Өлең 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына орайлас жазылған. Кешегі алмағайып заманда өз атамекенінен кетуге мәжбүр болған қандас бауырларымызды ақын ешбір жатсынбай, құшақ жая қарсы алады. «Мынау жер, көл, өзен – бәрі де сенікі, кел де төрден орын ала бер»– деп ақын ақжарқын ниетін білдіреді. Бүгінде еліміз өз тәуелсіздігін алған, көгінде туы желбіреген егемен ел, ендеше неге туған жерден жырақта жүрсің, кел де сол егемен еліңнің әніне сен де қосыл дейді. Ақын жат жерде жүрген бауырларымыздың тағдыр тауқыметін тартып, қаншама тіршілік күресінін көрсе де ана тілін, дінін, ділін, салт-дәстүрін, тіпті ұлы Абайды да ұмытпай есінде сақтағанына ризашылығын білдіреді. Ақын, әсіресе, жастарға «жалындап жана беріңдер, сендер мен біздер бақытты ұрпақпыз, өйткені еліміз түгел ақ киізге көтеріп сайлап алған өз президентіміз бар» деп үлкен сенім артады.
Маралтай Райымбекұлы өлеңдерінде қасаң теңеулер мен жылтыр сөздерге үйір болмады. Өмірде өзіне әсер еткен, көрген оқиғаларды боямасыз өлеңге айналдырды. Шығармаларына тәуелсіз еліміздің өткен жолы, еліміздің болашағы, Арқаның төсіне орналасқан Астана, бірлік пен ынтымақтық, дәстүр жалғастығы арқау болды. «Көшбасшы» поэмасы егеменді елдің өткен тарихын баяндайды. Жалпы, ол тәуелсіздік жылдарында танылған отты ақын. Кейіпкер бейнесі. Шығарманың ғаламдық тақырыптармен үндестігі.
Эрнест Миллер Хемингуэй. «Шал мен теңіз» повесі.Американдық жазушы, журналист, 1954 жылы ұлы жазушы өзiнiң “Шал мен теңiз” атты ұлы шығармасы үшiн Нобель сыйлығына ие болды.Қазақ әдебиетіне Н. Ғабдуллиннің аудармасы арқылы кеңінен танымал Э. Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» повесіне үңілгенімізде балықшы шалдың психологиялық жай-күйі шығармада шебер бейнеленгенін байқаймыз. Алғашқы абзацта-ақ, балықшы шалдың қайығымен Гольфстримге күнде жалғыз шығып жүргені, шалдың теңізде сексен төрт күн бойы қармағына ештеңе іліктіре алмағаны баяндалады. Алғашқыда бір жарым айдай жанына бір бала серік болған еді, қолға балық түспеген соң баланың ата-анасы «жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ» шалдың жанында жүргенін қаламай, басқа қайыққа ауыстырды. Сонда да, үмітін үзбеген шалдың ұшы қиыры көрінбейтін теңізге балық аулауға жалғыз шығуы - шығармадағы ситуациялық жағдайдан гөрі психологиялық күйді көрсетуге бағытталған туынды екенін аңғартады. Шығарманың идеясының ғаламдық мәсселелермен үндестігі. Көркемдік және тарихи құндылығы. Кейіпкер бейнесі. Шығарманың жалпыадамзаттық құндылықтарының бүгінгі заман шындығымен үндестігі.