77
Сіздің қол астыңызда тоғыз дәрігер
Табиғат берген тоғыз дәрігер, тамаша денсаулық жасауыңызға
көмектесуге әрқашан да дайын. Олар сіздің табысқа жетуіңізге 100 пайыз
кепілдік береді. Олар қаралушыға еш уақытта зиянын тигізбейді, қаралушы
осының пайдасын білмегендіктен жиі ескермейді. Бұл дәрігерлерге бәрі өте
түсінікті. Оған бәрібір, адам қарала ма, жоқ па. Олар көмектесуге әрқашан
дайын. Оның білімі жасқа да, кәріге де, байға да, кедейге де әрқашан да
ашық. Олар операция жасамайды, тіпті соңғы модадағы болса да дәрі
бермейді.
Біздің бәріміз осы дәрігерлермен таныспыз. Сіздердің осы дәрігерлерге
жиі қаралуыңызды, мен өтінемін. Олар сіздің денсаулыққа, ұзақ өмір сүруге,
мәңгілік алаулаған жастыққа деген талпынысыңызға көмектесуге әрқашан
дайын.
Алдымен жер бетіндегі бәріне өмір беретін, аса күшті, ең атақты ұлы
емшімен таныстырайын.
21 -
ТАРАУ
Бірінші дәрігер күн сәулесі
Оның мамандығы күн сәулесімен емдеу (гелиотерапия)
Әрбір шөптің, жүзімнің, бұтаның, гүлдің, жемістердің, көкөністердің
жапырақтары өздерінің өмірлерін күн сәулесінен, оның шуағынан алады.
Егер күн сәулесінің сиқырлы шуағы нұрын төкпесе, біздің жер мәңгілік
қараңғылық тұмшалаған, тіршілік жоқ суық болар еді. Күн бізге тек қана
жарық бермейді, күн қуаты адам қуатына айналады. Күн шуағының
көмегімен адам өзінің өмірін ұзартып, денсаулығын шыңдай алады. Күн
сәулесіне шомылмаған адамдар құп қу болады. Біздің теріміз аздап күнге
күюі тиіс. Күн шуағына жиі шықпайтындықтан көптеген аурулармен
аурамыз. Күн сәулесі – бактерияларды құртатын алапат құрал. Тері күнге
неғұрлым күйген сайын, бактерияларды жоятын қуат соғұрлым шоғырлана
береді.
Біз көкөніс пен жемістерді жеген кезімізде, өсімдіктердің қанын сіңіреміз,
себебі өсімдіктер тамақ түріндегі хлорофиллмен күн сәулесіне қаныққан.
Хлорофилл - өсімдікте шоғырланған күн шуағының бір бөлігі және біздің
ағзамыз үшін ең пайдалы, құнарлы азық. Жасыл өсімдіктер күн шуағын
шоғырландыратын құпияға ие, осыны тірі жан иелеріне және адамзатқа
береді. Сіз өз денеңізді күнге күйдіріп, тамағыңыздың 60 пайызы көкеніс пен
жемістерден құралса, әлбетте, керемет денсаулықтың иегерісіз. Бірақта ағза
осы тірі дәрілерді біртіндеп қабылдауы керек, күн сәулесіне ашығып қалған
дене бірден мол мөлшерде қабылдай алмауы мүмкін. Күн шуағына
шомылуды біртіндеп бастаңыз, күнге қыздырынатын жақсы мезгіл таңертең
ертемен. Бастапқыда 5 – 10 минуттан бастаңыз. Әрине, түс ауа да күн
сәулесін қабылдауға болады. Бірақта ең пайдалысы таңертең ертемен күнге
қыздырыну. Сағат 11 – 12 арасында күн сәулесінің қызған шағы, құрамында
күн радиациясының мөлшері көп болуы мүмкін.
78
Шикі көкөніс пен жемістерге де біртіндеп көшу қажет. Пісірілген тамаққа
үйренген адам, бірден шикі көкөніс пен жемістерге көшсе келеңсіз әсер
болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты мәзіріңізге, күн мәзірін біртіндеп
қосқаныңыз дұрыс болады. Іштен және сырттан артық мөлшерде алған күн
қуаты жаман әсер етеді, қайткенде де біртіндеп бастаңыз. Осы жерде мен
сіздермен өз тәжірибемді бөлісейін.
16 жасымда көксаулықтан (туберкулезден) өле бастадым. АҚШ – тың
атақты дәрігерлерінің маған айтқаны: «жазылмайсың, үміт жоқ». Бірақ мен
Лозаннадағы доктор Август Ролльеге тап болдым, сол кездегі
гелиотерапиямен (күн сәулесімен) емдеудің аса білгір маманы. Альпада
доктор Роллье менің әлсіз денемді күн шуағымен және күн шуағының
тамақтарымен емдеді. Екі жылдың ішінде, мен өлекседен өмір қуаты күшті,
денсаулығы мықты адамға айландым. Қазір осы жолдарды жазып
отырғанымда да, денім сау, қуаттымын.
Осы жылдарда, денем тұрақты түрде күн сәулесін алып тұруын үзбей
мұқият қадағалап отырдым. Бұлар мені ажалдан сақтап қалды. Сондықтан
мен күнге табынамын. Осы себепті еліміздегі күн шуағы мол, Калифорния
штатында тұрамын.
Таудағы Санта – Моникадағы биікте өзімнің лашығым бар. Осы жерде
күн шуағына шомыламын. Мен суға шомылуды жақсы көремін, сондықтан
қыс болсын, жаз болсын көптеген сағаттарымды Гавайида, Флоридада,
Франциядағы Каннда, Эгей теңізінің аралдарында, Критте, Кипрде өткіземін.
22 –
ТАРАУ
Екінші дәрігер таза ауа
Өмірге келе салысымен, бірінші жасайтынымыз, терең тыныс аламыз.
Өмірден кеткенде де, соңғы жасайтынымыз, тыныс алуды тоқтатамыз. Өмір
мен өлімнің арасында, тыныс алуға тәуелді өмір жатыр.
Біздің ұзақ та, тынымсыз өмір сүруімізді дәрігер таза ауа тілейді. Егер
оның терең тыныс алу қарапайым қағидасын сақтасаңыз, әрбір тыныс алған
сайын, сіз өз денеңізге өмір беретін оттегін әкеп жатқаныңызды ол маман
ретінде біледі. Осы дәрігердің айтқанын тыңдамайтын, таза ауаға шықпайтын
адамдар, өздері өздерін жайсыздыққа әкеледі.
Тыныс алудың қызметін түсіндірейін. Біріншіден тыныс алу көрінбейтін
тамақ, бұнсыз 5 – 7 минуттан артық өмір сүре алмайыз. Ауасыз өлеміз.
Денеміздің әр клеткасына қажет оттегін біз ауадан аламыз. Біз тыныс алған
кезімізде, ауа қанмен бірге өкпеге барады, осы арада керемет ғажайып
болады. Оттегі улы заттар еріген, өлім әкелетін көмір қышқыл газын әкетеді.
Біз тіршілік ағымында уларды шығарамыз. Оларды қан жинайды, қан көмір
қышқыл газын өкпеге алып келгенде, әр жаңа жұтылған оттегімен, қан көмір
қышқылынан және оның құрамындағы улардан тазаланады. Егер адам
жеткілікті мөлшерде таза ауа алмаса немесе жеңіл демалғанда кірген
оттегінің мөлшері шыққан көмір қышқылының газының мөлшеріне сәйкес
келмесе, онда біз ағзамызды улар мен көмір қышқыл газымен улануына
мүмкіншілік береміз. Бұл талай аурулардың себебі болуы мұмкін.
79
Біз ауамен жұмыс істейтін машина екенімізді мен білемін. Оттегі тек қана
біздің ағзамызды тазалағыш қана емес, сондай – ақ керекті қуат
тасымалдаушы да. Біз тереңдігі 100 километр мөлшердегі атмосфера
мұхитының түбінде тұрамыз. Әр шаршы сантиметрге, мөлшермен бір
килограмм ауа қысымы келеді. Тыныс алу мен шығару аралығында ауасыз
кеңістік пайда болады. Осы динамикалық насосты пайдаланғанша өмір
сүреміз. Біз білеміз 30 тәулік тамақ ішпей аман қалуға болатынын. Бірақ
ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете аламыз.
Мен 50 жылдан астам уақыт ұзақ жасайтындарды зерттедім. Менің
байқағаным, олардың бәрі де баяу тыныс алады. Менің анықтағаным, адам
неғұрлым терең дем алса, бір минуттың ішінде аз тыныс алса, өмірі соғұрлым
ұзақ болады. Жиі дем алатын адамдар аз өмір сүреді. Бұны хайуанаттар
әлемінен де дәлелдеуге болады, қояндар, теңіз шошқалары және басқа
кеміргіштер бір минутта өте көп дем алады. Олардың өмірлері қысқа болады.
Мен ұзақ жылдар бойы, ояна салысымен бірнеше қабат жай ақырындап терең
дем алып, дем шығарамын. Күн ұзаққа осылай тыныс алуды қайта – қайта
қайталаймын.
Йогтардың терең жайлап дем алу тәжрибесі
Индияға саяхаттағанымда, адам аяғы баспайтын жерлерде, өздерінің
рухани жағдайын жоғары деңгейге жеткізу үшін және күшті дене жасауға
өмірлерін сарп еткен қасиетті адамдарды кездестірдім. Олар бірқалыпты,
терең жайлап тыныс алу тәжірибесіне күн сайын талай сағаттарын бөледі.
Осы үнді қасиеттілерінің денелері адам айтса нанғысыздай жетілген, терең
тыныс алу, таза ауа – уақыт әміршісінен сақтап қалған. Мен осындай бір
адамды Гималайдың бөктерінде кездестірдім, ол маған айтты 126 жастамын
деп. Оның маған өтірік айтуға себебі жоқ, бүкіл өмірін құдайға құлшылық
етумен келеді екен. Ол маған «терең демалып тазалану» жүйесін үйретті.
Өкінішке орай, осығын кеңірек тоқталуға мүмкіншілігім жоқ.
Бұл адамның басында бір тал ақ шаш жоқ, денсаулығы керемет жақсы,
тістері түгел, денесі атлеттердікі сияқты. Ол жеті тілде үстіртін сөйлейді.
Осындай денсаулық пен ақыл қабілетін қалай сақтап қалдыңыз деп
сұрағанымда: «Менде терең тыныстанудың аса зор тәжірибесі және
күнделікті тыныс алу жаттығуларын жасаймын» - деп жауап берді.
Мен әйелдердің жасын сұрауды жаратпаймын. Индияға кемемен кетіп
бара жатқанымда, 50 жас мөлшерінде әйелді кездестірдім. Ол 86 жастамын
дегенде, таң қалдым. Бұл қарттық белгісі жоқ әдемі әйел еді. Мен оның
әдемілігі мен денсаулығының құпиясы неде деп сұрағанымда, тағы да
үндінің қасиетті адамы айтқан жауапты естідім. Осы әйел терең тыныс
алудың маңыздылығын білді.
Секіріп, жүгіріп, велосипед, ролик теуіп ойнап жүрген балаларды
бақылаңызшы. Олар осы қимылдарды жасағанда, біз көз алдымызға елестете
алмайтын мол мөлшерде оттегін жұтады. Біз жаяу көп жүріп, дененің іс
қимылын тоқтатпауымыз керек. Біз бүгін уланған әлемде өмір сүретінімізді
білемін, сонда да терең тыныстануды әдетке айландырыңыз. Отырып
80
өмірлерін өткізетін, дене шынықтыру жаттығуларын жасамайтын адамдарды
көргенде білемін, олар саналы түрде өз өмірлерін қысқартуда.
Ескерту: Осы тақырыпқа «терең тыныс алу тәсілі» аудармашы
тарапынан беріліп отыр.
Адам туғанда қандай әдіспен дем алу керектігін біліп туады. Егер сіз
сәбиді жатқызып қойып бақыласаңыз, ол ішімен дем алады, ал кеудесі
қозғалмайды. Ол ішімен терең диафрагмалық дем алады. Диафрагма – бұл
кеуде мен қарын аралығын бөліп тұратын үлкен бөлек бұлшық ет. Ол барлық
қарын мүшелерін ұстап тұрып, өкпеге ауаның кіріп, шығып тұруына
жәрдемдеседі.
Жасымыз ұлғайған сайын жүйке жүйеміз ширыға түседі. Сондай – ақ ішкі
мүшелеріміз бен диафрагмамыз да қатуланып ширыққаның үстіне ширыға
түседі. Осының салдарынан кеудемен тыныс алып, нәтижесінде өкпемізді 20
пайызға ғана пайдаланамыз. Сондықтан да сәби сияқты, ішкі мүшелеріңізді
босаңсытып, диафрагамен дем алуды қайта үйреніңіз.
Біз жаттығуларымызды бастамас бұрын, қолыңызды қарныңыздың үстіне
қойып, кәдімгі кездегідей дем алып, дем шығарыңыз. Біраздан кейін өз дем
алуыңызбен, жаттығу жасағандағы дем алыстың айырмашылығын сезесіз.
Аяқтарыңызды иықтың кеңдігіндей мөлшерде ұстап, түзу тұрыңыз. Енді
орындыққа отырып жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз.
Қолдарыңызды аяқтарыңызға тіреп, тізеңізді аздап бүгіп, алдыға қарай
еңкейіңіз. Бөксеңіз артқа қарай, ал алақандарыңыз тізеден 2,5 сантиметірдей
жоғары болсын. Осы қалыпта, жаттығулардың аяққы шеніндегі болатын,
қарынды ішке тарту жеңіл орындалады.
1.
Өкпеңіздегі барлық ауаны аузыңыз арқылы шығарыңыз.
2.
Танауыңызбен тез дем алыңыз.
3.
Диафрагмадағы барлық ауаны күшпен аузыңыз арқылы шығарыңыз.
4.
Тынысыңызды 7 -8 рет санағанша тежеп, қарныңызды ішке тартыңыз.
5.
Ішпен дем алып, босаңсыңыз.
Бірінші асу: Өкпедегі қалып қалған ауаны, аузыңызды шүршитіп алып түк
қалдырмай. бірқалыпты, біртіндеп шығарыңыз.
Екінші асу: Өкпеңіз босағаннан кейін, ерніңізді жымқырып алыңыз.
Аузыңызды ашпай, танауыңызбен тез, шалт дем алып өкпеңізді ауаға
толтырыңыз. Осы кезде танауыңыз шаң сорғыштың даусындай дауыс
шығарса, бәрі дұрыс.
Үшінші асу: Өкпеңіз ауаға толып кеткеннен кейін, басыңызды әнтек
көтеріңіз. Ерніңіз жымқырулы болсын. Сіз қазір аузыңызды кең ашып,
диафрагмадан төменгі ауаны тез, шалт шығарасыз. Осы кезде сіздің ерніңіз
бен өңешіңізден емес, диафрагамыңыздан «һаһ!» деген дауыс шығуы тиіс
Төртінші асу: Барлық ауа шықаннан кейін аузыңызды жауып, тынысыңызды
тежеңіз. Басыңызды еңкейтіп, қарныңызды ішке тартып, бүкіл іш
81
құрлысыңыз қабырғалардың астына сіңіп бара жатқанын көз алдыңызға
елестетіңіз. Осы кезде 8 – 10 санағаныңызша дем алмаңыз.
Бесінші асу: Енді тыныс алып, іш мүшелерін босатып, босаңсыңыз. Дем
алған кезде ауаның өкпеге қалай лап еткенін сезінуіңіз және даусын естуіңіз
керек. Әрқашанда танаумен дем алып, ауызбен шығарыңыз.
Осы жаттығуларды бірінші рет жасағанда басыңыз аздап айлануы мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, себебі сіздің ағзаңыз оттегінің мол мөлшеріне әдеттенуі
керек қой. Осы жаттығуларды таңертең ерте, аш қарынға, таза ауада 15
минут жасау керек.
Терең дем алу
Менің футболдан және жеңіл атлетикадан белгілі жаттықтырушы Амос
Стэгг деген досым болды. Ол 100 жылдан аса өмір сүрді. Ұзақ жасауының
құпиясын сұрағанымда, ол: «Өмірімнің көбін жүгіріп, дене қимылдарының
жаттығуларын жасаумен өткіздім, осының арқасында ағзам оттегімен толық
қамтамасыз етілді» - деді.
Нью – Йоркте Джеймс Хоккинг деген танысым ұзаққа жүгіруден еліміздің
чемпионы болды. Мен оның 100 жылдық мерейтойында сұрадым:
«денсаулығыңның мықты, тынымсыз болуыңның себебі неде?» - деп. Ол
жауап берді: «Мен үнемі көп жаяу жүріп, терең дем аламын» - деп. Міне
өздеріңіз көргендей, оттегі де ашығу сияқты ағзадан уларды қуады.
Мен өзім терең дем алуды қолданамын, адамдар өз денелерін ауамен
біріктіру керек екеніне сенімдімін. Таза ауа денсаулыққа өте пайдалы. Сіз
терезені ашып тастап ұйықтауға тиіссіз, бөлме үнемі желдетілуі керек. Мен
түнде жамылмай жатсам жақсы ұйықтаймын. Қалың жамылып алсақ,
теріміздің оттегін еркін жұтуына бөгет жасаймыз.
Егер сіздің өміріңіз отырумен байланысты болса, онда осының орнын дене
шынықтырумен, таза ауада жаяу жүрумен толтырыңыз. Сіз күнделікті 3 – 5
километр жаяу жүріп талай мәселеңізді шешіп тастайсыз. Кешкілікті көп
серуендеп жүруім, менің шаршағанымды басады. Кешкі тамақтан кейін,
әркім 3 километр жаяу жүру керек екеніне мен сенімдімін.
Біз бүгін отыратын ұлтқа айланып кеттік. Біз ауа мен оттегінің аштығына
ұшырағанбыз. Біз өз ағзамыздағы көмір қышқыл газын дұрыс
шығармағандықтан, ерте қартайып, аурудың азабын тартудамыз. Осының
бәрі біздің еріншектігіміз бен жалқаулығымыздың кесірі. Қаланың барлық
көшелерінен сөлмірейіп бозарған адамдарды кездестіресіз. Себебі оларға ауа
жетіспейді. Есесіне сіз ашыққан уақытта, ағзаға терең дем алдырмайтын,
шоғырланып жиналған көмір қышқыл газынан тазаланасыз.
Ашыққан уақытыңызда, таңертең және кешке аз да болса серуендеңіз.
Тынымсыз қозғалыста болуды ереже ретінде қалыптастырыңыз. Бұл
дегеніміз, таза ауада жүгіру, қыдыру, жүзу, билеу. Сіз өз ағзаңызға қатер
алып келетін көмір қышқыл газын шоғырландырып жинауға тиіс емессіз.
Ашығу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, күніне 2 – 3 километр жаяу
жүруді әдетке айландыруыңыз керек. Осы кезде жайлап терең дем алуды
тұрақты түрде естен шығармауыңыз керек. Есіңізде болсын, неғұрлым баяу
82
терең дем алсаңыз, соғұрлым ұзақ жасайсыз. Егерде, терең тыныстауды
ашығумен ұштастырсаңыз, өз өміріңізге ұзақ жылдар қосып аласыз.
23 –
ТАРАУ
Үшінші дәрігер таза су
Дәрігер Таза су, керемет жолдас және жақсы емші. Мен сіздерге
қайнатылған судың буынан алынған су туралы айттым. Біздің денеміздің 70
пайызы судан тұрады. Ағзадағы судың қалпын сақтап тұру үшін, тұрақты
түрде толықтырып отыруға мәжбүрміз. Тамағыңызға көкеніс пен жемістерді
қосып, сіз ағзаңызға таза судың мол мөлшерін кіргізесіз. Жылы ванна –
жеңілдететін және мамыражай қалыпқа әкелетін әдіс.
Көптеген адамдар, күнделікті теңіз жағалауында, өзен – көлдерде, суға
жүзетін бассейндерде рахаттанады. Малту – дене шынықтырудың ең бір
тамаша түрі. Ол жүрек пен бұлшық еттерге күш түсірмейді. Егер сіз малту
білмесеңіз маманға барып үйреніңіз. Малтудан тамаша ләззат алып,
мамыражай қалыпқа бөленесіз. Жас мөлшеріңізге қарамай кеудеңіз
қуанышқа толады. Одан қорқпаңыз, жақсы көріңіз.
Суды атам заманнан бері көптеген ауруларға қолданады. Дүние жүзін
аралап жүріп, сумен емдеудің неше түрлі әдістерін көрдім. Өте ерте заманнан
бері мысырлықтар, ассириліктер, еврейлер, парсылар, қытайлар, америкалық
үндістер науқастарын емдеу үшін, сумен емдеудің әр түрлі әдістерін
қолданған. Біздің жаңа эрамызға дейін 400 жыл бұрын, медицинаның әкесі
Гиппократ сумен емдеу әдісін қолданған. Оның негізгі әдісі қан айналымын
жақсарту үшін, денені ысқылап, ыстық сумен суық суды алмастырып
отырған.
Менің үйім минералды сулар шығатын аймаққа орналасқан. Осылардың
емдік қасиеттерін пайдаланамын. Осы жерге емделу үшін бүкіл әлемнен
кісілер келеді. Мен минералды суды адам ауруын емдеудің құралы деп
санамаймын, бұл тазалағыш, залалсыздандырғыш және ағзадағы қанның
айналымының тездеткіші. Міне, мен сондықтан бірнеше апта үзбей тазалану,
залалсыздану және мамыражай қалыпқа түсу үшін ыстық ванна қабылдаңыз
деймін. Ең дұрысы ыстық су көздерін қолданыңыз. Ашығу бағдарламасымен
қатар, ыстық ванна да сіздің табиғи өмір сүруіңіздің бөлігі болуы мүмкін.
Ашыққан кезде ыстық ванна қабылдауға болмайды.
Өзінің ауруын түсініп, емделуге әзірліктің өзі жазыла бастау.
М.СЕРВАНТЕС
Су тамақтан да маңыздырақ
Адам денесінің басым бөлігі судан тұрады. Біздің ағзамыздағы
сүйектердің 1/3 бөлігі су. Ағзамыздағы судың оннан бір бөлігі кетсе қауіпті,
ал оннан екі бөлігі кетсе өлім. Судың жетіспеуі химиялық, физикалық
ағымдардың қалпын бұзады. Ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету
үшін, ағзадағы судың тепе теңдігін сақтап отыру керек.
83
Ағзаға судың қажеттілігін альпинизм мысалдарынан алайық. Гималай
шыңына шыққан кезде адамдар салмағын көп жоғалтыпты. Эверестке
экспедиция шығып, биіктік су алмасуына әсер ететінін дәлелдемей, себебін
ешкім де анықтай алмады. Адамдар қар мен мұзды ерітіп ішуге мәжбүр
болды. Осы биіктікте адамға 3 литр су керек екені дәлелденді, бұл
бұрынғыдан анағұрлым көп еді. Бізге мүмкін осынша судың қажеті де жоқ
шығар, бірақ жоғарыдағы дәлелдер ағзаға судың қажеттілігінің тағы бір
дәлелі.
Мүсіншіге бір кесек мәрмәр қандай қажет болса, адам жанына да білім
сондай қажет.
ЭДИСОН
АҚШ ауыл шаруашылығы министірлігі 1959 жылы шығарған
журналында, доктор Олаф Миккелсон жазды: «Оттегінен кейін адам мен
хайуандар тіршілігіне су өте қажет. Адам тамақ ішпей бес аптаға шыдайды,
сусыз бірнеше күн ғана».
Батыстың ғылми зерттеу лабораториясы, өзінің азаматтық қауіпсіздік
қызметіне берген есебінде көрсетеді: «Сенгіңіз келмейді, егер су жеткілікті
болса, адамның денсаулығын сақтауға екі апта бойы тамақтың қажеті де жоқ,
көптеген адамдар осы кезеңде былқ етпейді».
Сіздің ағзаңыз суды қалай пайдаланады
Бүкіл өмір ағымдары судың негізінде өтеді. Онсыз протоплазма тіршілік
ете алмайды. Содай – ақ бір де бір балық, шөп, кактус, құс, жәндік т.б. Егер
клетка кеуіп кетсе, оның жұмысы тоқтайды. Клеткаға су үзбей келіп тұруы
керек, адамдікіне тіпті де. Ағзада 5 литрден артық қан бар. Ағзаның
пайдаланғаннан кейінгі су түрінде шығарған тамақ қалдықтары, кіші дәрет.
Егер өкпенің бет жағы ылғал болмаса, оттегі де жұтылмайды, осының
шығарылатын көмір қышқылына да қатысы бар.
К.Кеннонның айтқандарынан: «Су – ас қорту жүйесіне түскен
тағамдардың еріткіші. Ол химиялық ағымдар жүрген кезде бізге бөлінетін
қуатты беретін қажетті зат. Ол ағзамызда тұрақты температураны ұстап
тұрады және химиялық ағымдар жүрген кезде маңызы зор».
Су және ас қорту
Тамақ сусыз сіңбейді. Судың көмегімен белок, крахмал, майлар ағзаны
қалыпты жұмыс істететін тағамға айналады. Ол асқазанның жұмысын
істетуге, ішекте үлкен дәреттің қалыптасуына және уақтылы шығарылуына
қажет, Ауызбен келген тамақтың қортылуына судың тигізетін әсерін
түсіндірейін. Осы жерде сілекей деп аталатын сұйық , көмірсутектерін өңдей
бастайды. Асқазан сөлінің 90 пайызы су. Ол тамақ асқазан арқылы өткенде
өзінің жұмысын бастайды. Өңделген сұйық қойыртпақ, 12 бөлікті тоқ ішекке
барып сіңіріледі. 90 пайыз судан тұратын, бауыр және өт бездері тамақтың
қортылуын аяқтайды.
84
Су және қалдықтар
Еріген қалдықтар ағзадан судың көмегімен шығарылады. Бүйрек, қуық,
тері, өкпе бәрі де судың көмегінсіз улардан арыла алмайды. Альвеолдар
ылғалды болса ғана жұмыс істейді. Кеңсірік, жұтқыншақ, қолқалар да үнемі
ылғалды болуы керек. Олар ауамен әрекеттескендіктен, ағза күнделікті 0,5
литр су жоғалтады. Ауа құрғақ болса бұл көрсеткіштің өсуі мүмкін. Көптеген
адамдар үйлеріне ылғалдатқыш қойып, осы құрғақшылықтан құтылады.
Су тері арқылы көп мөлшерде буланады. Осы кезде ол қалдықтарды ғана
шығарып қоймайды, басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Бүйрекке де мол
су қажет. Ол тікелей ішкен судың мөлшеріне байланысты. Қалыпты
жағдайда, бүйрек арқылы өткен әрбір литр су, ағзадан 90 грамм қалдықтарды
шығарады. Бірақта шығарылған кіші дәреттің немесе судың мөлшері күніне
0,25 литрден кем болмауға тиіс. Тіпті су болмай қалған жағдайда да, бүйрек
өз жұмысын еш уақытта тоқтатпайды, үнемі су тілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |