ҚҰБЫЛЫС
Алатаудың етегiнде
бiр қала бар ғажайып,
Ұлы ақындар сол шаһарда бара жатыр азайып.
Жыр оқитын
ортамызда тау суындай сарқырап,
Көрiнбейдi сол бiр ақын ақ дидары жарқырап.
Ал бүгiн ше,
сол Алматы, сол айқаспен, сол майдан,
Қалқып ұшқан қыраным-ай,
Ақшығанақ, Торғайдан.
Әр қайталап оқығанда,
әр жолыңнан сыр ұғам,
Қара өлеңнiң көшiндегi қайталанбас құбылам.
Бұл жалғанға екi келмес ер жiгiттiң сұлтаны,
Жауһарыңнан ғасырларға
шашырап тұр шұғылаң.
Пiр тұтып ең алдыңдағы
Ғафу, Сырбай, Қасымды,
Сағыныштан көздiң жасы
моншақ болып шашылды.
Ортамызда жыр оқыған сырахана баяғы,
Алматының көшесiнде көзiме оттай басылды.
Қыз-жiгiттер қол ұстасып
сауық-сайран құратын,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
271
Есiне алып күрсiнгендей жұлдыз аққан мына түн.
Сарыарқаның даласындай
жаратылған ерекше,
Абылай аспас сары белден,
асқан ақын, ұлы ақын.
Тұрады өмiр жауабы жоқ
неге мұңлы сұрақтан,
Алашыңа сендей тағы керек боп тұр бiр ақ таң.
Жан сырыңды
тыңдап кеше Мұқағали мұңайса,
Гауһар жырың қайта оқыған жас аруды жылатқан.
Өлеңiңнiң сырлы сазы
сан толқынды толқытқан,
Шыңыраудай тереңдiгiң
жауларыңды қорқытқан.
Тәнiңдi алып,
әнiңдi алып ұшақпенен қаңтарда,
Арқалыққа бiр қаралы ең соңғы рет жол шыққан.
Нәзiк жанды,
ерке мiнез,
бөлек бiтiм тектiм-ай,
Соңындағы екi ұлына мейiрiмiңдi төк құдай.
Артыңа ерген
бозбала едiм арасында тобырдың,
Табындырып, сағындырып тым ертерек кеттiң-ай.
Мынау елiң аңсады ғой,
шын сағынды даусыңды,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
272
Қайран ақын
дәм-тұзың да неге ерте таусылды.
Қылшылдаған қырық екi жасқа толған
шағыңда,
Қасиеттi туған жердiң топырағы қаусырды.
Содан берi
жүрек сыздап көктем келiп, жаз өткен,
Құбылысты елемеген билiкке бар, наз, өкпем.
Он жетi жыл эфирлерден естiлмедi дауысың,
Он жетi жыл жаңа жырың көрiнбедi газеттен.
Шет-шегi жоқ,
сағым жүзген өнiп шығып өртеңнен,
Қызыл заман шылауында кеткендерден
жеркенген.
Есiн алып ескi белдер,
ескi ауыл, ескi сөз,
Ол ұлттың ақыны едi, өзегi ерте өртенген.
Есiме алсам
көкiрегiм қайғы-мұңға толатын,
Жазушылар одағына оралмады сол ақын.
Дала жырын аспандатып,
құбылыс боп тербеген,
Ол Кеңшiлiк Мырзабеков болатын.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
273
ҚОЛДАУШЫСЫ АЛАШ АТТЫ
РУХТЫҢ...
Беу Астана,
алтын ордам,
көкорай бел,
көк кiлем,
Ақжайықтық мұзбалаққа
мекен болдың деп бiлем.
Ескi сүрлеу,
қасқа соқпақ,
хандар салған кешегi,
Нұрсұлтандық нұрлы жолға таңдап түскен тектiм ең.
Сен шығарған жүз кiтап ол,
жүз үмiтi елiмнiң,
Жүз құсындай шартарапқа самғап ұшқан
көлiмнiң.
Әр тасына шыр-шыр етiп қорған болған
ардақтым,
Қатпар-қатпар қайғысы көп ұлан-байтақ елiмнiң.
Кешегi өткен Қонаевты сүйсе Алашым,
Димаш деп,
Сүйдi сенi исi қазақ мынау бiздiң Имаш деп.
Исатайлар сiңiп кеткен кездiң құмын
Нарынның,
Жарқыратып жолын аштың
қаншама жас дарынның.
Қалың қазақ сездi лебiн кеудеңдегi жалынның,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
274
Сахарада дүбiрлеген сазын ескi сарынның.
Саналарда жаңғырыққан
Сарайшық пен Отырар,
Бұлақ едiм
Ақжайыққа он оралып қосылар.
Хан Кененiң
Наурызбайға айтқан соңғы сөзiмен,
Жүрегiмде Қараойдағы
Махамбеттiң қосы бар,
Еске түссе көздiң жасы ақ бұлақтай жосылар.
Төлегеннiң қайғысы бар
алты қазға зарлаған,
Басын идi Елбасыма аспан асты,
бар ғалам.
Бiр келедi екi тұлпар
қара қазан қамы үшiн,
Алты айшылық дүрбелеңде шабысынан танбаған.
Бала кезден бiлiп өстiң биiктiгiн таулардың,
Додасында жарып шықтың алуан түрлi
даулардың.
Алтын айлы мешiттегi иманындай Алаштың,
Қайғысына ортақтастың, досың түгiл жаулардың.
Бабаларым емiп өскен анасындай қасқырды,
Бар мұрасын қиын сәтте сенiп саған тапсырды.
Күлтегiн мен Бейбарыстар
қанша ғасыр өткен соң,
Туған жерге оралғанда жанарымда жас тұрды.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
275
Табындырған, сағындырған
қайран сайын даланы,
Күлтегiнге бiздiң қазақ неге сирек барады?
Желтоқсанда
тәуелсiздiк жырын қалай тыңдаттым,
Желтоқсанда дүние есiгiн айқара ашқан
қымбаттым.
Сәл ойлана қарағанға
бiр күнiм жоқ текке өткен,
Азғана жыл дәрiс алғам өзiң салған мектептен.
Шерлi болып өткен кеше Мұқағали,
Қасымдай,
Шала ойлы,
кейбiр шартық күндi кештiм шеттеткен.
Ешқашанда,
ешкiмге де сатылмайтын,
сатпайтын,
Озық ойлы азаматым ел үмiтiн ақтайтын.
Алыс ауыл ұлт тағдыры шешiлетiн тар шақта,
Қайталанбас парасатты дара ұлын тапты айқын.
Елiңе айтқан,
жерiңе айтқан,
сол бiр мөлдiр сыр есте,
Халық жаққа шықтың тайғақ,
тіке тартыс тiресте.
Нұрсұлтанмен бiрге болдың,
Отан-Ана ел үшiн,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
276
Тәуелсiздiк жолындағы теңдесi жоқ күресте.
Қара қайғы куәсiндей
сонау зарлы сәттердiң,
Шоқайұлы Мұстафаның
құжаттарын ап келдiң.
Композитор Нұрғисамен
мәңгiлiкке сыйластың,
Ғұлама ақын Олжас пенен хат арқылы сырластың.
Бауыржанның алмас
қылыш мiнезi бар бойыңда,
Аянбадың ел деп өткен
алыптардың тойында.
Туған дала қырандары
қанаты сәл талғанда,
Саған қарай асыға ұшты
оңашалау қалғанда.
Қолдаушысы, қорғаушысы
Алаш атты рухтың,
Аман жүр деп тiлейдi елiң бес күндiк бұл жалғанда.
Қасқа, жайсаң жазылмаған жүректегi жарасы,
Еңбектеген сәбиiмен, еңкейген қарт арасы.
Барлық аруақ рухтары разы деп бiлем мен,
Тар заманнан аман өткен бұлт басып түнерген.
Қара түнек өттi,
кеттi, шуақ шашты жарық күн,
Асау қазақ бой үйреттi қыспағына нарықтың.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
277
Аруанадай аңыраған Ана тiлдiң тағдыры,
Елбасыммен өзiңiзде, бар үмiтi халықтың.
Қыста өтер,
Наурыз келiп
маржан шашар жаңбырдан,
Ақындарға үй бердiңiз,
пәтер жалдап қаңғырған.
Асыл Имаш,
гүл қаламды отыр бүгiн басқарып,
Сүйем мәңгi Алматымды қайта түлеп жаңғырған...
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
278
АҚЫН АҒАҒА СЫР
Сарыарқасына сыймай бiр өткен,
Иманжүсiптей қайраттым,
Арыстан бабтай айбаттым.
Маңғыстаудағы қатептi қара нар болсаң,
Соңыңнан ерген тайлақпын.
Қызыл заманда жалтақтамаған қоғамға,
Сендей ағаны ана дүниеден табам ба?
Өттiк бiз қанша қаһарлы есiк,
қақпадан,
Алдыңда сенiң несiне бүгiн ақталам.
Қатерлi кезде қара көздердiң,
ақ махаббаты сақтаған,
Тек солар ғана қиын сәттерде сатпаған.
Сыр сұрап барып, мұң алып қайтқан аршадан,
Жүрегiң бүгiн барлығын сезген, шаршаған.
Жан аға сенiң асау да асқақ жырыңа,
Басын иген күн,
iзгi ниеттi барша адам.
Аққан бiр судай сабырлым,
жер анадайын төзiмдiм,
Жастарын көрем жырыңнан
жасаурап тұрған көзiңнiң.
Қабырғаларым қайысты,
мағынасынан сөзiңнiң,
Алдымда шапқан асылым,
ардақтай алар өзiмнiң,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
279
Ойлардан ойлар бұл түнде,
талықсып барып көз iлдiм.
Бабалар бiздiң аңсаған,
орындалмай-ақ қойды арман,
Жерiдiм сауық-думанды,
ақсақалдарсыз тойлардан.
Шошыдым аға иесiз
ит үрмейтұғын сайлардан,
Ұлы даламыз айрылды-ау,
қазақы қара қойлардан.
Қаңырап қалған ауылдар,
қыстаулар мен қырмандар,
Сахара мұңы сазыңмен
ұйқымды менiң ұрлаңдар.
Түсiме ендi мәңгiлiк
мола боп үнсiз тұрғандар,
Өткен ғасырда елiм деп
еңiреп өткен құрбандар.
Ескi елестердi елжiрей
ескi мақаммен жырлайды,
Соңыңнан шыққан достарым
Бауыржан, Ғалым, Нұрландар.
Асау ем мен де ол жылдар,
үйрендi бойым азапқа,
Өсек пен жала озбырлық,
төздiм мен қалай мазаққа.
Қара шалдарым көп айтқан,
түскендей болдым тозаққа,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
280
Жаныммен жазған жырыммен
араларында жүрiп мен,
Жете алмай келем әлi күн
ақ пейiл қалың қазаққа.
Тағдыры бiздiң халықтың
бармақтай ғана бақта тұр,
Ақыны қаңғып,
әкiмi суытып түсiн тақта тұр.
Анамның аппақ күмбездi
сағанасына шағынған,
Не дейсiң маған кешегi
асық ойнаған ақ тақыр.
Таза едi арым сенiңiз
бұл сөзге кәмiл иманым,
Кеш бiлдiм кеше жақыным
қиянаттарға қиғанын.
Сыйғанмен, аға,
қайтейiн көкiрегiме бар ғалам
Алматы менен ауылға
ес жиған шақта сыймадым.
Ең жақын деген досым да,
терiс айналсын, жалтарсын,
Жаман iнiңе түбiнде
бар сенiмiңдi артарсың.
Жырлы додада осынау,
айыра жаздап жақтарын,
Қапталдай шауып атыңмен
жүгенiмнен кеп тартарсың.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
281
Суырылып шықсам сол сәттен
аспанға шапшып байқармын,
Жаңбыр боп жауып, дауыл боп,
дүниенi сiлкiп шайқармын.
Сауықшыл, мұңсыз әкiмге
ауылдар жайлы барып мен,
Барлық ойымды бетiне
қасқайып тұрып айтармын.
Келедi күндер арайлы,
әлi де талай бақ сынар,
Ұлы Абай айтқан кешегi
қайрат пен намыс ап шығар.
Елiмiз сенiп бiзге де
күрделi iстер тапсырар,
Бағамды берiп мiнбеден
мен жайлы айтар пiкiрлер,
Қасқалар мен жайсаңдар,
лебiзi уәлi жақсылар,
Осылай дейдi түсiмде
ауылда көрген бақсылар.
Солай да солай ағажан
бiз туған жердi еске алдым,
Ұрпағы едiк кешегi
сыйласып өткен бес шалдың.
Дұшпан мен досты бiр жүрген
ажырата алмай көп жылдар,
Талай нәрседен қайтейiн
бармақты тiстеп кеш қалдым.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
282
Көп шайырларға бүгiнгi,
көңiлi құрғыр толмайды,
Сондықтан ба екен жүректi
алапат қайғы торлайды.
Ақылсыз адам болса да
сенбейтiн мөлдiр сырыңа,
Ғұмырда мынау ешқашан
ажалсыз адам болмайды.
Арғымақ аттай алшаңдап
бәйгеге бiрге барармыз,
Арманда қалған ауылдар
әжетiңе де жарармыз.
Алыста-жұлыс қызығың
көрген бiр түстей опасыз,
Хан Кене сынды қоштасар,
мұңды бiр әнге салармыз.
Жұлдыздардайын жарқырай,
аспаннан сосын ағармыз.
Ұмытса-дағы Астана,
хандармен қатар-қатар боп,
Түркiстанымда мәңгiлiк,
қос көше болып қалармыз...
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
283
ӘЛІШЕР
«Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа»
Төлеген Айбергенов
Біздің сапар... сапарларға жалғасқан,
Ырық бермей нарығыңа жармасқан.
Мың бір түннің миуа бағын бір көрдік,
Мың қазақтан артық туған нарқасқам.
Беу Әлекем, қанша белең, қырды астық,
Құдай бізді жаратқасын құрдас қып.
Шанхай жақтың шуағына шомылып,
Бейжініңнің барларынанда сырластық.
Жолымызда қанша алуан сыр қалып,
Сан шаһардың түн ұйқысын ұрладық.
Қатон жақтың қарағайын құшақтап,
Таян жақтың тырналарын тыңдадық..
Бірге барып қанша түрлі ел көрдік,
Аэропорт пен перрондарда сенделдік.
Бес самалет ауыстырып,
қаңтарда,
Тынық мұхит айдынында тербелдік.
Қиындықтың не түріне төздік біз,
Қапты жарып шығатұғын кездікпіз.
Хайнан жақтың тауларына таңданып,
Хиуа жақтың көшелерін кездік біз.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
284
Алла осылай жаратқасын берік қып,
Көп нәрсеге бір адамдай келістік.
Африканың ыстығына қақталып,
Арабтардың мақамына еліттік.
Құрдасымсың сахараға сыймайтын,
Кездескеннің көңілдерін қимайтын.
Біздерді кеп қоршап алды ханзулар,
Жинан жақта қазақтарды сыйлайтын.
Торыққанда сен қасымнан табылдың,
Алыс жолда Рәшкүлді сағындың.
Аэропртта Шанхайдайын шаһардың,
Күтіп тұрдық самалетін Сабырдың.
Сағындық-ау ұлы қазақ даласын,
Аңсадық-ау Алаштың бар баласын.
Кесіп өттік Қабатайды қосып ап,
Үрімші мен Саняның арасын.
Соңымызда қалды алуан алыс ел,
Қимай тұрды-ау ескі ойпаң, таныс өр.
Арулардың түн ұйқысын төрт бөлген,
Жігіттің сен сұлтанысың Әлішер.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
285
СУРЕТШІ
Суретші Әбілқасым, Қасым, Қасым,
Көп жаман өсек айтып басынбасын.
Арындап шабатұғын жасыңдасың,
Қиналған сәтерімде қасымдасың.
Дүниені бірге кезген қос Қасым ек,
Қоқанда құшақтасып достасып ек.
Мұстафаның жолында қимай тұрып,
Алуан адамдармен қоштасып ек.
Мұстафа Шоқай ма ол – асыл адам,
Ертүрік бабасындай жасымаған.
Алыста тым алыста қалсадағы,
Сәулесі шыққан күндей шашыраған.
Суретші Әбілқасым, Әбекемсің,
Кей сәтте әуелеген ән екенсің.
Кей сәтте сәл мұңайып ойға батқан,
Ақ көңіл, өнерлі сен жан екенсің.
Бір Алла, кіміміз бар басқа қолдар,
Еліктіре алмайды басқа жолдар.
Қаптаған Қасымдардың бірі емеспіз,
Қалады артымызда қасқа жолдар.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
286
ОҢТҮСТIК
Бас бұрма жаным өсек-ғайбатқа бораған.
Төлеген Айбергенов
Өлiлердiң өресiнен жоғары,
Өлеңiмдi жан түсiнген жоқ әлi.
Бақытжан Алдияр
Шымқаланың елеусiздеу кафесiнде отырмыз,
Ескi әйнектi төпелейдi ақ жаңбырлы соқыр күз.
Талайлардың өр екпiнiн мысыменен басатын,
Ал жанымда ойға батқан, арманы асқақ жас ақын.
Мына кiрбiң жап-жас болып
қабағыңда тұр қайдан,
Бiлем, бiлем алдыңда әлi қатал
сынақ сұр майдан.
Жан-жағыңнан шырмап алған
сайқалданған саясат,
Ақылды дос ерiп кеткен ақындықты қоя сап.
Жарқ-жұрқ еткен жарнаманың құны саған
көк тиын,
Көк тиындық жарнамаға бұл қоғамда
жоқ тыйым.
Кешегi өткен
Шәмшi менен Төлегеннiң соқпағы,
Дәл өзiңдей бiр ұланды қаншама уақыт жоқтады.
Жиырма үшке де жете алмаған Саттарханов,
Саттарлар,
Өмiрбай мен Танабай боп талай жерде тапталды ар.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
287
Екi көкем Тоқаш пенен Тәкендерге табынған,
Қаныбек пен менiң досым Мәукенұлын сағынған.
Бейбiт кезде Отан қорғап тобығынан қан кешкен,
Қаратаудың бiр қызына
ғашық болып танды естен.
Тiптi, тiптi кей сәттерi
Мәжнүн бола жаздаған,
Досы түгiл, жауларының кемшiлiгiн қазбаған.
Жұлдызды аспан,
жауһар жырлы, айналайын саз ғалам,
Көкiрегiнде намыс оты қаршадайдан маздаған.
Жүрегiнде Кенесары, Наурызбайдың жорығы.
Жетi үңгiр,
Монтайтас пен Қалдақ баба қорығы.
Жақпар тастар арасында алқына аққан Ақпарақ,
Шарапхана,
Ақкөйлекте бiрге жүрген ақ тамақ.
Ғайыперен, қырық шiлтен, Жаңабазар, Қарабау,
Атшабардың жазығында бiр шабуға жарамау.
Азартеке ойпаң құзы,
Қызылқия, Көкiбел,
Сан ғасырлар күткен ұлым –
Ақпан батыр осы дер.
Кәпiрзада жонында анау, Итөлгеннiң соқпағы,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
288
Жiбек жолмен көш кеп қанша Айнатасқа тоқтады.
Алтын төбе, сұлу Өгем,
Тамшыбастау, Жарбастау,
Бекзат төбе, Керегетас, Суықбастау, Көлбастау.
Қайынбай сай,
Ақбурада берген сәтте таң қылаң,
Құндыз қайыр, көкемарал, киiкоты аңқыған.
Дүниеге сен осындай топырақтан жаралдың,
Ақбастаудан
тармақ-тармақ өлең болып таралдың.
Түсiңе ендi алыстасаң Сансыз баб пен Отырар,
Рабат пен Күбiқұдық, Қақпақтағы шоқылар.
Тектi туған сары баласы, сонау сырлы Тұрбаттың,
Бұл-бұл ұшты-ау,
жанарымнан алаңсыз шақ,
қымбат күн,
Себебi мен өтiп кетiп, қайырылмаған жылдарға,
Көз жасымды сенiң мұңлы жырларыңмен
құрғаттым.
Талай-талай қимасымды,
сыйласымды ұрлаттым,
Дос деп сенiп дұшпанымды басты шұлғып тыңдаппын.
Кейiнгi ұрпақ iшiнен бiр iнiлерi табынар,
Қатар жүрген тентек бiткен сап тыйылар, бағынар.
Кей кездерi жалғыз атты
Сыздық сұлтан секiлдi,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
289
Бақытжанның Алатаудай асқақтығы тағы бар.
Асыл iнiм алысты ойлап аламаннан ат қайтқан,
Қайта тумас Жұмағам мен
Ғафекемдi жатқа айтқан.
Жалғыз кетiп бара жатып ойлай-ойлай бiрақ та,
Жауап таппай шырмап алған
шырмауықтай сұраққа.
Көп қарадым орда бұзар отыз қалған ойпаңмен,
Қамал алар қырық қалған беткейдегi қыратқа.
Мең бар едi құлай сүйген асылымның бетiнде,
Кездескен кеш алыс қалды
Күреңбелдiң шетiнде.
Досым сатып,
көп таныстар кеткен кезде жалтарып,
Тек сен ғана қорғап жаздың басылымның бетiнде.
Қайырымсыз шулы қала...
жалғызсырап қалар деп,
Сенiң досың хабар алып тұрады ылғи Жанарбек.
Ақ шымылдық тәрiздi аппақ сырылмаған сырың бар,
Көлеңкеңдей қасыңнан бiр қалмайтұғын мұңың бар.
Тебiренетiн ұлы дала, жетедi ертең бiр әнiң,
Қазығұртын қимай жүрген көк бөрiдей қыраным.
Достан безiп, оңашалау солай өмiр сүрдiм мен,
Талай даудың ортасында жалтақтамай тұрдым мен.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
290
Мұңлық-Зарлық тәрiздi-ай,
соқыр, мылқау қоғамға,
Мұң-зарымды жаспен жазған өткiзе алмай жүрдiм мен.
Рух үшiн ұлы майдан... ғасырлармен жұлқысқан,
Баба түктi шашты Әзiз, Арыстан баб, Түркiстан.
Ұлы Оңтүстiк атамекен,
топырағым,
киелiм,
Тұла бойда жалғыз тамшы қан қалғанша сүйемiн.
Адамдарың мәңгi байлық,
сарқылмайтын қазынаң,
Қуат алып ғұмыр кештiм Бақытжанның сазынан.
Етек жауып, ес жиғанда айтқан жалғыз базынам,
Өңi жап-жас,
ал зейiнi,
жүз жасаған қарт тұлға,
Поэзия зор сенiмiн қағiлездеу артты ұлға.
Қара балаң не көрмедi, айналайын Оңтүстiк,
Оның тартқан тақсыретiн
сары балаңа тарттырма!
Ақын түгiл, адамдар бар аямайтын әкесiн,
Шымқаланың қимай қарап тұрдым бiр сәт кафесiн.
...Еске салып поезд жүрдi, шаруа жайын, бас қамын,
Ал перронда қолын бұлғап, қала бердi жас дарын.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
291
Достарыңызбен бөлісу: |