Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»



бет1/3
Дата15.12.2022
өлшемі40 Kb.
#57411
  1   2   3

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры »
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада аталған тарихымыз туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: Ауызбіршілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: суреттер, бүктемелер, белсенді тақта, кеспе қағаздар.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз:
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Елбасымыздың 21 қараша күнігі мақаласымен бастаймын. «Ұлы даланың жеті қыры» атты тәрбие сағатын ұйымдастырылып отыр. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін, дінін еске алу мақсатында өткізіледі. Атқа міну, жылқыны қолға үйрету сынды дәстүрлер ең алғаш қазақ халқында пайда болған. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы. Осы қазақ жерінде өмір сүрген түркі тілдес тайпалар ойлап тапқан қылыш, айбалта, найза – технологиялық жаналық болып табылады. Еліміз сан алуан металл кендеріне бай. Ата- бабаларымыз берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Алтын мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «Аң стилі» өнері. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. 1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» халқымыздың алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін көрсететін бірден-бір дәлел. Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстырушы желісі – «Ұлы Жібек жолы.»
Ауыл туралы ән.(көрініс: кемпір ұршық иіріп отырса, сахнада ер тоқым, ат-әбзел жабдықтары тұрады )
Немересі : Ата сіз не істеп отырсыз?
Атасы. Балам мен ат-әбзелдерін дайындап жатырмын. Көптен бері атқа мінбегесін тозыңқырап қалыпты. Бұл ер тоқым атқа міну үшін қажет. Атқа міну баланың денесін шынықтыратын жаттығудың түрі. пайғамбарымызда атқа мініп шабуды балаға үйреткен, оны күнделікті жаттығу ретінде қолданған.
Балам, атқа міну бір жағынан көңіл күйіңді көтеретін болса, екінші жағынан денсаулыққа да пайдалы.
Сахнаға бір бала шығады. Ата бірсүгіні атақты күйшіміз Құрманғазы Сағырбайұлының ......... жылдығы тойланайын деп жатыр. Осыған орай ауылымызда үлкен атжарыс болады.
Атасы: Балам олай болса, біздікі не тұрыс ......................... атжарысқа дайындалайық. Менің досым Темірғали ұстаға барып ер-тоқымыды сәндеп қайтайық.
(Музыка, бәйге)
Ұстаға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет