Париждегі мұсылмандар мешіті
«Өліміне қырық күн толғанда мен оған ар-
нап Париж мешітінде еске алу рәсімін өткізіп,
«Дебасси» залында саяси күн ұйымдастырдым.
Оған украин, әзербайжан, грузин эмигранттары
мен жалпы кавказдықтар және басқа да ұлт өкіл-
дері қатысып, сөз сөйледі. Бәрі Мұстафа, оның
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
339
қызметі туралы айтты. Мен естелік ретінде ай-
тқан сөздерін жазып берулерін өтіндім. Менің
бұл өтінішімді тек Александр Яковлевич Шуль-
гин ғана орындады, басқа ешкім орындаған
жоқ».
Мария Шоқай
Мен экспедиия мүшелерімен бірге Мария
Шоқай естелігінде айтатын осы мешітке бар-
дым. Парижде 1922-1926 жылдары іргетасы қа-
ланған екі мешіттің үлкені осы мешіт екен. Біз
бесін намазына дөп келіппіз. Күн бейсенбі бо-
латын. Келушілер өте көп. Бір аңғарғаным, на-
маз оқу алдындағы азан мешіттің мұнарасынан
емес, намазға арналған үлкен бөлменің кіреберіс
ауласында айтылды. Жергілікті биліктің тәртібі
бойынша, жұмадан басқа күндері азан осылай-
ша айтылады екен. Ал жұма намазының азанын
мешіттің мұнарасынан айтуға арнайы рұқсат
берген. Бірнеше аулалары мен бөлмелері бар
еңселі мешіт үйінің салынғанына бір ғасырға
жуық болса да, әлі сол қалпында. Ою-өрнек, бо-
яулары еш өзгермеген. Күні кеше салынғандай.
Алаңдардағы гүлзар бақтары мен субұрқақта-
ры жаныңды жадыратып, көңіліңді көтеріп та-
стағандай. Бейнебір «Мың бір түндегі» хан са-
райына кіргендей әсерде боласың.
Автор**
Бір ғасыр бұрын салынған,
Осынау ескі мешітте.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
340
Ою-өрнекпен малынған,
Отырдым оң жақ есікте.
Шүкірлік айтты досым да,
Аллаға мұнда жеткізген.
Мариям өзі осында,
Шоқайдың асын өткізген.
Берілген асы сабаздың.
Париждей әсем шаһарда.
Уақыты келіп намаздың,
Тұрдым мен келіп қатарға.
Атқылап суы бұрқақтың,
Жайнайды гүлзар бақтары.
Жегенмен қамын ұрпақтың,
Бақытын іздеп таппады.
Жеңілдетеді өмірді,
Жабырқау жанға бұл ара.
Еріксіз тартты көңілді,
Азан айтатын мұнара.
Бір сәлем айтып елден де,
Бірдеңе келді сұрағым.
Айналып қайта келгенде,
Ұмытқан бір шал құманын.
Шариғатты айтқан сөзі де,
Оқыған құран мектептен.
Мұстафа Шоқай өзі де,
Осында талай кеп кеткен.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
341
Қаншама тарих есіттім,
Кездесті мұнда ғалым да.
Толқыдым сол бір мешіттің,
«Дебасси» деген залында...
Тәубәға келер залымда,
Жырақтап жылдар кетіпті-ау.
Мешіттің осы залында,
Шоқайдың асы өтіпті-ау.
Мария Шоқай жайлы жыр
2008 жыл. 28 қаңтар. Күн жұма. Бүгін Франция-
ның Шелль қаласындағы зиратқа жерленген Ма-
рия Шоқайдың басына баруды жоспарлаған едік.
Екі автокөлік – тоғыз кісілік шағын микроавто-
бус және төрт адамдық жеңіл машинамен жолға
шықтық. Таңертеңнен жаңбыр құйып тұр. Бада-
надай-баданадай ақ жаңбыр тамшылары төпей
түсті. Аракідік қатты селдетіп жібереді. Қысты-
гүні Францияда жаңбыр жаууы таңсық емес көрі-
неді.
Алдын ала ескертіліп қойылғандықтан, қорым
қараушысы бізді қақпаның аузында қарсы алды.
Мария Шоқайдың зираты – кіреберісте, қақпадан
онша алыс емес жерде екен. Зиратқа кірген бой-
да көңілім толқып, жүрегім дүрсілдеп сала берді.
Бұл, бәлкім, Мұстафа Шоқайдың адал жары, аяу-
лы серігі, оның көрген барлық ауыртпалықтарын
қайыспай, зор адамгершілікпен бірге бөліскен Ма-
рияға деген шексіз ризашылық пен құрмет белгісі
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
342
болар. Жаңбыр жауған кезде-ақ «Әй, бұл Мұстафа
мен Марияның көз жасы немесе сағыныш тамшы-
лары шығар» – деп ойлағанмын. Сол ой-тебірені-
стер жыр жолдарына айналды. Көңіліме шумақ,
шумақ өлең жолдары үйіріле берді.
Машинадан түсіп, Мария Шоқайдың қабірі
басына барған кезде құйып тұрған жаңбыр кілт
тоқтады. Кәдімгідей біреу ағып тұрған судың
кранын кілт бұрай салғандай. Марқұмның қабірі-
не гүл шоқтарын қойдық. Өрекпіген көңілімді
баса алмай, алғашқы сөзді экспедиция жетек-
шісі ретінде мен сөйледім. Сонау Наршоқыдан
басталған сапарымыздың өз мәресіне жақындай
түскен тұсы еді бұл. Міне, енді Мария Шоқайдың
бейтінің басында тұрмыз. Бүкіл Алаш, қала берді
түркі халқының азаматын алақанында аялаған,
бар ғұмырын соның жолына құрбан еткен асыл
жар, қайраткер әйелдің қабірі басында тұрып, қа-
лай тебіренбейсің?
Бүгін қаншама теңіз асып, мазар басып, Еуро-
паның бір түкпіріндегі Парижге келсек, ол тәу-
елсіздіктің арқасы емей не?! Мұстафа Шоқай мен
Марияның Ташкенттен басталған «тар жол, тай-
ғақ кешулері» Парижде аяқталыпты.
Мария Шоқай да – аса көрнекті қайраткер.
Мұстафаның жанында жүрген сенімді серігі,
қамқоршысы, аяулы жары болса, қайраткер бол-
май, кім болады? Оның көрегендігі сол – өлері-
нен 4-5 жыл бұрын өзі жерленетін қабір орнын
өзі сатып алып, барлығын алдын ала дайындаған.
Зираттың басына қойылған тастағы жазуды да
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
343
өзі жаздырған. Міне, қараңыздар: «1888 жылы 22
ақпанда туылған», – деп анық көрсетіп жазыпты.
Ал қайтыс болған уақыты жазылмаған. Қанша
көреген болса да, өлетін кезін ешкім білмейді ғой.
Орны бос тұр.
Өзі мәңгілік дамылдаған аядай жер үшін Мария
қаншама еңбектенді десеңізші. Тағдыр қосқан
жары Мұстафасының көзіндей болған ақ пиани-
ноны сатып, осы алақандай жерді сатып алған.
Біз қабірдің шаңын сүртіп, төңірегін тазалап,
машинаға беттедік. Көлікке отырысымен жаңбыр
қайта құйды. Апырай, а! Бұл не болғаны сонда?
Қалай таңғалмайсың? Әлде бұл – біздің алыстан
келіп, зиярат еткенімізді Табиғат-ана да кұптап,
қолдағанының айғағы ма? Кім біледі, бәлкім, со-
лай шығар...
Автор**
Осылай Париж бенен
Шелльге жеттім,
Мария Шоқай жатқан жерге жеттім.
Cуретінен мұңдана қарайды ол,
Мұстафа шексіз сүйген елге жеттім.
Мария адамзаттың гүлі екен ғой,
Сақтаған сандықтағы сыры екен ғой.
Шелліңіз Ножаныңнан қашық емес,
Француз халқы жомарт ірі екен ғой.
Ілезде ұмытылып сарсылғаным,
Қабірге қарай жалғыз аршындадым.
Мария адамзаттың асылы екен,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
344
Жеткізген Мұстафаның жан сырларын.
Жазылғанмен өмірге келген жылы,
Бейітте жазылмапты-ау өлген жылы.
Бастапты естелігін Мұстафаның,***
Дүниеге шыр етіп мен келген жылы.
Мария қандай сұлу,
ірі неткен,
Қаптаған көп қатынның бірі деп пе ең.
Ташкенмен Алмания аралығын,
Мұстафа Шоқайменен жүріп өткен.
Мария қандай ғажап,
ірі неткен,
Сөзі бал, бұлбұл әнші, нұры көктем.
Қиындықтың бәріне бірге төзіп,
Шіркіндер қол ұстасып жүріп өткен.
Мария неткен қайсар,
парасатты,
Болжаған, көре білген болашақты.
Айырылып қалғаны сүйгенінен,
Жазылмас жүрегіне жара сапты.
Жазықсыз жерде қанша жазықты еткен,
Қиялы ғасырлардан озып кеткен.
Есінде Петербург, Тбилиси,
Барлығын естелік қып жазып кеткен.
Мария жар ғана емес серігі еді,
Ән салған сахнаның көрігі еді.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
345
Орыстың орманында еркін өскен,
Қиғаш қас, ай маңдайлы елігі еді.
Көңілі ұлы түрік даласындай,
Пейілі қазақтардың қаласындай.
Көңілі шалқып жатқан теңіздейін,
Ұлттың ұлағатты анасындай.
Ақ жүзі аспандағы ай секілді,
Шырайы жаңа шыққан шәй секілді.
Табиғи жаратылыс ерке болмыс,
Мінезі гүл жайнаған май секілді.
Еріні Өгем таудың өрігіндей,
Жүрісі Жезқазғанның елігіндей.
Жалғанда дәл осындай жар көрмедім,
Мұстафа Шоқай ердің серігіндей.
Жанары көк аспандай мөлдіреген,
Жібектей орамалы желбіреген.
Мейрімі алашымның әжесіндей,
Шаштары ақшыл тартып селдіреген.
Кездейсоқ аман қалған атылмаған,
Сақтаған архивтерде хатын маған.
Мария жар ғана емес досы да еді,
Тар жерде сыр бермеген, сатылмаған.
Мария неткен берік, төзімді еді,
Ешкімнен өзін төмен сезінбеді.
Апырай, Мұстафа үшін өмір бойы,
Аянбай еңбек етті, көз ілмеді.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
346
Әдебі жаңа түскен келіндердей,
Ешнәрсе екеуіне тегін келмей.
Бір ғана Мұстафа үшін мәңгілікке,
Өткізді бар өмірін елін көрмей.
Қазақтың үкі таққан бесігіне,
Күні-түн дамыл болмай есігіне.
Анкара мен Ташкеннің күн туар ма,
Көшесін беретұғын есіміне.
Екеуі бірге өткізген сыр түндері,
Мариясыз аман қалу мүмкін бе еді.
Астана бір ескерткіш қояр-ау деп,
Асыға күтіп жүрмін бұл күндері.
Жырыма жарығыңды түсір жаным,
Қиялдың кептерлерін ұшырмадым.
Өмірін Мариядай асыл жанның,
Ұрпаққа үлгі етіп ұсынғаным.
Бұл өлең, өлең емес қарапайым,
Әр жолын зерделерсің балақайым.
Саяңа келген ғашық жандар білсін,
Аулақта сырын бүккен дара қайың.
Мария Шоқай атын ұлықтаңдар,
Тарихтан мұрағаттан сыр ұққандар.
Мария, Мұстафадай қол ұстасып,
Аяулы жандар өткен ұмытпаңдар.
«Ей, түркі билері! Қырылайын деп жатқан елге,
өмір бердім, жалаңаш жүрген елге, киім бердім,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
347
кедей халықты бай қылдым, саны аз халықты көп
қылдым. Маған адал болған хандар мен елдерге
жақсылық жасадым. Дүниенің төрт бұрышын-
дағы халықтарды бейбітшілікке көндірдім.
Ей, түркі билері! Көк Аспан Қара Жерді езбе-
генше, Жер жарылып бөлінбегенше, біліндер,
түркі ұлыстары, түркі елдері, түркі отбасылары
– түркілердің билігі бітпейді. Біздің өзендей тө-
гілген қанымызды, таудай жатқан сүйектерімізді
ақтаңдар! Ей, мәңгі түркі елі, осыны біл де
мақтан!»
Білге қаған
О менің, қайда ұлы қағандарым,
Айтайын ойларымның саған бәрін.
Жылпос пен жағымпазға жаға алмадым,
Халқыма берер бақыт таба алмадым,
Түлкідей қырдан қашқан,
жалт бердің- ау,
Тағдыр-ай, неге мені тағы алдадың.
Баяғы ұлыстарым, өлкелерім,
Не деген байтақ едің, көркем едің.
Бір кезде сәбидейін еркеледім,
О, тағдыр, неге мені желкеледің.
Тыңдайтын, түсінетін бір жан болса,
Үзілген тарихымды шертер едім.
Айбыны арыстандай Түркілерім,
Білдің бе, жағаңнан ап сілкілерін.
Жаңыңа жақындатып түлкілерін,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
348
Сезбедің кездігімен бір тілерін.
Өз жұртым қиналғанда жылап тұрып,
Өзгенің байқап қалдым күлкілерін.
Есіме ап әр жерде бір хаттар барын,
Кейбірі жүректерде сақталғанын.
Келмейтін жаққа мәңгі аттанғанын,
Намыстың қара жердей тапталғанын.
Өз жұртым жәбір көріп жылағанда,
Өзгенің сездім, қалқам, шаттанғанын.
Көк аспан қара жерді езе алмайды,
Қайғыны қара жүрек сезе алмайды.
Түбі бір туыстардан безе алмайды,
Арыға бұдан былай, төзе алмайды.
Бөлінген шекараға күзеттерден,
Өз жерін өзі еркін кезе алмайды.
Жан-жақтан соғып тұрған жел болатын,
Сулары шалқып жатқан көл болатын.
Тілімнің мәртебесі төр болатын,
Дұшпанның жымысқы ісі нөл болатын.
Түркілер бірігетін, ел болатын,
Құмы да гүлзар бақты, орман тоғай,
Баяғы Тұран дейтін жер болатын.
Баласын аманат қып тірі ұстады,
Шошытып жүрістері, тұрыстары.
Осылай болу керек, дұрыс бәрі,
Аспанға көтерілген қылыштары.
Бабамның қанды майдан ұрыстары,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
349
Қайғыңды жер қабылдап, қыр ұстады.
Қайтадан тұтас болып бірігіңдер,
Ежелгі түркілердің ұлыстары.
Қабырғам бірте-бірте сөгілгені,
Қанымның қара судай төгілгені.
Жаныма батты атамның егілгені
Жүйкеміз жүйке емес, темір ме еді,
Қу көңіл қара түндей көмір ме еді?
Жан-жаққа қараңыздар, бауырларым,
Қайда алып бара жатыр өмір мені.
Мылтықты бекер ешкім оқтамайды,
Атсейіс тұлпар босқа баптамайды.
Мәні жоқ сөзіңді ешкім сақтамайды,
Сатқынды ешқашанда жоқтамайды.
Біріксең, біреу келіп таптамайды,
Жалтақты ешбір пенде жақтамайды.
Бұл күнде бөлек-бөлек ел боп кеткен,
Түркістан үшін майдан тоқтамайды.
Бақытсыз ақ босаға аттамайды,
Қайғыңа қалың қазақ қаптамайды.
Өлгеннің сыбағасын сақтамайды,
Ақымақ ел үмітін ақтамайды.
Дүниеге талай ұрпақ келіп-кетер,
Түркістан үшін күрес тоқтамайды.
Бұл күнде бар да қайғы, жоқ та қайғы,
Бұл жолға бөтен келіп топтамайды.
Қайғыңа қалың Түркі қаптамайды,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
350
Кейбірі үмітіңді ақтамайды.
Жақсылар бәрін кек қып сақтамайды,
Түркістан үшін тартыс тоқтамайды,
Бір алла, Түркі жұртын сақтағай-ды.
Туады, туады әлі данышпандар,
Қиялы ғасырлармен жарысқандар.
Дұшпанмен қайтпай мәңгі алысқандар,
Әлихан, Мұстафадай арыстандар.
Ежелгі ата салтқа жақындаңдар,
Жат діннен біржолата алыстаңдар.
Дүниеге келер, туар ұландарым,
Самғайтын көк жүзінде қырандарым.
Сендерден бір-ақ тілек сұранғаным:
Түркі мен Алаш болсын ұрандарың.
Мына елге пана болып тұрар дарын,
Жат жұрттың жақындатпай қағып таста,
Ысқырған жеті басты жыландарын.
Қыздарға ақ босаға аттататын,
Құранның сүрелерін жаттататын.
Дәстүрді жат жұрттыққа сақтататын,
Дұшпанға қимастарын жоқтататын.
Шешуші аспанға бір оқты ататын,
Туады бір Түркі ұлы Түркістанға
Жаулардың жорықтарын тоқтататын.
Бақытқа қарай аттан, жосылыңдар,
Жаманнан қара ниет шошыныңдар.
Мынауың, анауыңмен, осының бар,
Байтағың, ірілі, ұсақ, қосының бар.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
351
Тарыдай шашыраған, бауырларым,
Қайтадан мемлекет боп қосылыңдар!
Шырқарың әуелетіп бір ән болып,
Жаттайтын ұлы сөзің құран болып.
Түркістан, Түркі сөзі ұран болып,
Туларың көкте самғар қыран болып.
Қайтадан дәуірлейтін заман келіп,
Түркілер, бірігіңдер Тұран болып!
Қасиет пен қасірет
немесе соңғы сөз орнына
Соғыс жүріп жатты, тұтқындар да бірінен соң
бірі беріліп жатты. Оларды топқа ұйымдастырып,
неміс әскери киімдерін кигізіп, француз майданы-
на жіберу жалғаса берді. Олардың көбісі менімен
кездесіп, ұлттық жетекшілерінің жағдайын білгісі
де келіпті. Көбісі Мұстафаны олардың лагеріне
барғанында көрген екен, кейбіреулері тек қана
атын естіген болып шықты. Келіп менен Мұста-
фаның суретін сұрайтын. Олардың арасында
нағыз коммунистер, қазақтар, өзбектер, татарлар,
башқұрттар бар еді. Кейбіреулері мәдениетті, енді
біреулері кәдімгі қарапайым адамдар болатын.
Олармен әңгімелесу барысында маған өте қиын
соқты. Олардың біреуі Мұстафаның шет елдерде-
гі қызметі туралы арсыздықпен әңгімелеп отыр-
ды. Тағы бір таңданғаным, қырғыз, қазақтар мен
татарлар ауыздарына не келсе соны айтып жатқан-
да, өзбектер Мұстафа жайлы ләм-лим демегені.
Бір ретінде маған алматылық қазақ келді. Өзінің
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
352
кім екенін, қай жерден екенін айтып таныстырған
соң, нағыз коммунист екенін, Сталиннің арқа-
сында адам боп отырғанын, Сталин үшін жанын
пида етуге даяр екенін айтты. Егер Шоқайұлы тірі
болғанда, дәл осы жерде оны өлтіре алатынын да
менен жасырмайтынын айтты. Мен одан «ком-
мунистерге қарсы шыққандарды жек көретін
болсаң, маған не үшін келдің, тез үйімді босат»
– дедім. Оның жанарынан жек көрушілік пен ыза-
ның табын байқадым. Оның қаруы бар болатын.
Бірақ мылтығын үйге кірген сәтте коридорда есік-
тің қасына қойып кеткен еді. Мені өлтіру үшін не
барып қаруын алуы немесе буындыруы керек еді.
Алайда оның сөзге келместен үйден шығып кете
барғаны мені қатты таңқалдырды. Қалай болса да
мені Құдай сақтады.
Мария Шоқай
Түркістаным,
атсын күліп ақ таңың,
Алуан алуан гүлге оранып бақтарың.
Көп адамдар мән бермейтін секілді,
Қасіретіңде қасиетің жатқанын.
Тау теңселіп, төңірегіне шашып от,
Ұмытылмайды ол, мейлі қанша ғасыр өт.
Түркістаным қос рельс тәрізді,
Қасиет пен басыңдағы қасірет.
Уақыт шіркін ағын судай өтеді,
Тарихымыз ұмытылмайды кешегі.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
353
Мұстафаның қасіретін о, Алла-ай,
Әлі күнге ұқпайтындар жетеді.
Осы жолда қанша жанмен достастым,
Қанша доспен қимасам да қоштастым.
Алматыда өлең үшін алысып,
Өскеменде Шоқай үшін соттастым.
Ардақтым ол, есімнен бір шықпайтын,
Тұлға таптым бұл ісімді құптайтын.
Жанды көрсем пергім келіп тұрады,
Мұстафаның қасіретін ұқпайтын.
Дүниеге келер ұрпақ білімді,
Қабылдайтын кеудемдегі күнімді.
Төңірегімде толып жүрген топастар,
Ділім түгіл түсінбеді-ау тілімді.
Шексіз сүйді ол Түркістанның тауларын,
От боп жанып,
алау болып лауладың.
Ешқашанда илікпейтін, қайтпайтын,
Өскеменде сотта көрдім жауларын.
Даңқын оның аз ба адамдар күндейтін,
Аз ба адамдар түсінбейтін, тілдейтін.
Талай қандас пақыр көрдім, япырай,
Мұстафаның кім екенін білмейтін.
Тірісінде молада да жатып ап,
Күресті ол жауларымен ақымақ.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
354
«Шоқайыңды білеміз ғой», – дейтіндер,
Жала жапқан кітаптарды оқып ап.
Бәйтергім, асқар тауым, еңселім,
Ойларыңнан қуат алам жеңсе мұң.
О, дүниеге ала кеткен өзіңмен,
Қасыретіңнен айналайын мен сенің.
Ғасырларға шашып тұрған жарығын,
Түсінбейтін пенделерге налыдым.
Соңғы түрік қалғанша сен тірісің,
Қасиетіңнен айналайын Алыбым.
*«Истиқлол қахрамонлари» сериясымен шыққан
«Таланган асарлар» кітабынан
Тошкент шаһары, «Маънавият» баспасы, 2003ж.
**Автордың «Мұстафа Шоқай жолымен» атты тари-
хи-деректі, танымдық сапарнама кітабынан алынған
үзінділер
***Мария Шоқай 1958 жылдан бастап «Менің Мұста-
фам» атты естелігін жаза бастаған.
1
Екі Мұстафа: М.Ататүрік, М.Шоқай.
2
Ақынмен тоқсаныншы жылдары Стамбұлға бірге
барған қазақтың ұлы жазушысы марқұм Сәкен Жүнісо-
вті айтып отыр.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
355
ТҰЯҚ СЕРПУ
(Толғау)
Касіретті қара пышақ қайралды,
Қара бұлт Қаратауды айналды,
Қара қойдың аяқтары байланды.
Жынды жел де тына қалды бірер сәт,
Жұлқылаған сұр даланы, сайларды.
Қарулы қол қара қойды бүктеді,
Осып өтті, осы ма еді күткені?
Момыным-ай, ең соңғы рет тұяғын
Серпіп қалды... кетті үзіліп жіптері.
...Құлағың сал, дін-мұсылман баласы,
Канға бөкті Созақтың сай-саласы...
...Қара жіптің үзілген сол ұшынан
Басталады сайын қазақ даласы...
Автор
* * *
«Осыдан алпыс жыл бұрын, ешбір кінәсі
жоқ, кең далада мал баққан, жай жатқан момын
халықтың ар-намысын аяққа басып, қорлаған
басшылардың, әсіресе Голощекин сияқтылар-
дың жантүршігерлік озбырлығын қазіргі кезде
не деп бағалауға болады?
Созақ халық көтерілісі жөніндегі шындықты
айтудан қорқып, оны Совет үкіметіне қарсы бай
— кулактардың көтерілісі дегенге сене бердік.
Бұл халық көтерілісі қазақ халқының XX ғасы-
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
356
рдағы қайғылы тарихының қақ төрінен орын
алуға тиіс...».
(Ауыл қариясының әңгімесінен)
Адамзат – келер-кетер, жүзге келер,
Пендені үйде өлсе де, түзге көмер.
Құдая, иманымды саламат кыл,
Ағайын енді қайда бізді іздеп келер?..
(Кұлыншақ).
«Қос құдық жайлаушы едік, қыстаушы едік,
Кәмшаттан бешпент, бөрік тыстаушы едік»
1
.
Көкашық,
сарт Сауырбай, Баба-Атаны,
Созақтың қаласындай ұстаушы едік.
Тас сарай*, Дала базар* мекенім-ай,
Сендерді қалай қиып кетемін-ай.
Топтасқан тоғайдағы тораңғыл тал,
Білдің бе дәуреніңнің, өтерін-ай.
Қан- қызыл қоңыраулы шеңгелдерім,
Бұл күнде серігімсің сендер менің.
Баба түкті шашты Әзиз әулием-ау,
Батты ма жаныңызға сенделгенім.
Қарттардың құлақ аспай басуына,
Себеп болды топанның тасуына.
Созақ жақ дөңгеленер көз алдыңда,
Шыққанда Суындықтың асуына.
Тассарай, Балықшы ата шатқалында,
Қан төкті қызылың да, ақтарың да.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
357
Аңғармай күннің мынау батқанын да,
Аңғармай таңның сонау атқанын да.
Жалайыр**, Қаңлы**,
Қыпшақ**, Тарақтылар**,
Таманы інісіне балап тұрар.
Тыныш жатқан ауылдың шаңын қақты-ау,
Белсенді қатын құмар, арақ құмар.
Қара үйдің іргесінде созған кепті,
Шұбатын алып момын Божбан** жетті.
Маңғытай**, Саңғылымен** көлеңкеде,
Қайтадан қоздырады қозған кекті.
...Қайтейін, не көрмеді момын қазақ,
Момыннан жатқандар аз жоғын санап.
Бізге еріп шыққан бұлт жауып кетті,
Созақтың ойлы-қырлы жонын сабап.
Сол бұлт жауып өтті момын елім,
Тамыздың шілдесінде тоңып едім.
Сан сұрақ сілкілеген күндіз-түні,
Көкірегім қайғыға толы менің.
Төмпешіктер, молалар, мың сыры бар,
Сол сырдан қара перде бір сырылар.
Құлағымда аттардың дүрсілі мен,
Аққудың қанатының сусылы бар.
Молалар, біздің мола, менің молам,
Молалар, сіздің мола, сенің молаң,
Бесік пен бейітімнің арасында,
Басыңа сан келермін сенің, Бабам.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
358
Бұл күнде көрінбейтін егістерден,
Бұл бейіт – біздің бейіт тегістелген.
Ауған тәуіп, Ақ ишан, ер Сұлтанбек,
Шағынардай шыға сап... тегіс көрден.
Аттылар ана жолмен өтпегендей,
Үспіде* ауыл орын теппегендей.
Ығы-жығы молалар сарбаз болып,
Созаққа жаяу-жалпы беттегендей.
Баратқан айдау жолдың тозаңын-ай.
Өксігін ішке тартқан Созағым-ай.
Алаш боп желбіреді сары ала ту,
Намыс буған, кек куған қазағым-ай...
Қазағым-ай, кімдермен алыспаған,
Арманы ақ сағым боп алыстаған.
Жолаушыға мінгізіп жалғыз атын,
Өздері келісінде тары уыстаған.
Мұңдылау жүрегіме батып бір ән,
Шақырады... мола боп жатып қыран.
Алпыс жылдай өтсе де содан бері,
Кек қысып төсегімнен атып тұрам.
Сұм дүние, білді олар өтеріңді,
Шашаңа шаң жұқтырмай кетеріңді.
Ажал боп тақағанда Голощекин,
Теріскей дауыл болып көтерілді.
Кеше алмаймын мансапқа сатылғандар,
Қандасқа қарулы әскер шақырғандар.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
359
Сендерге бәйіт жаздым, – дұғам болсын,
Созақтың базарында атылғандар.
Атылғандар о, қайсар кектілерім,
Асыл ойым көміліп кетті менің.
Сызған жақта өсетін қызыл гүлдер,
Қызыл қаннан нәр алған деп білемін.
Қызыл қанды қыратқа шашыраған,
Өтінем жұла көрме, асыл адам.
Әлі күнге өкпелі тәрізденді,
Етпеттеп жата қалған тасы маған.
Әжім басқан жесірдей құба далам.
Ұрпақ жоқ бұл қайғыны сұрамаған.
Толғамау бұл тарихты күнә маған,
Жырламау бұл тарихты күнә саған.
Қайтейін бір күнің жоқ сенің-дағы,
Өксігін ішке тартып жыламаған.
...Үнсіздік айқайлайды, шақырады,
Елеусіздеу молалар жатыр әні.
Жасырады... жусаны, селеуі де –
Көңілім әлдеқайда асығады...
...Құлазыған көңілге қарамастан,
Ақ сағыммен астаса араласқан.
Бәрін көрген сөзім бар саған аспан,
Бисмилла...р...рахман рахим ал бастадым,
Қасіретті, қайғылы дала дастан.
1
Мәделі ақынның сөзі.
*Жер аттары.
**Ру аттары.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
360
Достарыңызбен бөлісу: |