Мұғалімнің аты-жөні:
|
Жикишева К.Е.
|
Пән/Сынып:
|
2 «Б»
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
5 апта, 3 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
3B бөлім. Көбейту және бөлу. Есептер
|
Сабақтың тақырыбы:
|
2-5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту
|
Оқу мақсаты:
|
2.1.2.2 - көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау
2.1.2.4** - 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану
|
Бағалау критерийі:
|
көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсінеді;
көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтайды;
2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолданады;
|
Тілдік мақсат:
|
Компонент, кері амал
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
2 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Математика әлеміне қош келдіңіздер! Бүгінгі өтетін тақырыптың атауы мен мақсаттарымен таныс болайық.
Бүгінгі тақырыбымыз «2-5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту» деп аталады. Сіздер 2-5 сандарына көбейту және бөлу кестесін қолдануды үйренесіздер.
|
Не меңгеретінін білу үшін
|
|
Презентация № 1-3 бет
|
5 минут
|
Жаңа сабақ
|
Күн тәртібін сақтау үшін әр оқушы не
істеу керек? Әр бағандағы өрнектер мен олардың мәнін салыстыр. Қай өрнектер жұбы дұрыс құрастырылмаған? Қатені түзет.
Жарайсыңдар балалар! Ал сендердің демалыс күндердегі күн тәртіптерің қандай?
Ал енді 2-есепке назар аударайық.
Бұған кері есеп құрастыр.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Презентация № 4-7 бет
|
5 минут
|
Тәжірибе
|
Қалғанын өз бетіңмен есептеп көр!
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
Жарайсыңдар!
Бәрекелді!
|
Презентация № 8 бет
|
8 минут
|
Бекіту
|
Жеке тапсырма ұсыну
Бүгінгі сабақты толық меңгергенімізді анықтау үшін келесі есепті жеке шығарып көрейік! Егер сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса БЕЛГІ берсеңіздер болады.
Құрметті менің оқушыларым! Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар! Егер әлі де бұл тақырыпқа қиналып жатсаңыздар мен әрдайым көмекке келуге әзірмін!
Үй тапсырмасы: 43 бет, 3,4-есеп.
Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды! Сау болыңыздар!
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
Бағалау критерийі бойынша
«өзін-өзі бағалау»
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіндім;
|
+/-
|
көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтайды;
|
+/-
|
2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолданады;
|
+/-
|
|
Презентация № 9-12 бет
|