Қашықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



бет3/4
Дата08.02.2023
өлшемі27,73 Kb.
#66333
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
9-сабақ. Аты шулы тоғыз қасқыр

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.
Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу мақсатында қолданады.
1-тапсырма. “Аты шулы тоғыз қасқыр” бөлімінен алынған үзіндіден көркемдегіш құралдарды анықтаңыз. Қолданысын түсіндіріңіз.
Қораны өрт шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда, аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмайды...
Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері басталды. Ашумен жер тарпып, қар боратып, көп ұлыды. Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді. Бұрылып бір жаққа қарай жалтарғанша, тасырлатып, қар боратып, қасына ағызып келіп қалыпты...
Көксерек бұрынғы дағдысымен жемтіктің кеудесіне тұмсығын тығып жіберіп, жұлып асап жатыр еді. Желкесінен "ырр" етіп бір ауыз тістей түсті. Жемтіктен басын суырып алып, көк шолақтың асылып тұрған аяғынан қатты тістеп алып, үстінен жұлып тастады.
2-тапсырма. Көркемдегіш құралдарды мысалдарымен сәйкестендіріңіз

1.Анафора
2. Эпифора
3. Аллитерация
4. Теңеу
5. Синекдоха


3-тапсырма. Жоғарыда берілген мәліметтер мен “Көксерек” шығармасының мазмұнын негізге ала отырып, көркемдегіш құралдарды қатыстырып, Көксерек туралы ойыңызды жазыңыз.
Оқу тапсырмасы. «Көксерек» шығармасынан алған әсерлеріңізді білдіре отырып, шығарманың негізгі идеясы жайында тұжырым жазыңыз.

Көк шолақтың аузы арандай ашылып, тынысы құрып, тыпырлауға шамасы келмей қалды.
Тістері бір-біріне сатыр-сатыр тиісіп, қарш-қарш шайнасады. Тікейіп шапшыған бойда ұстасып тұрғанда, Көксерек басын бұрып жіберіп көк шолақты құлақ шекеден ала түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет