердің әр қайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар. Бұл туралы сіздер
А.И.Пигалевтың “Культурология” (Волгоград, 1999 ж.) оқулығынан толық мәлімет
ала аласыздар).
Екінші сұрақ салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың, құндылықтар мен рәміздердің
мәдениеттегі алатын орнын, маңызы мен рӛлін талдауға бағытталған. Аталмыш
ұғымдар мәдениетті дамыту мен сақтауда, жетілдіруде маңызды рӛл атқарады.
Ең алдымен мәдениеттің диалектикалық байланыста болатын екі жағы бар
екендігіне назар аударайық. Мәдениет салт-дәстүрге негізделген тұрақтылық және
үнемі ӛзгеріп, дамып отыруға бағытталған жасампаздық арқылы ӛніп-ӛрбиді.
Ф.Ницше бұл құбылысты мәдениеттегі апполондық пен дионистік бастаулардың
күресі арқылы бейнелейді.
Салт-дәстүр мәдени дамудағы сабақтастықты жүзеге асырады. Сол арқылы
адамзат қауымының тарих пен шындықты, табиған пен әлеуметтік ортаны игерудегі
тәжірибесі жинақталады. Әрбір келесі ұрпақ қалыптасқан мәдени дәстүрді бойына
сіңіру арқылы мәдениет субъектісі болып қалыптасады. Яғни салт-дәстүр мен әдет-
ғұрыптар, құндылықтар мен рәміздер адамның әлеуметтену процесінде шешуші рӛл
атқарады. Сондықтан дәстүрсіз мәдениеттің болуы мүмкін емес, салт-дәстүр
мәдениетті сақтаудың ғана емес сонымен қатар жаңа мәдениет үлгісін жасаудың да
басты алғы шарты болып табылады.
Мазмұны жағынан салт-дәстүрге жақын ұғым әдет-ғұрып ұғымы.
Әдет-ғұрып – адамның рәмізделген жүріс-тұрысы немесе іс-әрекеті. Оның
басты мақсаты адам қауымдастығы арасындағы байланысты, қарым-қатынасты
нығайту, сенімсіздік пен тұрақсыздыққа жол бермеу. Адамзат тарихындағы ең
алғашқы әдет-ғұрыптар тұрмыс тіршілікке, шаруашылық харекетке және діни
нанымдарға байланысты пайда болады (Мысалы: аңшылық, магия, діни ритуалдар
және т.б.).
Мәдениет әлемі құндылықтармен тығыз байланысты. Құндылықтар адам мен
қоғамға жақсылық пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғанның, сұлулық пен
ұсқынсыздықтың, әділеттілік пен әділетсіздіктің ара жігін ашуға мүмкіндік береді.
Сол арқылы адам мен қоғам ӛмірлік, дүниетанымдық, моральдық ұстанымын
айқындайды, қалыптастырады. Құндылықтарды зерттейтін білім саласын
аксиология (грек axіo – құндылық және logos – ілім, сөз) деп атайды.
Белгілі Ресей ғалымы Б.С.Ерасов құндылықтардың тӛмендегідей типологиясын
ұсынады:
1. Ӛмірлік (витальдық) құндылықтар: ӛмір, денсаулық, тән саулығы, қауіпсіздік,
тұрмыс деңгейінің жоғары болуы (тоқтық, тыныштық, сергектік), күш-қуат,
тӛзімділік, ӛмір сапасы, табиғи орта (экологиялық құндылықтар), іскерлік, тұтыну
деңгейі, комфорт және т.б.
6
2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік бедел, мәртебе, еңбекқорлық, еңбек, кәсіп,
отбасы, отанды сүю, тәртіп, тәуекелдікке бейімділік, әлеуметтік және жыныс теңдігі,
жеке бас тәуелсіздігі, қоғам ӛміріне белсене араласу және т.б.
3. Саяси құндылықтар: сӛз еркіндігі, азаматтық еріктер, мемлекеттілік, заңдылық,
жақсы ел басқарушы, тәртіп, конституция, азаматтық келісім.
4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, достық, парыз, ар-намыс,
адалдық, әділеттілік, мейірімділік, үлкенге ізеттілік, кішіге қамқорлық.
5. Діни құндылықтар: Құдай, құдайлық заң, наным, аман қалу, Құдайлық игілік,
Қасиетті жазу мен киелі сӛз, шіркеу.
6. Эстетикалық құндылықтар: әсемдік, әдемілік, идеал, стиль, үйлесімділік, дәстүр
сабақтастығы немесе жаңашылдық, эклектика, мәдени бірегейлік немесе сырттан
қабылданған сымбаттылыққа еліктеу (Б.С.Ерасов “Социальная культурология“.
Москва: “Аспект Пресс“, 1997 ж. 115-116 бб.).
Құндылықтар адамзат қоғамы үшін бағыт-бағдар, идеал қызметін атқарады.
Мәдениеттің құндылықтық тұжырымдамасы қоғам ӛміріндегі идеалды үлгінің
(модельдің) маңызы мен рӛліне басты назар аударады, мұнда мәдениет болу
керектінің нақтыға ұласуы, айналуы ретінде кӛрініс табады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының мұраты демократиялық, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
принциптерін жүзеге асыру.
Адам қоғамы мәдени даму барысында күрделі рәміздер жүйесін қалыптастырады.
Рәміз – адамды қоршаған ортамен, субъекті мен объектіні таңбалар жүйесі арқылы
байланыстыру құралы. Рәміздер қарым-қатынас құралдары қызметін атқарып, ӛзара
түсіністікті орнатуға, ұжымның немесе қауымның ұйымшылдығын күшейтуге
ықпал етеді. Адам ӛміріндегі елеулі оқиғалар, табиғат құбылыстары рәміздік
мазмұнға ие болуы мүмкін. Мысалы, қазақтың батырлар жырындағы Алпамыстың,
Қобыландының және т.б. дүниеге келуі әртүрлі тосын табиғи құбылстармен
байланыстырылады.
Ғылыми таным мен ӛнерде рәміздерді кеңінен қолданады. Осы тұрғыда тілдің
универсалды рәміздік жүйе екендігін айта кетуіміз керек. Таным процесінің дамуы
мен тереңдеуі, абстрактілі ойлау мен пайымдаудың жетілуі адамға тіл арқылы түрлі
ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ұғымдарда құбылыстың мәнді
жақтары кӛрініс табады. Кӛп жағдайда ғылым адамның таным тәжірибесі
жинақталған
ұғым-рәміздермен
істес
болады
(Мысалы,
жаратылыстану
ғылымдарында қолданылатын формулалар және т.б.).
Мәдениеттің рәміздерге толы бір саласы – ӛнер, поэзия мен музыка, живопись
пен архитектура, жалпы, кез-келген ӛнер саласы мен жанр рәміздерді кең
қолданады. Мысалы, М.Булгаковтың “Мастер және Маргарита”, Ш.Айтматовтың
“Ақ кеме” шығармалары да түпкі ой үлкен шеберлікпен рәмізделіп жеткізілген.
Ш.Айтматовтың “Ақ кемесіндегі” кішкене баланың ақ кемеге ұмтылуы, ал оның
сағым тәріздес болып, кӛкжиектен асып, ғайып болуы, қатал шандық пен кіршіксіз
таза бала арманының қарама-қайшылығын білдіреді. Сондықтан, шығарманың “Ақ
кеме” атануы да тегін емес “Ақ кеме” нәрестенің ішкі дүниесі, арман әлемі.
Рәміздердің пайда болып, дамып, қалыптасуына біз Ә.Кассирердің “Рәміздік
теориясын” карастырып толығырақ тоқталамыз.
7
Үшінші сұрақты қоғам және мәдениет ұғымдарының арақатынасын
анықтаудан бастайық. Себебі, мәдениеттің мәні оның қоғамда атқаратын қызметтері
арқылы айқындалады. Қоғам туралы айтқанда, адамдардың ұзақ уақыт бойы
бірлесіп ӛмір сүруі барысында қалыптасқан әлеуметтік қатынастар жиынтығы,
қарым қатынасы алдыңғы қатарға шығады. Ал мәдениет қоғамның ішкі имманенті
қасиетін, сипатын білдіреді.
Мәдениет қоғамдық ӛмірдің барлық салаларын қамтиды және барлық
қоғамдық қатынастарда кӛрініс табады. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері
сан-алуан. Ғалымдар негізгілер ретінде мәдениеттің әртүрлі қызметтерін атап
кӛрсетеді (Бұл туралы қараңыз: Т.Х.Ғабитов. “Мәдениеттануға кіріспе”, Алматы:
“Санат“, 1995 ж.).
Достарыңызбен бөлісу: |