“Көксерек” шығармасындағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, эпитет, градация) анықтайсыздар, қолданысын талдап, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін жазасыздар
Өткен сабақтың тақырыбына шолу Сұрақ-жауап:1..Әңгіме не туралы?
2. “Аты шулы тоғыз қасқыр” бөлімінде не болды? Қашан және қалай болды?
Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.
Презентация, оқулық.
4 минут
10-15 минут
Жаңа сабақ
Қызығушы-лықты ояту
Тапсырмалар
1. Көркемдегіш құралдар - автордың шығарманы көркемдеу, бейнелеуіне септігін тигізіп, оның шеберлігін танытатын құралдар.
2. Берілген құралдардың анықтамасы:
Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын екінші бір нәрсемен салыстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым. Теңеулер көбінде -дай/дей -тай/тей, -ша, -ше жұрнақтары арқылы жасалады.
Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді пайдалану, жалпының орнына жалқыны, көптің орнына жекені немесе керісінше ауыстырып қолдану тәсілі. Синекдоханы меңзеу деп те айтуға болады.
Анафора – айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы.
Отан – менің ата-анам,
Отан – досым ,бауырым
Отан - өлкем, астанам,
Отан – туған,ауылым,- деген өлең жолдарында «Отан» сөзі әр шумақ басында қайталанып келіп тұр.
Эпифора - өлеңнің әр тармақтарының соңында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бір сөздің қайталанып келуі. Ақындар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың басты қасиетін өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталап, оқиғаны үдете,дамыта көрсетеді.
Кетеген болса,түйең жау,
Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
(Үмбетей)
Ассонанс – шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы (мазмұнға лайық). Махамбет өлеңіндегі
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?!- деген жолдар бірыңғай «е» дыбысынан басталып, ақынға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап тұр.
Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.
Көптер көзін тіккендей,
Көп соңына түскендей,
Көптің несін алыппын?!
Көп кісіден анықпын!