Академик Рахым Алмабекұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет
Ризаұлының бірінші сұхбат толғауы.. Тақырыбы: Рухани білім алуымның
бастауы. Дін дегеніміз не? Діни жанкештілік (фанатизм) қалай пайда
болады?
Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын: нәпсіге
беріліп тура жолдан таю. Өзін-өзі жақсы көрушілікке, сезімқұмарлыққа
беріліп кетуі. Ғылымға, білімге ие бола тұрып, білімсіздіктің ісімен
айналысу.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, оқырмандардың біреуі болмаса біреуі: «Діни
оқу оқымаған, осы кітап барысындағы жазып отырған рухани білімді қайдан
алған?» – деп сұрауы мүмкін.
Жауап: – Рахым Алмабекұлы, сұрағыңыз орынды. Жауап беріп
байқайын. 1983 жылдары, ол кезде «Қарабұлақ» совхозында партком
хатшысы болып қызмет істейтінмін. Бір күні жолым түсіп Ұржарға келдім,
келсем бір дүңгіршекте ескі орыс харпімен жазылған Г. С. Саблукованың,
арабшадан аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан «КОРАНЪ»
кітабы сатылып жатыр екен алдым. Там тұмдап оқи бастадым, бірінші бетін
ашып оқи бастағаннан-ақ кітаптың сөздерінің құдіреттілігі мен мағынасы
баурап алды. Бас көтермей түні бойы таң атқанша оқитын болдым, бірте-
бірте өмірге, адамдарға деген көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті. Бұрынғы
қалыптасқан Маркстік, Лениндік теориялардың бәрі быт-шыт болды. Осы
кітап әсерінен, сол заманда екінің бірінің қолы жете алмайтын партком
209
хатшылығы қызыметінен де өз еркіммен босап, мамандығым бойынша
ауысып кеттім.
Науалыда жүргенде Абайға ден қоя бастадым, Шәкәрім шықаннан
кейін тіптен терең түсіне бастадым. Сонымен, бірге дінге, руханиятқа
байланысты көптеген басқа да кітаптарды оқып, рухани деңгейімді көтеруге
ұмтылдым. Оларды Құранмен салыстырып оқитын болдым. Көзім жеткені
барлық қасиетті кітаптардың мағынасының бір-бірінен онша алшақтамауы,
бәрінің айтатыны бірақ нәрсе Жаратушы біреу-ақ, бәрі де имандылық жолға
түсіп «мұсылман»-дықты қабылдау өзіңе ғана қажет екенін айтады. «Шәкірт
дайын болған кезде, ұстаз өзі келеді» деген қанатты сөз бар. Алматыда,
қазіргі рухани ұстазым, соңғы уақытта таныстық сыралғы достыққа ұласқан,
техника ғылымының кандитаты, философ, теолог, жазушы, «Абайтану»
кітабының авторы Досым Омаровпен танысып, айқын емес жерлерін
тереңірек түсінуіме тигізген әсері зор болды. Осы рухани ілімді терең түсініп
игеруім үшін, 20 жыл уақыт керек болды.
«Мұсылман» деген сөздің мағынасы Құдайға таза беріліп, Құранда
жазылған шарттарды толықтай орындау, бірен саранымыз болмаса ғана,
қалғанымыз тек «мұсылманды қабылдаушылар» ғанамыз. Мұсылман деген
сөздің түп төркіні арабтардың Мүсілім яғни Құдайға берілген адам деген
сөзден шыққан. Ал кәпір деген сөздің мағнасы арабтардың кафур яғни
Жаратушының бар екенін мойындамайтын дінсіз, сезімнің жетегімен
хайуанша өмір сүретін деген мағынадан шыққан. Әлемдегі барлық дін
ағымдарында да «мұсылман», «мұсылманды қабылдаушы» және «кәпір»
деген ұғымдар бар. Біздің қазақ осы үшеуінің мағнасын жете түсінбейді және
«мұсылман» мен «мұсылманды қабылдаушының» айырмасы жер мен көктей
екенін тіпті білмейді де. Басым көпшілігі «мұсылманбыз» деп кеудесін қаға
береді, олар мұсылмандықтың парызын орындадық деп, Құрбан айт т.б. діни
мейрамдарда садақа бергенін айтады. Қазіргі таңда, әсіресе ауылды жерлерде
осыларды терең талдап, халыққа түсіндіріп айтатын дін өкілдері өте сирек.
14. Арабы говорять: «мы въруем!» Скажи: вы не увъровали; а говорите: «мы
приняли исламъ»; въра еще не вошла въ сердца ваши. Если будете
повиноваться Богу и Его посланнику, то Онъ ни на одну долю не уменьшить
дълъ вашихъ. Потому что Богъ прощающій, милосердъ. Глава
(49)
внутреннія комнаты. 14 стихъ, стр. 979
КОРАНЪ. Переводъ съ арабского языка. Г.С. Саблукова. Третье
изданіе. Казань. Центральная Типографія. 1907г.
Арабтар айтады: «біз сенеміз!» Айт:сіздер сенген жоқсыздар; тек
айтыңыздар: «біз исламды қабылдадық»; сенім әлі сіздердің жүректеріңізге
ұялаған жоқ. Егер Алла Тағалаға мен Оның елшісіне бағынсаңыздар, онда Ол
сіздердің істеріңізді бір шерікке де кемітпейді. Себебі Алла тым кешірімді,
аса жарылқаушы.
(Аударған Әсет Мұқашбеков)
Рухани білімдерінің таяздығынан қазір ел арасында дүмше молда
көбейіп кетті, тіпті қазіргі оқып жатқан жастардың өзі де. Шала-шарпы
210
бірдемені оқып келеді де, айтып отырған аятының мағнасын өзі жөнді
білмейді, тыңдаушыларға ат үсті бірдемені шала – пұла түсіндірген болады.
Онымен қоймай өз араларында бақкүндестік, бірін бірі көре алмаушылық кең
етек жайған. Осыны көрген халық қайтіп мешітке барады? Құдайға шүкір,
қазір қай ауылға бармасаң да көшіліктің немесе қалталы жеке азаматтардың
қаржысымен салынған мешіт үйлері бар.
Адамдарды нақақ жолдан тайдырушы имамдар Тажалдан да қауіпті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Бұл халықтың өзінің рухани ілімді аңсап, шөлдеп келіп, осы рухани
ілімді сусынын қандырып ішейінші деп ойлаған ізгі ниетінен туындаған
туындылар.
Өзіңіз білесіз, қазіргі жағдайда рухани құлдырау белең алып барады,
осындай жағдайлар өткен ғасырда да орын алған, біздің қазекең бірбеткейлік
қайтпас қайсарлығымен, шексіз шыдамдылығымен, тұрақтылығымен «уақыт
өтсе де, қазекең өзгермейді» әлі сол қалпымыздамыз, кейбір молдамыз бар –
«ислам қабылдаушыларымыз».
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын?! Абай
Дін Жаратушыны танитын құрал, оған апаратын жол. Сондықтан да
Жаратушы жалғыз, оған баратын жолдар әртүрлі. Бір дінге сенетіндердің
өздерінің ішінде де бірімен бірі таласып, тіпті қырылысып жататындарының
басты себебі де осында жатыр, әркім өз жолын ғана дұрыс деп есептейді,
басқа дін ағымындағыларға осыны дәлелдемекші болады. Мысалы: өзіңіз
киіз үйді көз алдыңызға елестетіңізші, шаңырақ біреу-ақ, ал қаншама уық
осы шаңыраққа ғана барып кигізіледі.
Дін ілімі өте терең даналық ілімі (философия) екенін түсінбейді, не
оқытқан кезде оны қабылдауға, игеруге өрелері жетпейді. Дін мен даналық
ілімі (философия) бір бірінен ажырамайтын егіз ұғым, егер дін даналық
ілімінен ажырап кетсе онда тек адамның сезімін білдіріп, соңы
жанкештілікке (фанатизм) айналады, ал даналық ілімі діннен ажырап кетсе
бос мылжыңға айналып кетеді.
Дене менен жан – анау, көңіл – мынау,
Қайсысына билеттің байғұсым – ау?
Ең түбінде – өзің кім, сенікі – кім?
Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау? Шәкәрім
Бес уақыт намазға жығылатындардың басым көпшілігі намазын оқып
біткен соң Жаратушыдан ананы бер, мынаны бер деп, оқыған намазын
Жаратушыға міндет етіп, көрінген материалдық нәрселерді сұрай беріп,
базардағы саудагер сияқты Жаратушымен саудаласады, онысынан түк
шықпайды және нәтиже жоқ, ең бастысы өзінің тәні мен жанын тазалау
арқылы рухани дамытуға болатыны есіне түспейді (Шәкәрімнің өлеңін
211
мұқият оқып шығыңыз). Сіз дүркін-дүркін ашығу арқылы рухани білім алып
көкірек сарайыңыз ашылып, жүректегі кіріңіз аршылып Алланы тани
бастаған кезіңізде фәни өмірге қажет нәрселеріңізді Алла Тағала біртіндеп
тазалануыңыздың деңгейіне байланысты сұрамасаңыз да бере бастайды,
осыны түсінсеңіз болды.
«Тарбағатай тауынан ағатын Қарғыба, Нарын, Тебіскен өзендерінің
бойын қысы-жазы қоныстанатын ауылдан ұзап ешқайда шығып көрмеген
Құлақай деген бір адам жолы түсіп, Семейге келіпті. Ол өзі кедей, бірақ
ділмар адам екен.
Құлақайды қаламен таныстырып жүрген жігіттер оны мешітке алып
барады. Олар мешітке таянғанда биік мұнара басына шығып алған бір мәзін
азаншы бар даусымен айқай салып, азан айтыр тұрады. Мұны көрген
Құлақай азаншыға:
–
Ей, ақымақ! Түсе алмайтының бар, осынша биікке неге шықтың? Өзің
сақалың қауқиып тұрса да, бала секілді ессіз неме екенсің! – депті.
Мешіттен шығып келе жатқан екі адам әлгіні естіп, Құлақайды шап беріп
ұстап алады да:
–
Қажыға жүр деп! – деп сүйрелейді.
–
А, қажыда менің нем бар, онда алатын алты аласы, бес бересім жоқ.
–
Жоқ барасың...
Олар Құлақайды қажыға сүйреп алып барып, оның айтқандарын қажыға
баяндап береді. Қажының алдына тізерлеп отыра кетеді де, Құлақай:
–
Тақсыр, айтуын айтып ем, бірақ шынында да биікке шығуын шығып,
түсе алмаған соң айқайлап, көмек сұрап тұр екен деп ойладым, – дейді, сонда
қажы:
–
Алла тағаланың киелі үйінің жанында тұрып, бір құдайдың құлы
ғаділ қызметшісіне тілін тигізген адамға шариғат бойынша бес теңге айып
салынады. Соны төле де жүре бер, – дейді.
Бұған Құлақай келісе кетеді. Қойнына қолын салады. Қалаға келгендегі бар
ақшасы он теңге екен, соны суырып алып, қажыға ұстата салады.
Қолына тиген он теңгені көріп қажының көзі жайнап кетеді.
–
Ал, менің жанымда саған қайтаратын бес теңге жоқ еді, мұны
қайттік? – дейді қажы, он теңгені түгелімен алғысы келіп.
–
Қажы – еке, онда менің сізге сауалым бар еді.
–
Е, сұрай ғой.
–
Балағат сөз Алла тағаланың осы үйінің сыртында айтылса да, ішінде
айтылса да, шариғат заңының айыбы бірдей ме?
–
Бек дұрыс айтасың, алланың бек күнәкәр пендесі. Балағат қайда
айтылса да, айып бес теңге, – деген қажының сөзін естіп Құлақай оған:
–
Шамасы, маған қайырып беретін бес теңге сізде жоқ қой деймін?
–
Бек солай.
–
Олай болса сізбен біз бітісе қоялық.
–
Е, солай еткенің бек дұрыс, – дейді қажы, он теңгені тегіс беріп кетеді
екен деп ойлап.
212
–
Алаяқ, сұм қажы, – депті ол қажыға бір – екі адым жақындап, –
қараңғы елдің қанын сорып жүрген сен де барып тұрған ит, доңыз екенсің.
Сені де ит дедім. Екі айыбым үшін, қолыңдағы он теңгені түгел ал. Алғаның
бұйырмасын, аумин!
Сасып қалған қажы да бетін сипайды. Ал Құлақай мешіттен шығып
жүре беріпті.»
Мен өзім осы 50 күндік ашығуды өткізгеннен біліп жүрмін, тазарған
сайын рухани кітаптар тіпті түсінікті бола береді екен, осыларды қайта-қайта
оқып және осы кітапты жазуға дайын болдым-ау деген кезде жазуға кірісіп
кеттім. Абай мен Шәкәрімнің адамзат алыптарының алыңғы қатарында
екендеріне өлеңдерін оқып, түсініп көзім жетті. Екі бірдей данышпан да
Құран мағыналарын ғажайып түрде өлеңмен өрнектеген.
Тәңіріні іздеп бір мұңғыл
Құдайың мен дүниеге
Тас суретке шоқынса,
Кезекпе – кезек шоқынсаң,
Өлсе де, болып соған құл,
Инедей пайда тие ме
Иманын бұзбай отырса. Мешітте мың жыл отырсаң?
Атақ, пайда іздемей,
Кімде болса шын мінез,
Ойында мақтан жоқ болса,
Болмас онда екі сөз,
Қиянатты көздемей,
Өлтірсе де көзбе – көз,
Қанағатқа тоқ болса.
Иманын сатып, алмас бөз.
Молдеке, оған таңданба,
Иман да сол, дін де сол
Сол кіреді бейіске,
Адаспайтын
айқын
жол,
Екі жүзді сандалма
Күнде, мейлің ыза бол,
Сен қаласың кейісте.
Бейіске анық кіреді ол.
Мысал емес ындыным,
Әлгі мұңғыл – әулие,
Иманын сатқан жындының
Іздегені – дүние.
Шәкәрім
Молда болам деген жастарға айтарым Абай мен Шәкәрімді оқығанда
терең мағынасын түсінбесең әуреленбей-ақ қой, сенен рухани дін адамы
шықпайды, бекерге белшеңнен күнәға батасың.
40 тәуліктік ашығуды бірнеше қайтара ұстағаным үшін қарымта
қайтару заңы бойынша маған Алланың сиы – ең бірінші рухани білімге
жеттім, маған Алла ашылды, денсаулығымды жақсарттым, тұрмысым күрт
түзелді, табиғаттың, әлемнің, шексіздіктің бір бөлшегі екенімді сезіндім. Осы
үшін күніне бірнеше қабат Жаратушыға тәубә айтамын, шексіз алғысымды
жүрегіммен білдіремін. Біртіндеп-біртіндеп осы кітап бойынша
ашығуыңыздыбір тәуліктен бастап қырық тәулікке жеткізсеңіз, осы жағдай
213
өз басыңыздан да өтетін болады, сіз де шексіз бақыт пен материалдық
байлыққа ие боласыз.
Академик Рахым Алмабекұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет
Ризаұлының екінші сұхбат толғауы. Тақырыбы: Көрінбейтін әлем
дегеніміз не? Көрінетін әлем қуатты қайдан алады? Көзге көрінбейтін
жан иелері. Өзін рухани дамытқысы келетін адам не істеуі қажет?
Ғарыштағы біздің алатын орнымыз қайда? Ғарыштық әлемді қалай
суреттеуге болады? Өмірде бақытқа, табысқа жету үшін не істеу керек?
Кеңес Одағының әскери теңіз флотында қазақ баласынан тұңғыш
«Щука» сүңгуір соғыс кемесінің командирі болған, 2-ші рангалы капитан,
Науалы балалар үйінің түлегі Ахмадиев Сабыр ағаның естеліктері.
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей. Абай
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, көрінбейтін әлем деген не?
Жауап: – Рақым Алмабекұлы, адамдарды көзге көрінбейтін өмір барын
сендіру қиын. Себебі біздің сезу, көру, есту, дәм мен иіс сезу мүшелеріміз тек
пәндік (материалдық) әлеммен ғана байланысқа түсе алады.
Өзіміз күнделікті араласып жүретін, көзге көрінбейтін тіршілікке толы
басқа әлем бар деген идеяның өзі шындыққа жанаспайтын ертегі сияқты.
Қазіргі ғылымның жетістігі микроскоп, телескоппен көре алмайтын, қолымен
ұстай алмайтын нәрселерді жоқ деп ойлайды. Біздің алдымызда қайтыс
болған адамның сүйегі жатыр делік, ол өлген – оны көзге көрінбейтін
бірдеме тастап кетті, ол осының арқасында өмір сүрді, жүрді, сүйді, сөйледі,
ойлады т.б. сіз оның жанына тамақ пен дүниенің түр-түрін қойып: «Бәрі
сенікі бауырым, іш-же, шалқы» – десең де жатқан орнынан тапжылмайды.
Осыдан кейін көзге көрінбейтін әлем барын қалай жоққа шығарып,
сенбессің?
Басында жоқты бар қылған,
Жоқтықты жойып көр қылған.
Есепсіз дене жаратып,
Еріксіз жиып нәр қылған
Жан емей енді немене?
Шәкәрім
Сұрақ: – Көрінетін әлем қуатты қайдан алады?
Жауап: – Көрінетін әлем, көрінбейтін әлемнен қуат пен қолдау алып
тұрмаса түкке де тұрмас еді. Көрінетін әлемнің негізін көрінбейтін әлемнен
іздеуіміз керек. Күн, аспан, жер біз үшін бар болса оны көзіміз арқылы
қабылдаймыз, ал осының бастауы өзіміздегі көрінбейтінде. Көрінетін әлем –
тек қана көрінбейтін әлемнің қапшығы ғана. Егер бұл болмаса қоршаған
ортаның нақтылығын түсіне алмас едік. Данышпан Абай бұл туралы:
Өзгені ақыл ойға қондырады,
214
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.
Адамдар ойланбағаннан кейін көрінбейтін әлемді жоққа шығарады.
Олар өздерінің ойын, сезімдерін көре ала ма? Әрине жоқ. Онда қалай,
сезімдерін, ойларының бар нәрсе екеніне шек келтірмейді. Ғашық болғандар
бір-бірін сүйетіндіктеріне күмән келтіре ала ма? Олар өздерінің ғашықтығын
көре алмайды, сезе алмайды, бірақта ғашығы үшін отқа да, суға да түсуге
дайын. Жанды, арды көрген кім бар? Кей кезде: «Жаныммен, ар ұятыммен
мен ол адамды кінәлаймын» – деп, бірдемеге бола біреудің тағдырын, өзі
көрмеген нақтылы екенін білетін бейнесізге сүйеніп шешіп жатады. Осыны
қалай қабылдауға болады?
Сұрақ: – Адам көрінбейтін әлемді мойындай ма?
Жауап: –
Мойындағысы келмесе де, көрінбейтін, сезілмейтін
нәрселерге адам баласы сенеді. Олар ойлайды, сезеді, сүйеді, күйінеді,
жоқтан өзгеге жылайды, онысымен қоймай көрінбейтін әлемге сенгілері
келмейді, жоққа шығаруға тырысады. Неткен қарама-қайшылық десеңізші!
Өзінің басындағы толқудың әсерінен қаншама қылмыстар жасап жатады.
Қызғаншақ күйеуі : «әйелім көзіме шөп салды» – деп кінәсыз жанды өлтіріп
тастайды, сондай-ақ енді біреу: « бәсекелесім маған ор қазып жатыр» – деп
ойлап, жазықсыз тағы бір жанды өлтіреді. Адамдар өздерінің ойы мен
сезімдерінің дұрыс екеніне күмән келтірмейді, ақиқат осы деген нық сенімде
болады. Оларға сіз өзіңіздің кейбір көзқарасыңызды айта бастасаңыз: «Мен
көремін, байқаймын, зерттеймін.... білетіндерден сұраймын» – деп шұбалаңға
салып ала жөнеледі, бірақта өзінің ойлағаны: тексеруге, зерттеуге жатпайтын
нақ шындық болып қала береді. Кейбір жағынан оныкі де дұрыс – егер ол
қуаныштан шаттанып айғайласа, қайғыдан еңіреп жыласа, осы сезімін қалай
өтірік дей алады? Ішкі шындыққа дау жоқ. Бірақта, көрінбейтін әлем мүлдем
көрінбейді емес: ол көрінеді, сеземіз, ол жан иелері мен жарқылға, токқа,
бояуға, иіске, тұлғаға толы болады. Осыларды рухани жоғары жетілген
адамдар көре алады. Көрінбейтін әлемде де әрбір электрон есептелген,
орнына қойылған – онда да ақиқат заңдылық бар.
405. Ей, пенде ойланып іс істе. Істеген ісің ұят келтірмейтін болсын. Сонда
жақсылық істеген боласың, жамандыққа жол қойылмасын.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Сұрақ: – Адамның бес сезім мүшелері қалай дамыған?
Жауап: – Адамда бес сезім мүшесі жетілмеген. Кейбір хайуандар біз
көре, сезе, ести, искей алмайтын нәзік дыбыстарды, толқындарды,
жарықтарды көреді, сезеді. Сондай-ақ ауа-райын, жер сілкінісін, апатты т.б.
жайттарды алдын ала біледі.
215
Сұрақ: – Көзге көрінбейтін жан иелері туралы не айтар ең?
Жауап: – Қасиетті Құран кітабымызда да, басқа да рухани кітаптарда
көзге көрінбейтін періште, жын-шайтан, ібіліс т.б. жайлы айтылған. Қазіргі
заманда медицинаның шамшырақтары көзге көрінбейтін жан иелерінің
адамды жақсылыққа не жамандыққа итермелейді деген түсініктің өзінен
азар-безер болады. Ғалымдардың пайымдауынша барлық іс-әрекет химиалық
элементтердің ағымының нәтижесінде іске асады. Бірақ осы элементтер
қайдан пайда болды? Бұның жауабын қасиетті рухани ілім беретін
кітаптардан ғана табамыз.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, өзін рухани дамытқысы келетін адам не істеуі
қажет?
Жауап: – Рақым Алмабекұлы, кім де кім рухани жолмен өзін
дамытқысы келсе алдымен көрінбейтін әлемге сезімталдығын жетілдіру
қажет. Бұл тек дайындықтың басы ғана. Осының бір жолы ашығу. Сіз ұзақ не
жиі-жиі мерзімге ашығуды үйренсеңіз денедегі жамылғы сияқты нәзік
арналарыңыз тазарып табиғаттың тылсым сырларын түсінесіз. Тек қана
денсаулығыңыз ғана емес, тұрмысыңыз да күрт жақсара бастайды, себебі тек
тәніңіз ғана емес, жаныңыз да тазарады, Жаратушыға жақындай түсіп,
көрінбейтін әлемді сезе бастайсыз. Жаратушының бар екенін, өзіңізді қолдап
жүргенін бар болмысыңызбен сезесіз. Өзіңізге мәлім емес қабілет пен
қасиеттеріңіз ашылады. «Мүмкін біреу ойлар, мынау не айтып отыр?», – деп.
Осы жағдай менің өз басымнан өтіп жатқаннан кейін ғана айтып отырмын,
себебі өзім осы 7 жылдық үзбей ашығуымның нәтижесінде кітап жаза
бастадым, бұл да бір табиғаттың тылсым жұмбағы емей немене? 2000
жылдары ауылда жүріп – арақ ішіп, бей-берекет өмір сүру мен надандықтың
нәтижесінде өліп қала жаздаған көп пенденің біреуі болатынмын. (Бұл
жайында өзіміз жазған «Ашығу құпиясы» атты 1-ші кітабымызда толықтай
жазылған). Біз академик Оразалиев, теолог – философ ғалым Омаров үшеуміз
кітаптарды жазу барысында нақтылы ғылми, өзіміздің басымыздан өтіп
жатқан нақтылы дәйектер мен шындықтарға сүйене отырып жазуды өзімізге
шарт етіп алдық. Осы кітаптарда аты-жөндері айтылған кейіпкерлер өмірде
болған, өзіміз көзімізбен көрген адамдардың басынан кешкен оқиғалары.
Сіз өміріңізде қоршаған ортаны, үйіңізді, жұмысыңызды, бет
әлпетіңізді, киген киіміңізді тәртіпте, ұқыптылқыта ұстауға ұмтыласыз –
әрине бұл өте тамаша, бірақта сіздің ойлауыңызды, сезіміңізді өз еркімен
жібергенсіз. Себебі осылардың нақтылы көрінбейтін әлемде бар екеніне
сенбейсіз, сізге енді жетіспей жатқан жағы осыларды тәртіпке салып, өзара
үйлесімділігіне қол жеткізу. Есіңізде болсын – сіз адамзат әлемінің
денесінде бір жасауша (клетка) ғанасыз. Осы жасаушаға басқа
жасаушалармен әрекет ету үшін ішкі үйлесімділік (гармония) қажет. Егер сіз
осыған қол жеткізсеңіз, онда сіздің қуатыңыз бен өмірлік күшіңіз –
өміріңіздегі тұрмыс-жағдайыңызды өзгертуге ғажайыптар жасауға қарай
бағытталады. Өзіңіздің де, қоршаған ортаның да Жаратушының бір ғажабы
екеніне ынта-жігеріңіз бен ақыл-ойыңызды топтастырыңыз, осының
төңірегіне жиынтықтаңыз. Кім бола алмағаныңыз бен жетіспеушілік туралы
216
ойды басыңыздан мүлдем қуыңыз. Сіз жетілгенсіз, шарықтау шегіне
жеттіңіз. Сіз енді осы қалыпта болмайсыз, сіз болмыстың барысыз! Осыны
өмірдегі тәжірибеңізге сүйене отырып ойланыңыз. Егер осыған дейінгі
жинақтаған тәжірибеңізге, қазіргі денсаулығыңызға, қызметіңізге, жақын
адамдармен қарым-қатынасыңызға – өмірге қазір қуанбасаңыз, онда алда
тұрған тағы да болатын жаңа өзгерістерге де қуана алмайтын боласыз. Біздің
өмірге қуана білуіміздің бастауы, сыртқы әсерге емес, өзіміздің өмірді қалай
қабылдауымызға байланысты. Бақыт пен қанағаттанушылықты бізге ешкім
де сырттан бере алмайды. Өміріміздің сапасы өзіміздің таңдауымызға
байланысты, ал таңдау біздің өз еркімізде. Ғарыштағы алатын орнымыз
біздің ойлауымызға сәйкес болады. Сіздің қанағаттануыңыз үшін көбірек
нәрсе берсе де, сіз бәрібір қанағаттана алмайсыз.
Сізде онсыз да бәрі бар. Сізде көпшілігіміз армандап жүрген – рухани
ілімге, баққа, бақытқа, табысқа, қанағаттануға керекті нәрселердің бәрі де
бар. Бізде тамақ, ауа, су ең бастысы ішкі қуат, ең бақытты, білімді адамға
айналатын ойлау мен осыны іс жүзіне асыру қабілеті бар.
Біздің осы қалпымыздың өзі бір ғажайып, осыны бағалап, ардақтап,
дәріптей білуіміз керек. Біз кездескендердің бәріне де сүйіспеншілік
пиғылын танытуымыз қажет. Сіздің әлем – сансыз байлық пен шексіздік,
осыны қалай ойласаң, солай қалауыңыз болады. Тіпті қараңғы қапас пен
қамауда да ой еркіндігін сақтай аламыз. Бізден бұны ешкім де, ешуақытта да
тартып ала алмайды! Осыны түсінсек, бүкіл өміріміздің болмысын рухани
ілімге, молшылыққа, байлыққа және шексіз бақытқа толтыра аламыз.
Шындығында да, сізде бәрі де бар. Өмірге керекті молшылық пен
байлық дәл қазір сізде бар. Тек қана осыған өзіңіздің ақыл-есіңізді, ынта-
қалауыңызды, қуат-күшіңізді, мақсат-мүддеңізді бағыттап, осыны іске асыру
үшін және рухани ілім алу үшін жұмыс жасасаңыз болғаны.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, осы ғарышта біздің алатын орнымыз қайда?
Жауап:– Рақым Алмабекұлы сіз бен біз және басқа адамдар да осы шексіз
ғарыштағы Жаратушы жаратқан пендесінің біреуі ғанамыз. Бар болғаны осы.
Сіз – жеке адамсыз және адамзатсыз. Сіз, басқа адамдар сияқты ақиқатсыз
және қайталанбайтын адамзат қоғамының құндылығысыз. Осы толық
жетілгеннің баға жетпес байлығы мен молшылығысыз. Адам баласындай
басқа жетілген тіршілік иелері бар ма? Сізден артық құндылық бар ма?
Сұрақ: – Ғарыштық әлемді қалай суреттеуге болады?
Жауап: – Ғарыштық әлем мәңгілік ұлғаятын, тек біз ойымыз арқылы ғана
бөгет жасайтын, кедергісі жоқ құйылып жатқан өлең-жыр сияқты көрініс.
Адам өзінің ақыл-есі арқылы ғана еркіндікке шек қойып алған. Су кемеріне
жеткенде, жер одан қалқып шығады. Ауа мен су межемен бөлінбеген, олар
бір-бірімен қатар ағып керемет үйлесімділік жасайды.
Сұрақ: – Әсет бауырым, рухани ілімді игеру үшін не істеу керек?
Жауап: – Рақым Алмабекұлы, ол үшін күнделікті өзіңіздің санаңызды,
ойлау жүйеңізді қалай пайдаланып жүргеніңізге талдау жасап, тексеріп
отыруға уақыт бөліңіз. Өзіңізге жетіспейтін нәрселерді ойлауға қаншалықты
ақыл-есіңіз бен санаңыздың қуатын шоғырлайтыныңызды анықтаңыз.
217
Көбірек қамту мен ісіңіздің жүрмей жатқанын айтып шағымдануға қанша
уақытыңыз кететінін есептеңіз. Өз арыңыздың алдында адал болыңыз.
Осылай істегенде – уақытыңыздың басым бөлігі осындай ойларға
бөлінетініне көзіңіз жететін болады. Олай болса, осы ойлау жүйеңізді
өзгертуге күш салыңыз. Өз ойыңыздың ағымын қалай болғыңыз келетініне
алмастырыңыз, біртіндеп бұл әдетке айналып кетеді. Сіздің қазіргі ойлау
жүйеңіз, ойларыңыздың басым бөлігі өзіңізге керексіз-келеңсіз нәрселерді
қоректендіріп жатқанын түсініп алыңыз. Осыны нақтылы түсінгенде ғана,
ойыңыздың ағымын өзіңізге керекті арнаға бұра аласыз.
Бізге рухани ілімді, бақытты болуды, молшылық пен байлықты іздеп
қажеті жоқ. Біз онсыз да осының ішінде шомылып жүрміз. Балық мұхиттың
ішінде қанша жүзсе де, бәрібір мұхиттан шыға алмайды. Біз де солаймыз.
Өзіңіздің әрбір күніңізді қалай өткізетініңізді шешіңіз. Рухани ілімді
игерсеңіз, бақыт пен молшылық – сіздікі, тек қана аламын деген қалауың
болса болғаны. Рухани ілім – сіздің адамгершілігіңіздің бөлінбес бір бөлшегі.
Бұл тек таңдаулы пенделерге ғана берілген нәрсе емес. Осы тұрған
қалпыңызда-ақ рухани әлем іліміне сүңгіп кетуіңізге болады. Тәп қазір не
ойлап тұрсыз, осы ойыңыз ұлғая береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Өз ойыңыз, ақыл-есіңіз, қалау-ниетіңізбен рухани іліміңізді жетілдіруге,
молшылық пен бақытты өмірге апаратын іс-әрекетке, осы кітаптағы білімді
негізге, басшылыққа алып, ойлау жүйеңіз арқылы қолма-қол кірісе беріңіз.
Сұрақ: – Өмірде жетістікке, табысқа қол жеткізу үшін не істеу керек?
Жауап: – Өмірде қандай болмасын жетістікке, табысқа қол жеткізгіңіз
келсе: «мен осыған лайықпын», – деп өзіңізді иландырып алыңыз. Бұл дұрыс
сезім. Рухани ілімнің, бақыттың, молшылықтың келуі, өзіңізге-өзіңіз қалай
қарауыңызға байланысты. Егер де табысқа қол жеткізгіңіз келсе – өзіңізді
осыған лайықпын деп есептеп, Жаратушыға сеніп, адамдардың
кемшіліктерін кешіре білсең – молшылық пен табыс сіздің сиыңыз болады.
Рухани ілім, бақыт пен молшылық та құс сияқты, балапандарын басып
шығару үшін ұясын өзіне жайлы жерге салады. Қазекеңнің бақытты құсқа
теңейтінінің мәні мен мағынасы осында жатыр. Білімді, дәулетті, абыройлы
адамдарды: «Басына бақ құсы қонған», – деп асқақтататыны да содан. Ал бақ
құсының басына қону қонбауы өзінің санасы мен ойлау жүйесінде бұғып
жатқанын көпшілік білмейді, сезбейді. Өзінде бар бақ құсын өзі түсінбейтін
айдаладан іздейді. Сондықтан да басқаға еліктемей, өзіңмен-өзің болуың
керек.
–
Рақым аға, өмірде өз ойлағанымен ғана жүріп, жер жаһанды
селкілдеткен, кешегі Кеңес Одағының әскери теңіз флотында қазақ
баласынан тұңғыш «Щука» сүңгуір соғыс кемесінің командирі болған, 2-ші
рангалы капитан, Науалы балалар үйінің түлегі Ахмадиев Сабыр ағаның
естеліктерін осы сұрағыңызға орай мысалға келтіре кетсем деп едім. Қалай
қарайсыз?
–
Ой, Әсет бауырым-ау, бұл айтқалы отырғаның таптырмайтын әңгімелер
ғой, біз өткен аңыздарға сүйенгенше осы болған оқиғаларды жастарға айтып
бергеніміз дұрыс емес пе? Сабыр Ахмедиұлы екеуміз түйедей құрдас екенбіз,
218
түсіне білсең біздің де замандастарымыздың айтатын ерліктері,
қиыншылықтарды қалай жеңгеніміз, соғыстан кейін қайта көтерілудегі
сіңірген еңбектеріміз, адамгершілік пен оқуға, ғылымға талпынысымыздың
өзі бір жатқан тарих емес пе! Осындай тарихта болған, халық жөнді біле
бермейтін замандастарымды неге айтпасқа, неге дәріптемеске!
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
Қазақ мақал-мәтелдері
Сұрақ: – Сабыр аға, қысқаша өмірбаяныңызды айта кетсеңіз?
Жауап: – Мен Науалыда Аққойын, Жидебайда туып өстім. Менің әкем
Ахмеди өте силы, аңшы – сері адам болды. Алакөлдің жағалауына аң аулауға
барғанда қатты боранға ұрынып – өкпесіне суық тиіп бір-ақ күнде қайтыс
болды. Жұбайының артынан күйігіне шыдамай, жарты жылдан кейін Бәтима
шешем де қайтыс болды, ол кезде мен тоғыз жаста болатынмын. Мал, үй-жай
деген баршылық. Туыстарымның біреуіне де көнбей, Аққойын
қыстауымыздан төрт шақырым жердегі әкемнің досы «полтора Иван» деген
орыстың үйіне қашып кеттім. «Полтора Иван» деп аталуының себебі, өте
қайратты алып адам еді. Арбамен жанар-жағар май тасиды. 200 кг толы
бөшкелерді қаңбақ құрлы көрмейтін еді. Өзінің Салмағы 200 кг астам
болатын. Біздің үйдің есігіне симайды. Шайды далада ішетін. Соғыс
жылдарында екі өгіз шаршаса, оларды арбаның артына байлап қойып жанар-
жағар май толы тиелген арбаны өзі дала қосына сүйреп баратын. Сол үйде екі
айдай тұрдым. Сонан кейін бір күні сұрады: «қандай жақын туыстарың
бар?». Мен айттым: «Науалыда Нүржәмилә деген Сағаттың қызы нағашы
апайым бар», – деп. «Полтара Иван» арбасына салып Аксаковкадан Науалыға
–
Қойшыбай Төлеубеков деген ағартушы болып қызмет істейтін жездеме
алып келді. Ол кісі мені Науалыдағы жетім балалар үйіне орналастырды.
Ерке өскен бала белгілі ғой, осы балалар үйінде өзіммен шамалас балалармен
төбелесуден көз ашпадым. Онда бұрынғы тұрған балалар жабылады. Осыған
шыдай алмай жездеме жылап бардым. «Мыналар мені өлтіреді», – деп. Сонан
кейін мені Қойшыбай жездем Ұржардағы интернатқа ауыстырды. Ол кезде
осы интернаттың директоры иманды болғыр Райымбеков Жүмәділ деген
жақсы адам болатын.
Жездем Қойшыбай аға екеуі әрі тексеріп-бері тексеріп: «Әй өзің
арфиметикаға жақсы екенсің, қалған сабақтарды игеріп кетесің», – деп еш
қандай құжаттарым жоқ болса да қабілетіме қарап, екі жарым жас қосып
бірден бесінші классқа қабылдатты. Атаманымыз Жұмабай деген соқыр
болды. Секен Абуталин болды, олар тоғызыншы оқиды, ең кішкенесі мен,
мойындарына отырғызып алып керемет еркелететін болды. Жетіні бітіріп
сегізге көшкенде пансионный интернатқа ауыстырды. Бұның ерекшелігі
тұлдыр жетімдерді ғана алады.
Осы жерде өзімнен үлкен балалардың бәрімен төбелесіп шықтым.
Қазіргі Ұржардағы демалыс бағының жанына жаңадан интернат салды.
219
Арыстан, Тұрғали деген жолдастарым болды. Осы жерде комсомолға өтуім
үшін тағы жарты жас қосып жазды. Сонан интернатқа комсорг қылып
сайлады. Үлкен балалар кеткеннен кейін атамандық маған ауысты.
Ұржарды бұрынғы казак-орыстар басып алған болатын. Қазақтың
әсіресе қыздарына күн көрсетпейді. Ұлдарды сабап, киноға кіргізбей
ақшаларын тартып алады екен. Ұржардың орта мектебінің ақсақ орыс
комсоргы болды. Орыстардың атаманы сол. Мына қазақ балаларына істеп
жүрген қорлықтарына шыдай алмай, олардың атаманына айттым:
«Орыстарыңды шығар, мен интернатты шығарамын. Шыдасаң екеуміз
жекпе-жек шығайық. Төбелесте кім жеңеді. Ұржарды сол билейтін болады».
Ұржардағы орыс мектебінің алдындағы көпірдің үстінде кездестік. Солтүстік
жағында менің адамдарым, оңтүстік жағына орыстар жиналды. Осының
алдында ғана қан жоса болғанбыз. Олардың атаманы шықты: «Баста дедім» –
үндемейді. Балалар үйінде төбелеске әбдән төселіп алғанмын. Көзімді
көзінен алмай жетіп бардым да, өзімнің әдісім – аяғының сирақ сүйегінен
теуіп қалдым. Ойбайлап жата кетті, қосымша бастан екіні теуіп есеңгіретіп
алдым да, орыстарына: «Өлтірмей тұрғанда алып кетіңдер!» – дедім. Содан
бастап орыстардың қазақ қыздары мен ұлдарына тиісулері сап тиылды, өзім
бүкіл Ұржардың атаманы болып кеттім. Оқырмандарға айта кететінім: Ұлы
Отан соғысы жылдары осы Науалы балалар үйінде тәрбиеленген «Кащей» –
аты жөні есімде жоқ, орыс баласы танкист Совет Одағының батыры болды.
Өкінішке орай осы жайт ешқайда айтылмайды.
Мектепті толық аяқтай алмадым. Жанымдағы жастары үлкен жігіттерге
силы бола бастадым. Тоғызыншы сыныпқа енді көшкен кезде, әскерге
шақырды, сөйтсе адам толмай жатыр екен. Шын жасым он бесте болса да,
құжат бойынша он сегіздемін, әй-шәйға қарамай жасы толған жетім
балаларды түгел әскерге алды. Бұл 1952 жыл болатын. Иван Бойко деген
өзіммен жетім балалар үйінде өскен екі бала кеттік.
Алдымен Аякөзде, сонан кейін Семейде медициналық тексеруден
өттік. Тексеру өте қатты болды, «верталь»–дан өттік. Ол дегеніңіз қазіргі
косманавттарды айландырып тексеретін қондырғы. Денсаулығыңда аздаған
кінарат болса осындай тексеруден кейін ес-түссіз талып қаласың.
Жанымдағы Бойко жарамай қалды, сөйтсем бізді соғыс теңіз флотына іріктеп
жатыр екен. Семейден тоғыз адамды – бір капитан-лейтенант пен бір мичман
поезға отырғызып алып, жиырма күн дегенде Владивостокқа жеттік.
Теңіз флотының оқу орталығына келдік, мені юнга деп атады. Ол кезде
соғыстан кейінгі моряктардың көбісінің жастары отызға келгенде ғана
үйлеріне қайтаратын, себебі алмастыратын адамдар жоқ болатын. Көпшілік
жұмысым камбузда картошка аршумен өтті. Алғашқы мамандығым
гидроакустик болды. Ол дегенің мотордың дыбысын ажырата білуіңмен ғана
шектелмейді, судың астындағы жүзіп бара жатқан балықты да сезуің керек.
Алғашқы кезде көнбей мичманнан шапалақ жеген кезім де болды. Бірақ
соларға әлі күнге дейін алғысымның шегі жоқ. Оқу біткеннен Ефимов
екеумізді – ол да балалар үйінен шыққан, жетінші флот орналасқан
Петропавлск-Камчаткаға жіберді. Сол кезде біздің жасымызды көріп штаб
220
бастығы өзіне алдырды. Менің жазуым өте әдемі және қандай карта
болмасын көшірмесін айнытпай түсіретінмін. Ефимов екеуміз де жазу
ережесінен сауатты болдық. Екеумізді бірінші бөлімге яғни құпия құжаттар
қабылдап жазатын жерге отырғызды. Бірден мичман атағын берді, ал
мичмандар еңбекақы ақша алады. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ».
Офицерлердің демалысына дейін Ефимов екеуміз шешеміз, олар бізге
жалынады.
Ол кезде жаяу әскер мен теңіз флоты екі бөлек министірлік болатын.
Бір күні теңіз флоты министірлігінен екі орын келді. «Жетінші флоттан
сауатты, дайындығы жоғары, үкіметке берілген, үлгілі екі адамды
Кроншдаттағы жоғары теңіз флотының оқу орнына ұсыныңдар, емтихан
тапсыруға Ленинградқа жіберіңдер», – деген нұсқау-құжат келді. Осы
құжаттарды алдымен біз ашып танысқаннан кейін – штаб бастығына
апарымыз, ол кісі қол қойып басқа жаққа таратады. Ефимов екеуміз штаб
бастығына келіп: «Сіз бізді мақтайсыз, осы оқуға бізді жіберіңізші», – дедік.
«Ауыздарыңды жабыңдар, әйтпесе уақытша қамауға жіберемін!», – деп
ақырып қуып шықты. Бір-екі күн өтті уақыт өтіп барады. Сонан кейін
қолбасшы адмирал Кузнецовтың өзіне бардық. Өйткені кейбір құжаттарды
қолбасшының өз қолына ғана тікелей апарып тапсыратынбыз. Алдында
Игорь Ефимов екеуміз келісіп алғанбыз, бірге кіреміз деп. Екеуміз
қосамжарланып бірге кірдік. «Бұл не, екеуің бірге келгендерің қалай?»,
«Кешіріңіз жолдас адмирал, біздің қолымызда бір құжат бар еді, соны сізге
көрсетейік деп едік, бірақ бізді штаб бастығы жібермей жүр. Енді сендер
сияқты адамды қайдан табамын?».
Жағдайды айттық, оқығымыз келеді дедік. Қолма-қол штаб бастығын
шақырып алып: »Екі күн болыпты ғой мына құжаттардың келгеніне, маған
неге айтпайсың. Отанын – ең бірінші теңіз флотын сүйетін жігіттерді неге
жібермейсің, өзің де флотты сүйесің ғой», – деп бастығымызға ұрысты. «Бір
күннен кейін барлық керекті құжаттарымен, ақшасымен жіберетін бол!».
Үш күннен кейін катермен Владивостокқа жіберді. Ол жерден поезға
отырғызып жіберді. Ленинградқа өліп-талып әзер жеттік. Келсек екі күн
емтиханнан қалып қаппыз. Ол кезде Қроншдат жабық қала, тек 1955 жылы
ғана ашылды. Училищенің бастығы өзіне шақырып алды да,
құжаттарымызды тексеріп: «Мына екеуін моншаға апарып жуындырып,
киімін жаңалап, таңертең әдебиеттен емтихан алыңдар», – деген нұсқау
берді. Бұл жерде ең бірінші шығармадан емтихан алады екен. Барлық
емтиханды жақсы тапсырып екеумізде курсант болдық. Бүкіл училищеде
екеуміз ғана мичмандық шенімізге еңбек ақы аламыз. Бес жыл оқыдық. Өзім
оқуды өте жақсы деген ғана бағаларға бітіріп шықтым. Бітіргеннен кейін
жетінші флотқа «Щука» сүңгуір қайығына тәжірибе жинауға жіберілдім
Негізгі мамандығым электронщик, қазақшаласақ қазіргі компьютор
жүйесінің жоғары дәрежелі маманы.
Сүңгуір қайығында бір жылдай командирдің көмекшісі болдым,
кеменің қыр-сырын түгелдей меңгеріп алдым. Тоғыз айдан кейін сауатты
офицер ретінде бағалағандықтан «Щука» сүңгуір кемесінің командирі етіп
221
тағайындады. Осы қызметте үш жылдай істедім. Жаттығуларда менің кемем
екі жыл бүкіл флот бойынша жеңімпаз атанып, үшінші жылы екінші орынды
иелендім. Теңіз флотының бас қолбасшысы адмирал Кузнецовтың ерекше
силайтын командирлерінің бірі болдым. Ол кісі менің еңбегімді бағалай
білді, соған өмір бойы ризамын.
Сұрақ: – Сабыр аға, өзіңіз осы сүңгуір кемеде қызмет істеп жүргенде
басқа қазақ офицерлері болды ма?
Жауап: – Жоқ болған жоқ. Ол кезде осындай сүңгуір кемелердің
санының өзі де санаулы ғана болатын және қару-жарағымыз да аса құпиялы
еді. Бізде «құлағы бар» торпедалар болды. Осы торпеданың ерекшелігі
кемеге бағыттап бір километр қашықтықтан атсаңыз болды, сол кеменің
артынан қалмай қойып, жармай қоймайды. Кемедегілер торпеданы көріп
тұрады. Екінші терморакета. Осы ракетаны кемеге 450 метр жақындап барып
атсаңыз өшіре алмайсыз, кемені өртемей тынбайды. Осы қарулар ол кезде
флоты мықты Ағылшындар мен Американдықтарда болған жоқ.
Мен мұнда жетімдер үйінде ғана тәрбиеленгендіктен және матеметика
мен физикаға деген ерекше қабілетімнің арқасында ғана тап болдым. Біз
сүңгуір кеменің командирлері тікелей адмирал Кузнецовтың өзіне ғана
бағындық. Бұл кісі Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін соғыс теңіз
флотының бас қолбасшысы болған адам. Тарихтан да білетін боларсыздар,
1941 жылы Гитлер армиясына төтеп беріп қана қоймай, соғыстың алғашқы
күндері-ақ немістердің соғыс теңіз флотын орасан зор шығынға ұшыратып,
тырп еткізбеген да осы адмирал Кузнецов болатын. Адмирал Кузнецовтың
бір ерекшелігі әр кеменің командирін тікелей өзі үйретіп, өзі тәрбиелейтін.
Ол кезде теңіз флоты жетінші және тоғызыншы деп екіге бөлінетін.
Екеуіне де атақты адмирал Кузнецов қолбасшы болды. Осындай қолбасшы
Ресейдің соғыс теңіз флотында бұрын-соңды болмаған, қазір де жоқ!
Осындай адамның шәкірті, әрі сүйікті комндирлерінің бірі болып, қызметтес
болғаныма Жаратушыға тәуба деймін.
Сұрақ: – Сабыр аға, сүңгуір қайықта неше офицер болады?
Жауап: – Жаттығуға барғанда жоғары рангалы тоғыз офицер, төменгі
рангалы төрт офицер болады. Қалған отыз екісі матрос, старшина, боцман
т.б. Соғыс жағдайында бір сүңгуір қайықтың ішінде жүзге жуық адам
болады. Ал атом сүңгуір кемесінде адмиралдың өзі ғана үшеу болады. 1960-
62 жылдары Кубадағы шиеленісте біздің сүңгуір кемелер ғана барды, ал атом
сүңгуір кемелері жартастардан өте алмады. Біздің «Щука» барлық жерден
судың астымен де, үстімен де өте береді. Ені 32 метр, ұзындығы 91 метр,
биіктігі 6 метрге жуық.
Сұрақ: – Сабыр аға, теңіз флотының, әсіресе сүңгуір қайықта қызмет
етудуің басқа әскер түрінен ерекшеліктері бар ма?
Жауап: – Әсет бауырым, ерекшеліктері жер мен көктей, себебі су
астында жүзетін сүңгуір қайықта қызмет істейтін офицерлердің
денсаулықтары ол кезде екі-үш жылға ғана шыдайтын. Өз басым сүңгуір
қайықты екі жарым жыл басқардым, сонан кейін медициналық комиссияның
сараптамасы бойынша басқа қызметке ауыстым. Ол уақытта су астында жүзу
222
үшін денсаулығыңа қазіргі косманавттарға қойылатын талап сияқты талап
қойылады, денсаулығың сәл ғана ауытқыса болды, сүңгуір қайықта қызмет
істуге жарамай қалып, жағаға кетесің. Соғыс жағдайында «Щука» сүңгуір
қайығының ауасы бес сағатқа ғана жететін. Жай кезде судың астына үш
жарым сағатқа ғана сүңгүйміз.
Менің қызметім негізінен адам аяғы баспайтын құпия жер – Жаңа жер
(Новая земля) аралында өтті. Әскерден босар кезде ғана Мурманск
облысының, Самскі ауданындағы, Гремихада бір жыл болдым.
Сұрақ: – Жалпы теңіз флотында қанша жыл қызмет істедіңіз?
Жауап: – Теңіз флотында офицер болып он жылдам астам қызмет
еттім, сонан кейін денсаулығыма байланысты 1963 жылы екінші рангалы
капитан шенінде әскерден босап еліме келдім. Қазір өзім жетпістен ассам да
денсаулығым жақсы. Соғыс теңіз флотында сүңгуір қайықты басқару үшін
көптеген мамандықтарды игеруге тура келді, осы білімім азаматтық өмірде
де жарады.
–
Сүңгуір қайықта қызмет істеген өзін-өзі силайтын офицерлер еш
уақытта теңіз бетінде жүзетін соғыс кемелеріне не жағалаудағы қызметке
бармайды. Себебі – өзін-өзі және мамандығын силамағандық болады және
жазылмаған осындай дәстүр де бар. Әйтсе де, флотта теңіз бетінде жүзетін
соғыс кемелеріне командир болуды ұсынады, көндіруге тырысады.
Офицерлердің кейбіреулері жағалауда не кемелерде қызметін жалғастыруға
қалады. Өйткені су астындағы сүңгуір қайықта қызмет істеген офицерлердің
білімі мен дайындығы аса жоғары болады.
Нақ туған жылым 1935 жыл, ал әскерге 1931 жылғы болып алындым. Қазір
бұрынғы Кеңес Одағының «құрметті флот офицерімін». Ескерту: Сабыр
ағамыздың жұбайы Ләззат жеңгей – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат»
романындағы кейіпкер Бәтестен туады.
Ешкім де батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,
көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Бауыржан Момышұлы
Айтайын бір-екі ауыз сөз достарыма,
Білемін ақиқатты қостарына.
Аллаға айтып жүрмін шүкіршілік,
Таза жан бәрімізді қосқанына.
Жас кезім сендер болдың көңіл күйім,
Әр үйде өтуші еді шулы жиын.
Бала өсті, бәрімізде немере бар,
Ұмыту жастық шақты бізге қиын.
Әр досым, жеке басың асылсыңдар,
Жан-жақты түсінетін жақынсыңдар.
Қиындық, бар-жоғымыз бірге өткен,
Мойымас сәтсіздікке батырсыңдар! Сабыр Ахмадиев
223
Достарыңызбен бөлісу: |